Сабақтың кезеңдері
|
Коучтың жұмыс бағыттары мен іс-әрекеті
|
Мұғалімдердің іс-әрекеті
|
ресурстар
|
Берілетін уақыт
|
Ұйымдастырушылық кезеңі
Психологиялық ахуал туғызу
«Арқаға массаж жасау»
|
Сәлемдеседі.
Әріптестерді ортаға шығарып шеңбер құрғызып, әр адам өзінің алдында тұрған әріптесінің арқасына массаж жасайтынын айтады. Жарты минуттан кейін теріс айналып осы әрекетті қайталайтынын айтады.
|
Шеңбер құрып, әр адам өзінің алдында тұрған әріптесінің арқасына массаж жасайды. Жарты минуттан кейін теріс айналып осы әрекетті қайталайды.
|
|
1 мин
|
Топқа бөлу
«Командаңды құра» ойыны
|
Мұғалімдерге түрлі түсті стикерлер таратады. Стикерде халыққа кеңінен тараған өлең жолдары берілген. Мұғалімдерге таратқан стикері бойынша өз командаларыңызды құрау керектігін айтады.
|
Мұғалімдер өлең жолдары бойынша топқа бөлінеді және сол әнді бірге шырқайды.
|
Стикерлер
|
5 мин
|
Негізгі кезең
|
Бүгінгі коучингтің тақырыбымен және мақсатымен таныстырады.
Мұғалімдерге осы күнге дейін кері байланыс туралы не білгенін, нені білгісі келетінін кестеге толтыру керектігін түсіндіреді. БББ кестесін әр мұғалімге жеке таратып береді.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Білдім
|
|
|
|
|
Мұғалімдер БББ кестесінің 2-еуін, яғни не білгенін, не білгісі келетіні туралы жазады.
|
БББ кестесі
|
3 мин
|
|
Мұғалімдерге жеке парақтар таратады. Ол параққа мұғалімдер үй салу керектігін түсіндіреді.
Салып болған соң жанындағы көршісі алып салған суретін бағалау керектігін айтады.
Неге сіз осындай баға қойдыңыз?
Енді салатын үйді бағалау үшін дескриптор құрастырып көрейікші. Үйдің қандай бөліктері болады?
Ал енді сіздер жаңағы көршілеріңіз салған үйге дескриптор негізінде кері байланыс жазып беріңізші.
Кейбіреуін оқытқызып талқылатады.
|
Мұғалімдер үй салады.
Бір-бірінің суретін бағалайды.
Мұғалімдер жауап береді
Мұғалімдер бірігіп салынған үйді бағалаудың дескриптор құрастырады.
Үйдің төбесі
Қабырғасы
Терезесі
Есігі
Мұржасы
Т.б.
Мұғалімдер кері байланыс жазады.
|
А4 парақтары
|
10 минут
|
«Микрофон» әдісі
|
Мұғалімдерге сұрақ:
Сонда сіз кері байланысты не үшін бересіз немесе кері байланыс берудегі мақсатыңыз қандай?
|
Мұғалімдер орындарынан тұрып жауап береді.
|
???
|
2 мин
|
|
Кері байланысты қалай бересіздер?
|
Топта талқылап, қағаз бетіне түсіріп, өз ойларын айтады.
(Осы кезде мұғалімдер кері байланыстың түрлерін және әдістеріне тоқталу керек)
|
Фламастер
Стикерлер
А4
|
10 мин
|
Топтық жұмыс
|
1-топқа сұрақ:
Кері байланысты беруде қандай ережелерді ұстану керексіздер?
2-топқа сұрақ
Кері байланысты алуда қандай ережелерді ұстану керек?
2-топқа тапсырма беріледі.
Жауаптан соң коуч өз нұсқасын айта кетеді.
|
Екі топ өз сұрағы төңірегінде жұмыс жасайды.
Екі топ постер қорғайды
|
Флипчарттар
Фламастер
стикерлер
|
8 минут
|
Топтық жұмыс
«Шығармашылық шеберханасы»
|
Коуч топтарға тексерілген дәптерлер таратып береді:
1 топ – математика дәптерлері
2 топ – қазақ тілінен диктант
Топтарда бағаланбаған жұмыстарды тексеріңіз, мына мәселелерді талқылаңыз:
Берілген кері байланыста
- Қандай кері байланыс дұрыс берілген?
- Қандай кері байланыс беріп қажет емес?
- Жұмыстың мықты жақтары қандай?
- Әлсіз жақтары қандай? Ол маңызды ма?
- Жұмыстағы кемшіліктердің себебі қандай?
Жұмыс жасағандарын бақылап бағыттап отырады.
|
Оқушылардың тексерілген жұмысымен танысады.
Кері байланыс жасай отыра талдайды. (ауызша, жазбаша)
Сұрақтар төңірегінде жұмыс жасайды. Жақсарту жоспарын құрады.
|
Оқушы дәптерлері
|
15 мин
|
Кинометафора әдісі. Бейнероликтегі мұғалімнің әрекетін бақылау
|
Сұрақтар:
Мұғалім не істеді?
Оның әрекеті оқушыға қалай ықпал етті?
Не себептен мұғалім кері байланысты осылай жүргізді?
|
Топта талқылайды, өз ойларын ортаға салады
|
Бейнеролик
|
10 мин
|
«микрофон» әдісі
|
Сабақта кері байланыс жүргізудің тиімділігі неде? Не береді немесе маңызы қандай?
|
Бірнеше адам өз ойын ортаға салады.
|
|
5 мин
|
|
Сіз тиімді кері байланыс бергеніңізді қайдан білесіз?
|
Топта талқылайды, өз ойларын ортаға салады
|
|
10 мин
|
Рефлексия
|
Білемін
|
Білгім келеді
|
Білдім
|
2 жұлдыз 1 тілек
|
Мұғалімдер БББ кестесінің 3-шісін толтырады.
|
Стикерлер
|
2 мин
|