- Ұстаз жайында халқымыздың ұлы батыры Б. Момышұлы «Ұстаздық –ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты мұғалім тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, кеншісінде ұстаз өсіреді» деген екен.
- Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкірттің жанына нұр құйып, өмірге өзі бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін мұғалімнің жөні де, жолы да бөлек.
- Бүгінгі сөз болғалы отырған тарих және құқық пәндері мұғалімі Садық Индира Әмірханқызы 2001 жылдан бастап, №48 орта мектебінде жұмыс жасап келеді.
- Ел Президентінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында «Жастардың кәсіптік даярлығы, білімі ХХІ ғасыр деңгейінде, әлемдік стандартқа сай болу керек» деп атап көрсетті. Бұл тұрғыда саналы ұрпақ пен сапалы білім беру мақсатында Индира Әмірханқызы бірқатар табыстарға жетті.
- Жас шыбықты қалай күтіп баптаса, солай өсіп-өніп шығады. Оқушы да сол жас шыбық сияқты өсіп ұлғаяды. Оқушының білімі, тәлім-тәрбиесі, мәдениеті ұстаздың мол еңбегімен байланысты.
- Дарынды оқушының ұстазы да дарынды болуы шарт. Өз ісіне берілген, өз пәнінің әдістемелік ерекшелігін терең меңгерген Индира Әмірханқызының авторлық бағдарламасы «Талантты табу, тану, таныту» негізінде жұмыстана отырып, оқушылары өз жемісін беруде, 2007 жылы қалалық олимпиадада құқықы пәнінен оқушысы Саймова Айгүл ІІ желделі орынды иеленсе, 2008 жылы тағы да қалалық олимпиадада Сақтағанова Анар ІІІ орынды, сол сияқты 8 класс оқушысы Кушеков Данияр Кіші Ғылым академиясында «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты тақырыпта жоба қорғап, алғыс хатпен марапатталды.
- 2009 – 2010 оқу жылында мектепішілік Дәстүрлі және индустриалды қоғам, қазіргі заманғы өркениет» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқытудың жаңа технологиясын меңгеру заман талабы болса, өзінің кәсіптік шеберлігін шыңдау, қабілетін танытуда өткен сабағы әріптестер арасында жоғары бағаланды.
-
- Тарих пәнінің картасы өткен өмірдің өрнегіне айналып «адамзат тарихы-соғыс тарихы» сияқтанып, талай жетістіктің куәсі болып, мұғалімнің сырлы жолдарындай елестейтін. Ұстаз болса, қолындағы таяқшасы ерекше күшпен ақырын жылжып, қоңыр үнімен оқушыны тарих қойнауына жасырынған жұмбақ тағдырлармен табыстыратын. Қазақстанның тарихы өңірлерін, ескерткіштерді, өңірлерді оқушыға таныту мақсатында мектеп оқушыларымен бірге басқа облыстарға, аудандарға саяхат-серуенге шықты. Бүгіннің парқын, болашақтың нарқын білу үшін тарихтың шартын білуі тиіс.
- Мұғалім шәкіртімен биік, оның ішінде еңбек биігінен көрінген оқушылармен бағалы. 2009-2010 оқу жылында тарих пәнінен қалалық олимпиадада 8 класс оқушысы Сламғалиев Жанғали ІІ жүлделі орынды иеленді. Аталған оқу жылында пікір-сайысшылар Республикалық ассоссациясы ұйымдастырған қалалық дебат турниріне қатысқан оқушылары Боранкулова Малика, Зулкашев Аслан «Хакасия» тобы ІІІ орынды иеленді. Қалалық кіші саясат бөлімі «Мм» өткізген Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан -2030» стратегиясына арналған пікір-сайыс турнирінде Боранкулова М, Зулкашев А І жүлделі орынды, сонымен қатар 9ә класс оқушысы Кушеков Данияр Кіші Ғылым академиясында «Атила ғұндардың патшасы» тақырыбында жоба қорғап, ІІІ орынмен марапатталды.
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, өз бетінше жұмыс жасауға бағыт-бағдар беріп отырады.
- «Дарынды балалардың ерекше қабілетін танудағы класс жетекшінің ролі» бағытында тәрбие берудің жаңа жүйесі төңірегінде жұмыс жобасын жазды.
- 2009-2010 оқу жылында облыстық Білім жетілдіру мен біліктілігін арттыру институтынан «Жаһандану жағдайында тарих пәні сабағында ақпараттық-комуникациялық технолгияларды қолдану жолдары» тақырыбында базалық курстан, Карл Поппер бағдарламасы бойынша Дебат курсынан өтті.
- Міне, осындай қызығы мен қиыншылығы мол мектеп өмірінде мұғалім деген тұлға өзгелердің жүрегін аялап, оқушыны білім нәрімен сусындатып, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруда Индира Әмірханқызы шәкірттерін шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеп, жеке тұлғаны танып, танытып, оқушы жүрегіне жол табудан жалыққан емес. Олай болса, мұғалім бақыты-шәкіртінің жетістігі.
- «Баланың ынтасын артыру үшін оқылатын
- нәрседен біржаңалық болу керек» Жүсіпбек Аймауытов
- №48 орта мектебінің
- тарих – құқық пәнінің мұғалімі
- Садық Индира Әмірханқызы
- “Ұлттық білім моделін менің көруім”
- Мұғалім мамандығым таңдап еңбек еткеніме аттай 10 жыл өтіпті. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған ұзақ еңбек жолындағы өмірілік ұстанымым – адамды жан-жақты дамыту үшін ол адамды жан-жақты білуің қажет. Мұндай ұстаным мұғалімде болмаса, ол жай мұғалім атын жамылып жүргендер деп айтар едім. Ал ұстаздардың ішінде тарих – құқық пәні мұғалімінің қазіргі қоғамымызда жүгі ауыр. Себебі болашақ ұрпаққа тарихты үйрету –тарих мамандарының міндеті. Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыру үшін оқытудың көптеген әдіс- тәсілдерін алып, өз іс- тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын. Кейінгі жылдары «Модульдік технология» атты әдістемелік- шығармашылық тақырып бойынша жұмыс жасап жүрмін. Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Шығармашылық- өте күрделі психологиялық процесс. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – шығармашылық. Мұғалім өз шығарамашылығы арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады. Ал менің мақсатым – оқушыға оқу үрдісін ұйымдастыру барысында шығармашылықтың маңызын білдіру, баланың басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу, топпен жұмыс істеу, өз бетімен шығармашылық қабілетін дамыту.
- Модульдік оқыту технологиясының басты маңыздылығы – оқыту процесінде оқушы мұғалімнің берген нұсқауы бойынша көзделген мақсатқа өз бетінше іздену нәтижесінде қол жеткізеді. Ол үшін төмендегiдей ережелердiң сақталуы талап етіледi:
- 1. модульдiк бағдарлама мұғалiмдi оқытудың ақпараттық функциясынан босатып, кеңес берушiлiк-үйлестiрушiлiк функцияларын атқаруына жағдай жасайды;
- 2. модульдiк бағдарлама педагог пен оқушының бiрлесе отырып, тиiмдi оқыту жолдарын таңдап алуына жағдай жасауы тиiс;
- 3. педагог модульдiк бағдарламаны педагогикалық басқарудың кейбiр функцияларын өз мiндетiне алады, сонда бұл функциялар өзiн-өзi басқару функциясына ауысады.
- Осындай жеке тұлғаның дамуына бағытталған оқыту технологиясына жасалған талдаулардың нәтижесінде, біздің көзқарасымыз бойынша, оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда тиімдісі – М.М.Жанпейісова ұсынған интерактивтік модульдік оқыту технологиясы.
- Бұл технологияның ерекшелігі – білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның таным қабілеттері мен таным процестерін арнайы жасалған оқу және танымдық жайлар арқылы дамытуға, жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі көрсетуін, маңыздылығын анықтауға, өзара қарым-қатынас, ойын арқылы шығармашылық қажеттіліктері мен белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша) дамытуға бағытталуы.
- Интерактивтік модульдiк оқыту технологиясы басқа оқыту түрлерi мен тәсiлдерiнен түбегейлi түрде айрықшаланады:
- 1. Оқыту мазмұны аяқталған, дербес, кешендi модульдермен берiледi, модульдер сонымен қатар ақпарат қоры әрi оны меңгертудiң әдiстемелiк нұсқауы болып табылады.
- 2. Оқу процесiнде педагог пен оқушының өзара бiрлескен әрекетi де модульдер арқылы iске асырылады, олар әрбiр сабаққа алдын ала дайындалуда белгiлi бiр деңгейге саналы түрде өз бетiмен жетудi қамтамасыз етедi.
- 3. Модульдiк оқытудың мәнi: оқу процесiнде педагог пен оқушы арасында субъект-субъектiлiк қарым-қатынас басымдығының қалайда сақталуы талап етiледi.
- Модульдік технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқу модулінің құрылымы кіріспеден, сөйлеу (диалог) және қорытынды бөлімнен тұрады.
- Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Мемлекет мәртебесін анықтауда қазіргі заманғы білім жүйесі негізгі фактор болып отыр. Сондықтан дамыған елімізде мектептердің жаңа техникалық құралдармен жабдықталуына үлкен мән беріліп отыр.
- Осыдан түйгенім: жаңа технология элементтерімен дәстүрлі әдістерді сабақтастыра жүргізген сабақ өз шыңына жетеді. Ал оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне қарамастан қаншалықты өз жұмысын сүйетініне байланысты. Олай болса «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ұлы Абайдың сөзі ақиқат екенін өмір дәлдеп отырған жоқ па?!
Ұстаз... Ұстаз бейнесі-шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірлік энергияның қайнар көзі. - Ұстаз... Ұстаз бейнесі-шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірлік энергияның қайнар көзі.
- Ұстаздық-әсер. Ол-эмоция мен сезім. Келешек үшін тырмысып, жан аямай күрескен, өз бойындағы пендешілігін жая білген жан. Ұстаз өзінің бар күнін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне сара етуге бел буған жан. Шәкірттің жүрегінде мәңгілік із қалдырған ұстаз бейнесі қандай мейірбан, қандай сұлу десеңші!
- Сол жанның бірі менің бала жүрегімде нық орын алған. Ол менің сүйікті ұстазым – Садық Индира Әмірханқызы. Бұл ұстазыма менің алғысым шексіз. Өйткені, мен оның алтыннан да бағалы ойларына, ақыл-кеңесіне, асыл сөздеріне сүйсінетінмін. Қимылы шапшаң, от көзді ұстазым оқыған сайын мың құбылатын. Әр тақырыпты сыңғырлаған үнімен оқи отырып, бірде-бір жолын назардан тыс қалдырмай, талдау жасап, тереңнен қармап, асыл ойды санамызға берік, нық етіп құюға бар күшін жұмылдыратын. Сондықтан да бүкіл сынып болып, анадай асыл ұстазымызды ренжітпеуге тырысатынбыз. Оның бізге айтқан тапсырмасын екі етпей ұқыпты орындайтынбыз. Әрқашан оны қуантқымыз келіп, оның мақтайтын, баланың жүрегін елжірететін сөздерін күн сайын естігіміз келетін еді. Ол ешқашан біздің көңілімізді қалдырмайтын, кішкентай нәрсеге мақтап отырғанына біз қуанып шаттанатынбыз.
- Дәл сол кабинет менің сүйікті кабинетім болып қала берді. Сол кездер мен мезеттерді сағына еске аламын. Осы кабинет қызықты сәттердің, айтылған өткір сөздерінің бұрын аңғармаған тереңіне бой ұрған мекенім! Мектеп қабырғасынан жырақ жүрсем де, бұл ұстазымның бейнесі менің жүрегімде!
- оқу жылының үздік түлегі,
- алтын белгі иегері Ерболат Ерлан
- Ой толғау
- Ұ с т а з - ұ л ы е с і м
-
Ұстаз болу-жүректің батырлығы, - Ұстаз болу-жүректің батырлығы,
- Ұстаз болу-сезімнің ақындығы,
- Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
- Азбайтұғын адамның алтындығы-
- деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине, ұстаз жүгі-ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнімен асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу-бұл нағыз шеберлік емес пе?
- Мұғалім-мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді роліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген.
- Ахмет Байтұрсынұлы «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді»-деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады. Өсіп келе жатқан ұрпақ-адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдыретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де ролі зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
- Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз»-деген.
-
- Менің сүйікті ұстазыма
- Тарих және құқық пәндері мұғалімі
- Садық Индира Әмірханқызына
-
- хат
«Ұстаз-мектептің жүрегі» дегендей, баршамыз үшін «алтын ұя» іспетті ақ ордада ең ұлы тұлға-ұстаз. Жас шыбықты қалай күтсе, солай өсіп-өніп шығады. Оқушы да сол жас шыбық сияқты өсіп, ұлғаяды. Оқушының білімі, тәлім-тәрбиесі, мәдениеті ұстаздың мол еңбегімен байланысты. - «Ұстаз-мектептің жүрегі» дегендей, баршамыз үшін «алтын ұя» іспетті ақ ордада ең ұлы тұлға-ұстаз. Жас шыбықты қалай күтсе, солай өсіп-өніп шығады. Оқушы да сол жас шыбық сияқты өсіп, ұлғаяды. Оқушының білімі, тәлім-тәрбиесі, мәдениеті ұстаздың мол еңбегімен байланысты.
- Жас өркеннің адам болып қалыптасуына ұстаз еңбегі ұшан-теңіз. Ұстаз-ең алдымен шәкіртіне білім мен тәрбие береді. Өмірдің қилы соқпағында дұрыс бағыт таңдауына жөн сілтейді. Осы қызметіне бар пейілімен берілген, еңбегімен, өнегесімен танылған ұстазымыз, сізді әрқашан құрмет тұтып, үлгі етемін.
- «Жігерімді құм қылып, жерге қаратпасын, сүйегіме сызат түсірмесін»-деген ата-ана балаға кішкентайынан түзу тәрбие беру керек. Отбасындағы тәрбие мен мектеп тәрбиесін ұштастыру мұғалімге қойылар талаптардың бірі.
- Бала ойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам-мұғалім. Дарынды оқушының ұстазы да дарынды болуы шарт.
- Шәкірт-ұстаз айнасы» десек, сіз тәрбиелеген шәкірттер бүгінде мектебіміздің намысын түрлі сайыстарда қорғап жүр. Қазіргі кезде сабақ беретін оқушыларыңыз облыстық, мектепішілік шараларға, түрлі интеллектуалдық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.
- «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген атақты орыс педагогі К.Д.Милинский. Алайда «Еңбек адамның бағын ашады»-деген қағидаға сүйенен отырып ұстазымыз Индира апай өз шәкірттеріңізді еңбекқорлықпен жұмыс істеуге баулудан жалыққан емессіз.
- Ұстаз оқушыны ізденте отырып, өзі де ізденеді. Демек, бұл дегеніміз ұстаз бен шәкірт арасында шығармашылық зор байланыс болу керек дегенді байқатады.
- Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
- Міне, осындай қызығы мен қиындығы мол мектеп өмірінде сіз өз өміріңізді аямай, өзгелердің жүрегін аялап, оларды білім нәрімен сусындатып, ақыл-кеңестеріңізбен тәрбиелеп, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру үстіндесіз. Ұстаз-ұлы тұлға екеніне сөз жоқ.
- Шәкіртіңіз 9а класс оқушысы Боранкулова Малика
-
Достарыңызбен бөлісу: |