«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте


«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі



жүктеу 14,34 Mb.
бет124/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   213

«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі

Эмитеттермен ақпаратты ашуы жүйесінің оңтайландыруы щеңберінде құнды қағаздар нарығы туралы Заңының 102-бабына енгізілген түзетулерімен сәйкес.




102-бап. Эмитенттiң қайталама бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы процесiнде ақпаратты ашып көрсетуi

      1. Эмитент эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысы кезеңiнде уәкiлеттi органның және бағалы қағаздарды ұстаушылардың алдында бағалы қағаздарды ұстаушыларының мүдделерi қозғалатын өз қызметiндегi өзгерiстер туралы ақпаратты ашып көрсетуге мiндеттi.

      1-1. Бағалы қағаздары қор биржасы тізіміне енгізілген эмитент Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ақпаратқа қосымша ретінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің және тізіміне эмитент шығарған бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті, аудиторлық есептерді және тізбесі осы баптың 2-тармағында айқындалған ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орналастыруды қамтамасыз етеді.

      2. Мыналар:

      1) эмитент органдары құрамының өзгерiстерi;

      2) эмитенттiң дауыс беретiн акцияларының он және одан да көп процентiн (үлесiн) иеленетiн акционерлер (қатысушылар) құрамының өзгерiстерi;

      3) эмитенттiң, оның еншiлес ұйымдарының және тәуелдi акционерлiк қоғамдарының қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы;

      4) эмитенттiң мүлкiне тыйым салынуы;

      4-1) осы эмитент активтерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомада эмитент мүлкін кепілге (қайта кепілге) беру;

      5) эмитент лицензиясының алынуы, тоқтатыла тұруы немесе одан айыру;

      6) эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысында қабылданған шешiмдер;

      6-1) директорлар кеңесі мәселелердің тізбесі бойынша қабылдаған шешімдер, олар туралы ақпарат қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлердің және инвесторлардың назарына жеткізілуге тиіс;

      7) эмитент әрбiр осындай ұйым акцияларының он және одан да көп процентiн (үлесiн, пайын) иеленетiн ұйымдар тiзiмiндегi өзгерiстер;

      8) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер;

      9) эмитенттің мемлекеттік емес облигацияларды шығару проспектісінде көзделген талаптарды сақтамауы, осы эмитент жол берген дефолт фактілері туралы ақпарат эмитент қызметiндегi бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерi қозғалатын өзгерiстер деп танылады.

      3. Эмитент өзгерiстер туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде бұл туралы ақпаратты уәкiлеттi органға және облигацияларды (болған жағдайда) ұстаушылардың өкiлiне табыс етуге мiндеттi.

      4. Осы баптың 2-тармағында қамтылатын өзгерiстердi эмитент олар туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру және бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты жариялау арқылы бағалы қағаздарды ұстаушылардың назарына уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жеткiзедi.


102-бап. Эмитенттiң қайталама бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық бағалы қағаздар 1. Ақпаратты ашу деп құнды қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес осы ақапартты алу мақсаттарына қарамастан, осыған мүдделі тұлғалар үшін оның қол жетімділігін қамтамасыз ету деп түсініледі.

2. Эмиссиялық құнды қағаздардың айналысы кезеңінде эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында келесілерді ашу міндетті:

1) эмитенттің корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты;

2) акционерлік қоғамның атқарушы органы мүшелерінің жыл нәтижелері бойынша сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты;

3) акционерлік қоғамының үлестес тұлғаларын;

4) эмитенттің он және одан да көп дауыс беретін акциялардың (қатысу үлестері) пайызына иеленетін акционерлердің (қатысушылардың) құрамын;

5) эмитенті осындай ұйымның әрқайсысының он және одан да көп акциялары (үлестер, ұпайлар) пайызына иеленетін ұйымдар тізімін;

6) эмитенттің жылдық қаржылық есептілігі мен аудиторлық есептерін;

7) эмитенттің эмиссиялық құнды қағаздарының және оған енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып шығару проспектін;

8) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті.

Эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында уәкілетті органмен эмиссиялық құнды қағаздардың шығаруын жойылуы және эмитенттің эмиссиялық құнды қағаздарын өтелуі туралы ақпаратты ашу міндетті.

Құнды қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпаратқа қосымша қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті ашу міндетті.

3. Құнды қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент қорбиржасының интернет-ресурсында қосымша осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратты және қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген басқа да ақпаратты ашуды қамтамасыз ету міндетті.

4. шығарылымы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тіркелген эмиссиялық құнды қағаздардың айналысы кезеңі деп төмендегілер үшін келесі түсініледі:

акцияларға – уәкілетті орган акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап осы акциялар шығарылымын жою күніне дейін кезең, оның ішінде акциялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалады;

облигацияларға – облигациялар шығару проспектімен белгіленген кезең, оның ішінде облигациялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалады;

үлеспұлға – уәкілетті орган үлеспұлдардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдған күннен бастап үлеспұлдық инвестициялық қорын жүзеге асыруды аяқтау күніне дейін кезең, оның ішінде үлеспұлдармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалады;

өзге эмиссиялық құнды қағаздар – эмиссиялық құнды қағаздарды шығару шарттарымен белгіленген кезең, оның ішінде осы құнды қағаздарымен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалады.

5. Корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат деп төмендегілер туралы түсініледі:

1) акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысымен немесе жалғыз акционермен (қатысушымен) қабылданған шешімдер;

2) басқару органын (бақылау кеңесін), атқарушы органды (атқарушы органның функцияларын жалғыз орындайтын тұлғаны), басқару органының (бақылау кеңесінің) құрамын көрсете отырып эмитетті, эмитеттің басқару органының (бақылау кеңесінің) және атқарушы органынды (атқарушы органның функцияларын жалғыз орындайтын тұлғаны) сайлау, эмитеттің басқару органының (бақылау кеңесінің) және атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жалғыз орындайтын тұлғаның) құрамындағы өзгерістер;

3) эмитенттің он немесе одан да көп дауыс беретін пайызға (қатысу үлестеріне) ие акционерлердің (қатысушылардың) құрамындағы өзгерістер;

4) осы шешімдерді қабылдауға уәкілетті акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің тиісті органы немесе эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған келесі шешімдер туралы:

акционерлердің (қатысушылардың) жылдық және кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру;

орналастыру (сату), оның ішінде жарияланған акциялар саны шегінде орналастырылатын (сатылатын) акциялар туралы, орналастыру (сату) тәсілі мен бағасы туралы;

эмитент орналастырған акцияларды сатып алу, егер қоғам сатып алатын акциялар саны орналастырылған акциялардың жалпы санынан бір пайыздан асып кетсе, оларды сату бағасы;

облигацияларды және туынды құнды қағаздарды шығару;

ірі мәмілелер және келесі шарттарға бір кезде жауап беретін мәмілелер жасасу туралы: егер олар жасауында акционерлік қоғамның мүддесі бар және мүлікті сатып алу және иеленуден айырылтумен байланысты мәміле болып табылса, оның құны акционерлік қоғамының уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күніне акционерлік қоғамның активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінен он және одан да көп пайызды құрайтын болса;

5) құнды қағаздарды және (немесе) акционерлік қоғамның басқа қаржы міндеттемелерін акционерлік қоғамның жай акцияларына аудару;

6) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның басқа түрлі акцияларына ауыстыру;

7) эмитент осындай ұйымның әрқайсысының он және одан да көп акцияларына (үлестеріне, үлеспұлдарына) ие ұйымдар тізіміндегі өзгерістер;

8) акционерлік қоғам ірі мәмілелерді және келесі шарттарға бір кезде жауап беретін мәмілелер жасасу туралы: егер олар жасауында акционерлік қоғамның мүддесі бар және мүлікті сатып алу және иеленуден айырылтумен байланысты мәміле болып табылса, оның құны акционерлік қоғамының уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күніне акционерлік қоғамның активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінен он және одан да көп пайызды құрайтын болса.

Нәтижесінде акционерлік қоғамның активтерінің мөлшерінен он және одан да көп пайыз сомасына мүлік шеттелетін немесе сатып алынатын мәміле туралы ақпарат мәміле тараптары туралы, сатып алынатын немесе шеттелетін активтер, мәміле мерзімдері мен шарттары, тартылған тұлғалардың қатысу үлестерінің көлемі мен сипаты туралы деректерден, сондай-ақ болғанда мәміленің басқа мәліметтерден тұруы тиіс;

9) эмитенттің еріксіз жойылуы немесе қайта ұйымдастырылуы, сондай ақ оның еншілес және тәуелді ұйымдарының еріксіз жойылуы немесе қайта ұйымдастырылуы туралы сот шешімі;

10) кепілдікке (қайта кепілдікке) осы эмитенттің активтерінен он немесе одан да көп пайызды құрайтын соманы беру, сондай ақ эмитент мүлігін кепілдіктен (қайта кепілдіктен) осы эмитенттің активтерінен он немесе одан да көп пайызды құрайтын соманы алып тастау;

11) эмитент мүлігіне тыйым салу (мүліктен тыйым салынғанын алып тастау);

12) эмитент өз капиталының мөлшерінен жиырма бес және одан да көп пайыз құрайтын мөлшерде қарыз алу, сондай-ақ осы қарыз бойынша негізгі берешегін өтеу және есептелген сыйақыны толық өтеу туралы;

13) баланстық құны эмитент активтерінің жалпы көлемінен он және одан да көп пайыз құрайтын эмитент мүлігі құрылған төтенше сипатқа ие мән-жайлар басталуы туралы;

14) корпоративтік дау бойынша істі сотта қозғау;

15) бірінші санатты рұқсаттарды алу (тоқтату, тоқтата тұру);

16) эмитенттің эмиссиялық құнды қағаздарын шығару проспектінің жарғысына сәйкес эмитент және (немесе) инвесторлар акционерлерінің (қатысушыларының) мүдделерін қозғайтын басқа оқиғалар туралы.

6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты жариялаудың (құнды қағаздардың ұстаушыларының назарына жеткізу) мерзімдері басқалай көзделмесе, осы ақпаратты эмитент оны туындаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ашады.

7. Эмитентпен ақпаратты ашу тәртібін, ақапартты ашу нысанына және мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ ақпаратты қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ашу мерзімдерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісі анықтайды.

Эмитентпен ақпаратты ашу тәртібін, ақпаратты ашу нысанына және мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ ақпаратты қор биржасының интернет-ресурсында ашу мерзімдерін қор биржасының нормативтік құқықтық актісі анықтайды.

8. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының эмитент-резидент еместерге және халықаралық қаржылық ұйымдарға таралмайды.



жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау