«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте



жүктеу 14,34 Mb.
бет78/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   213

1 бәсеке бойынша тексеріс

Заңда мемлекеттік монополияға жататын селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы кейбір қызмет түрлері белгіленеді, оларды, біздің пікірімізше, бәсекелік ортаға тапсыру тақырыбында қайта қарастыру қажет, бұл осы саладағы бәсекелестіктің дамуына ықпалын тигізеді.




5-бап. Селекциялық жетiстiкке патент алуға өтiнiм

2. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар патент алу және олардың күшiнде болуы жөнiндегi істердi жүргiзедi, шағым кеңесiне қарсылықтар бередi және уәкiлеттi органда тiркелген патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер арқылы оларды қарауға қатысады.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiндегi хат жазысу мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлсiз патенттермен байланысты iстердi жүргiзе алады.

Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң өкiлеттiгi оған өтiнiм берушi немесе патент иесi берген сенiмхатпен куәландырылады.



5-бап. Селекциялық жетiстiкке патент алуға өтiнiм

2. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар патент алу және олардың күшiнде болуы жөнiндегi істердi жүргiзедi, шағым кеңесiне қарсылықтар бередi және патенттiк сенiм бiлдiрiлген, Қазақстан республикасының резиденті болып табылатын өкілдер.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiндегi хат жазысу мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлсiз патенттермен байланысты iстердi жүргiзе алады.

өкiлдiң өкiлеттiгi оған өтiнiм берушi немесе патент иесi берген сенiмхатпен куәландырылады.


1 бәсеке бойынша тексеріс

Заңда патенттік сенімді тұлғалар туралы ережелер бекітілген, оларға ҚР заңнамасына сәйкес уәкілетті орган мен сараптамалық ұйым алдында жеке және заңды тұлғаларға өкілдік етуіне құқық берілген.

Алайда Заңда Қазақстан Республикасынан тыс өмір сүретін жеке тұлғалар, және шетелдік заңды тұлғалар патенттерді алу және оларды күшінде сақтау бойынша істерді жүргізуді, аппеляциялық кеңеске наразылықтарды танытуды және оларды қарастыруға қатысуды тек ҚР патенттік сенімді тұлғалар арқылы жүзеге асыратыны айтылған.

Сонымен қатар, біздің пікірімізше, жоғарыда аталған ережелер қарастырылып отырған салада бәсекелестіктің шектелуінің пайда болуының әлеуетті факторлары болып табылады, себебі олар патенттік сенімді тұлғаларға ерекше құқықтық мәртебе және Қазақстанда жеке және заңды тұлғалардың мүдделерінің өкілдік ету бойынша артықшылықтарды береді, Қазақстан Республикасынан тыс өмір сүретін жеке тұлғалардың және шетелдік заңды тұлғалардың өкілдігі бойынша қызметтерді алуда баламасыздықты белгілейді.

Осыған байланысты жоғарыда аталған тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету мүмкіндігін тек патенттік сенімді тұлғаларға ғана емес, сонымен қатар өзге өкілдерге сенімхат негізінде беруді қарастыруды жөн көреміз.




18-бап. Лицензиялық шарт

4. Лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады және уәкiлеттi органда тiркелуге жатады. Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.



...

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе уәкілетті органға шарт материалдарын өз атынан беретін шетелдiк заңды тұлғалар, шартты тiркеуге байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының тiркелген патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілдері арқылы жүзеге асырады.

Уақытша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген оның азаматтары Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайларын көрсеткен жағдайда, шартты тiркеуге байланысты құқықтарды патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілдерсіз жүзеге асырады.



18-бап. Лицензиялық шарт

4. Лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады және уәкiлеттi органда тiркелуге жатады. Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.



...

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе уәкілетті органға шарт материалдарын өз атынан беретін шетелдiк заңды тұлғалар, шартты тiркеуге байланысты құқықтарды патенттiк сенiм бiлдiрiлген, Қазақстан республикасының резиденті болып табылатын өкілдері арқылы жүзеге асырады.

Уақытша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген оның азаматтары Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайларын көрсеткен жағдайда, шартты тiркеуге байланысты құқықтарды өкілдерсіз жүзеге асырады.


1 бәсеке бойынша тексеріс

Заңда патенттік сенімді тұлғалар туралы ережелер бекітілген, оларға ҚР заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті орган мен сараптамалық ұйым алдындағы өкілдігіне құқық берілген.

Алайда Заңда Қазақстан Республикасынан тыс өмір сүретін жеке тұлғалар, жәнее шетелдік заңды тұлғалар патенттерді алу және оларды күшінде сақтау бойынша істерді жүргізуді, аппеляциялық кеңеске наразылықтарды танытуды және оларды қарастыруға қатысуды тек ҚР патенттік сенімді тұлғалар арқылы жүзеге асыратыны айтылған.

Сонымен қатар, біздің пікірімізше, жоғарыда аталған ережелер қарастырылып отырған салада бәсекелестіктің шектелуінің пайда болуының әлеуетті факторлары болып табылады, себебі олар патенттік сенімді тұлғаларға ерекше құқықтық мәртебе және Қазақстанда жеке және заңды тұлғалардың мүдделерінің өкілдік ету бойынша артықшылықтарды береді, Қазақстан Республикасынан тыс өмір сүретін жеке тұлғалардың және шетелдік заңды тұлғалардың өкілдігі бойынша қызметтерді алуда баламасыздықты белгілейді.


жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау