«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет5/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89

18
Қазақстан Республикасының Заңы
беру тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
4.  Жоғары  Сот  Кеңесі  Республика  Президенті 
тағайындайтын  Төрағадан  және  басқа  да  адамдардан 
құралады.
5.  Жоғары  Сот  Кеңесінің  мәртебесі  және  жұмысын 
ұйымдастыру заңмен белгіленеді.».
35. 84-бап алып тасталсын.
36. 86-бапта:
1) 2-тармақтағы «төрт жыл» деген сөздер «бес жыл» 
деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Респуб-
лика Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі 
тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі 
мерзімінен бұрын тоқтатылады.».
37. 87-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда 
жазылсын:
«4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың 
және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, 
республикалық маңызы бар қалалардың және астананың 
мәслихаттарының  келісімімен  Республика  Президенті 
тағайындайды.  Өзге  әкімшілік-аумақтық  бөліністердің 
әкімдері қызметке Қазақстан Республикасының Президенті 
айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. 
Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді 
қызметтерінен босатуға хақылы.
5. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемін-
де бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік 
білдіру  туралы  мәселе  қойылуы  мүмкін.  Бұл  жағдайда 
мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік да-
усымен әкімге сенімсіздік білдіруге және оны қызметінен 
босату жөнінде тиісінше Республика Президентінің не 


1
жоғары тұран әкімнің алдына мәселе қоюға хақылы. Об-
лыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана 
әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Пре-
зиденті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады.».
38. 89-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда 
жазылсын:
«2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей 
жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық 
топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті 
қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару 
органдары арқылы жүзеге асырылады.
Жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарына  мемлекет-
тік  функцияларды  жүзеге  асыру  заңға  сәйкес  берілуі 
мүмкін.
3.  Қазақстанда  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды 
ұйымдастыру мен олардың қызметі заңмен реттеледі.».
39. 91-баптың 1-тармағының соңғы сөйлемі мынадай 
редакцияда жазылсын:
“Республикалық  референдумға  шығарылған 
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер олар 
үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың 
және  астананың  кемінде  үштен  екісінде  дауыс  беруге 
қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс 
берсе, қабылданды деп есептеледі.”.
40.  Мынадай  мазмұндағы  94-1-баппен  толықтырыл-
сын:
 
94-1-бап
Конституцияның 41-бабы 1-тармағының Республика 
Президентінің  өкілеттік  мерзімін  белгілейтін  ережесі 
2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Рес-
публика Президентінің жеті жылдық өкілеттік мерзімінің 


20
Қазақстан Республикасының Заңы
аяқталуына байланысты өткізілетін президенттік сайлау 
қорытындысы  бойынша  Республика  Президенті  болып 
сайланған адамға қолданылатын болады.».
2-бап
1. Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның Па-
латалары осы Заңда өздері үшін көзделген конституциялық 
өкілеттіктерді үшінші сайланған Қазақстан Республикасы 
Парламенті Мәжілісінің өкілеттік мерзімі аяқталған соң 
алады.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының лауазым-
ды адамдарға өкілеттік берудің жаңа тәртібін белгілейтін 
нормалары осы лауазымды адамдардың өкілеттік мерзімі 
аяқталуына немесе өкілеттіктерінің тоқтатылуына қарай 
қолданысқа енгізіледі.
3.  Жоғары  Сот  Кеңесі  Әділет  біліктілік  алқасының 
аудандық және оларға теңестірілген соттар төрағалары мен 
судьяларының лауазымына үміткер адамдарды конкурстық 
іріктеу және аталған мемлекеттік лауазымдарға тағайындау 
үшін ұсыным беру жөніндегі өкілеттіктерін «Қазақстан 
Республикасының  сот  жүйесі  мен  судьяларының 
мәртебесі  туралы»  Конституциялық  заңға,  «Қазақстан 
Республикасының  Жоғары  Сот  Кеңесі  туралы»  Заңға 
тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен соң және 
«Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы ту-
ралы» Заңның күші жойылды деп танылғаннан кейін алады. 
Аталған өзгерістер мен толықтырулар күшіне енгенге дейін 
бұрын Конституцияда белгіленген тәртіп қолданылады.
4. Конституцияда көзделген соттың тұтқындауға санк-
ция беруі тиісті заңнамалық актілер қабылданғаннан кейін 
қолданысқа енгізіледі.
 


21
3-бап
Осы Заң, осы Заңның 2-бабының ережелері ескеріле 
отырып, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа 
енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының
Президенті 
Н. Назарбаев
 
Астана, Ақорда, 2007 жылғы мамырдың 21-і. 
№ 254-III ҚРЗ



1995 жылғы 30 тамызда қабылданған
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
КоНСТИТУцИяСЫ 


24
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы,
байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, 
өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына 
берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына 
отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты 
орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ  
ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi 
сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала  
отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.
I БӨЛIм 
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап
1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, 
құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, 
оның  ең  қымбат  қазынасы  -  адам  және  адамның  өмiрi, 
құқықтары мен бостандықтары. 
2. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық 
татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн 
көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; 
мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық 
әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда не-
месе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
2-бап
1.  Қазақстан  Республикасы  -  президенттiк  басқару 
нысанындағы бiртұтас мемлекет. 
2. Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. 
Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және 
бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi. 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау