«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте



жүктеу 14,34 Mb.
бет23/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   213

Сонымен қатар КК 63 бабына және 64 баптың 1 тармағына сәйкестендіру қажет, олар бойынша тек жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктрі ғана аккредиттеуге жатады. Бұл ретте коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу заңнамада қарастырылмаған.

Осыған байланысты «мүдделі коммерциялық емес ұйымдар» түсінігін қарастыруды ұсынамыз.




64-бап. Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері



4. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнi әзiрлейтiн мемлекеттiк орган, мемлекеттiк құпияларды құрайтын нормативтiк құқықтық актілерді қоспағанда, оны сараптамалық кеңестiң қарауына енгiзедi.

5. Осы Кодекстің 66-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сараптамалық кеңес нормативтік құқықтық актінің жобасын, Қазақстан Республикасы халықаралық шартының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шартты қарауды оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне жіберу арқылы отырыс өткізбей жүзеге асыруы мүмкін..

64-бап. Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері



4. Алынып тасталсын.

5. Алынып тасталсын.

Сарапшылық кеңестер

Кәсіпкерлік кодекстің 65 бабына, сонымен қатар «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 19 бабына сәйкес, орталық мемлекеттік, жергілікті өкілдік және атқарушы органдары кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық акт жобасын сараптама қорытындысын алу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктріне және Ұлттық палатаға жіберетінін, ал олар өз кезегінде орталық мемлекеттік, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар жанындағы сарапшылық кеңестер құрамына кіретінін ескеріп, қайталауды болдырмау мақсатында бұл ережелерді алып тастауды ұсынамыз.




65-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердi әзірлеу және қабылдау ерекшеліктерi

1. Орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Ұлттық палатаға жiбередi.

Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды беру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті өкілді және атқарушы органдар белгілейтін мерзім ол жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Ұлттық палатаға келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.

65-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердi әзірлеу және қабылдау ерекшеліктерi

1. Орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар мемлекеттік құпияны құрайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Ұлттық палатаға және (немесе) мүдделі коммерциялық емес ұйымдарға жiбередi.

Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды беру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті өкілді және атқарушы органдар белгілейтін мерзім ол жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Ұлттық палатаға, мүдделі коммерциялық емес ұйымдарға келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.

Сарапшылық кеңестер

КК 63 бабына және 64 баптың 1 тармағына сәйкестендіру қажет, олар бойынша тек жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктрі ғана аккредиттеуге жатады. Бұл ретте коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу тәртібі заңнамада қарастырылмаған.

Осыған байланысты «мүдделі коммерциялық емес ұйымдар» түсінігін қарастыруды ұсынамыз.




 66-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларының тұжырымдамалары, нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сараптамалық қорытындылар

1. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Ұлттық палата мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және заң жобасының тұжырымдамасына, нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн оның жобасына, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келесі әрбiр келiсу кезінде мiндеттi қосымша болып табылады.

 3. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіскен кезде заң жобасының тұжырымдамасына, нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Ұлттық палатаға келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар заң жобасының тұжырымдамасына, нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.


     



66-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларының тұжырымдамалары, нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сараптамалық қорытындылар

1. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Ұлттық палата, мүдделі коммерциялық емес ұйымдар мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және заң жобасының тұжырымдамасына, нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн оның жобасына, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келесі әрбiр келiсу кезінде мiндеттi қосымша болып табылады.

 3. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіскен кезде заң жобасының тұжырымдамасына, нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
     Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Ұлттық палатаға
және (немесе) мүдделі коммерциялық емес ұйымдарға келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар заң жобасының тұжырымдамасына, нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.

жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау