Ұйымдастыру-
іздеу кезеңі
|
-Балалар бұгінгі оқу іс-әрекетімізде сендерге жұмбақ жасырамын
Ақ қар еріп, су көбейіп, сай-салада ағады.
Мал маңырап, қой жамырап, қріс малға толады.
Бүршік шашып, топырақ асып, бәйшешек гүл жарады
-Кім айтады бұл қай кезде болады?
-Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?
-Өте жақсы
-Бізді қоршаған не?
-Табиға нешеге бөлінеді?
Теледидармен жұмыс:
-Балалар біз бүгін табиғатымызды, кең байтақ жерімізді теледидардан тамашалайық
-Адам денсаулығы мен табиғат арасында қандай байланыс бар екен?
-Табиғат туралы кім тақпақ айтады?
Сергіту сәті:
Қане, қанат қағайық,
Мойнымызды созайық
1,2,3 құс аспанға ұш,
1,2,3 құс аспаннан түс.
Құстар жем жиді
1,2,3 құс аспанға ұш
Ортаға күн, су, ауа, гүл, адам шығады
-Ал сендер қалай ойлайсыңдар, балалар?
-Балалар, енді осыларға кім тәжірибе жасайды?
-Су қандай болады?
-Өте жақсы
-Ал, енді мына 3 ыдыста не тұр?
-Сүт құйылған ыдысқа қасық салам, көріне ма?
-Суға салсам ше?
-Дұрыс. Себебі, сүт мөлдір емес, ақ түсті. Ал су мөлдір, таза, түссіз
-Мына ыдыстағы суға 1-не тас, 2-не шыбық салсам қайсысы батады?
Ойын: «Мақалды аяқта»
Су жерді де қазар,
Тастыда жарар.
Су жерге нәр береді
Жер адамға нәр береді
Жер қазына – су алтын
Білім елге – су жерге
Судың да сұрауы бар
Балық жаны суда
Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар
Жұмбақ:
Бар ма жоқ па оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде, өмір сүріп жүрмейсің
Жарығы тегін,
Жылуы тегін.
Айбарлым менің,
Жайдарлым менің
Көзі жасты жылауық,
Келе жатыр бір алып
-Балалар, суреттердің бірінші әріптерін ортадағы әріптермен қосып, оқысақ, табиғат бөлшегін табамыз
Алма у ай
Сағат у
Кесе ү нан
Гитара ү лақ
-Өте жақсы балалар. Сендер ақылды екенсіңдер
Дидактикалық ойын:
-Балалар мен сендерге «егерде» деп басталатын табиғат, өсімдіктер жайлы сөйлемдер айтамын, сендер аяқтайсыңдар
-Егерде гүлдерге су құймаса.....
-Егерде аулаға тал екпесе....
-Егерде тісімізді шаймасақ....
Тыйым сөздер:
-Балалар табиғатқа байланысты қандай тыйым сөздер білесіңдер?
Суретпен жұмыс
-Балалар мына суретте «Б» дыбысынан басталатын тірі және өлі табиғатқа жататын заттар бар. Соны тауып, талдаймыз
-Балалар, көктемде ең алғаш шығатын гүл қалай аталады?
Желіммен жұмыс
Жұмсақ қағазды ширату тәсілі арқылы бәйшешек гүлін жасаймыз
|
-Көктем мезгілінде болады
-Көктем мезгілінде ауа-райы жылы болады. Табиғат өте тамаша болады
-Бізді қоршаған табиғат
-Табтғат екіге бөлінеді: өлі табиғат және тірі табиғат
-Өлі табиғатқа: тас, тау ауа, жер, су, топырақ жатады.
-Тірі табиғатқа:ағаш, гүлдер, жәндіктер, адамдар, құстар жатады.
-Табиғат болмаса адам өмір сүре алмайды. Ауа жоқ болса, дем ала алмай тұншығып қалар едік. Су жоқ болса шөлдер едік.
-Біз табиғатсыз тіршілік ете алмаймыз. Табиғат бізге күн сияқты мейірімді, ауа сияқты таза, су сияқты мөлдір мөлдір болуды үйретеді
Тақпақтар:
Табиғат егіз адаммен
Ұқсастық табам содан мен
Мәңгілік болсам егіздер,
Жер-ана, көл, теңіздер
Табиғатты тарих талай сынаған,
Бірақ оған қаймықпаған, шыдаған.
Табиғатта әке болып еміреніп,
Ттабиғатта ана болып жылаған
Балалар сергіту сәтін орындайды
Күн: -Мен шуақты күнмін, мен бәріне жылуымды, нұрымды беремін. Егер мен болмасам табиғатқа көрік беріп тұрған менмін
Су: -Мен мөп-мөлдер, тап-таза, сылдырлаған сумын. Мен болмасам осындай сұлу табиғат болмас еді
Шырша: -Мен жайқалған жасыл шыршамын. Қысы-жазы жасыл болып тұрмын. Табиғатқа көрік беріп тұрған менмін
Ауа: -Мен таза аумын, табиғаттағы барлық нәрсе мен арқылы дем алады
Адам: -Мен дүниедегі ең күшті, ақылды адаммын. Менен асқан ешкім жоқ
-Бәрі бізге керек
-Су түссіз, сұйық, мөлдір
3 ыдыста су тұр, 1 ыдыста сүт тұр
-Көрінбейді
-Көрінеді
Тас салған ыдыс батады, өйткені тас ауыр, шыбық жеңіл
-Ауа
-Күн
-Бұлт
-Ауа
-Су
-Күн
-Гүл
-Гүлдер шөлдеп қурайды
-Көлеңке болмайды. Көріксіз болады
-Тісіміз ауырады
1.Жалғыз ағашты кеспе
2.Гүлді үзбе
3.Көкті жұлма
4.Суға түкірме
5.Ұяны бұзба
Тірі табиғатқа:
Балық, бақа, балапан, бұрыш жатады
Өлі табиғатқа: Балға, балта
Көктемде алғашқы қығатын гүл – бәйшешек
Балалар қағазды ширату арқылы гүл жабыстырады
|