«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте


Рұқсат етілген жүйе Дәлдемелі түзету



жүктеу 14,34 Mb.
бет173/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   213

Рұқсат етілген жүйе

Дәлдемелі түзету




 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



4) екінші санаттағы рұқсатты иеленуші – екінші санаттағы жарамды рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлға;




13) өтініш беруші – лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші;



16) рұқсаттық бақылау – рұқсат беру органдарының рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған қызметі, сондай-ақ, олар берілгеннен кейін лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету;

17) рұқсат беру органдары – лицензиарлар және екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдар;

18) рұқсат беру тәртібі – қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру басталғанға дейін тұлғаның осы Заңда көзделген жарамды рұқсатқа ие болу міндетін белгілеу;

19) рұқсат беру рәсімі – екінші санаттағы рұқсатты беруге және оған қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға, сондай-ақ рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруға байланысты іс-шаралар кешені;
19-1) Жоқ;

20) рұқсат беру талаптары – өтініш берушінің және екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің рұқсат беру тәртібі енгізілген жекелеген қызмет түрін немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыру қабілетін сипаттайтын, екінші санаттағы рұқсатты беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы.

21) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, күші жойылған, ұзартылған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған рұқсаттар және олардың телнұсқалары туралы, сондай-ақ алынған хабарламалар туралы мәліметтер қамтылған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің құрауышы;

21-1) Жоқ;



23) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің реттеушілік әсерін талдау (бұдан әрі – реттеушілік әсерді талдау) – кейіннен мемлекеттік реттеу, сондай-ақ кәсіптік немесе кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеуі мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі;

24) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін қатаңдату – өтініш берушілерге, лицензиаттарға немесе екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілерге қосымша талаптар, міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзгеше ұлғайту;



30) ілеспе рұқсат – өтініш берушіге басқа рұқсатты беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті шарт болып табылатын екінші санаттағы рұқсат;



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

4) екінші санаттағы рұқсатты иеленуші – екінші немесе үшінші санаттағы жарамды рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлға;




13) өтініш беруші – лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші немесе үшінші санаттағы рұқсатты иеленуші;



16) рұқсаттық бақылау – рұқсат беру органдарының рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған қызметі, сондай-ақ, олар берілгеннен кейін лицензиаттардың және екінші немесе үшінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету;



17) рұқсат беру органдары – лицензиарлар және екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдар және сәйкес әрекеттер жүргізуге, сонымен қатар квазимемлекеттік кәсіпорындар және үшінші санаттағы рұқсаттар беруші табиғи монополия субъектілері;

18) рұқсат беру тәртібі – қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру басталғанға дейін тұлғаның осы Заңда көзделген жарамды рұқсатқа ие болу міндетін белгілеу, сонымен қатар сәйкес әрекет жүргізуге мемлекеттік органдардың міндеттерін белгілеу;

19) рұқсат беру рәсімі – екінші және үшінші санаттағы рұқсатты беруге және оған қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға, сондай-ақ рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруға байланысты іс-шаралар кешені;

19-1) монополист-кәсіпорын немесе квазимемлекеттік кәсіпорын (квазирұқсат) беретін рұқсат – рұқсат шараларын жүргізу арқылы жеке немесе заңды тұлғалардың монополист-кәсіпорын немесе квазимемлекеттік кәсіпорын беретін, қызметтерді немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру құқығын растайтын үшінші санаттағы рұқсат;

20) рұқсат беру талаптары – өтініш берушінің және екінші немесе үшінші санаттағы рұқсатты иеленушінің рұқсат беру тәртібі енгізілген жекелеген қызмет түрін немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыру қабілетін сипаттайтын, екінші санаттағы немесе үшінші санаттағы рұқсатты беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы;



21) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, күші жойылған, ұзартылған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған рұқсаттар және олардың телнұсқалары туралы, сондай-ақ алынған хабарламалар туралы мәліметтер қамтылған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің құрауышы;

21-1) үшінші санаттағы рұқсаттардың электрондық тізілімі – берілген рұқсаттар туралы мәліметтерден тұратын квазимемлекеттік кәсіпорындар және табиғи монополиялар субъектілері рұқсаттарының ақпараттық жүйесінің компоненті;



23) алынып тасталсын;



24) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін қатаңдату – өтініш берушілерге, лицензиаттарға немесе екінші немесе үшінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілерге қосымша талаптар, міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзгеше ұлғайту;

30) мемлекеттік органның ілеспе әрекеті – жеке немесе заңды тұлғалардың рұқсат алуы мақсатында мемлекеттік орган жүзеге асыратын рұқсаттардың жекелеген нысандарынан тұратын әрекет;



жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау