Қазақстан Республикасының Патент Заңы (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №427 Заңы)



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет14/16
Дата14.01.2018
өлшемі0,5 Mb.
#7445
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

        4) қорғау құжатында авторы (авторлары) немесе патент иеленуші дұрыс көрсетiлмесе 

дау айтылуы және толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкін. 

 

        2. Осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша 



қорғау құжатын беруге қарсылық уәкiлеттi органға берiледi. Қарсылық оның түскен күнiнен 

бастап алты ай мерзiмде шағым кеңесiнде қаралуға тиiс. Қарсылық берген тұлға патент 

иеленушiнi қарсылықпен таныстыруға мiндеттi. 

 

      Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 



Заңымен. 

 

      30-бап. Қорғау құжатының күшi жоқ деп танылуы және 

 

              оның қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату 

 

      1. Апелляциялық кеңес шешiмiнiң немесе сот шешiмiнiң негiзiнде қорғау құжаты толық 



немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.

 

      Қорғау құжаты ішінара жарамсыз деп танылған жағдайда өнертабыстың қалған қорғауға 



қабілетті объектісіне, өнертабыстың, пайдалы модельдің немесе өнеркәсіптік үлгінің 

нұсқасына жаңа патент беріледі.

 

      Толық немесе ішінара жарамсыз деп танылған, өнертабысқа, пайдалы модельге немесе 



өнеркәсіптік үлгіге патент патентке өтінім берілген күннен бастап күшін жояды.

 

      Кейіннен жарамсыз деп танылған патент негізінде жасалған лицензиялық шарттар 



патенттің жарамсыздығы туралы шешім шығарылған кезге орындалған деңгейде күшін сақтайды.

 

      Патентті жарамсыз деп тану уәкілетті органның өнертабысқа, пайдалы модельге немесе 



өнеркәсіптік үлгіге патент беру туралы шешімінің күшін жоюды және тиісті мемлекеттік 

тізілімдегі жазбаның күшін жоюды білдіреді.

 

        2. Қорғау құжатының қолданылуы: 



 

       1) бюллетеньде қорғау құжаты қолданылуының мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы 

мәлiметтер жарияланған күннен бастап уәкiлеттi органға патент иеленушi берген арыз 

негiзiнде мерзiмiнен бұрын тоқтатылады. Егер қорғау құжаты бiр топ өнеркәсiптiк меншiк 

объектiлерiне берiлген болса, ал патент иеленушiнiң өтiнiшi осы объектiлер тобының бiр 

бөлiгiне ғана қатысты берiлсе, қорғау құжатының күшi тек өтiнiште көрсетiлген 

өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қатысты ғана тоқтатылады; 

 

        2) белгiленген төлем мерзiмiнiң өткен күнiнен бастап қорғау құжатын күшiнде 



ұстау үшiн белгiленген мерзiмде төлем төленбеген жағдайда мерзiмнен бұрын тоқтатылады. 

 

        3. Сараптама жасау ұйымы бюллетеньде толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылған, 



сондай-ақ қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған қорғау құжаттары туралы мәлiметтер 

жариялайды. 

 

      Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. 



N 586

; 07.04.2015 

№ 300-V

 

(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 



енгізіледі) Заңдарымен.

 

      31-бап. Патенттің қолданылуын қалпына келтіру. 

 

              Соңынан пайдалану құқығы 

 

      1. Осы Заңның 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған негiзде тоқтатылған 



патенттің қолданылуы, патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша патенттi күшiнде ұстап тұру 

үшiн төленетiн төлемнiң мерзiмi өткен күннен бастап үш жыл iшiнде, қалпына келтiрiлуi 

мүмкiн. Қалпына келтіру туралы өтінішхатқа патенттің қолданылуын қалпына келтiруге 

құжаттарды дайындағаны үшін және төлем мерзімі өтіп кеткен қолданылу кезеңінде оны 

күшінде ұстап тұру үшін төлемді растайтын құжат қоса беріледі.

 

       Сараптама ұйымы қалпына келтіру туралы өтінішхат берілген күннен бастап екі айдан 



кешіктірмей патенттiң қолданылуын қалпына келтiру туралы мәлiметтерді бюллетеньде 

жариялайды. Жарияланым күнi патенттiң қолданылуы қалпына келтiрiлген күн болып табылады. 

 

        2. Патенттiң қолданылуы тоқтатылған күн мен қалпына келтiрiлген күн аралығындағы 



кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында патентпен қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк 

объектiсiн пайдалана бастаған немесе оған қажеттi дайындық жасаған кез келген адам оны 




одан әрi осындай пайдаланудың көлемiн ұлғайтпай, тегiн пайдалану құқығын сақтап қалады 

(соңынан пайдалану құқығы). 

 

       Соңынан пайдалану құқығы басқа адамға өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану 



орын алған немесе оған қажеттi дайындық жасалған өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн. 

 

      Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. 



N 586

; 07.04.2015 

№ 300-V

 

(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 



енгізіледі) Заңдарымен.

 

   7-тарау. Авторлардың, өтініш берушілердің және  



 патент иеленушілердің құқықтарын қорғау  

      32-бап. Апелляциялық кеңес

 

      1. Апелляциялық кеңес осы Заңның 22-бабының 10-тармағына, 23-бабының 3-тармағына, 



24-бабының 6-тармағына және 29-бабының 2-тармағына сәйкес берiлетiн қарсылықтар бойынша 

дауларды сотқа дейiн қарау жөнiндегi уәкiлеттi органның бөлiмшесi болып табылады. 

Апелляциялық кеңес туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.

 

      1-1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейін 



қарау міндетті болып табылады.

 

      2. Апелляциялық кеңеске мынадай:



 

      1) уәкілетті органның өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге патент 

беруден бас тарту туралы шешімдеріне (сараптама ұйымының қорытындысына);

 

      2) өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге патент беруге қарсы, 



еуразиялық патенттің қолданылуына қарсы қарсылықтар берілуі мүмкін.

 

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қарсылықты өтiнiш берушi немесе оның 



құқықтық мұрагерi тiкелей өзі не өкiл арқылы бере алады.

 

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген қарсылықты кез келген мүдделi тұлға 



тiкелей өзі не өкiл арқылы бере алады.

 

      Қарсылық уәкілетті органға қазақ және орыс тілдерінде жазбаша арыз нысанында 



тiкелей берiледi немесе пошта арқылы жiберiледi. Қарсылыққа қоса берілетін материалдар 

қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

 

      Егер қарсылық факсимильдiк байланыс немесе электрондық пошта арқылы берiлсе, ол 



осындай қарсылықты алған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қағаз жеткізгіштегі 

түпнұсқасымен расталуға тиiс.

 

      Қарсылық осы Заңда көрсетілген мерзiмдер iшiнде берiледi.



 

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген қарсылықтарды берудiң өтiнiм берушi 

өткiзiп алған мерзiмі өтiнiм берушiнің өтiнiшхаты бойынша осы Заңда белгіленген 

мерзімдер ішінде қалпына келтіріледi. Мұндай өтiнiш апелляциялық кеңеске қарсылықпен бiр 

мезгілде ұсынылады.

 

      3. Қарсылықты патенттiк сенiм бiлдiрілген өкіл немесе өзге өкiл арқылы берген 



жағдайда, сенімхат қазақ және орыс тілдерінде беріледі, егер сенімхат басқа тілде (шетел 

тілінде) берілсе, онда ол қазақ және орыс тілдеріне аударылуға тиіс, сенімхаттың 

аудармасы нотариаттық түрде куәландырылады. Қарсылық материалдарына нотариат 

куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы қоса беріледі немесе ол нотариат куәландырғанын 

растау үшін апелляциялық кеңестің хатшысына көшірмесімен бірге ұсынылады.

 

      4. Берілген қарсылық апелляциялық кеңес алқасының отырысында осы Заңда көрсетілген 



мерзім ішінде қаралуға тиіс. Қарсылықты қарау мерзiмi қарсылықты берген тұлғаның, 

сондай-ақ патент иеленушінің өтiнiшi бойынша, бiрақ қарсылықты қарау үшiн белгiленген 

мерзiм аяқталған күннен бастап алты айдан асырмай ұзартылуы мүмкін.

 

      5. Қарсылық берген тұлға, патент иеленуші апелляциялық кеңестің шешiмiне осы шешім 



шығарылған күннен бастап алты ай iшiнде сотқа шағым жасауға құқылы.

 

      Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 



№ 537-IV

 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс 

енгізілді - ҚР 07.04.2015 

№ 300-V

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 




жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау