«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет9/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   89

37
II бөлім
рында  отырған  азаматтардың  сайлауға  және  сайлануға, 
республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. 
4.  Республика  азаматтарының  мемлекеттiк  қызметке 
кiруге тең құқығы бар. Мемлекеттiк қызметшi лауазымына 
кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық мiндеттердiң 
сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгiленедi.
Ескерту. 33-бап Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 
7 қазандағы № 284-І Заңымен енгізілген өзгеріспен.
34-бап
1. Әркiм Қазақстан Республикасының Конституциясын 
және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, 
бостандықтарын, абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге 
мiндеттi. 
2.  Әркiм  Республиканың  мемлекеттiк  рәміздерін 
құрметтеуге мiндеттi.
Ескерту. 34-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген өзгеріспен.
35-бап
Заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және 
өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әр мiн-
детi болып табылады.
36-бап
1.  Қазақстан  Республикасын  қорғау  -  оның  әрбiр 
азаматының қасиеттi парызы және мiндетi. 
2. Республика азаматтары заңда белгiленген тәртiп пен 
түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.


38
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
37-бап
Қазақстан  Республикасының  азаматтары  тарихи  және 
мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих 
пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауға мiндеттi.
38-бап
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға 
және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi.
39-бап
1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары 
конституциялық  құрылысты  қорғау,  қоғамдық  тәртiптi, 
адамның  құқықтары  мен  бостандықтарын,  халықтың 
денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi 
шамада ғана және тек заңмен шектелуi мүмкiн. 
2.  Ұлтаралық  татулықты  бұзатын  кез  келген  әрекет 
конституциялық емес деп танылады. 
3.  Саяси  себептер  бойынша  азаматтардың  құқықтары 
мен  бостандықтарын  қандай  да  бiр  түрде  шектеуге  жол 
берiлмейдi. Конституцияның 10; 11; 13-15-баптарында; 16-
бабының  1-тармағында;  17-бабында;  19-бабында;  22-ба-
бында; 26-бабының 2-тармағында көзделген құқықтар мен 
бостандықтар ешбiр жағдайда да шектелмеуге тиiс.
III БӨЛIм 
ПРЕЗИдЕНТ
40-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң 
басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiз-
гi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық 


39
III бөлім
қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары 
лауазымды тұлға. 
2. Республиканың Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк 
бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және аза-
мат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. 
3. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық 
тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының 
халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
41-бап
1.   Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық 
заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы не-
гiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын 
дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды. 
2. Республика Президентi болып тумысынан республика 
азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк 
тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы 
тұратын Республика азаматы сайлана алады. 
3. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның 
бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан 
Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-
тұс келмеуге тиiс. 
4. алынып тасталды. 
5. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен 
астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. 
Егер кандидаттардың бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала 
алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi 
кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 
ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. 
Ескерту. 41-бап Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 
7 қазандағы № 284-І; 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-III 
Заңдарымен енгізілген өзгерістермен.


40
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
42-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентi: “Қазақстан 
халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының 
Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың 
құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан 
Республикасы  Президентiнiң  өзiме  жүктелген  мәртебелi 
мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн”, - деп 
халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. 
2.  Ант  беру  қаңтардың  екiншi  сәрсенбiсiнде  салтанат-
ты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық 
Кеңес  мүшелерiнiң,  Жоғарғы  Сот  судьяларының,  сон-
дай-ақ Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң 
қатысуымен өткiзiледi. Конституцияның 48-бабында көзделген 
жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн 
өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн 
қабылдаған күнiнен бастап бiр ай iшiнде ант бередi. 
3. Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған 
Республика  Президентi  қызметiне  кiрiскен  кезден  бас-
тап,  сондай-ақ  Президент  қызметiнен  мерзiмiнен  бұрын 
босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда 
тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң 
бәрiнiң, қызметiнен кетiрiлгендерден басқасының, Қазақстан 
Республикасының экс-Президентi деген атағы болады. 
4. алынып тасталды. 
5. Бiр адам қатарынан екi реттен артық Республика Пре-
зидентi болып сайлана алмайды.
Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прези-
дентіне қолданылмайды.
Ескерту. 42-бап Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 
7 қазандағы № 284-І; 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-III 
Заңдарымен енгізілген өзгерістермен.


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау