|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте
|
бет | 162/213 | Дата | 24.02.2018 | өлшемі | 14,34 Mb. | | #10655 |
| 1 бәсекелестік бойынша тексеріс Аталған оператор ғарыштық жүйесіне қызмет көрсетуі бойынша қызметтерінің заңнамалық анықталған спектрін ұсынған жалғыз субъектісі боылп табылады, бұл қызметтердің алуының баламасыздығына көрсетеді.
|
19-1-бап. Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы
Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, ғарыштық байланыс жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам.
…
|
19-1-бап. Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы
1. Ғарыштық байланыс жүйесінің операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, ғарыштық байланыс жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын ұйым. … | 1 бәсекелестік бойынша тексеріс Аталған оператор ғарыштық жүйесіне қызмет көрсетуі бойынша қызметтерінің заңнамалық анықталған спектрін ұсынған жалғыз субъектісі боылп табылады, бұл қызметтердің алуының баламасыздығына көрсетеді. |
|
19-3-бап. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы
Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы – дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға.
…
|
19-3-бап. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы
Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің операторы – дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым.
…
| 1 бәсекелестік бойынша тексеріс Аталған оператор ғарыштық жүйесіне қызмет көрсетуі бойынша қызметтерінің заңнамалық анықталған спектрін ұсынған жалғыз субъектісі боылп табылады, бұл қызметтердің алуының баламасыздығына көрсетеді. |
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV Заңы
|
|
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
…
6) мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
…
|
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
…
6) мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
…
| Қайта реттеу Норманы өзгертуі, төмендету жағына, мемлекеттің басымдылық құқығы щеңберіде уәкілетті органымен бекітілген, шикі және (немесе) тауарлық газының шекті құнын өзгеруі бойынша жер қойнауын пайдаланушысы мен ұлттық операторы арасында жетістік мүмкіндіктерінің мақсатында шикі және тауарлы газының шекті құнын бекітуі бойынша энергетика министрлігінің өкілеттігін анықтау үшін ұсынылған. |
|
15-бап. Мемлекеттің газ және газбен жабдықтау саласындағы артықшылықты құқығы
…
3. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың бағасын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы айқындайды және ол:
4. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың бағасын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы айқындайды және ол:
…
5-1. жоқ
…
6. Алдағы күнтізбелік жылы шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығаруды жүргізу ниеті бар жер қойнауын пайдаланушылар мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газ бағасының құжаттамалық расталған есептерін уәкілетті органға сараптамаға жібереді.
7. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың есептелген бағасын сараптау нәтижелері бойынша уәкілетті орган материалдарды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде жер қойнауын пайдаланушыға мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың есептелген бағасын бекіту туралы хабарлама не оны өзгерту қажеттігі туралы дәлелді қорытындыны жібереді.
…
13-1. жоқ
…
|
15-бап. Мемлекеттің газ және газбен жабдықтау саласындағы артықшылықты құқығы
…
3. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың шекті бағасын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы айқындайды және ол:
4. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың шекті бағасын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы айқындайды және ол:
…
5-1. Уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік басым құқық шеңберінде ұлттық оператор сатып алған шикізат және (немесе) тауарлық газыдың шекті құны бір жыл ішінде он пайыздан көп ағымдағы деңгеймен салыстыру бойынша шикізат және (немесе) тауарлық газ бағасы деңгейінің артуын көздей алмайды.
6. Алдағы жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығаруды жүргізу ниеті бар жер қойнауын пайдаланушылар мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың шекті бағасының құжаттамалық расталған есептерін уәкілетті органға сараптамаға жібереді.
7. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың есептелген шекті бағасын сараптау нәтижелері бойынша уәкілетті орган материалдарды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың шекті құнын 1 шілдеде қолданысқа енгізумен жыл сайын бекітеді, және жер қойнауын пайдаланушыға мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың есептелген бағасын бекіту туралы хабарлама не оны өзгерту қажеттігі туралы дәлелді қорытындыны жібереді.
…
13-1. Егер мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың шекті құны келесі жылы тараптардың келісімі бойынша өзгермесе, онда шарт осы баптың 5-7, 9 және 10 тармақтарында көзделген шараларды сақтамай жасала береді.
…
| |
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|