«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте


«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі



жүктеу 14,34 Mb.
бет122/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   213

«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі

Орталық депозитарийге бірыңғай тіркеуіштің функцияларын тапсыруымен және орталық депозитарийіне бірыңғай тіркеуішті қосуымен байланысты. Құнды қағаздар нарығы туралы Заңының 64-1-б. бойынша түзетулерге түсініктерін қараңыз.




81-бап. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағы

1. Орталық депозитарийдiң қағидалар жинағы орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiмен өзара қарым-қатынасын айқындайды.

      Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын сақтау орталық депозитарийдің көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады. Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітеді.

      2. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағында:

      1) эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелердi тiркеу ережелерi;

      1-1) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      1-2) бірыңғай тіркеушінің акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу қағидалары;

      1-3) мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу қағидалары;

      2) эмиссиялық бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын есепке алу ережелерi;

      3) құжатты нысанда шығарылған бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарын сақтауды және материалсыздандыруды жүзеге асыру ережелерi;

      4) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары;

      5) депоненттерге және депоненттердің клиенттеріне есептілікті ұсыну тәртібі;

      6) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiмен өзара iс-қимыл тәртiбi;

      7) алып тасталды;

      8) депоненттер мен оның клиенттерiнiң ақшасын есепке алу тәртiбi;

      8-1) есеп айырысуды клиринг ұйымының және (немесе) орталық контрагенттің көрсететін қызметтерін қолдана отырып жүзеге асыру кезіндегі клиринг ұйымымен және (немесе) орталық контрагентпен өзара іс-қимыл қағидалары;

      9) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуға тиiс.

      3. Орталық депозитарий қағидалар жинағы қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде бұл жөнінде уәкілетті органды осы құжаттарды қоса бере отырып, хабардар етеді.



4. Жоқ

81-бап. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағы

1. Орталық депозитарийдiң қағидалар жинағы орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiмен өзара қарым-қатынасын айқындайды.

      Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын сақтау орталық депозитарийдің көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады. Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітеді.

2. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағында.

3. Орталық депозитарий ережелерінің жиынтығы келесі тәртібінен тұруы тиіс:

1) депозитарлық қызметін жүзеге асыру;

2) серіктестіктің құнды қағаздар ұстаушыларының және қатысушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыру;

3) мемлекеттік құнды қағаздардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу;

4) банктік операцияның жеке түрлерін жүзеге асыру (банктік операцияның жеке түрлерін жүзеге асыруға лицензия болғанда);

5) қаржылық құралдармен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру (қаржылық құралдармен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыруға лицензия болғанда);

6) төлем агентінің функцияларын жүзеге асыру (банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыруға лицензия болғанда);

7) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықта жасалған туынды қаржылық құралдармен мәмілелер тізілімін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру;

8) құнды қағаздарға, үлестерге және басқа қаржылық құралдарға сәйкестендіргіштерді беру;

9) құнды қағаздармен және басқа қаржылық құралдармен сауданы ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа ережелер.

4. Орталық депозитарий ережелер жиынтығын қабылдау немесе оған өзгерістерді және(немесе) толықтыруларды енгізу күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күн ішінде бұл туралы уәкілетті органды осы құжаттарды қоса беріп хабарландырады.



«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі

Орталық депозитарийге бірыңғай тіркеуіштің функцияларын тапсыруымен және орталық депозитарийіне бірыңғай тіркеуішті қосуымен байланысты. Құнды қағаздар нарығы туралы Заңының 64-1-б. бойынша түзетулерге түсініктерін қараңыз.




82-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн шектеу

      1. Орталық депозитарий:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына және орталық депозитарийдiң ережелер жинағына сәйкес өз функцияларын орындауды басқа да тұлғаларға беруге;

      2) өз депоненттерiнiң, сауда-саттықты ұйымдастырушының тиісті бұйрықтары немесе уәкілетті органның тиісті шешімі болмаса да қаржы құралдарымен мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыруға;

      2-1) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      3) депонент (оның клиентi) туралы, депоненттiң (оның клиентiнiң) жеке шотында (қосалқы шотында) ескерiлетiн қаржы құралдары туралы коммерциялық құпияны жария етуге;

      4) депоненттер мен олардың клиенттерiнiң құқықтарын және мүдделерiн бұзатын iс-әрекеттер жасауға құқылы емес.



82-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн шектеу

      1. Орталық депозитарий:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына және орталық депозитарийдiң ережелер жинағына сәйкес өз функцияларын орындауды басқа да тұлғаларға беруге;

      2) өз депоненттерiнiң, сауда-саттықты ұйымдастырушының тиісті бұйрықтары немесе уәкілетті органның тиісті шешімі болмаса да қаржы құралдарымен мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыруға;

      2-1) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      3) депонент (оның клиентi) туралы, депоненттiң (оның клиентiнiң) жеке шотында (қосалқы шотында) ескерiлетiн қаржы құралдары туралы коммерциялық құпияны жария етуге.



жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау