Қазақстан Республикасының Патент Заңы (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №427 Заңы)



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет3/16
Дата14.01.2018
өлшемі0,5 Mb.
#7445
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

        2. Өнiмге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнiң штаммына, өсiмдiктер немесе 

хайуанаттар клеткаларының көбеюiне), әдiске (материалдық объектiмен iс-әрекеттi 

материалдық құралдардың көмегiмен жүзеге асыру процесiне), сондай-ақ белгiлi өнiмдi 

немесе әдiстi жаңа мақсатта немесе жаңа өнiмдi белгiлi бiр мақсатта қолдануға жататын 

кез келген саладағы техникалық шешiмдер өнертабыс ретiнде қорғалады. 

 

        3. Мыналар: 



 

       1) жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер; 

 

        2) шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi; 



 

        3) шартты белгiлер, кестелер, ережелер; 

 

        4) ақыл-ой операцияларын орындау, ойындарды жүргiзу ережелерi мен әдiстерi; 



 

        5) есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi; 

 

        6) ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi; 



 

        7) бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар; 

 

      8) қоғамдық тәртіпке, iзгiлiк пен мораль қағидаттарына қайшы келетiн ұсыныстар 



өнертабыстар деп танылмайды.

 

        4. Париж конвенциясына қатысушы мемлекет аумағында ұйымдастырылған, ресми немесе 



ресми деп танылған халықаралық көрмеде өнертабыстың экспонат ретiнде көрсетiлуiн қоса 

алғанда, өнертабысқа қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) немесе одан бұл 

ақпаратты тікелей немесе жанама түрде алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi

өнертабысқа өтiнiм ол ашылған немесе көрмеге қойылған күннен бастап алты айдан 

кешiктiрмей берiлген болса өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiне әсер ететiн мән-жай деп 

танылмайды. Бұл орайда осы фактiнi дәлелдеу мiндетi арыз берушiге жүктеледi. 

 

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.03.02 



N 237

, 2012.01.12 

№ 537-IV

 

(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 



Заңдарымен.

 

       7-бап. Пайдалы модельдiң патентке қабiлеттiлiк 

 

              талаптары 

 

      1. Адамдарды немесе жануарларды емдеудің диагностикалық, терапиялық және 



хирургиялық тәсілдерін қоспағанда, өнімге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнің штаммына, 

өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларының көбеюіне), тәсілге (материалдық объектіге 

қатысты әрекеттерді материалдық құралдардың көмегімен жүзеге асыру процесіне), сондай-ақ 

белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа мақсат бойынша не жаңа өнімді белгілі бір мақсат 

бойынша қолдануға жататын, кез келген саладағы техникалық шешімдер пайдалы модельге 

жатады.


 

       Егер жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болса, пайдалы модельге құқықтық қорғау 

берiледi. 

 

       Егер елеулi белгiлерiнiң жиынтығы техника деңгейi туралы мәлiметтерден белгiсiз 



болса, пайдалы модель жаңа болып табылады. 

 

       Техника деңгейi туралы мәлiметтер пайдалы модельге басымдық берiлген күнге дейiн 



жұртқа мәлiм болған, арыз берiлiп отырған пайдалы модель мақсаттас құралдар туралы дүние 

жүзiнде жарияланған мәлiметтердi, олардың Қазақстан Республикасында қолданылуы, сондай-

ақ олардың неғұрлым бұрынырақта басымдығы болған жағдайларда Қазақстан Республикасында 

пайдалы модельдерге және өнертабыстарға (қайтарып алынғаннан басқа) берілген өтiнiмдер 

және Қазақстан Республикасында патенттелген пайдалы модельдер мен осы бағыттағы 

өнертабыстар туралы мәлiметтердi қамтиды. 

 

       Егер iс жүзiнде пайдалануға жарайтын болса, пайдалы модель өнеркәсiпте қолдануға 



жарамды болып табылады. 

 

        2. Париж конвенциясына қатысушы мемлекет аумағында ұйымдастырылған, ресми немесе 



ресми деп танылған халықаралық көрмеде пайдалы модельдiң экспонат ретiнде көрсетiлуiн 

қоса алғанда, пайдалы модельге қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) немесе одан 

бұл ақпаратты тiкелей немесе жанама түрде алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi 



пайдалы модельге өтiнiм ақпарат жария болған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей 

берiлген болса пайдалы модельдiң жаңалығына әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл 

орайда осы фактінi дәлелдеу мiндетi арыз берушiге жүктеледi. 

 

      3. Осы Заңның 6-бабының 3-тармағында аталған объектiлерге қатысты шешiмдер пайдалы 



модельдер ретiнде қорғалмайды.

 

      



Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2015 

№ 300-V


 Заңымен (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

      8-бап. Өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттілiк 

 

             талаптары 

 

      1. Бұйымның сыртқы түрiн айқындайтын өнеркәсіптік немесе қолөнер кәсібі өндірісі 



бұйымының көркем-конструкторлық шешiмі өнеркәсiптiк үлгiге жатады. Өнеркәсiптiк үлгiге, 

егер ол жаңа, бiрегей болып табылса, құқықтық қорғау берiледi. Өнеркәсiптiк үлгi, егер 

бұйымның бейнелерінде көрініс тапқан және өнеркәсіптік үлгінің маңызды белгілерінің 

тізбесінде келтірілген оның маңызды белгілерінің жиынтығы өнеркәсіптік үлгіге басымдық 

берілген күнге дейін әлемде жалпы жұртқа қолжетімді болған мәліметтерден белгілі 

болмаса, жаңа болып табылады. Өнеркәсіптік үлгінің жаңалығын белгілеу кезінде Қазақстан 

Республикасында басқа тұлғалар бірдей өнеркәсіптік үлгілерге бұрын берген, кері қайтарып 

алынбаған өтінімдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасында патенттелген өнеркәсіптік 

үлгілер (оларға басымдық берілген күннен бастап) ескеріледі. Өнеркәсіптік үлгі, егер 

оның маңызды белгілері бұйым ерекшеліктерінің шығармашылық сипатын айқындаса, бірегей 

деп танылады.

 

        2. Мынадай шешiмдер: 



 

       1) бұйымдардың тек қана техникалық мiндеттерiне негiзделсе; 

 

        2) сәулет объектiлерiнiң (шағын сәулет нысандарын қоспағанда), өнеркәсiптiк, 



гидротехникалық және басқа да тұрақты ғимараттардың

 

        3) 



алып тасталды - ҚР 2012.01.12 

№ 537-IV


 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн 

күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

 

        4) сұйық, газ түрiндегi, сусыма немесе сол сияқты заттардан тұратын тұрақсыз 



нысандағы объектілердiң; 

 

        5) қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн 



бұйымдардың шешiмдерi өнеркәсiптiк үлгiлер болып танылмайды. 

 

      Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттер аумағында ұйымдастырылған, ресми немесе 



ресми деп танылған халықаралық көрмеде өнеркәсiптiк үлгiнiң экспонат ретiнде көрсетiлуiн 

қоса алғанда, өнеркәсiптiк үлгiге қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) немесе осы 

ақпаратты алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi өнеркәсiптiк үлгiге өтiнiм ол 

ашылған немесе көрмеге қойылған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса

өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттiлiгiне әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл 

орайда осы фактiнi дәлелдеу мiндетi арыз берушiге жүктеледi.

 

      


Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 

№ 537-IV


 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 

№ 

300-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) Заңдарымен.

 

   3-тарау. Авторлар мен патент иеленушілер  

      9-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң авторы 

 

      1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шығармашылық еңбегiмен жасаған жеке адам оның 



авторы деп танылады. 

 

        2. Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға бiрнеше жеке адам қатысса, 



олардың бәрi оның авторы (қосалқы авторы) болып есептеледi. 

 

       Қосалқы авторлардың тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы 



келiсiммен белгiленедi. 

 

       Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға өзінің шығармашылық үлесін қоспаған, 




жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау