|
37-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеу
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеудi тiркеушi (номиналды ұстаушы) кепілге берілетін эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды көрсете отырып, осы мәмілені тіркеу үшін барлық қажетті мәліметтерді қамтитын (қамтыған), кепiл берушiнiң және кепiл ұстаушының бұйрықтары негізінде, ал "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-2 және 61-4-баптарында көзделген операция жүзеге асырылған жағдайда – ауыртпалықты алып тастаусыз кепіл ұстаушының бұйрығы негізінде жүзеге асырады.
Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы эмиссиялық бағалы қағаздардың ауыртпалығына байланысты операцияларға қатысты кепіл беруші мен кепіл ұстаушының бұйрықтарын беруге жол беріледі.
Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы эмиссиялық бағалы қағаздардың ауыртпалығына байланысты операцияларға қатысты кепіл беруші мен кепіл ұстаушының бұйрықтарын орындау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында және орталық депозитарийдің (тіркеушінің) ішкі құжаттарында айқындалады.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеу құқықтары кепiлге берiлген, кепiл ұстаушының пайдасына кепiл берушiнiң шотындағы бағалы қағаздарға ауыртпалық салу және кепiл ұстаушыға оның пайдасына бағалы қағаздарға ауыртпалық салу туралы жазба жасалатын жеке шот ашу (мұндай болмаған жағдайда) арқылы жүзеге асырылады. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайда уәкілетті орган кредит (қарыз) берген кезде оның біржақты бұйрығының негізінде мәмілелерді тіркеуді қоспағанда, кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң тоқтатылуына байланысты эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлі тоқтатылған жағдайда, бағалы қағаздардан ауыртпалықты алып тастауды тipкeушi (номиналды ұстаушы) мәмiлеге қатысушылардың қарсы бұйрықтары негiзiнде жүзеге асырады.
3. Кепiл берушi эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда мәмiленi тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, кепiлге берiлген затты өндiрiп алу арқылы кепiлдiң тоқтатылғанын растайтын құжаттар негізiнде жүзеге асырылады.
4. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кепiл құқықтарын тiркеудiң ерекшелiктерi ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногындағы осы бағалы қағаздармен мәмiле жасауға байланысты орталық депозитарийдiң және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.
|
37-бап.Эмиссиялы бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілзатын тіркеу.
1. Эмиссиялы бағалы қағаздар бойынша құқықтарға кеплзатты тіркеу тәртібі, осы Заңмен, уәкілетті органның нормативті құқықтық актілерімен және орталық депозитарийдің ережелер жинағымен белгіленеді.
2. Эмиссиялы бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілзатын тіркеу осы баптың 3 және 4-бөлімдерінде белгіленген жағдайларды есепке алмағанда, кепілзат беруші және кеплзат иелерінің бұйрығына сәйкес орталық депозитариймен (атаулы иелермен) жүзеге асырылады.
Жылжымалы мүлік кеплзатының бірыңғай тізілімі арқылы, эмиссиялы бағалы қағаздарға ауыртпалық түсірумен байланысты, операцияларға қатысты кепілзат берушілер мен кепілзат иелерінің бұйрығын табыстауға рұқсат етіледі.
Жылжымалы мүліктің кепілзатының бірыңғай тізілімі арқылы, эмиссилы бағалы қағаздарға ауыртпалық түсірумен байланысты операцияларға қатысты кепілзат беруші және кепілзат иелерінің бұйрықтарын орындау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және орталық депозитарийдің ережелер жинағымен анықталады.
3. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банітер және банкілік қызмет туралы» Заңының 61-2 және 61-4 баптарымен көзделген операцияларды жүзеге асыру кезінде, эмиссиялы бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілзатын тіркеу, кепілзатқа берілетін, эмиссиялы бағалы қағаздар бойынша құқықтарды көрсетумен, аталған келісімдерді тіркеу үшін барлық қажетті мәліметтерден тұратын ауыртпалықты алып тастамай, кепілзат иелерінің бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
4. Депоненттер және олардың клиенттері арасында есептерді жүзеге асыру кезінде, депонентке кепілзатқа берілген бағалы қағаздар кепілзатын тіркеу және маржиналдық келісім бойынша қамтамасыз ету болып табылатын және аталған бағалы қағаздарға меншік құқығының өтуі, кепілзат иелерінің бұйрығы мен маржиналдық келісім шартынан тұратын брокерлік қызмет көрсету туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.
5. Депоненттің лицензиядан айрылған немесе депонентпен атаулы иелер ретінде клиенттер шотын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензияны ерікті қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда, ауыртпалықты алып тастамай, бағалы қағаздар иелері тізілімі жүйесінде аталған клиенттер шотына ауыртпалық жүктелетін депонеттің клиентіне тиесілі, бағалы қағаздарды аудару, орталық депозитарийдің көзделген ережелер жинағы тәртібінде жүзеге асырылады.
| «Doing Business» Дүниежүзілік Банкі Құнды қағаздар бойынша құқықтар кепілдерін есеп беру жүйесіндегі тіркеу шарттары және тәртібін жетілдіруі мақсатында, сонымен бірге осындай лицензияны депонентпен еркін түрде қайтару немесе құнды қағаздары нарығында қызметін іске асыруына лицензияны депонентпен айрылуы жағдайында таласы бар құнды қағаздары бойынша құқықтарын есепке алуы қатысында орталық депозитарий әрекеттерін анықтау. |