«Қазақстан республикасының конституциялық ҚҰҚЫҒЫ» ПӘннін оқУ-Әдістемелік кешені оқытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасы


Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі



жүктеу 2,09 Mb.
бет6/9
Дата14.05.2018
өлшемі2,09 Mb.
#12657
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.
1. Сайлау жүйесінің түсінігі.

2. Сайлау құқығы түсінігі, түрлері және принциптері.

3. Сайлау органдары.

4. Референдумның конституциялық негіздері.

Сайлау жүйесі дегенде мемлекеттің және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің құрылу тәртібін түсінеміз. Мұның ішінде бізге ерекше таныс түрлері – бұл сайлаушы органдардың қалыптасуы кезіндегі принциптері мен қатысу шарттары болып табылады. Сайлау жүйесі – заңмен белгіленген ережелер, принциптер жиынтығы, олардың көмегі арқылы дауыс беру нәтижелері анықталады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық Заңға сәйкес Президентті, Парламент Сенаты депутаттарын және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады:


    • дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған;

    • қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған.

Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады.

Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып саналады.

Өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады: басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.

Президентті, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, Мәслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі принциптері бекітілген заңдық нормалар жиынтығы Қазақстан Республикасының сайлау құқығы болып табылады.

Сайлаулар азаматтардың мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді.

Сайлау құқығы екіге бөлінеді: белсенді және бәсең.

Белсенді сайлау құқығы деп – Республиканың 18 жасқа толған азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығын айтамыз.

Бәсең сайлау құқығы деп – Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихатының депутаттары немесе өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығын айтамыз. Бәсеңдіктің мәні мынада, ол сайламайды, оны сайлайды.

Сайлауға іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

Тең сайлау құқығы деп – сайлаушылар Республика Президенті, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламенті Мәжілісінің депутаттары және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негіздерде қатысатыны, әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болатынын айтамыз.

Қазақстан Республикасында Парламентке депутаттарды төте және жанама сайлау құқығы белгіленген. Төте сайлау құқығы деп – Республика Президентін, Парламенті Мәжілісінің және өзге де мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтардың тікелей сайлауын айтамыз.

Жанама сайлау құқығы деп – Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылардың, яғни мәслихаттардың депутаттары болып табылатын Республика азаматтарының қатысатындығын айтамыз. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негіздерде қатысады және олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бір дауысы болады.

Республика Президентін, Парламентінің және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын дауыс беріледі әрі сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да болсын бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді. Дауыс берілетін орындарда сайлаушылардың өз еріктерін еркін білдіруі үшін арнайы кабинеттер жабдықталады. Жасырын дауыс беруде сайлау бюллетеньдері нөмірленбейді және ешқандай белгі соғылмайды, сөйтіп дауыс берушінің жеке бастарын анықтауға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық Заңының 3-бабында сайлау құқығының келесі принцптері бекітілген:



    • Республика Президентін, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жсырын дауыс беру жағдайында өткізіледі.

    • Республика Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі.

    • Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркін білдіруді шектеуге ешкімнің де құқығы жоқ.

Қазақстан Республикасындағы сайлауға әзірлік пен оны өткізуді мемлекеттік сайлау органдары ұйымдастырады. Бұл органдар бірыңғай жүйе құрады. Мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне:

1) Республикалық Орталық сайлау комиссиясы;

2) аумақтық сайлау комиссиясы;

3) округтік сайлау комиссиялары;

4) учаскелік сайлау комиссиялары кіреді.

Сайлау комиссияларының өкілеттіктерінің мерзімі бес жыл.

Орталық сайлау комиссиясы Республиканың сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Орталық сайлау комиссиясы комиссияның Төрағасынан және алты мүшесінен тұрады.

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады. Олар Президент, Парламент депутаттары және мәслихат депутаттарының, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді.

Аумақтық сайлау комиссиялары құрамы жеті адамнан тұрады. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейін – он күннен, ал жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрамы жеті күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.

Округтік сайлау комиссиялары  сайлау округтерінде мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. Округтік сайлау комиссиясы жеті адамнан құралады. Олардың құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейін он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Учаскелік сайлау комиссилары жеті адамнан тұратын құрамда құрылады. Олар тиісті сайлау учаскелерінде Президентті, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз етулері тиіс.

 Президентт, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейін – жеті күннен, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрамы үш күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.

Референдум тікелей демократия, яғни халықтың мемлекеттік мәселелерді шешуге тура қатынасу нысандарының бірі болып табылады. Референдумға мемлекеттің сайлау құқығы бар барлық азаматтары қатысады.

Референдум азаматтардың еркін білдіру бостандығы мен еріктілік принципі негізінде жалпыға бірдей, тең және төте жабық дауыс беру жолымен өткізіледі. Конституцияға сәйкес референдум өткізу туралы шешімді Республика Президенті қабылдайды. Референдумның конституциялық негіздері 1995 жылы 25 наурызда қабылданған «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңмен реттеледі.


Бақылау сұрақтары

  1. Сайлау жүйесі дегеніміз не?

  2. Сайлау құқығы дегеніміз не?

  3. Белсенді және бесең сайлау құқығының мәнін түсіндіріңіз.

  4. Тең сайлау құқығы дегеніміз не?

  5. Төте және жанама сайлау құқығының мәнін түсіндіріңіз.

  6. Сайлау құқығы принциптерін атаңыз.

  7. Сайлау комиссияларының бұртұтас жүйесін қандай сайлау комиссиялары құрайды?

  8. Референдум дегеніміз не?

 

8-тақырып



Қазақстан Республикасының Президенті.

  1. Президенттің құқықтық мәртебесі.

  2. Президенттің өкілеттілігі.

  3. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері.

  4. Президент Әкімшілігі және басқа органдар.

Президент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясымен, 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық Заңмен реттеледі.

Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін орнықтырды.

ҚР-сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс.

Конституция Президенттікке кандидат алдына қойылатын негізгі талаптарды белгілеп берді. Мемлекеттің басшысы және жоғары лауазымды тұлғаның қызметін тиісті деңгейде атқару үшін Президенттікке кандидат кемелденген жасқа келген, өмірлік мол тәжірибе жинақтаған болуы керек. Осыны ескере келе, Президенттікке Қазақстан Республикасының 40 жасқа толған азаматының сайлана алатындығы белгіленді.

    Қазақстан Республикасы Конституциясы Президенттікке үміткер адам, міндетті түрде тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болуы керектігін белгілейді.

    Конституцияда Қазақстанда соңғы 15 жыл бойы тұру қажеттігі Қазақстан Республикасының Президентіне қойылатын талаптардың бірі болып табылады. Мұндай талаптың қойылуы дұрыс, себебі мемлекет басшысы лауазымына үміткер адам елді, халықты, оның тарихын, экономикасын, ұлттық ерекшеліктерін және басқаларын жақсы білуі тиіс.

    Конституция Қазақстан Республикасы Президенттігіне мемлекеттік тілді еркін меңгерген азаматтың сайлана алатындығын белгілейді. Мұндай талап, Қазақстан мемлекеті байырғы қазақ жерінде құрылғандықтан, қазақ ұлты сақталуын қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі - оны сақтау болып табылатындықтан, тілдің өмір сүруін қамтамасыз ететін барлық қызметті атқарудан туындайды. Ел Президенттігіне үміткер азамат қазақтармен еркін сөйлесу үшін, мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тиіс. Бұл арада Қазақстан Республикасының Конституциясы Президент лауазымына үміткерге ұлттық шек қойып отырған жоқ. Кез келген ұлттың мемлекеттік тілді еркін меңгерген азаматы Қазақстан Республикасы Президенті бола алады.

    Бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды. Бұл шеткеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.

Президенттің кезекті сайлауы заңға сәйкес желтоқсанның бірінші сәрсенбісінде өткізіледі.

Президенттің қызметке кірісу рәсімі қаңтардың екінші сәрсенбісінде өткізіледі.

Президенттің өкілеттігі мынадай жағдайларда тоқтатылады:



  1. жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен сәттен бастап;

  2. Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған жағдайда;

  3. қызметінен кетірілген жағдайда;

  4. Президент қайтыс болған жағдайда.

Президентті лауазымынан босату және кетіру жөніндегі институты Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапты. Президентті лауазымынан бостау және кетірудің айтарлықтай күрделі тәртібі белгіленді. Науқастануына байланысты өз міндетін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда Президент мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда Парламент депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысы және Конституциялық Кеңестің конституциялық рәсімінің сақталғаны туралы қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік дауысымен қабылданады. Конституцияда Президентті лауазымынан кетіруге қатысты ерекше тәртіп белгіленген. Президент өзінің міндетін атқару кезіндегі іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді. Осы үшін Парламент Президентті лауазымынан кетіруі мүмкін. Кінә тағу және оны тергеу туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылдануы мүмкін. Тағылған кінәні тергеуді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижесі Сенат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және Конституциялық Кеңестің белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік дауысымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. Егер кінә тағылған кезден бастап екі ай мерзім өткенше Парламент түпкілікті шешім қабылдамаса, Президентке қарсы қойылған кінә қабылданбай тасталған деп танылады. Мұндай жағдайда Президенттің мемлекетке опасыздық жасағаны туралы мәселе көтерген Мәжіліс депутаттарының өкілеттілігі мерзімнен бұрын тоқтатылады.

Республика Президентін қызметінен кетіру туралы мәселе ол Республика Парламентінің немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды.

Президент өз міндеттерін атқара алмайтын барлық жағдайларда оны уақытша Парламент Сенатының Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы не Республиканың Премьер-Министрі ауыстырады. Бұл тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар туралы бастамашылық жасауға құқығы жоқ.

Президенттің конституциялық-құқықтық мәртебесі 2000 жылғы 20 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» конституциялық заңда одан әрі дамытылды. Бұл заң Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өз қызметін тоқтатқаннан кейінгі алатын құзыреттері мен кепілдіктерін анықтайды. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» конституциялық заңның қабылдануы Тұңғыш Президенттің Қазақстан мемлекеттігін қалыптастыру мен дамытудағы айрықша тарихи рөлімен негізделеді.



Қазақстан Республикасы Президентіне Конституцияда және 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық Заңда кең өкілеттіктер берілген:

  1. Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;

  2. Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;

  3. Парламент Мәжілісіне өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;

  4. Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасынғ Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;

  5. Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

  6. Республика дипломатиялық өкілдерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады;

  7. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;

  8. Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді;

  9. Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбек ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;

  10. Республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдайды;

  11. келіссөздар жүргізеді және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды;

  12. Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады;

  13. Республиканың мемлекеттік наградаларымен марапаттайды;

  14. Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді;

  15. азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асырады;

  16. Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнген, мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламенті Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялардан кейін Республика Парламентіне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізуді, Республиканың Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететін шараларды қолданады;

  17. Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды;

  18. өзіне бағынысты Республика Президентінің Күзет қызметін және Республикалық ұланды жақтайды;

  19. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесі мен өкілеттігін анықтайды; Республика Президентінің әкімшілігін құрады;

  20. Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Соты Кеңесін құрады;

  21. Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында заң шығарушылық қызметті жүзеге асырады:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясымен заңдары негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады;

  2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 3-тармағына сәйкес заңдар шығара алады (Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігі беріледі);

  3. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгілеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламент заң жобасын енгізілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиісті екенін білдіреді. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президенті заң күші бар жарлық шығаруға хақылы, ол Парламент Конституция белгілеген тәртіппен жаңа заң қабылдағанға дейін қолданылады.

Конституцияға сәйкес Президент Әкімшілікті қалыптастырады. Әкімшілік Президенттің стратегиялық ұсынымдарын қамтамасыз етуі тиіс.

   


Бақылау сұрақтары

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі дегеніміз не?

  2. Қазақстан Республикасы Президенті болып кім сайлана алады?

  3. Президент Парламентке қатысты қандай өкілеттіктер атқарады?

  4. Президент Үкіметке қатысты қандай өкілеттіктерді атқарады?

  5. Президенттің өкілеттігі қандай жағдайларда тоқтатылады?

  6. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қандай нормативтік құқықтық актілер қабылдайды?

  7. ҚР Президенті қандай жағдайда заң күші бар жарлық шығара алады?

  8. ҚР-сы Президенті әкімшілігі дегеніміз не?

9-тақырып



Қазақстан Республикасының Парламенті

1. Парламентті құру тәртібі және құрылымы.

2. Парламент депутаттарының өкілеттілігі.

3. Заң шығару процессі.

4. Қазақстан Республикасы Парламентінің актілері.

5. Парламентті тарату.

Қазақстан Республикасы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын, ең жоғарғы өкілді органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент өкілеттілікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі шеңберінде халық атынан сөйлей алады (ҚР-сы Конституциясы, 3-бап).Заң шығарушы орган бола отырып, Республика Парламенті атқарушы билікке қатысты бірқатар бақылаушылық қызметін де жүргізе алады.

Бақылаудың бұл түрін біз негізінен Республика бюджетін бекітуінен және оның орындалуын қадағалаудан және Үкіметке сенімсіздік білдіруден терең көрінеді. Аталған бақылау қызметтері еліміздің Конституциясында бекітілген.

Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және 1995 жылы 16 қазанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен реттеледі.

ҚР-сы Конституциясының 50-ші бабына сәйкес, еліміздің Парламенті тұрақты түрде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Сенат жанама сайлау арқылы құралады. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасы астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Әр бір үш жыл сайын Сенат депутаттарының жартысы қайта сайланады.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғаз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғарғы білімді, еңбек стажы бес жылдан кем емес, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты болып сайлана алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.

Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат және Мәжіліс сайлаған Төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.

Парламенттің үйлестіруші органдары Палаталар Төрағаларының жанынан құрылатын Сенаттың Бюросы және Мәжілістің Бюросы болып табылады. Палаталар Бюроларының құрамына Палаталар Төрағаларының орынбасарлары, Палаталардың тұрақты комитеттерінің Төрағалары кіреді. Мәжіліс Бюросының құрамына Мәжілісте өкілдік ететін саяси партиялар фракцияларының жетекшілері де енеді.

Парламенттің жұмыс органдары Сенат және Мәжілістің тұрақты комитеттері, сондай-ақ Палаталардың бірлескен комиссиялары болып табылады. Палаталардың тұрақты комитеттері заң жобалары жұмысын жүргізу, Палаталардың құзырына қатысты мәселелерді алдын-ала қарап, дайындау үшін құрылады. Тұрақты комитеттер құрылған кезде Палаталар олардың тізбесі мен сандық құрамын белгілейді, содан кейін тұрақты комитеттердің мүшелерін сайлайды. Сенат және Мәжіліс құратын тұрақты комитеттердің саны әр Палатада жетіден аспауға тиіс.

            Депутат Парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін органдарының отырысында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Депутат Парлламенттің және оның Палаталарының үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға құқылы; сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен өзгертулер енгізуге, Парламент сессиясында Палаталарға есеп беретін лауазымды адамдардың сауал салуға, Парламент қабылдайтын заңдар, қаулылар, басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге, азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен депутаттарды таныстыруға, басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы.

    Парламент депутатының өкілеттігі ол орнынан түскен, қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

Парламент депутаты:



  1. ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;

  2. оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;

  3. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.

Парламент Мәжілісінің депутаты:

депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған; конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.

Ал Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

Парламенттің құзыреті оның сессияларында, Палаталардың, органдарының және депутаттарының қызметімен іске асырылады. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады.

Конституцияның 53-бабына сәйкес Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:


    • Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

    • Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;

    • Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;

    • Соғыс және бітім мәселелерін шешеді;

    • Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың қарулы күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;

    • Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;

    • Палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерін тыңдайды;

    • Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Парламенттің заң шығарушылық қызметі тек бірлескен отырыстарда ғана емес, сондай-ақ Палаталардың бөлек отырыстарында да, әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде:

  1. республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

  2. мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;

  3. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;

  4. мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;

  5. мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;

  6. рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;

  7. Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.

  8. республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды, Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар, заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді, республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді.

Сондай-ақ Сенаттың және Мәжілістің ерекше қарауына жататын мәселелр Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-56 баптарында берілген.

Заң шығару процессі – заңдылықтармен белгіленген заңдар шығару, заңдарға және Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының қызметін жүзеге асыру рәсімі.

Конституциялық заңдылықтарға сәйкес заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.

Заң шығарушылық процесстің бірінші сатысы Парламентте заң шығару процессі сатысынан басталады. Бұл сатыда заң шығару бастамасының субъектілері Мәжілістің қарауына заң жобаларын енгізеді. Тіркелген заң жобасы алдын ала қарап, онымен одан әрі жұмыс істеу тәртібі туралы ұсыныстар әзірлеу үшін Мәжіліс қаулысымен тиісті комитетке жіберіледі. Егер заң жобасы екі және одан да көп комитетке жіберілген болса, онда қаулыда бірінші аталған комитет бас комитет болып есептеледі. Қорытынды әзірлеуге қажетті мерзім тапсырмада көрсетіледі және ол тіркелген заң жоꔱасы тиісті комитетер мен Палата Аппаратының Заңнама бөліміне келіп түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кем болмауға тиіс.

Егер Республика Президенті заң жобасын жедел қарауды арнайы жолдаумен жария етсе, Палата бас комитетінің қортынды әзірлеуіне қажетті мерзім жеті күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

Заң шығару процессінің екінші сатысы – заң жобасын алдын-ала талқылаудан өткізу. Заң жобасын қарау, заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу тәртібін Палатаның тиісті комитеті дербес белгілейді. Заң жобасын комитеттерде талқылау ашық өткізіледі. Комитет заң жобасын талқылаудан бес күн бұрын депутаттарды хабардар етеді. Комитет заң жобасын қарау нәтижелері бойынша қорытынды қабылдайды.

Үшінші саты – заң жобасын Мәжіліс отырыстарында талқылау. Егер Палата нақты жобаға қатысты басқа шешім қабылдамайтын болса, Мәжілістің жалпы отырыстарында заңдардың,, оның ішінде конституциялық заңдардың жобаларын қарау бір оқылымда жүзеге асырылады. Кодекстің жобалары, оларға өзгерістер мен толықтырулар кемінде екі оқылымда қаралады. Заң жобасының бастамашысы тапсырған нұсқадағы заң жобасының мәтіні мен оған қоса тіркелген материалдар бұл заң жобасы жалпы отырыста қарардан кемінде он күн бұрын депутаттарға беріледі. Мәжілісте қарау сатысы заң жобасын көпшілік дауыспен қолдап, Парламент Сенатының қарауына тиісті қаулымен бірге жолдаумен аяқталады.

Төртінші саты – заң жобасын Сенатта қарау. Сенатта заң жобасы 60 күн ішінде қаралады. Заң жобасын Сенаттың қолдауы не толық немесе жартылай қайтарып беруі мүмкін.

Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданған жоба заңға айналады және Президенттің қол қоюына беріледі.

Бесінші саты – заңдарға Президенттің қол қоюы және олардың жариялануы.

Парламент заң шығарушы орган бола отырып, Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, соның ішінде конституциялық заңдар, Парламенттің қаулылары, Сенат және Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.

Республика Президенті Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.

Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше немесе соғас жағдайы кезінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды.
Бақылау сұрақтары


  1. ҚР Паламентінің құрылымы қандай?

  2. Кім ҚР-сы Парламенті Сенатының депутаты бола алады?

  3. Кім ҚР-сы Сенатының депутаты бола алады?

  4. Парламенттің өкілеттігі қай уақыттан басталады?

  5. ҚР Парламенті қандай өкілеттіктерді атқарады?

  6. Парламент депутаттарының өкілеттіктері қандай жағдайларда тоқтатылады?

  7. Заң шығару бастамасы құқығы кімдерге берілген?

  8. ҚР-ғы заң шығарушылық процессін қалай түсінесіз?

  9. Парламент қандай актілер қабылдайды?

  10. Парламентті кім тарата алады?

  11. Қандай жағдайларда Парламентті таратуға болмайды?

10-тақырып



жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау