«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте


Халықаралық Банктің «Doing Business»



жүктеу 14,34 Mb.
бет9/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   213

Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

ЭМ

Ұсынылып отырған түзету табиғат пайдаланушылардың инвестициялық тәуекелерін жоюға бағытталған, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VI Заңымен енгізілген жаңа түзетулерді қабылдауға байланысты, ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамасын жүргізетін сарапшылар мен ұйымдардың аттестациясы мәселелері құрылыс істері бойынша уәкілетті органның құзыретіне жатқызылды..

Бұл ретте заңнамаға сәйкес осы сарапшылардың қызметін әдістемелік басқару қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатады. Бұл қарама-қайшылық сарапшылардың жүргізетін жұмысының сапасына әсер етуі мүмкін, бұл өз кезегінде бизнес үшін инвестициялық тәуекелдер туғызады.







69-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат

2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат табиғат пайдаланушыға оның өтiнiмiне сәйкес осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiледi.



69-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат

2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат табиғат пайдаланушыға оның мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу нәтижелері бойынша өтінімінің және жиынтық эмиссия нормативтерін бекіту негізінде, не өтiнiмiне сәйкес осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiледi.


Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

ЭМ

Түзету «эмиссияға рұқсат беру» және «мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметтерін біріктірумен байланысты енгізілді, және әзірленетін жобалар санын азайтуға, сонымен қатар кешенді әдіспен рұқсат беру кезінде жеке эмиссиялар нормативтерін әзірлеу нұсқасына балама ретінде бағытталған, бұл инвестициялық ортаны едәуір жақсартады.

Мемлекеттік қызметтерді біріктіру мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін (120 күнізбелік күннен 45 жұмыс күніне дейін) қысқартады, ұсынылатын құжаттардың санын оңтайландырады, мемлекеттік қызмет көрсету процедурасын жеңілдетеді, бұл DoingBusiness рейтингі көрсеткішінің индикаторларының бірі болып табылады.

Түзету әзірленетін жобалар санын азайтуға, сонымен қатар эмиссиялардың жеке нормативтерін әзірлеу нұсқасына балама нұсқа ретінде рұқсат беру кезіндегі кешенді әдіске бағытталған, бұл инвестициялық ортаны едәуір жақсартады.

Мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлаыс жемқорлық тәуекелдері жойылады.







69-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат



7. жоқ



69-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат



7. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат табиғатты пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға, сонымен қатар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының нормаларына және талаптарына сәйкес табиғатты пайдалануды жүзеге асыратын, заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасында тіркелген, шетел заңды тұлғаларының филиалдары мен өкілдіктеріне беріледі.


Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

ЭМ

Түзету Экологиялық кодексінің сәйкессіздіктерін, ағаттықтары мен коллизияларын жоюға бағытталған, ұсынылатын толықтыру жағымды инвестициялық орта құруға бағытталған.

Әр түрлі түсіндірулерді болдырмау және сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою мақсатында. Осылайша, ҚР заңнамасына сай филиалдар мен өкілдіктер жауап бермейді, бірақ шетел заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері жауап береді. Кодекс нормаларының әрекетін екі түрлі түсінуді болдырмау.







72-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн ұсынылатын материалдар

1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін рұқсат беру органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда қажетті құжаттар топтамасын ұсынады.




72-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн ұсынылатын материалдар

1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін рұқсат беру органына электрондық нысанда қажетті құжаттар топтамасын ұсынады.



Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

ЭМ

2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асыру мақсатында құжаттарды қағаз түрінде тапсыру қарастырылмаған. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», оның аясында нақты міндет қойылды: «Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек. Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек».







72-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн ұсынылатын материалдар

2. I, II және III санаттардағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған құжаттар топтамасы:



1) рұқсат алуға өтiнiмдi;
2) эмиссиялар нормативтерінің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын;
3) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қамтиды.

2-1. жоқ


72-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн ұсынылатын материалдар

2. I санаттардағы объектiлер бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама қорытындысы бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған құжаттар топтамасы:



1) рұқсат алуға өтiнiмдi;

2) бекітілген эмиссиялар нормативтерінен тұратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын;



3) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қамтиды.

2-1. II және III санаттардағы объектiлер бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама қорытындысы бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған құжаттар топтамасы:

1) рұқсат алуға өтiнiмдi;

2) бекітілген эмиссиялар нормативтерінен не эмиссиялар нормативтерінен тұратын құрылыс жобаларының кешенді ведомстводан тыс сараптама қорытындысынан тұратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын;

3) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қамтиды.

жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау