Азаматтық қорғаныс туралы



жүктеу 413,92 Kb.
бет1/3
Дата01.01.2018
өлшемі413,92 Kb.
#6878
  1   2   3

Азаматтық қорғаныс туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы N 100 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 9, 93-құжат

МАЗМҰНЫ


      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "барлық меншiк нысанындағы", "меншiк нысандарына қарамастан" деген сөздер алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 183 Заңымен.
      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша:
      "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органын", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органымен" деген сөздер тиiсiнше "Уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органды", "уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылды;
      "өкiлеттiгi" деген сөз "құзыретi" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргiзу - мемлекеттiң аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi, оның қорғаныс шараларының құрамдас бөлiгi.


      Осы Заң Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының негiзгi мiндеттерiн, құрылуы мен жұмыс iстеуiнiң ұйымдық принциптерiн, Қазақстан Республикасы орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының, ұйымдарының азаматтық қорғаныс саласындағы құзыретiн, азаматтарының, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
      Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      Азаматтық қорғаныс - басқару органдарының мемлекеттiк жүйесi мен бейбiт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргiзiлетiн жалпы мемлекеттiк шаралардың жиынтығы;

      Азаматтық қорғаныс бөлiмдерi - Қазақстан Республикасының Үкiметi құратын Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi;

      Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылатын, әкiмдер, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар құратын республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi;

      Азаматтық қорғаныс күштерi - Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi, аумақтық, объектiлiк құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамалары, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жедел-құтқару отрядтары;

      Азаматтық қорғаныс құрамалары - облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылатын аумақтық және объектiлiк құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамалары;

      Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      Азаматтық қорғаныстың басқару органдары - бейбiт уақытта және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс iс-шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, ұйымдар;

      "Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берiлетiн бiрыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын iске қосып қоюға, берiлiп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, iс-әрекет тәртiбi мен жүрiс-тұрыс ережелерi жөнiндегi талаптарды орындауға мiндеттi;

      жедел-құтқару отрядтары - жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделi объектiлерде iздеу-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар;

      қорғану құрылыстарының қоры - өндiрiстiк персонал мен халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде арнайы қорғауға арналған қолда бар барлық инженерлiк құрылыстардың жиынтығы;

      шаруашылық жүргiзу объектiлерi - өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң және қоғам қызметiнiң басқа да салаларының мүдделерi үшiн пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар;

      эвакуациялық органдар - халықты, материалдық құндылықтарды қауiпсiз аймаққа эвакуациялау, оларды орналастыруды, өндiрiстiк қызметтi және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етудi ұйымдастыру үшiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар құратын эвакуациялық және эвакуациялық-қабылдау комиссиялары.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс


              саласындағы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.


      2. алып тасталды
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.07.07 N 183 Заңымен.

       3-бап. Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi

      Халықты және шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғау Азаматтық қорғаныстың бiрiншi кезектегi мiндетi болып табылады және осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде нұқсанды азайту мүдделерi үшiн халықтың iс-қимыл жасауының оңтайлы тәсiлдерiн ғылыми тұрғыдан анықтау және аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн дер кезiнде дайындау негiзiнде жүргiзiледi.

      Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

      1) басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзiрлiкте ұстау;

      2) Азаматтық қорғаныс күштерiн құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға ұдайы әзiрлiкте ұстау;

      3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметшiлерiн даярлау және халықты оқыту;

      4) радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау;

      5) Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларын жұмылдыруға әзiрлiктi қамтамасыз ету;

      6) шаруашылық жүргiзу салалары мен объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзу;

      7) қорғану құрылыстарының қажеттi қорын, жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкiнiң қорларын жинау және әзiрлiкте ұстау;

      8) халыққа, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда iс-қимыл жасау тәртiбi туралы хабарлау;

      9) iздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу, зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн және оларды қауiптi аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;

      10) азық-түлiктi, су көздерiн, тамақ шикiзаттарын, жемшөптi, мал және өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсiмдiк iндеттерiнен қорғау.

      4-бап. Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптерi
              мен тәртiбi

      Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында аумақтық-өндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады.

      Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi және азаматтары жүзеге асырады.

      Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi.

      Азаматтық қорғаныс шараларын кешендi түрде және саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады.

      Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.

      Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуы туралы жыл сайын есеп берiп отырады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.07.07 N 183 Заңымен.

2-тарау. Қазақстан Республикасының халқын, аумағы мен
шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғау саласындағы
азаматтық қорғаныс шаралары

      5-бап. Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу


              объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы
              төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi Азаматтық
              қорғаныс шаралары

      Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс iс-шаралары алдын ала жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдары мен халқы үшiн мiндеттi болып табылады.



      Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында:
      1) уәкiлеттi орган:
      халықты және аумақтарды табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөнiндегi iс-қимыл жоспарларын әзiрлеудi, сондай-ақ оны Азаматтық қорғаныстың тиiстi бастықтарына бекiтуге берудi;
      шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөнiндегi iс-қимыл жоспарларын бекiтудi;
      шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар кешенiн бекiтудi;
      төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөнiндегi күштер мен құралдарды жасауды, даярлауды және оларды қолдануға әзiрлiк жағдайында ұстауды, зардап шеккендерге көмек көрсетудi;
      мониторинг жүйесiн ұйымдастыруды, халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн техногендiк авариялар, ықтимал су тасқындары, селдер, көшкiндер мен басқа да қауiптi экзогендi құбылыстар туралы құлақтандыруды;
      2) жергiлiктi атқарушы органдар:
      ықтимал су тасқындарын, селдердi, көшкiндердi және басқа да қауiптi экзогендi құбылыстарды ескере отырып, аумақтарда құрылыс салуды жоспарлауды;
      төтенше жағдайлар кезiнде баспанасыз қалған халық үшiн уақытша тұрғын үй резервiн жасауды;
      тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiнде азық-түлiктiң, дәрi-дәрмектiң және материалдық-техникалық құралдардың қорларын жасауды;
      3) ұйымдар:
      шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөнiндегi iс-қимыл жоспарларын әзiрлеудi;
      шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар кешенiн әзiрлеудi;
      төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөнiндегi күштер мен құралдарды жасауды, даярлауды және оларды қолдануға әзiрлiк жағдайында ұстауды, зардап шеккендерге көмек көрсетудi;
      мониторинг жүйесiн, персоналды, шаруашылық жүргiзу субъектiлерiн және халықты техногендiк авариялар туралы құлақтандыруды ұйымдастыруды;
      ықтимал су тасқындарын, селдердi, көшкiндердi және басқа да қауiптi экзогендi құбылыстарды ескере отырып аумақтарда құрылыс салуды жоспарлауды;
      тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiнде азық-түлiктiң, дәрi-дәрмектiң және материалдық-техникалық құралдардың қорларын жасауды жүргiзедi.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      6-бап. Жер сiлкiнiсiнен қорғау жөнiндегi Азаматтық


             қорғаныс шаралары

      1. Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн ықтимал жер сiлкiнiстерiнен қорғау мақсатында алдын ала мынадай шаралар кешенi жүргiзiледi:

      сейсмологиялық байқаулар мен жер сiлкiнiстерiн болжаудың республикалық жүйесiн дамыту;

      республика аумағының сейсмологиялық қауiптiлiгiн ғылыми тұрғыдан болжау, бағалау және оны сейсмологиялық ықшам аудандарға бөлу;

      құрылыс нормалары мен ережелерiн сейсмологиялық қауiптi ескере отырып жасау;

      сейсмикалық орнықты үйлер мен ғимараттардың тиiмдi конструкцияларының және шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң сенiмдi жұмыс iстеуiнiң есептерiн ғылыми тұрғыдан негiздеу және оларды жобалау;

      сейсмикалық орнықты үйлер мен ғимараттар құрылысының сапасын бақылауды жүзеге асыру;

      бұрын салынған үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық жағынан орнықты болуын және сенiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

      аумақтарға құрылыс салуды ықтимал сейсмикалық әсерлердi ескере отырып реттеу.

      2. Жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жою кезiнде мынадай шаралар жүргiзiледi:

      жер сiлкiнiсi туралы ақпарат алу, шешiм қабылдау және оны республика аймақтарына жеткiзу;

      iздеу-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды басқаруды ұйымдастыру, сондай-ақ оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

      Азаматтық қорғаныс күштерi мен құралдарының iс-қимылына және жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жою жоспарына сәйкес басқа да шараларға басшылық жасау.

      3. Орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, ұйымдардың басшылары өз құзыретi шегiнде болуы ықтимал жер сiлкiнiстерiнен халықты қорғау және олардың экономикалық залалын азайту мақсатында алдын ала:

      халық пен қоршаған ортаға аса қауiп төндiретiн, шаруашылық жүргiзу объектiлерi орналасқан ведомстволық бағыныстағы аумақтарда, сондай-ақ интенсивтi түрде мұнай, газ өндiрiлетiн аудандарда және жерасты жұмыстарында сейсмикалық аудандастыру жүргiзу мен сейсмикалық қауiпке баға берудi ұйымдастыруға;

      үйлер мен ғимараттарды, ең алдымен тұрғын үйлердi, мектептердi, мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiн, ауруханаларды, адамдар жаппай болатын басқа үйлердi, ғимараттарды және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнде (жылу, су, газ, энергиямен жабдықтау және байланыс, канализация), химиялық және жарылыс қаупi бар өндiрiстердi сейсмикаға қарсы күшейту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге;

      сейсмикалық жағынан осал үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеуден өткiзген кезде олардың құрылыс конструкцияларын мiндеттi түрде сейсмикаға қарсы күшейтудi көздеуге;

      үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық орнықтылығын қамтамасыз ету жөнiнде арнаулы шаралар қолданбайынша оларды салуға, сондай-ақ тектоникалық жарық шақтар, топырағы жайсыз аймақтарда және көшкiн болу қаупi бар беткейлерде құрылыс салуға жол бермеуге мiндеттi.

      4. Жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жою мақсатында:
      1) уәкiлеттi органның басшысы:
      құтқару жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға;
      жер сiлкiнiсiнiң күшi, қираған жерлер, шығындар мен оның зардаптарын жою жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат жинауды және оны жоғары тұрған органдар мен халыққа берудi жүзеге асыруға;
      2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары:
      жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жоюды, құтқару және шұғыл жұмыстар жүргiзудi, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетудi және халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi басқа да iс-шараларды ұйымдастыруға;
      қираған жерлер, шығындар мен жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жою жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат жинауды және оны уәкiлеттi органға берудi жүзеге асыруға;
      3) ұйымдардың басшылары:
      жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жоюды, құтқару және шұғыл жұмыстар жүргiзудi, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудi және қызметкерлердiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi басқа да iс-шараларды ұйымдастыруға мiндеттi.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      7-бап. Теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерi


              өзгеруiнiң зардаптарынан қорғау жөнiндегi
              Азаматтық қорғаныс шаралары

      1. Теңiздер мен iрi су айдындарының тасқындарынан, су деңгейлерiнiң көтерiлуiнен және таяздауынан қорғау жөнiндегi шаралар халықтың, шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң, инфрақұрылымның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған және оларға:

      теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерiнiң өзгеруiнен болуы ықтимал зардаптарды ғылыми зерттеу және болжау;

      гидротехникалық және өзге де тосқауыл құрылыстарын жобалау, салу және пайдалануға беру;

      аумақтарда құрылыс салуды теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерiнiң өзгеруiн ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн ескере отырып жоспарлау;

      теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерi өзгеруiнiң, қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингi жүйелерiн, жағалау аймағындағы су жайылу құбылыстары жайында халықты және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi құлақтандыруды ұйымдастыру кiредi.

      2. Орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, ұйымдар өз құзыретi шегiнде теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерiнiң өзгеруiнен халықты, аумақтарды қорғау, мұның экономикалық залалын азайту мақсатында:

      теңiздер мен iрi су айдындары беткi деңгейiнiң құбылуына болжам жасаудың ғылыми негiздерi мен әдiстерiн дамытуды қамтамасыз етуге;

      су тасқындары болуы мүмкiн аудандарда гидротехникалық және өзге де тосқауыл құрылыстар салуды ұйымдастыру мен олардың сапасын бақылауға;

      су тасқындары болуы, су басып қалуы және су астында қалып қоюы мүмкiн аймақтарда жер учаскелерiнiң тиiстi нормативтiк актiлер ескерiлместен шаруашылық қажеттерiне арналған объектiлер салу үшiн бөлiнуiне жол бермеуге;

      жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген экологиялық талаптардың басымдық берiлетiн тәртiппен сақталуын қамтамасыз етуге;

      теңiздер мен iрi су айдындарының жағалау аймақтарында жердiң, топырақ пен өсiмдiк қабатының және жерасты суларының тұрақты мониторингiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

      8-бап. Пайдалы қазбалар кен орындарын игеруге
              байланысты төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi
              Азаматтық қорғаныс шаралары

      Қатты, сұйық және газ тектес пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге байланысты төтенше жағдайлардан аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде iске асыратын шараларға:

      пайдалы қазбалар өндiрудiң халыққа және қоршаған ортаға жасауы ықтимал зардаптарының қаупiн ғылыми зерттеу, болжау және бағалау;

      пайдалы қазбалар өндiрудi дамыту болашағын және оның геологиялық құрылымдардың орнықтылығына жасайтын әсерiн ескере отырып, аумақтарға құрылыс салуды жоспарлау, үйлер мен ғимараттар салу және пайдалану;

      игерiлiп жатқан кен орындары аудандарындағы бұрыннан бар үйлер мен ғимараттардың сенiмдiлiгi мен орнықтылығын арттыру;

      қоршаған ортаның жай-күйi мен игерiлiп жатқан кен орындарының технологиялық жағдайлары мониторингiнiң жүйелерiн ұйымдастыру және халық пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге болуы ықтимал төтенше жағдайларды хабарлау;

      кенiштердi игеруге байланысты төтенше жағдайлардан болуы ықтимал залалды азайту жөнiндегi алдын алу шараларын ұйымдастыру және жүргiзу, ал оларды жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда кен өндiрудi тоқтату және қорғаныш шараларының қажеттi кешенiн орындап, кенiштердi консервациялау кiредi.

      9-бап. Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу


              объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарынан
              қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс шаралары

      Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қатерi төнген және қолданылған жағдайда қорғау, одан болатын залал мен шығынды азайту мақсатында:

      1) алдын ала:

      бейбiт және соғыс уақытына арналған азаматтық қорғаныс жоспарларын жасау;

      азаматтық қорғаныстың басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн құру мен дамыту және оларды пайдалануға әзiрлiкте ұстау;

      Азаматтық қорғаныс күштерiн құру, жасақтау, жарақтандыру және әзiрлiкте ұстау;

      зақымдау құралдары қолданылған жағдайда қорғану әдiстерi мен iс-қимыл жасауға басқару органдарын дайындау және оған халықты жаппай оқыту;

      Азаматтық қорғаныстың қорғану құрылыстарын салу мен олардың қорын жинақтау және оларды жұмыс iстеуге әзiрлiкте ұстау;

      Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға және халықтың тiршiлiгiне арналған жеке қорғаныс құралдарының, материалдық-техникалық құралдардың қорларын, резервтерiн жасау, жинақтау және дер кезiнде жаңартып отыру;

      эвакуациялық шараларды жоспарлау мен жүргiзу;

      шаруашылық жүргiзу салалары мен объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуi жөнiндегi шараларды жоспарлау және орындау;

      Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларының жұмылдырылу дайындығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды өткiзу;

      2) зақымдау құралдарын қолданған кезде:

      зақымдау құралдарының қолданылу қатерi мен қолданылуы жайында құлақтандыру, халықты iс-қимыл тәртiбi мен ережелерi жөнiнде хабардар ету;

      халықты қорғану құрылыстарына паналату, қажет болған жағдайда жеке қорғану құралдарын пайдалану;

      жараланғандар мен жарақат алғандарға медициналық көмек көрсету;

      iздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу;

      басқарудың, құлақтандыру мен байланыстың бұзылған жүйелерiн қалпына келтiру;

      халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерi мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiнде шұғыл авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу;

      Азаматтық қорғаныс құрамаларының әзiрлiгiн қалпына келтiру;

      эвакуациялық шаралар жүргiзу жүзеге асырылады.

      10-бап. Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық


               шаралары

      Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары алдын ала әзiрленiп жасалады, өткiзiледi.

      Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары аумақтарды, елдi мекендердi, өнеркәсiп аймақтарын аудандық жоспарлау және оларда құрылыс салу схемалары мен жобаларын жасау кезiнде, ұйымдардың құрылысын салу, кеңейту, қайта құру және техникамен қайта жарақтандыру жобаларында көзделуге тиiс.

      Аймақтарды дамытуға, аумақтарда құрылыс салуға, елдi мекендер мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн салуға және қайта құруға арналған жобалау-смета құжаттамасы төтенше жағдайлар жөнiндегi аумақтық органдармен келiсiледi.


      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.07.07 N 183 Заңымен.

       11-бап. Азаматтық қорғаныс бойынша мамандар мен халықты


жүктеу 413,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау