«Бала тууы туралы» Онлайн қызметке тапсырыс
Қызметті алушылар ҚР азаматтары. Қызмет көрсету мерзімі 12 жұмыс күнінен артық емес:
баланың тууын тіркеу - 2 жұмыс күні ішінде;
бала туғанда жәрдемақы тағайындау - 7 жұмыс күні ішінде;
балабақшаға кезекке қою - 3 жұмыс күні ішінде.
Егер сіз туу туралы куәлікті алсаңыз, қалған қызметтерді жеке алуға болады:
Бала тууға жәрдемақы тағайындау;
Баланы мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдау үшін тіркеу
ЭЦҚ алу.
Осы бетте балаға ЖСН тағайындауға, баланың туу туралы куәлігін алуға өтініш беруге, баланың тууына бір реттік жәрдемақы алуға және баланы балабақшаға анықтауға болады. Композиттік қызмет бір беттен үш қызметті алуға мүмкіндік береді, олардың әрқайсысы алдыңғысының дайын болуына қарай ретті өңделеді.
1-ҚАДАМ. Баланың тууын тіркеуге өтініш беру:
Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту;
Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен);
Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, баланың ЖСН көрсетілген туу туралы акті жазбасын тіркеу туралы хабарламамен танысу. Хабарлама 2 жұмыс күні ішінде келіп түседі;
Оң жауап болған жағдайда жәрдемақы тағайындауға өтініш беру үшін келесі қадамға өту қажет. Баланың тууын тіркеуге өтінішті бала туған күннен бастап 2 айдың ішінде беруге болады.
2-ҚАДАМ. Бала тууға жәрдемақы тағайындау:
Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту;
Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімде әкесінің немесе шешесінің ЖСН, баланың ЖСН және Қазпочтада, «Халық Банкі» АҚ-нда немесе «Қазкоммерцбанк» АҚ-нда ашылған жеке есепшоттың нөмірін (IBAN) мәліметтерді көрсету;
Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін бала тууға жәрдемақы тағайындау туралы хабарламамен танысу. Хабарлама 7 жұмыс күні ішінде келіп түседі. МЗТО-ға бару. Портал арқылы өтініш берген кезде сізге кезектен тыс қызмет көрсетіледі.
МТЗО-ға барған кезде қажетті құжаттар:
Баланың/балалардың туу туралы куәлігі немесе туу туралы акті жазбасының көшірмелері;
Қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
Отбасының тұратын жерін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
Отбасының құрамытуралы белгіленген үлгідегі мәліметтер;
Ұл (қыз) асырап алушылар тиісті органның ұл (қыз) асырап алу немесе балаға қорғаншыны белгілеу туралы шешімінен үзінді жазба.
Оң жауап болған жағдайда баланың мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою үшін келесі қадамға өту қажет. Туғанда тағайындалатын жәрдемақыға және күтімі бойынша жәрдемақыға жүгіну мерзімдері бала туған күннен бастап 12 айдан аса алмайды.
3-ҚАДАМ. Баланың мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою:
Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту;
Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді). Оған мектепке дейінгі балалар ұйымына, түзету (санаторлық) мектепке дейінгі ұйымдарға және мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған топтарға бірінші кезекті жіберуге жеңілдіктердің болуын растайтын құжаттардың скан көшірмелері қоса беріледі;
Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысу. Хабарлама 7 жұмыс күні ішінде келіп түседі;
Кезекті әрі қарай қадағалау үшін «Балабақшаға кезек нөмірін қарау» қызметін қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |