«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің қабылданбаған ұсыныстары бойынша
анықтама
«Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені бірлестігінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (бұдан әрі - Қауымдастық)
Қызметкер қайтыс болған жағдайда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдыру бөлігінде 31-баптың 2-тармағына енгізілетін толықтыруға қатысты
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) – бұл агенттер (жұмыс берушілер) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шартты зейнетақы шотына салатын ақша.
Жарналар капиталданады және қаржы құралдарына инвестицияланады.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына (бұдан әрі – Тұжырымдама) сәйкес шартты міндеттемелерді есепке алу Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) ашылған жеке шоттарда жүргізіледі, бұл ретте жинақтар шартты болып табылады, мұраға қалдырылмайды және жүйеге қатысушының меншігі болып табылмайды.
Осыған байланысты қызметкер қайтыс болған жағдайда ЖМЗЖ мұраға қалдырылмайды.
Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы:
Жұмыс берушінің 5 %-дық міндетті зейнетақы жарналарын Өмірді сақтандыру компанияларына аудару жөніндегі ұсынысқа қатысты
Қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуды және салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының есебін жүргізуді жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады.
БЖЗҚ-ның жалғыз құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Бұл ретте инвестициялық стратегияны Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес бекітеді, оны құру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
Осылайша, қосымша 5 %-дық ЖМЗЖ қаржы құралдарына инвестицияланады және міндетті зейнетақы жарналары тәрізді қағидаларда ескерілетін болады.
Мемлекет 5 %-дық ЖМЗЖ сақталуына кепілдік береді және ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін өмір бойы жүзеге асыру міндеттемелеріне жауапты болады.
Сонымен бірге, қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес Өмірді сақтандыру компаниялары (бұдан әрі – ӨСК) уәкілетті органның тиісті лицензиясының негізінде «өмірді сақтандыру» саласындағы сақтандыру шарттарын жасау және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.
Бұл ретте ӨСК пруденциалдық нормаларды сақтамаған жағдайда лицензияларынан айрылуы мүмкін, бұл қаржылық тұрақсыздыққа, сондай-ақ міндеттемелерді және зейнетақы төлемдерін уақтылы жүзеге асыруды орындамау қаупіне алып келеді.
Осылайша, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының 5 %-дық жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын Өмірді сақтандыру компанияларына аудару жөніндегі ұсынысы орынсыз (БЖЗҚ мен Өмірді сақтандыру компанияларына заңнамалық тұрғыдан жүктелген функцияларды есепке ала отырып) деп есептейміз.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын Өмірді сақтандыру компанияларына аудару көзделмеген.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы жүйесін және белгілі бір шарттарда жинақталған қаражатты пайдалануға мүмкіндік беретін қосымша құралдарды дамытуға қатысты
Қазақстан Республикасында 1998 жылы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын зейнетақымен қамсыздандырудың ынтымақты жүйесінен зейнетақымен қамсыздандырудың теңгерімді көпдеңгейлі жүйесіне көшу басталды.
Базалық деңгейде – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы ҚР Заңы 4-бабының 2-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға базалық зейнетақы төлемі беріледі, ол еңбек өтілі мен бұрын алған табысына қарамастан барлығына бірдей мөлшерде белгіленеді.
Міндетті деңгейде – зейнеткерлерге мемлекеттік бюджеттен ынтымақты (еңбек) зейнетақы және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақтаушы зейнетақы төленеді.
Үшінші қосымша деңгейде – зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне қатысушыларға ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері төленеді.
Осылайша, бүгінгі таңдағы ерікті деңгейде ерікті зейнетақы жарналары белгіленген, оларды міндетті зейнетақы жарналарына қарағанда алушы – жеке тұлғаның пайдасына үшінші тұлғалар (заңды немесе жеке тұлға) төлей алады.
Сонымен қатар ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің тәртібі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды тараптардың келісуі бойынша белгіленеді.
Бұл ретте зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің пайдасына енгізілетін ерікті зейнетақы жарналарының сомасы салық «шегерімдеріне» жатқызылған (ҚР Салық кодексі 166-бабының 1-тармағының 3) тармақшасы).
Осылайша азаматтардың әл-ауқатын арттыруға арналған база ретінде ерікті зейнетақы жинақтарын қалыптастыру бойынша азаматтардың мүдделерін сақтау жөнінде заңнамалық база құрылды (ерікті зейнетақы жарналары мөлшерлемелерінің көлемі айқындалмаған, жарналар үшінші тұлғалардың пайдасына төленуі мүмкін және т.б.).
Өздеріңізге белгілі болғандай, жаңғыртудың бірінші кезеңінде жаңадан «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы қабылданды, бүгінде зейнетақы жүйесін жаңғыртудың екінші кезеңі іске асырылуда, келесі кезеңде ерікті жинақтаушы жүйе жаңғыртылатын болады.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП):
24-бапты 4-1-тармақпен толықтыруға, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жұмыс істейтін азаматтардың өтініштері негізінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – МКЗЖ) төлеу бойынша құқықтық қатынастарға қатысу құқығына қатысты
Аталған норма міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша, азаматтық-құқықтық шарттар негізінде жұмыс істейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жұмыс істейтін азаматтардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеумен байланысты мәселелерді реттеу мақсатында енгізілуде.
Алайда бұл норма МКЗЖ төлеу нормаларына қолданылмайды, себебі МКЗЖ қызметкердің табысынан емес, жұмыс берушінің (агенттің) қаражаты есебінен аударылады.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Достарыңызбен бөлісу: |