бойынша белгiленедi, ал егер көрсетiлген құжаттар
бiр мезгiлде тапсырылмаса, онда
тапсырылған құжаттардың соңғысы түскен күнi бойынша белгiленедi.
4. Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан
Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын
беру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.09
N 586
, 2007.03.02
N 237
,
2012.01.12
№ 537-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
18-бап. Пайдалы модельге патент беруге өтiнiм
1. Пайдалы модельге патент беруге өтiнiм (бұдан әрi - пайдалы модельге өтiнiм) бiр
пайдалы модельге немесе байланыстылығы бiр өнертапқыштық ойды құрайтын пайдалы модельдер
тобына (пайдалы модельдер бiрлiгiнiң талабы) қатысты болуға тиiс.
2. Пайдалы модельге өтiнiмде:
1) пайдалы модель авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ
олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген патент беру туралы өтiнiш;
2) пайдалы модельдi оның жүзеге асырылуы үшiн жеткiлiктi, толық ашатын
сипаттамасы;
3) оның мәнiн бiлдiретiн, сипаттамаға толық негiзделген пайдалы модельдiң
формуласы;
4) сызбалар;
5) реферат;
6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс.
Пайдалы модельге өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн
растайтын құжат пен оның мөлшерiн азайтуға негiздеменi растайтын құжат қоса тiркеледi,
оларды өтiнiмге қоса немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде тапсыруға болады.
Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауға
тиiс.
Белгiленген мерзiмде төлемдер туралы құжаттар тапсырылмаған жағдайда өтiнiм
берiлмеген болып есептеледi.
3. Пайдалы модельге өтінiм берiлген күн өтінім берушінің тегi, аты, әкесiнiң аты
(ол болған кезде) немесе
толық атауы көрсетіле отырып, пайдалы модельге патент беру
туралы өтінішті, сипаттама мен сызбаларды қамтитын өтiнiм сараптама ұйымына келіп түскен
күні бойынша, ал егер аталған құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, тапсырылған
құжаттардың соңғысы келіп түскен күн бойынша белгiленедi.
4. Пайдалы модельге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан
Республикасының пайдалы модельдерінiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау
құжатын беру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгілейді.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09
N 586
, 2007.03.02
N 237
,
2012.01.12
№ 537-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015
№ 300-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
19-бап. Өнеркәсiптік үлгiге патент беруге өтiнiм
Ескерту. 19-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2015 № 300-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
1. Өнеркәсiптік үлгiге патент беруге өтiнiм (бұдан әрi - өнеркәсiптік үлгiге
өтiнiм) бiр өнеркәсiптік үлгiге немесе өзара байланыстылығы соншалық,
олар біртұтас
шығармашылық ойды (өнеркәсiптік үлгiнiң бiрлігі талабын) құрайтын өнеркәсiптік үлгiлер
тобына қатысты болуға тиiс.
2. Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмде:
1) өнеркәсiптік үлгi авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-
ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген патент беру туралы өтiнiш;
2) мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн
бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды
жиынтығы;
3)
Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.03.02.
N 237
Заңымен.
4) өнеркәсiптік үлгiнің елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын сипаттамасы;
5) өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс.
Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн
растайтын құжат және оның мөлшерi кемiтiлуiне арналған негiздеменi растайтын құжат қоса
тіркеледi, олар өтiнiммен бiрге немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде табыс
етiлуi мүмкiн. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ
екi айдан аспауы керек.
Төлем жөнiндегi құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм
берiлмеген болып есептеледi.
3. Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiм берiлген күн болып сараптама жасау ұйымына
өнеркәсiптiк үлгiге қорғау құжатын беру туралы арызда келтiрiлген, тегi, есiмi, әкесiнiң
аты (егер ол болса) көрсетiлуi немесе арыз берушiнiң толық атауы, сипаттамасы, бұйымның
кескiнi (макетi) болуы керек, ал егер аталған құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса,
тапсырылған құжаттардың соңғысының түскен күнi көрсетілiп белгiленедi.
4. Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан
Республикасының өнеркәсiптік үлгiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау
құжатын беру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09
N 586
, 2007.03.02.
N 237
,
2012.01.12
№ 537-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015
№ 300-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
20-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң басымдығы
1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң басымдығы осы Заңның 17-бабының 3-тармағына,
18-бабының 3-тармағына және 19-бабының 3-тармағына сәйкес белгiленген, өнеркәсiптiк
меншiктiң тиiстi объектiсiне өтінiм берiлген күн бойынша белгiленедi.
2. Басымдық, егер өтiнiм өнертабысқа, пайдалы модельге сараптама жасау ұйымына
аталған күннен бастап он екi айдың iшiнде, ал өнеркәсiп үлгiсiне
алты айдың iшiнде
берiлсе, Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке, сондай-ақ онда көзделген халықаралық
немесе аймақтық ұйымдарда (конвенциялық басымдық) берiлген бiрiншi өтiнiм күнi бойынша
белгiленуi мүмкiн. Егер өтiнiм берушiге байланысты емес мән-жаймен конвенциялық басымдық
сұраған өтiнiм аталған мерзiмде берiле алмай қалса, соңғысы ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi
айдан аспауы керек.
Конвенциялық басымдықтың құқығын пайдаланғысы келетiн өтініш берушi өтiнiм берген
кезде немесе сараптама жасау ұйымына өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде мұны
көрсетуге және бiрiншi өтiнiмнiң куәландырылған көшiрмесiн қоса беруге немесе оны
сараптама жасау ұйымына өтiнiм түскен күннен бастап алты айдан кешiктiрмей табыс етуге
тиiс. Көрсетiлген құжатты тапсырмаған жағдайда өтiнiм берушi конвенциялық басымдыққа
құқығын жоғалтады. Бұл жағдайда басымдық өтiнiмнiң сараптама жасау ұйымына келiп түскен
күнiмен белгiленедi.
3. Егер өтiнiш берушiге қосымша материалдар шешiмнiң мәнiн өзгертедi және оны
берген күнi көрсетiлген қосымша материалдар сол бойынша табыс етiлген өтiнiм қайтарылып
алынбаған және қайтарылып алынды деп саналмаған деп танылуына байланысты оларды назарға
алу мүмкiн еместiгi туралы сараптама жасау ұйымының хабарламасы жiберiлген күннен бастап