«Қазақстан республикасының конституциялық ҚҰҚЫҒЫ» ПӘннін оқУ-Әдістемелік кешені оқытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасы



жүктеу 2,09 Mb.
бет2/9
Дата14.05.2018
өлшемі2,09 Mb.
#12657
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ЗАҢНЫҢ КЕРІ КҮШІ - (Обратная сила закона) - заң күшінің өз күшіне енгізілмей тұрған кездерде болған жағдайларға қолданылуы.

ЗАҢТАНУ, ҚҰҚЫҚТАНУ - (Правоведение) - заң ғылымының жиынтығы, құқықтану - құқық туралы ғылымдар жиынтығы.

ИМПИЧМЕНТ – (Импичмент) – жоғары лауазымды адамдарды жауапкершілікке тартудың рәсімі.

ИНКОРПОРАЦИЯ – (Инкорпорация) - заңдарды жүйелеудің бір түрі (формасы). Онда нормативтік актілердің мазмұны өзгертілместен жинаққа біріктіріледі, әрбір акті өзінің дербес заңдық маңызын сақтайды.

КВОРУМ - (Кворум) - белгілі бір іс-шарада қабылданған шешімнің күші мен мөнінің танылуы үшін міндетті шарты болып табылады, және де заң немесе жарғы арқылы белгіленіп койылған сол іс-шараға қатысушылар саны.

КОДЕКС - (Кодекс) - бір жүйеге келтірілген, заңдықта, логикалық та тұрғыдан тұтас, іштей үйлесімді болып келетін, тікелей қолданылатын, белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттейтін заң актісі.

КОДИФИКАЦИЯЛАУ - (Кодификация) - нормативтік актілерді біріктіру арқылы логикалыққ тұрғыдан тұтас, мазмұны өзгертілген бірыңғай заң актісі етіп жүйелеудің формасы (нысаны).

КОЛЛИЗИЯЛЫҚ НОРМАЛАР - (Коллизионные нормы) -өз құрамында құқықты тандаудың ережелері бар болып келетін құқықтар. Бұлар нақты құқықтық қатынастарды реттеуде қолданылатын құқықтар салаларын да, олардың не үшін колданылатынын да көрсетіп береді.

КОНСОЛИДАЦИЯ - (Консолидация) - нормативтік актілерді жүйелеудің бір нысаны, онда нормативтік актілердің мазмұны өзгертілместен бір қүжатқа біріктіріледі. Содан мұндағы әрбір акт өзінің заңдық маңыздылығындағы дербестігін жоғалтады.

КОНСТИТУЦИЯ - (Конституция) - тұтастай алғанда мемлекет пен қоғамның негізгі заңы, қазақ қоғамында Ата заң (заңдардың заңы) деп аталады. Бүл заңның ең жоғарғы (абсолюттік) заңдық күші болады, ол қоғам мсн мемлекеттік құрылыстың тұғырлық (іргелі) бастауларын, басқару иысанын (формасын), тұлға мен мемлекеттің өзара қатынастарының қағидаттарын баянды етеді,яғни бекітеді.

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС – (Конституционный Совет) - Қазақстан Республикасының Конституциясын қорғауға арналған ерекше орган. Оның өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Президент тағайындайды. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Президент, екі мүшесін Сенаттың Төрағасы және екі мүшесін Мәжілістің Төрағасы тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады. Ол төмендегі мәселелерді қарайды. Дау туындаған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді. Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды. Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелерін өздерінің өкілеттігі мерзімі ішінде түтқынға алуға, күштеп әкелуге, оларға сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Парламенттің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

КОНФЕДЕРАЦИЯ - саяси, әскери, экономикалық және т.б. мақсаттарды жүзеге асыру үшін құралатын мемлекеттердің уакытша одағы.

КОНЦЕПЦИЯ - қүбылыстар мен процестерді түрлі-түрлі түсініп ұғынуға байланысты көзқарастар жүйесі. Бұл аталымды "негізгі пікір", "ерекше теориялық тәсіл" немесе "түйінді түжырым", "түжырымдама" деп те атай береді.

КРИМИНАЛ - қылмыстық іс.

КРИМИНАЛИСТИКА - қылмыстық істерді ашуда қолданылатын тәсілдер мен құралдар туралы ғылым.

КРИМИНОЛОГИЯ - қылмыс себептер туралы ілім, қылмыспен күресті ұйымдастыру тәсілдерін зерттейтін ілім.

КІНӘ - (Вина) - құқық бұзған адамның өзінің осы әрекетіне қатыстылығын сипаттайтын психикалық жай-күйі (қасақаналық және абайсыздық түрінде болады).

КІНӘСІЗДІК ПРЕЗУМПЦИЯСЫ - (Презумпция невиновности) - кұқықта баянды етілген болжам (жорамал). Бұл болжау бойынша әрбір қылмыс жасады деп айыпталған адам, оның кінәсы заңда қарастырылған ретпен дәлелденбейінше және сот шешімімен заңдық күшіне енді деп бекітілмейінше кінәсы жоқ деп танылуы тиіс.

ҚАСАҚАНАЛЫҚ - (Умысел) – кінә түрі (формасы). Мұнда құқық бұзушы адам өз әрекетінің қоғамға қатерлі сипатта екендігін түсінеді, зиянды салдарының болатындығын алдын ала болжайды. Сөйте тұра қүқық бүзушылыққа баруды қалайды (тікелей қасақаналық) немесе қаламайды. Сөйтіп өз жүріс-тұрысының сондайға апарып соғатынын саналы түрде болжайды немесе оған немкұрайдылықпен қарайды (бүл жанама қасақаналық).

ҚОҒАМ - (Общество) - адамдардың бірлесіп тіршілік етуінің тарихи калыптасқан түрлерінің (формаларының) жиынтығы. Ал тар мағынада әлеуметтік жүйенің нақтыланған тарихи типтік формасы, яғни қоғамдық қатынастардың белгілі типтік түрі.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП - (Общественный порядок) - қоғамдық қатынастардың реттелінгендік күйі. Мүның өзі құқықтық нормалар мен оларды бұлжытпай сақтау арқылы ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік нормалар мен оларды сақтау аркылы да жүзеге асырылады, орнығады.

ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАРЫ - (Социальные нормы общества) — қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамның пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлкы, жүріс-тұрыс ережелерінің жүйесі. Бұған құкық нормалары, әдет-ғұрыптар, өнеге, иман, діни нормалар, дәстүр және т.б. жатады.

ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ - (Правовая система общества) - жеке алынған мемлекеттегі құқықтың, заң практикасының (іс-тәжірибесінің) үстемдік етуші идеологиясының нақтыланған тарихи жиынтығы.

ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ - (Правовая культура общества) - қоғамдағы құқықтық сананың және құкықтық белсенділіктің деңгейі, заң нормалары мен заңдық іс-әрекеттердің (қызметтердің) прогресшілдік дәрежесі.

ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ - (Мера защиты) - заңдық міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін және де құқықтардың жүзеге асырылуын кепілдендіретін қүқықтық ырықтандырудың бір түрі.

ҚҰЗЫР, ҚҰЗЫРЕТ — (Компетенция) — белгілі бір аядағы мемлекеттік немесе қоғамдық мәні бар істер мен қызметтердің жүзеге асырылуы мақсатында нақты органға немесе нақты тұлғаға (тиісті түрде атқарылуы (орындалуы) үшін) заң арқылы баянды етіліп берілетін өкілеттіктер ( құқықтар мен міндеттер).

ҚҰҚЫҚ - (Право) - мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамның, топтың ерік-ықтиярын білдіретін жалпыға бірдей міндетті, формальды түрде анықталған құқықтық нормалардың жүйесі.

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ - (Правонарушение) - деликт қабілеттілігі бар тұлғаның қоғам, мемлекет, түлға мүдделеріне зиян (залал) тигізетін (келтіретін) кінәлы, қүқыққа қайшы, қоғамға залалды әрекеті (әрекеттілігі немесе әрекетсіздігі).

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ - (Объективная сторона правонарушения) — құқық ұйғарымдарын бұзып қоғам, мемлекет, тұлғаларға залал келтірген адамның осы әрекетін (әрекеттілігін немесе әрекетсіздігін) сипаттайтын белгілердің сыртқы көріністерінің жинағы.

ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫ - (Теория права и государства) - Құқықтың, мемлекеттің пайда болуы мен дамуын, қызметін және де жалпылама алғанда мемлекеттің, құқық пен мемлекеттің түрлерін (типтерін), атап айтқанда, олардың таптық-саяси және жалпы адамзаттық мәнісін, мазмұнының тұрпаттарын (формаларын), қызметтері мен ақырғы тағдырларын зерттейтін қоғамдық ғылым.

Осы салалық және арнайы заң ғылымдарына қарағанда қоры-тындылаушы, әдіснамалық мәнінде басшылық көрсетіп, бағыт сілтейтін ғылым. Ол салалық және арнайы заң ғылымдарының алдында тұрған белгілі бір, жеткілікті түрде санаулы ғана мәселелерді шешу үшін қажет. Сондай-ақ салалык білімдердің корытындыларын бір жүйеге келтіреді, сөйтіп өзінің ғылыми идеяларының арсеналына кіргізеді.



ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ - (Правовой институт) - қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін (немесе топтамасын) реттейтін заң нормаларының тәртіпке келтірілген жиынтығы.

ҚҰҚЫҚ КОЛЛИЗИЯСЫ (КИҒАШТЫҒЫ) - (Коллизия права)— құқықтық жағдай, соның нәтижесінде белгілі нақты жағдайға байланысты түрлі заңдық баға (үкім, кесім), қорытынды жасалынуы мүмкін. Мұндайда құқыққа сәйкес қойылған сұраққа берілген жауап әр түрлі болуы мүмкін.

Белгілі мемлекеттің коллизия нормаларының жиынтығы коллизиялық құқықты құрайды: оның өзі ұлттык сипатта болады жене жаңағы белгілі мемлекеттің ұлттық құқығының бір бөлігі болып табылады. Мысалы: Қазақстан Республикасының коллизиялық құқығы, Ресейдің коллизиялық құқығы, Жапонияның коллизиялык құқығы және т.б.)

Коллизиялық құқық халықаралық жекелік құқықтың негізгі бөлігі, ол оның өзіне тән сипаттары мен ерекшеліктерін айкындап береді.

Коллизиялық нормалар — өз құрамында құқық тандаудын ережелері бар болатын құқық, олар нақты құқықтық қатынастарды реттеуде қолданылатын құқықтардың салаларын да, не үшін колданылатынын да айқындап көрсетіп береді.



ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІК - (Правоспособность) - тұлғаның заңда белгіленген (танылған) субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді алу мүмкіндіктері.

КҰҚЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ) - (Принципы права) - құқықтың мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен бастаулар. Ол идеялар әділеттік пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы шығарылады.

Құқық принциптері әділдік, дұрыстық көрсеткіші болғандықтан тұрақтылығымен ерекшеленеді, олардың ұзақ уакыт бойы өзгеріссіздігі құқықтық нормалардан айырмашылығы болып табылады.

Құқық принциптері нормаларда, заңдарда тікелей немесе жанамалай білінеді.

Әділет және бостандық идеяларын дамытатын құқықтық принцип-тердің ең бастылары:

1. Демократиялык;

2. Ұлтаралық пәтуа (келісім);

3. Заңдылық;

4. Адамгершілік;

5. Азаматтардың заң алдында бірдей тең болуы;

6. Мемлекет және жеке тұлғаның өзара жауаптылықта болуы.



ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ - (Применение права) - заңда қаралатын нақты істі шешу бойынша құзырлы органның атқаратын биліктік қызметі. Осының нәтижесінде тиісті жеке акт қабылданады-ол құқық қолдану актісі делінеді.

ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ АКТІСІ - (Правоприменительный акт) – нақты бір заңдық істі шешу нәтижесінде құзырлы органның өзі қабылдаған, құрамында дербес биліктің ұйғарымы (бұйрығы,жарлығы) бар болып келетін құқықтық акт.

ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ - (Источники права) - мемлекеттің ресми түрде бекітіп белгіленген және санкциялаған құқық нормалары. Құқық негіздері бірнеше түрден тұрады: құқықтық әдет-ғұрып, нормативтік акті, сот немесе әкімшілік прецеденті, норматинвтік шарт.

Құқтық әдет ғұрып мемлекет тарапынан санкцияланған, қамтамасыз етілген әдет-ғұрып.

Құқықтық нормативтік акт - мемлекеттік, құққтык, құжат. Бұл құжатта өкілеттігі бар органның шешімі көрсетілген, сондай-ақ құқық, нормалары белгіленіп өзгертіледі, әрі күшін жояды.Нормативтік актілер әр түрлі болады: заңдар, қаулылар, жарлықтар және тағы басқалар.

Сот немесе әкімшілік прецеденті — белгілі іс бойынша әкімшілік органның кабылдаған нақты шешімі. Осы шешім ұқсас істерге міндетті түрде қолданылады. Сот прецеденті ағылшын-саксондық құқық жүйесіндс орын алады.

Нормативтік шарт - бірнеше немесе екі жақтың ерік-ықтиярымен келісім шарт жасасуы. Бұл келісім шартқа мемлекет ризашылық береді және оған кепіл болады. Бұл құжат барлық келісуші жақтарға бірдей міндетті болуы және орындалуы тиіс.

ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН (ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫ) БІР ІЗГЕ КЕЛТІРУ (ҮЙЛЕСТІРУ) - (Систематизация правовых норм) — құқық нормаларын бірыңғай жүйеге, формаға, яғни біркелкі түрге келтіру.

ҚҰҚЫҚ НОРМАСЫ НЕМЕСЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМА - (Правовая норма) - жалпыға бірдей міндетті, формалды түрдс анықталған, мемлекеттің өзі белгілеп қамтамасыз ететін жүріс-тұрыс ережесі. Мұның өзі қоғамдық қатынастардың нақты түрін реттеуге бағытталған болып келеді.

ҚҰҚЫҚ НОРМАСЫНЫҢ (ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАНЫҢ) ДИСПОЗИЦИЯСЫ - (Диспозиция правовой нормы) — жорамалда (гипотезада) көрсетілген заңды айғақтар бар болса ғана туындайтын құқықтар мен міндеттерді белгілеу арқылы субъектілердің жүріс-тұрыс үлгісін (моделін) аныктайтын күқық нормасының негізгі элементі (бөлігі).

ҚҰҚЫҚ НОРМАСЫНЫҢ (ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАНЫҢ) ЖОРАМАЛЫ - (Гипотеза правовой нормы) - заңды фактілерді (айғақтарды) баянды ету арқылы анықталатын, өзінің колданылу шартына сілтеме жасам корсететін құқық нормасының бөлігі (элементі).

ҚҰҚЫҚ НОРМАСЫ (ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМА) - (Норма права) — бұл құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-қылықтарын анықтайтын жалпы ереже. Мұны мемлекет белгілейді және өзінің беделімен қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайларда мәжбүрлеу күшін де қолданады. Сенім-наным мен қоғамдық мәжбүрлеу тәсілдеріне негізделген қоғамдық беделге арқа сүйеген әдет-ғұрып пен адамгершілік нормаларынан құқтық нор-малардың негізгі айырмашылығы дәл осында болады.

Құқықтық норма қандай да бір ережені белгілеп бекініп қана қоймайды, оны орындауды да міндеттейді.

Құқтық норма әдетте өзара байланысты үш элементтен тұрады. Ол: жорамал (гипотеза), диспозиция және санкция.

Жорамал (гипотеза) - норманың әрекетет ету шартының қашан, қандай жағдайларда қолданылатынын көрсететін бөлігі.

Диспозиция — жүріс-тұрыс ережелерінің мазмұнын көрсететін, яғни субъектілерде пайда болған заңды міндеттерге сілтеу жасайтын құқық нормасының бөлігі.

Санкция - норма бұзылғанда қолданылатын мәжбүрлеу (көндіру) шараларын көрсететін құқық нормасының бөлігі.



Құқықтың нормасында көрсетілген үш бөліктің барлығы кейбір құқықтық салаларда болмауы мүмкін. Тек бір жорамалдан немесе жорамал мен диспозициядан ғана тұруы мүмкін. Мысалы, конституциялық қүқықтық нормалар тек қана гипотеза мен диспозициядан тұруы, онда санкцияның көрсетілмеуі жиі болады. Бұл констиуцияның қүқықтық ерекшелігі, өйкеиі ол қоғам мен мемлекеттің негізгі принциптерін бекітеді.

ҚҰҚЫҚ НЫСАНЫ - (ФОРМАСЫ) - (Форма права) -мемлекеттің ерік-ықтиярының тысқарыда және жүріс-тұрыстардың заңдық ережелерінің дұрыстандырылуының білдірілу тәсілі.

ҚҰҚЫҚ ӨКІЛЕТТІГІ - (Правомочие) - қүқық нормаларында алдын ала қарастырылған және мемлекет тарабынан қамтамасыз етілген құқықтық қатынастарға қатысушының белгілі бір әрекетті жүзеге асыруының немесе осы құқықтық катынасқа қатысушы басқалардан тиісті жүріс-тұрысты талап етуінің мүмкіндігі.

ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ - (Отрасль права) - қоғамдық қатынастардың белгілі бір аясын (тегін) реттейтін заң нормаларының тәртіпке келтірілген жиынтығы.

ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІСІ - (Субъект права) - құқықтар мен міндеттерді сақтаушы; құқтың субъектісі жеке тұлға және заңды тұлға да болуы мүмкін.

ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛІК - (Правосубъектность) - тұлғаның мемлекет танитын және қамтамасыз ететін субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді өзіне алу, сондай-ак өзінің әрекеттері аркылы оларды құқықтық қатынастарда жүзеге асыру қабілеті.

ҚҰҚЫҚ ҰҚСАСТЫҒЫ (ҚҰҚЫҚ АНАЛОГИЯСЫ) - (Аналогия права) - нақты заңдық істі жалпы қағидаттар (принциптер мен мағыналары негізінде шешу.

ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ - (Правотворчество) - құзырлы органдардың (бәрінен бұрын мемлекеттік органдардың) құқық нормаларын кабылдау, озгерту және күшін жою жөніндегі қызметі.

ҚҰҚЫҚТАҒЫ АҚТАНДАҚТАР (ОЛҚЫЛЫҚТАР) - (Пробелы в праве) - қолданыстағы заңда қажетті заң нормаларының толығынан немесе жарым-жартылай болмауы.

ҚҰҚЫҚТЫ ҒЫЛЫМИ (ДОКТРИНАЛДЫ) ТҮСІНДІРУ - (Доктринальное толкование права) - заңгер-ғалымдардың монографиялары, ғылыми түсіндірулері мен мақалаларында және т.б. шығармаларында құқық нормасы мағынасын терең түрде дәлелді түсіндіруі.

ҚҰҚЫҚТЫ ЛОГИКАЛЫҚ ЖОЛМЕН ТҮСІНДІРУ - (Логическое толкование права) — құқық, нормаларының мағынасын логика ғылымының заңдылықтары мен ережесін пайдаланып түсіндіру тәсілі.

ҚҰҚЫҚТЫ ОРЫНДАУ - (Исполнение права) - құқықты жүзеге асыруда белсенді міндеттерді, заңдарда катаң түрде анықталып көрсетілген әрекеттерді өкілетті жақтың мүддесіне бола орындауға байланысты болып келетін құқықты жүзеге асырудың түрі (формасы яғни нысаны).

ҚҰҚЫҚТЫ ТАРИХИ-САЯСИ ТҰРҒЫДАН ТҮСІНДІРУ - (Историко-политическое толкование права) — құқық нормасының мағынасын олардың нақты тарихи-саяси жағдайлардағы қабылдануларын талдау арқылы, жүзеге асыру барысында жасалатын түсіндіру тәсілі.

ҚҰҚЫҚТЫ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУ - (Злоупотребление правом) - заң арқылы қорғалатын жеке бастың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне нұксан келтіруге алып баратын субъективтік құқықты оның өзінің әлеуметтік тағайынына қайшы түрде пайдалану.

ҚҰҚЫҚТЫ ТҮСІНДІРУ - (Толкование права) - заң нормаларының мағынасын анықтауға бағытталған түсіндірудегі іс-әрекет, қызмет.

ҚҰҚЫҚТЫ ТҮСІНДІРУ АКТІСІ - (Акт толкования права) — арнайы құзырлы органдардың ғана шығаратын және құрамында заң нормаларына берілген түсіндірмесі болатын құқықтық акт.

ҚҰҚЫҚТЫ ШЕКТЕУЛІ ТҮСІНДІРУ - (Ограничительное толкование права) құқық нормаларын түсіндірудің түрі. Мұнда норманың шын мағынасы оның мәтіндік баяндалуынан тар болып келетін қүқық нормалары түсіндіріледі.

ҚҰҚЫҚТЫҚ АКСИОМА - (Правовая аксиома) - зерттеулер жүргізудің барысында дәлелдеуді қажет етпейтін негіз ретінде алынатын құқықтық теорияның тезистері (қағидалары, ой желілері).

ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ - (Правовая информация) — коғамдағы бар заң нормалары мен қағидаттары (принциитері), заң практикасы (тәжірибесі) мен тұтастай алғандағы заң жүйесі туралы мағлүматтар.

ҚҰҚЫҚТЫҚ АМАЛ-ТӘСІЛДЕР - (Правовые средства) –құқық субъектілері мүдделерін қанағаттандыруға көмек беретін, сөйтіп мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін бүкіл заңдық аспаптардың (құбылыстардың) жиынтығы.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘДЕТ (ӘДЕТ-ҒҰРЫП) - (Правовой обычай) -адамдардың санасында болатын, ұдайы қолданудың барысында дағдыға айналған және құқықтық салдарға апарып соқтыратын тарихи түрде қалыптасқан жүріс-тұрыс ережесі.

ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒАМДАУ - (Правовая оценка) - тиісті нормативтік ұйғарымдарға негізделінген түрде әрекетке (әрекетсіздікке) заң жөнімен баға беру.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАЗА - (Правовое наказание) — кінәлы, қүқыққа қайшы жүріс-тұрысты заңды түрде кінәлаудың түрі және қолданылған шара. Осының нәтижесінде субъект міндетті түрде бір нәрседен шектеуге ұшырайды, бірдеңеден айрылады, сенімін жоғалтады.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕ - (Правовая система) - құкықтық құрылымның тарихи қалыптасу жолдары мен пайда болуындағы қайнар көздерінің бірлігі негізінде белгіленіп, өз алдына бөлініп шыққан құқықтардың жиынтығы.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ - (Правовая идеология) - қолданыста бар және тілекке сай келетін құқыққа адамдардың қатысы қамтылып көрсетілетін көзқарастар, идеялар, түсініктер, нанымдар, ерекше теориялық амал-тәсілдер мен тұжырымдар жүйесі.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР - (Правовые отношения) -өзінің қатысушыларында тиісті субъективтік құқықтары мен заң белгілеген міндеттері болатын, құқық нормаларымен реттелінген қоғамдық қатынастар (байланыстар).

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ОБЪЕКТІЛЕРІ - (Объекты правовых отношений) — құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің бағытталған нәрселері, осылар жөнінде субъектілер заңдық байланыска түседі (материалдық және материалдық емес игіліктер, өнімдер, рухани шығармалар, құнды қағаздар, құжаттар, белгілі іс-қимылдардың нәтижелері).

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ - (Правовое поощрение) — мадақтауға (көтермелеуге) тұратын өз ырқы бойынша жүріп-тұруды заң арқылы мақұлдаудың түрі мен өлшемі (шамасы), осының нәтижесінде субъектіге сыйлық беріледі.

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ - (Правовое государство) - адам және азамат құқықтары мен бостандыктарын толыққанды қамтамасыз ететін, ол үшін сондай-ақ мемлекеттік билікті теріс пайдалануды болдырмау мақсатында оны құқықтық жолдармен байланыстырып матап жағдай жасайтын биліктің саяси үйымы.

ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ - (Правовой нигилизм) - кұқықты құндылық ретінде мойындамай теріске шығару, қүқыққа сенбеу, күқықты құрмет тұтпау.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ - (Правовая психология) - қоғамдағы бар, онда орын алған, сондай-ақ адамдардың өз қалаулары мен тілектеріне сай келетін құқыктарға қатыстылықтарын қамтыйтын сезімдері, көңіл ауандары мен сезінулері.

ҚҰҚЫҚТЫҚ РӘМІЗДЕР - (Правовые символы) - белгілі құкық принциптері заң мазмұнын білдіруде қолданылатын заң жүзінде бекітілген шартты бейнелі белгілер. Бұған, мысалы, мемлекеттік белгіні көрсететін елтаңба, ту, әнұрандар жатады. Сот құрамы мәжіліс залына кіріп келгенде, сот залындағылар сот төрелігін және сот құрамын құрмет тұтатындықтарының белгісі ретінде орындарынан тұрады. Президенттің халыққа ант беру сәтін де құқықтық рәміздердің біріне жатқызуға болады.

ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМ (Правовой режим) - заңдық амалдар мен тәсілдердің белгілі түрде үйлесімділігі арқылы білдірілетін және құқық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру үшін тілекке сай әлеуметтік жағдай жасаудың, қолайлылық немесе қолайсыздықтың нақты дәрежесін құқықтық жолмен реттеудің ерекше тәртібі.

ҚҰҚТЫҚТЫҚ РЕТТЕУ - (Правовое регулирование) – қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпке келтіру мақсатында оған бүкіл заңдық амал- тәсілдер жүйесімен ықпал жасауды жүзеге асыруы.

ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ӘДІСІ – (Методы правового регулирование) - сапалық тұрғыдан біркелкі қоғамдық қатынастарды құқтық регламентациялауда (тәртіптік ретін белгілеуде) жүзеге асыруға көмектесетін заңдық амалдардың (құралдардың) жиынтығы.

ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ДИСПОЗИТИВТІК ӘДІСІ -(Диспозитивный метод правового регулирование)-келісуші жақтардың рұхсат етуіне негізделген тең құқықтылығы мен үйлестігіне байланысты болып келетін құқықтық ықпал етудің тӘсілі.

ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТЕГЕУРІНДІ ТАЛАП ҚОЮ (ИМПЕРАТИВТІК) ӘДІСІ - (Императивный метод правового регулирование) - өкіметтік ұйғарымдары мен қызметтік бағыныштылығынан туындайтын (субординацияға),тыйым салулар, міндеттер жүктеу,мен жазалауларға негізделінетін құқтық ықпал етудің әдісі.

ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ - (Механизм правового регулирование) – құқық субъектілері мүдделерін қанағаттандыруға кедергі болып тұрғандарды жеңуу мақсатында ең дәйекті түрде ұйымдастырылған заңдық амалдар жүйесі.

ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ПӘНІ - (ІІредмет правового регулиронания) - құқтық тәртіпке келтіріп реттейтін қоғамдық катынастары мен әлеуметтік байланыстары.

ҚҰҚЫҚТЫҚ РҰҚСАТ БЕРУ - (ІІравовое дозволение) -субъектіге мүддесін дербес түрде жүзеге асыруына құқық нормаларының мүмкіндік беруі.

ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА - (Правовое сознание) - адамдардың қолданыстағы немесе тілекке сай келетін құқыққа қандай қатыстылығын көрсететін сезімдерінің, сезінулерінің, түйсіктерінің, пайымдарының, идеялары көзқарастарының жиынтығы.

ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТ - (ІІравовая политика) - коғамдық қатынастарды реттеудің негіздері, принциптері, бағдарламалары мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың стратегиясы мен тактикасы. Құқықтық саясат экономиканың дамуына заң жағынан болып отырған кедергілерді алып тастауға, саяси өмірді демократияландыруға, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды әлеуметтік-әділеттілік парқына негіздеп жүзеге асыруға, үлттар арасындағы қарым-қатынастарды заң жолымен реттеуге, қоғамдағы тиісті құқықтық тәртіптілікті қамтамасыз етуге бағытталған істер.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ - (Правовое воспитание) — азаматтар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру бағытында мемлекеттік органдар мен қоғам жұртшылығының атқаратын мақсатты қызметтері (іс-әрекеттері).

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП - (Правопорядок) - субъектілердің жүріс-тұрыстары заңды болып табылатын қоғамдық қатынастар жүйесі, және де әлеуметтік байланыстылықтардың реттелінгендік қалпы немесе күйі.

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау