Сариева М. Б., Мүсірова Г. Б



жүктеу 67,28 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.05.2018
өлшемі67,28 Kb.
#17322


58 

 

 



МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТАРЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ƏДЕБИЕТТЕРДЕ ТАЛДАНУЫ 

                                                                           

                                                                          Сариева М.Б., Мүсірова Г.Б., 

                                                  Ы.Алтынсарин ат.            

                                                  Арқалық мемлекеттік   

                                                 педагогикалық институты 

 

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар  балалардың психологиялық  ерекшеліктері 

бала еркінің  дамып  жетілмеуі оның өз іс -  əрекетін, мінез –  құлқын  бақылап, басқарып 

отыруға кедергі  болуға,  яғни өзінің іс -  əрекетіне қойылатын талап пен мінез –  құлқын   

үйлестіре алмайды. Мұндай ерекшеліктер өте жас кезден  байқалады. Жəне  оның дегбірсіз 

қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен  сипатталады. Мұндай балалар  

төбелескіш,  басқа  құрбыларымен  тату  ойнай  алмайтын,  өркөкірек  болады.  

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психикалық даму 

ерекшеліктерін іздестіріп, оларды əрі  қарай өрістету  үшін қалыпты  дамыған  балалардың   

психикалық даму заңдылықтарымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады.  

Баланың жоғары дəрежедегі психологиялық қызмет деңгейінің де түрліше 

 

болатындығын ескерту керек. Баланың дамуы мен ойлау қасиеттері оның  бүкіл өмір, өткен  



өмір кезеңдерде қалыптасқан заңдылық сияқты. Алайда  бұл  қасиеттер баланың  бойынан 

бірден даяр күйінде аңғарылмайды.  

Егер баланың бойындағы кемістігін аңғарып  қалғандай  болсақ,  ондай  олқылықтары   

қалайша толтыруға  болады жəне  сол  кемістіктерді бұдан былайғы даму кезеңдерін де   

жоюды  жандандырудың əдіс - тəсілдерін  іздестіру қажет.  

Осы  орайда  бала  кемістігін  қарапайым  жаттығулар арқылы түзетуге  болады. 

Ал  шетел   психологтары   бала   психологиясы   жайындағы   көзқарасын   терістейді.   

Өйткені, адам психикасының дамуының жалпы  заңдарында негізделген табиғи əрі  міндетті 

құбылыс деп түсіндіреді.  

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық 

ерекшеліктерінде өзіндік бағалау əлі де болса мінез –  құлық мотивінің үстемді түрінде 

көрінбейді. Бұл балалар өз іс -  əрекеттеріне  иек  артпайды, жасаған кемшіліктерін көре 

бермейді.   

Оларды жөндеудің, қайталаудың жолдарын іздестірмейді, өзін басқалармен 

салыстырмайды . 

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық 

 

 

ерекшеліктері үшін  жоғары  деңгейдегі  эмоционалды қозғалыстық тəн екенін байқауға  



болады.  

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың  қажеттілігінде тежеулер əлсіз,  

өзінің талаптану, тілек – ықыласы сезіміне деген  төзімділігі  нашар дамыған,  сол  себепті  

көп   жағдайларды олар ата - аналарының, мұғалімдердің, үлкендердің қоятын  талаптарына  

қарсы шығып, дау -  жанжал тудырып  жатады. Бұл  жастағы балалардың жеке  басының   

дамуына ерекше көңіл бөлу қажет.   

Оларға  айқайлау,   белдікпен  ұру,   желкеден   ұру сияқты    көріністер    керек  емес.  

Керісінше   жан – жақты  көмек көрсетіп, адамдық   сезімінің   жылылығы   шын  көңілімен   

сүю, ұғу  қажеттірек . 

Тіпті   жай ғана   мысалды  алып   қарайық;  егер  де   гүлді   күтсең,   суарсаң, жақсы  

қарасаң онда ол  жайқалып өседі. Адамдарға əсемдігін, түсін  береді.  Ал  егер  оны  

қарамасаң, оны күтіп  баптамасаң, таптасаң  ол сарғайып, солып  қалады. Міне  бұл өмірдің 

шындығы.  

Бірақ, осы шындық сырт  көзбен   бақылап   қарасаңыз   көп отбасыларда   ұмытылып   

жатады.   Немесе  бұл  туралы   олардың  ойлағысы   келмейді.    



59 

 

Əрине мұндай отбасыда тəрбиеленіп жатқан əр балада тыныштығы мен 



 

 

жайбырақаттығы, əлі  қалыптасып үлгермеген   психикасы  бұзылады,  яғни  мінез – құлқы   



бұзылады. Отбасының дұрыс құрылмауы, оның сəтсіз болуы, ондағы жанжал , ұрыс-  

керістер мінез – құлықтағы   қиындықтың пайда  болуына, оның   тəрбиесіне елеулі əсерін 

тигізеді. 

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық 

 

 

ерекшеліктерінің пайда  болу  себептерін Р.Г. Илимешова өз зерттеулерінде  4 топқа бөледі.  



1-кесте. Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың пайда болу  себептері 

 

Отбасы, өскен  ортасы 

 

 

Алған  тəрбиесі 

Отбасының əлеуметтік  тұрмысына  

байланысты толық емес отбасы, отбасы  

жағдайы мүлдем нашар, яғни   балаға   кері  

əсер   етушілік, маскүнемдер. 

 

Жаман қылықтарға, əдеттерге   



əуестенеді,  кекшілдік,  ашуланшақ 

Бала жағдайы толық жасалған,   еш-

қандай өмір қиындығын   көрмеген. 

Балалар өздігінен еш нəрсе істей 

 

алмайды. Қарым–қатынаста   алаңдау-шылық  



қасиеттері  төмен. 

 

Отбасы мүшелерінің көзқарасы   тек 



қана  осы балада, оның қылықтарын  үнемі 

мақтан  тұтады, Мектептен тыс ерікті,  

ешнəрсеге  тиым салынбайды. Ата -  ана 

баланың  айтқанын орындайды  

 

Өзімшіл, өзіндік бағалауы  өте 



 

жоғары.   

Ата –  аналар өте қатал. Баланы  

шамасынан тыс талаптар  қояды 

Өзіне  сенімсіз, өз  пікірін, ойын  айта   

алмайды,  қорқақтық алаңдаушылық бар.  

 

Мектеп жасындағы немесе мектепке дейінгі балалардың мінез –  құлқындағы  



ауытқушылық  олардың ортасына, отбасысына байланысты. 

Жалпы мінез –  құлқындағы ауытқушылығы бар  балалар əдетте аумалы-  төкпелі   

морт деп  аталатын балалар. Ондай болу себебі ұрықтың жатырдағы кезеңінде немесе бала  

өмірінің   бастапқы  шағында  сыртқы фактордың  қолайсыз əсер етуі  болып табылады.  

Балалардың мінез - құлқында қиындықтар биологиялық жəне əлеуметтік  себептермен   

шарттас болады . Бірақ, сонымен қатар биологиялық деректері, оның ішінде  тұқым  қуалау  

деректері болашақ балада  қалыптасатын барлық мінез  ерекшеліктері мен қасиеттерін алдын  

- ала бастапқы сəт ретінде ғана ескерілуге тиіс.  

Егер  баланың мінезінде  қолайсыз  жағдайда өтсе, онда  ның мінез –  құлқында    

айтарлықтай    патологиялық кемістік   ақаулар  пайда  болуы ықтимал.  Мінез – құлқында  

психологияның   ауытқуы психикалар мен жүйелер  қызметтерінің   дамымауы.  

Осы мəселелерді  жойып,  жеңу үшін мінез –  құлқында ауытқуы бар балалардың   

психологиялық   ерекшеліктерімен күресіп, өмірге деген көзқарасын ашу  керек.  

Алайда бірінші кезекте мінез - құлықтың  ауытқуы мен  зерттелу   мəніне зер салайық.  

Жалпы əдебиеттерде талдау негізінде, бұл мəселенің өзгенің  ашылуы  келесі  реттегі   

терминдерге, яғни эмоционалды –  еріктік сфераның ауытқуы, аффективті сфераның  

ауытқуы,  дисгормониялық  тұрғыда  психиканың дамуы, девиантті  мінез - құлық,  жəне т.б.  

түсініктерге түйінделетіні  көрсетілді. Мінез -  құлық  -  адамның күнделікті өміріндегі 

қаситтерінің көрініс беру  формаларының бірі болып  саналады.  

Кеңес  психологиясында   мінез – құлықтың  ауытқығаны қоғамдағы  құқыққа   немесе 

адамгершілік  - өнегелі  қалпына қарсылық білдіретін жеке  қылықтар  жəне   қылықтардың   



60 

 

жүйесі  деп   түсіндіреді. Ауытқушылық мінез -  құлық  алғашқы  пайда  болуы,   балалалық 



жаста, əсіресе  жасөспірім  жаста  байқалады.  

Сонымен  мінез – құлық   ауытқуы бар  жасөспірімдердің       мінезі жалпы   қоғамдық   

ережеден,  психикалық   денсаулық  ережесінен, мəдени  немесе  адамгершіліктік  ережесінен  

ауытқыған  тəртіп жүйесін  айтады.  

Л.Кулагин оқудың сəтсіздігі мен мінез –  құлық ауытқуының қайнар бұлағы  

физикалық жəне психикалық денсаулық жағдайының  əр түрлі  ауытқуларының  əлеуметтік,  

педагогикалық  тұрғыда  қараусыз қалуында. Көп жағдайда  мінез- құлықтың  ауытқуы  туа  

пайда  болған психикалық   жəне физиологиялық  кемістіктердің себептерінен ғана  емес,  

сонымен қатар, отбасы мен  мектепте дұрыс тəрбие бермегеннің салдарынан болады деп 

дəріптейді.  

«Қиын бала» атанып, отбасын да, мектепте де қиындық тудырып, ауытқушы мінез –

құлықтар, өзара қарым –  қатынасы жойылып, өзіне -өзі  баға  беру  шеттен тыс шығып  

жүрген балалар туралы айтылып та, жазылып та  жүр. Əйтсе де,  бұл мəселе əлі шешімін 

тапқан  жоқ.    

Адам  өмірге  келген сəттен   бастап,  үлкен  əлеуметтік ортаға тап болады. Оның  осы 

ортада өзін  нық, еркін сезінуі үшін көптеген факторлар  қажет. Қазіргі  қоғамда  балаға  

сырттан əсер етуші  жағдайлар оның жаңа  қалыптасып келе  жатқан  тұлғасына  əсерін 

тигізеді. С.Т.Холлдың пікірі бойынша  «бала толыққанды  дамуы  үшін», өз халқының  

сезімдері  мен  көзқарастарын  басынан  өткеруі   қажет.   

Қандай да бір олқылығы   бар  баланың   даму   жағдайы, əдетте   қолайсыз, жағымсыз   

болады.  Ол баланың дамуына кері  əсерін тигізетін тəрбиелеуші шағын əлеуметтік  

сипаттарынан, тəрбиелеу-оқыту  үрдістерінен  жəне   солар   ықпал   еткен   тəрбиеленушінің   

ішкі   ұстанымынан  құралады.  

Баланың дербестенуге ұмтылуы  оған  қатысты  референттік  топтардың  (бірінші  

отбасының,  одан кейін балалар   бақшасындағы   жəне  мектептегі  құрбыларының  ) оның   

əлеуметтік қалыптарға сай  емес  жеке  дара   көріністерін  қабылдағысы  келмейтіндігімен  

қақтығысқа  түсу.    

Ауытқушы мінез-құлық деп  қалыптасқан  нормаларға  сəйкес  емес мінез – құлықты   

айтамыз. (И.А. Невский). Белгілі əлеуметтанушы И.С. Кон  ауытқушы мінез –  құлықты   

психикалық денсаулық, құқық, мəдениет немесе мораль қалыптарының жалпы   қабылданған 

қалыптардан ауытқыған  іс -əрекет  жүйелері ретінде  қарастырады. Ауытқушы мінез – 

құлықтың   концепциясына   сəйкес  кез – келген ауытқушылық   бейімделудің   бұзылуына  

алып келеді.  

Ауытқушы  мінез –құлық  екі  үлкен  категорияға  бөлінеді: 

Біріншіден, бұл  анық немесе   жасырын психопатологияның барлығын  білдіретін 

психикалық  денсаулық  қалыптарынан  ауытқыған   мінез –құлық.   

Екіншіден, бұл əлеуметтік, мəдени  жəне əсіресе  құқықтық   қалыптарды   бұзатын  

ассоциалды мінез –құлық.   

Мұндай  əрекеттер   аз болса  да   олар  құқық бұзушылық,  ал салмақты   болса,  əрі   

жазаланса-  қылмыс деп  аталады.Бұл жерде   делинквенттік  (құқыққа қарсы  ) жəне  

қылмыстық   іс - əрекеттер  туралы   айтылып   отыр.  

Зерттеуші С.А. Беличева ауытқушы мінез –құлықты   əлеуметтік  ауытқуын   былайша  

жіктейді.  

Пайдакүнемдік   

бағытта: 

Агрессиялық бағытта:   

Енжар тип: 

құқық бұзушылық,  

материалдық, қаржылық, 

дүние  - мүліктік пайда  

табуға ұмтылумен  

байланысты  (ұрлау, 

тонау,  алып – салу, 

адамға   қарсы   

бағытталған  əрекеттер 

(бағыттану,бұзақылық, ұрып 

–соғу,өлтіру, зорлау) 

 

белсенді  өмір 



сүруден қашуға, азаматтық 

борыштарын өтеуден 

қашуға, жеке  мəселелерді 

шешкісі   келмеуге  ұмтылу 

(жұмыстан, оқудан бас 



61 

 

алаяқтық жəне  т.б.) 



жасаған теріс  əрекеттері. 

 

тарту,  кезбелік, 



маскүнемдік, нашақорлық, 

өзіне -өзі қол жұмсау) 

 

Мінез –құлықты баланың осы немесе басқа  да ахуалының, оның даму 



 

тенденциясының   куəгері  ретіндегі  феномен деп  қарастыра  отырып,  біз мінез – құлықтың   

сырттай  ұқсас   ерекшеліктері  индивид  психикасында   жүріп жатқан  əр түрлі  үрдістерден  

хабар   беруі  мүмкін  екенін  естен шығармауымыз  керек.  

Сондықтан да, жасөспірімнің қандай  да бір  мінез –құлқының ерекшілігінің  

ауытқушылық деп жіктемес  бұрын, психолог  оның  ахуалын, тұрақтылығын, оның   

көріністерінің жиілігін, тұлғалық ерекшеліктерді, мінезді, оқушының  жасын жəне  т.б.  

ескеруі  қажет. Тек  содан  кейін  ғана   қандай  да  бір пікір  айтуға   немесе   ықпал  ету   іс – 

шараларын   тағайындауға болады. 

Кейде жасөспірім   өзінің мінез - құлқы  туралы   пікірлердің   шырмауына  шалынып 

қалады. Соған   сəйкес  айдар  тағылып, оның қоршаған адамдарымен өзара қарым - қатынас 

сипаты жəне   ол  туралы  бағалап  пікір айту   жүйелері   қалыптасады.  Керісінше, мінез - 

құлықтың жағымпаздылығын немесе ыңғайлылығын  (қызметшіл, сыншыл емес,  назарының   

мұғалімде  болуы, күткен  түрде  əрекет  ету  жəне т.б.) мұғалім жағымды   деп бағалап, оны  

ынталандырады, ал оқушы болса сынып  алдында   еліктеудің   үлгісі  ретінде   тартылады. 

Ауытқушы  мінез -  құлықтары  бар жасөспірімдердің  мінез –құлықтық   реакция   бір 

рет немесе  жүйелі түрде əсер ететін өмірдің  жағымсыз жағдайларымен   жəне  шарттарымен  

шақырылады.  Соңғы жағдайда  нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез -  

құлықтағы  өзгерістер  біртіндеп  жиналып көрінеді немесе  бірден шарт кетеді. Бұған мысал 

ретінде  тойтарыс беруі, қарсы  шығуы,  кетіп қалуы, аггрессияны  келтіре  аламыз. Осыдан 

кейін ауытқушы мінез -  құлықтың дамуына алып  келетін  тұрақты психологиялық 

комплекстер туындайды .     

Жасөспірімдердің ауытқушы мінез – құлқының   себептері  мен факторлары:     

а) тəрбиеленбегендігінің  себебінен   қажетті   білімдердің, біліктердің,  дағдылардың  

жоқтығынан немесе  теріс  тəрбиеден бұзылғандығынан, мінез –  құлқындағы   жағымсыз  

таптаурындардың  қалыптасқандығынан  баланың,  жеткіншектің өзін  дұрыс 

 

ұстамайтындығынан  туындайтын  əлеуметтік –педагогикалық  олқылықтар; 



ə) жайсыз  отбасылық қарым – қатынастардан, баланы  тəрбиелеуде   ұлттық салт – 

санада қалыптасқан этнофункционалдық ерекшеліктерді  мүлдем    ескермеуден, отбасыдағы   

жағымсыз психологиялық  ахуалдан,  оқудағы  жүйелі сəтсіздіктерден, сынып   ұжымындағы   

құрбыларымен өзара қарым –  қатынастың орнамағандығынан, ата –  аналарының, 

мұғалімдердің, сыныптас жолдастарының жəне т.б. дұрыс емес əділетсіз, дөрекі, қатал 

қатынастарынан   туындайтын тереі психологиялық жайсыздықтардан; 

б) психикалық жəне физикалық денсаулығы мен дамуы дағдайындағы 

ауытқушылықтарымен, жас  ерекшелік  дағдарыстарымен,  мінез  акцентуациясымен жəне   

басқа  да   физиологиялық жəне психоневрологиялық  ерекшеліктер   себептерімен;  

в) қараусыз қалуымен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен жəне осының  негізінде   

дамитын əлеуметтік –  психологиялық ауытқушыбен, əлеуметтік жəне  жеке   

құндылықтарының  жағымсыз түрге  ауысуымен сипатталады.  

Психолгтардың пікірінше сыртқы факторлар негізінде қаланатын мінез -  құлықты  

түзетуге жататындар : 

1. Қоғамда болып жатқан процестер:  қоғамдық құндылықтың иерархиялы өзгермеуі  

мемлекеттік идеологияның болмауы: қылмысты жазалауды заңның дұрыстығы , құқық 

қорғау қызметкерлерінің өз жұмысына жауапкершілік алуы . Жұмыссыздық (ашық  жəне 

жабық) отбасына əлеуметтік қолдау мен жəрдем ақының жұрыс қарастырылмауы ақпарат 

көздері арқылы қаталдық жəне зорлық туралы көп насихат жасалуы , баланың дене жəне 

психикалық жағынан түзетуге жəне көмек көрсетуге қажетті мекемелердің аздығы , балаға 

ақысыз сапалы 

үйірмел ердің , қосымша бі лі м  ал у  к өзд ерінің 

 



62 

 

қ ара ст ыры л ма уы,   к ерісін ше  ішкілік  пен  темекіні жарнамалау  жəне оны сатып алу 



оңайлығын сөз етуге болады. 

2. Отбасы жағдайы жəне оның ахуалы бүтін емес отбасы: отбасының материалды 

жағдайы (кедейлік жəне байлық), ата -  ананың төменгі əлеуметтік -  мəдени деңгейі : 

отбасында тəрбие стилінің болмауы (ата -  ана қаталдығы , балаға жүйелі талаптың 

қойылмауы , жазалаудың əділ болмауы): балада өзіндік құндылықтың болмауы: баланың 

мүмкіндік қажеттілігін өтеуде асыра сілтеушілік немесе жеткізбей бағалау : ата -  ананың 

ішімдік жəне нашақор пайдалануы; ата -  ананың шектен тыс мейірімінен балаға  

психобелсенділік туғызатын заттарды пайдалануға шек қойылмау.  

Сонымен, мінез-құлқында ауытқушылғы  бар балалардың мінезін, қарым -қатынасын,  

өзін - өзі бағалау ауытқушылығының алдын алу, оларды психологиялық   иммунизациялауды  

қажет етеді,  яғни қорыта келгенде,  əлеуметтік -  құзырлы  адам болып қалыптасуы  үшін  

мінез  -  құлықтың, қарым -  қатынастың, өзін -  өзін  бағалауының   психогенетикалық   

дағдыларына, дұрыс таңдау  жасай алу  біліктерін   үйрету .Бұл  мақсаттарды  орындау  үшін   

қоғамдық дағдарыстың жағымсыз əсерлерін жоятын жəне түзейтін əлеуметтік -  

педагогикалық   жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын  шығару қажет. 

      



Пайдаланған əдебиеттер: 

1.  Ақажанова А.Т., Садырова А. Девиантты мінез-құлықтың  кейбір теориялық 

сипаттамалары.Ізденіс.— Алматы, 2007. 

2.  Қалыбаева Р .Мектеп психологының “ қиын ” балалармен жұмыс əдісі.   // Мектептегі 

психология 2007 № 1 

3.  Шамұратова Х. “Қиын ” бала қайдан шығады // Алтын Орда 2006 

4.  Қойжігітов А. Девиантты іс-əрекетті балалар мəселесі. // Ұстаздар пайымы 2007 № 3 , 

2-9 бет 


5.  Дүйсенбиева С .“Қиын” баланы қайта тəрбиелеу жолдары.// Болашақ 2007 наурыз. 

 

 



ЭМОЦИОНАЛДЫҚ КЕРІ ƏСЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ 

 

   Тілеген М.Е., Бижанова Ғ.Қ. 

     Арқалық қ.., Ы.Алтынсарин ат. 

 мемлекеттік педагогикалық институт 

 

Сезімдер  -  өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік 



қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам 

сезімдері тарихи-əлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, 

оның əрекеті де қоғамдық саналы əрекет, сондықтан оның сезімдері де қоғамдық сипатта 

болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды 

айыра білу қажет. 

 Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттіліктеріне сəйкес келу-

келмеуіне байланысты пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды. 

Қажеттіліктердің түрлеріне, жағдайға байланысты сезім көптеген жағымды жəне жағымсыз 

түрде өтеді: қуану, шошыну, абыржу, наздану, мазасыздану, зерігу, психоэмоционалдық 

зорлану[1]. 

Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын 

көрсететін осындай ерекшеліктердің бірі – қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп аталады 

(сүйсіну-сүйсінбеу, көңілдену-қажу, шаттық-уайым,т.б.). Олар өз ара екі полюске ажырасып, 

біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады. 

 Сезімдердің екінші ерекшелігі –  олардың белсенді жəне солғын көрініс беруіне 

байланысты. Адамға ерекше күш беріп, əрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер 



стеникалық (стен –  грек тілінде күшті деген мағнаны білдіреді) эмоция деп аталады, ал 

жүктеу 67,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау