14
Қазақстан Республикасының Заңы
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заң шығару бастамасы құқығы Республика Прези-
дентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және
тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.»;
2 ) м ы н а д а й м а з м ұ н д а ғ ы 5 - 1 - т а р м а қ п е н
толықтырылсын:
«5-1. Мәжіліс депутаттары қараған және олардың жалпы
санының кемінде үштен екісінің даусымен мақұлданған
конституциялық заң жобасы Сенатқа беріледі, онда алпыс
күннен асырылмай қаралады. Сенат депутаттарының жал-
пы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданған
жоба конституциялық заңға айналады және он күн ішін-
де Республика Президентіне қол қоюға ұсынылады.
Конституциялық заң жобасын тұтастай қабылдамауды
Мәжіліс немесе Сенат Палата депутаттары жалпы санының
көпшілік даусымен жүзеге асырады.
Сенат депутаттары жалпы санының кемінде үштен
екісінің даусымен конституциялық заң жобасына енгізіл-
ген өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі.
Егер Мәжіліс депутаттардың кемінде үштен екісінің даусы-
мен Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен
келіссе, конституциялық заң қабылданды деп есептеледі.
Егер Мәжіліс, Сенат енгізген өзгерістер мен
толықтырулар бойынша дауыс беру кезінде олармен
депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен келіс-
песе, онда палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу
рәсімдері арқылы шешіледі.»;
3) 6-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен
толықтырылсын:
«Республика Президентінің заң шығару бастамасы
тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілген заңнамалық
актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы
1
талап етілмейді.»;
4) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына
байланысты Премьер-Министр Парламент Палаталарының
бірлескен отырысында Үкіметке сенім туралы мәселе
қоюға хақылы. Бұл мәселе бойынша дауыс беру сенім ту-
ралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегіз сағаттан
ерте өткізілмейді. Егер сенімсіздік білдіру туралы ұсыныс
палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының
көпшілік даусын ала алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай
қабылданды деп есептеледі. Алайда Үкімет бұл құқықты
жылына екі реттен артық пайдалана алмайды.».
23. 62-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша
кемінде екі оқылым өткізу міндетті.».
24. 63-бап мынадай редакцияда жазылсын:
63-бап
1. Республика Президенті Парламент Палаталары
төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультация-
лардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін
тарата алады.
2. Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше не-
месе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің
соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы тарату-
дан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды.».
25. 64-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің
бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жау-
апты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент
Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.».
1
Қазақстан Республикасының Заңы
26. 67-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын.
27. 68-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Үкімет мүшелерінің өкілді органның депутаттары
болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық
қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты
атқаруға, кәсіпкерлік іспен шұғылдануға, заңнамаға
сәйкес өздерінің лауазымдық міндеттері болып табылатын
жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы
органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге
құқығы жоқ.».
28. 70-бапта:
1) 1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы
Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады.
Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған
Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы
мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Рес-
публика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет
өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.»;
«3. Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке
сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні
туралы Республика Президентіне мәлімдейді.»;
2) 6-тармақтың екінші сөйлемі алып тасталсын.
29. 71-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазыл-
сын:
«3. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін - Республика
Президенті, екі-екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс
тағайындайды.
Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш
жыл сайын жаңартылып отырады.».
30. 72-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1)
тармақшамен толықтырылсын:
17
«2-1) Парламент және оның Палаталары қабылдаған
қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін
қарайды;».
31. 74-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазыл-
сын:
«2. Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде
адамның және азаматтың Конституцияда баянды етіл-
ген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді
деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық
актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпай-
ды.».
32. 75-бапта:
1) 2-тармақтағы «алқа заседательдерінің» деген сөздер
«алқабилердің» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 3-тармақтағы «және Республиканың жергілікті сотта-
ры» деген сөздер «, Республиканың жергілікті және басқа
да соттары» деген сөздермен ауыстырылсын.
33. 81-баптағы «және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда
қаралатын» деген сөздер «, жергілікті және басқа да сот-
тарда қаралатын» деген сөздермен ауыстырылсын.
34. 82-бап мынадай редакцияда жазылсын:
82-бап
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын
және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне
негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат
сайлайды.
2. Жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен
судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша
Республика Президенті қызметке тағайындайды.
3. Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары
құрылуы мүмкін. Сот алқалары төрағаларына өкілеттіктер
Достарыңызбен бөлісу: |