|
64-1-бап. Бірыңғай тіркеушінің құқықтық жағдайы және оның қызметін ұйымдастыру
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі бірыңғай тіркеушінің қызметі уәкілетті органның лицензиялауына жатпайды.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі бірыңғай тіркеуші қызметінің тәртібі осы Заңның 65-бабының талаптарына сәйкес белгіленеді.
2. Уәкілетті орган, қор биржасы және орталық депозитарий ғана бірыңғай тіркеушінің құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
3. Бірыңғай тіркеушінің органдары, олардың функциялары мен өкілеттіктері, олардың құрылу және шешімдер қабылдау тәртібі осы Заңмен, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен, бірыңғай тіркеушінің жарғысымен және ішкі құжаттарымен айқындалады.
Бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесінің құрамына тұрақты негізде дауыс беру құқығымен уәкілетті органның өкілі кіреді.
Осы заңның 54-бабының талаптары бірыңғай тіркеушінің басшы қызметкерлеріне қолданылады.
4. Бірыңғай тіркеуші:
1) ақпараттық жүйелерді, деректер базаларын қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін техникалық және өзге де үй-жайларының болуына;
2) өз қызметінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға;
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келетін, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын ақпаратты сақтау үшін резервтік орталығының болуына;
4) бірыңғай тіркеуші өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда, бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге жыл сайын аудит өткізуге міндетті.
5. Бірыңғай тіркеуші:
1) қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуға құқылы емес.
6. Бірыңғай тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады. Бұл талап осы Заңның 80-бабының 3-1-тармағында көзделген қызметті жүзеге асыру кезінде орталық депозитарийге қолданылмайды.
|
64-1-бап. Алынып тасталсын.
| «Doing Business» Дүниежүзілік Банкі «Құнды қағаздардың бірыңғай тіркеуіші» АҚ (әрі қарай – бірыңғай тіркеуіш) және «Құнды қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (әрі қарай – орталық депозитарий) Қазақстанның қнды қағаздар нарығындағы инфрақұрылымдық ұйымдары болып табылады. ҚР Ұлттық банкі 50% астам акциялармен иеленуі үлесімен орталық депозитарий және бірыңғай тіркеуіші және акционер болып табылады (орталық депозитарий - 54,98%, бірыңғай тіркеуіш – 96,29%). Бірыңғай тіркеуіш құнды қағаздарды ұстаушыларының реестрі жүйесін жүргізуі бойынша қызметін іске асырады. Оның клиенттері құнды қағаздарды ұстаушылар реестрінің жүйесіндегі тіркеуін іске асыратын, құнды қағаздарының ұйымдастырылмаған нарығында келісімдерді жасайтын, құнды қағаздарды ұстаушылары және құнды қағаздардың эмитенттері болып табылады. Орталық депозитарий саудалық репозиторий функцияларын іске асырады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздар реестрі жүйесін жүргізуі бойынша қызметі, депозитарийлік қызметін іске асырады (құнды қағаздарын ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарығында жасасылған, деривативті клісімдері реестрінің жүйесін қалыптастыру және жүргізу). Орталық депозитарийдің клиенттері Қазақстан Республикасының құнды қағаздары нарығының кәсіби қатысушылары, шетел номиналды ұстаушылары, сонымен бірге олардың клиенттері болып табылады. |