|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кестеТүзету әзірленетін жобалар санын азайтуға, сонымен қатар эмиссиялардың жеке нормативтерін әзірлеу нұсқасына балама нұсқа ретінде рұқсат беру кезіндегі кешенді әдіске бағытталған, бұл инвестициялық орт
|
бет | 6/213 | Дата | 24.02.2018 | өлшемі | 14,34 Mb. | | #10655 |
| Түзету әзірленетін жобалар санын азайтуға, сонымен қатар эмиссиялардың жеке нормативтерін әзірлеу нұсқасына балама нұсқа ретінде рұқсат беру кезіндегі кешенді әдіске бағытталған, бұл инвестициялық ортаны едәуір жақсартады.
|
|
45-бап. Экологиялық сараптама түрлерi
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.
|
45-бап. Экологиялық сараптама түрлерi
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама, қоғамдық экологиялық сараптама, сондай-ақ келесілердің бөлігі болып табылатын экологиялық сараптама жобалары жүзеге асырылады:
жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттаманың) ведомстводан тыс кешенді сараптамасының;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының бекітуіне жататын аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасының бір бөлігі болып табылады.
| Халықаралық Банктің «Doing Business» «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы ИДМ ҚІК Ұсынылатын толықтыру жағымды инвестициялық климат құруға бағытталған. Түзету кешенді әдіспен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде ҚР Экологиялық кодексінің сәйкессіздіктерін, ағаттықтары мен коллизияларын жоюға бағытталған, бұл инвестициялық ортаны едәуір жақсартады. Норма мемлекеттік қызметтерді біріктіру үшін бастама жасайды, бұл мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін (120 күнізбелік күннен 45 жұмыс күніне дейін) қысқартады, ұсынылатын құжаттардың санын оңтайландырады, мемлекеттік қызмет көрсету процедурасын жеңілдетеді, бұл DoingBusiness рейтингі көрсеткішінің индикаторларының бірі болып табылады. Шешімдер қабылдауға мемлекеттің қатысуы қаржы шығындарын да жояды, мемлекеттік реттеу аясында бұл қызметтер тегін көрсетілетінін атап өту керек. Сонымен қатар инвестициялық шарт аясында шаруашылық қызметтің І категория объектілері келісу процедураларында мемлекеттің қатысуын талап етеді, бұл шарттың тұрақтылық кепілі болып табылады. Ал бәсекелі ортада экологиялық сараптама жүргізу инвестициялық тәуекелдер туғызады. Осылайша, толықтыру бизнестің қаржы шығындарын қысқартады және инвестициялық тәуекелдерді жояды. |
|
|
47-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама oбъектiлерi
…
4. Жоқ
|
47-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама oбъектiлерi
…
4. Мемлекеттік экологиялық сараптама жасаумен, жиынтық эмиссиялар нормативтерінің жобалары бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу нәтижелері бойынша, қоршаған орта эмиссиясына рұқсат беріледі. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу нәтижелері бойынша эмиссияға рұқсат беру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
| Халықаралық Банктің «Doing Business» «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы ЭМ Ұсынылатын өзгерту жағымды инвестициялық климат құруға бағытталған. Түзету «эмиссияға рұқсат беру» және «мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметтерін біріктірумен байланысты енгізілді, және әзірленетін жобалар санын азайтуға, сонымен қатар кешенді әдіспен рұқсат беру кезінде жеке эмиссиялар нормативтерін әзірлеу нұсқасына балама ретінде бағытталған, бұл инвестициялық ортаны едәуір жақсартады. Мемлекеттік қызметтерді біріктіру мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін (120 күнізбелік күннен 45 жұмыс күніне дейін) қысқартады, ұсынылатын құжаттардың санын оңтайландырады, мемлекеттік қызмет көрсету процедурасын жеңілдетеді, бұл DoingBusiness рейтингі көрсеткішінің индикаторларының бірі болып табылады. Түзету әзірленетін жобалар санын азайтуға, сонымен қатар эмиссиялардың жеке нормативтерін әзірлеу нұсқасына балама нұсқа ретінде рұқсат беру кезіндегі кешенді әдіске бағытталған, бұл инвестициялық ортаны едәуір жақсартады. |
|
|
48-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдар
4. Құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамасы), сондай-ақ аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары бойынша экологиялық сараптама құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы құрамында жүргізіледі, оларды Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.
5. жоқ
6. жоқ
|
48-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдар
4. Құрылыс жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамасы) және шаруашылық қызметтің 1 санаттағы объектілерін пайдалануды мемлекеттік эклологиялық сараптама жүргізеді.
Осы тармақтың талаптары құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамасы) және құрылысы І санатты қолданыстағы объектілер аумағында жүргізу жоспарланған II, III және IV санаттағы объектілерді пайдалануға беруге таралмайды.
5. Құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамасы) және І, ІІ және IV санаттағы объектілерді пайдалануға беру бойынша жобалардың экологиялық сараптамасын Қазақстан Республикасының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен белгіленген тәртіпте аттестациядан өткен сарапшылар жүргізеді.
6. Кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы және кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындысы құрылыс кезеңіне және объектілерді пайдалануға беру кезеңінде эмиссиялар нормативтерінен, сонымен қатар экологиялық сараптама объектісін іске асыру бойынша шешім қабылдау мүмкіндігі мен жол беру қорытындыларынан құралады.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|