Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 31 қазандағы
№ 947 бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына 3-қосымша
«Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап:
аттестаттау емтиханы тиісті жартыжылдықтың соңғы айының 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
патенттік сенім білдірілген өкілге куәлік (бұдан әрі – куәлік) аттестаттау емтиханы өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;
3) көрсетілетін қызметтің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң шешім және патенттік сенім білдірілген өкілде тіркеу туралы куәлікті беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық, қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі бойынша қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда рәсімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен куәландырылады.
Портал арқылы жүгінен кезде көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау комиссиясының оң шешімі болғанда көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған, электрондық құжат нысанында патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
Мемлекеттік баж заңды мәні бар әрекеттерді жасау және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды беру орны бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 539-бабында белгіленген төлемнің мөлшерін және күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы:
патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау үшін – айлық есептік көрсеткіштің 1 500 (бір мың бес жүз) пайызы;
патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлік беру үшін - айлық есептік көрсеткіштің 100 (жүз) пайызы;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтінім берілген кезде төлем электрондық үкіметтің төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейлі банк арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік баж төлеуге қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасында көрсетілген.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген жағдайда жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
патенттік сенім білдірілген өкілдердің аттестаттаудан өтуі үшін:
1) мемлекеттік немесе орыс тілдерінде аттестаттауға рұқсат беру туралы еркін нысандағы өтініш;
2) фотосуреті бар кадр есебі бойынша жеке іс парағы;
3) жоғары білім туралы диплом көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын, оның ішінде зияткерлік меншік саласындағы жұмыс өтілінің растығы қамтылған құжаттың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
6) патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау үшін мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат.
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түріндегі сұрау салу;
2) фотосуреті бар кадр есебі бойынша жеке іс парағының электрондық көшірмесі;
3) жоғары білім туралы дипломның электрондық көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын, оның ішінде зияткерлік меншік саласындағы жұмыс өтілінің растығы қамтылған құжаттың электронды көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспортының электрондық көшірмесі (жеке басын сәйкестендіру үшін);
6) ЭҮТШ арқылы патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау үшін мемлекеттік баж төлемін растайтын электрондық құжаттың көшірмесі.
Осы бөліктің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар аттестаттау емтиханына келген кезде көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын олардың түпнұсқаларымен салыстырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлемі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылатын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті алушыға барлық қажетті құжаттарды:
көрсетілетін қызметті беруші (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) тапсырған кезде – қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі жасау оның қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестациялық емтихан өткізу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
10. Мыналар:
1) көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынғандығы;
2) көрсетілетін қызметті алушы зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкері, сондай-ақ оның жақын туысы, жұбайы (зайыбы) болып табылатындығы;
3) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының Патент Заңы», «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінен көрсетілетін қызметті алушының алынып тасталуы;
4) заңда белгіленген тәртіппен қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемесі болып табылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көш., № 8-үй, 13-кіреберіс, № 925-кабинет, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-37.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, порталға не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші көрсеткен сапасыз мемлекеттік көрсетілетін қызметті растайтын құжаттарды шағымға қоса тіркейді.
Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын
өзге де талаптар
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777
«Патенттiк сенiм бiлдiрiлген
өкiлдердi аттестаттау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Бенефициар – ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы РММ
БСН – 081240013779
ЖСК – KZ24070105KSN0000000
БСК – KKMFKZ 2 A
Бенефициар Банкі – «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ
КБЕ-11
Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108118
Достарыңызбен бөлісу: |