«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте


Халықаралық Банктің «Doing Business»



жүктеу 14,34 Mb.
бет20/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   213

Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

Құқықтық вакуумның пайда болуына байланысты құзыретін жатпайтын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын беру үшін жауапкершілік белгілеу мақсатында енгізіледі




321-бап. Құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру

Құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру –

жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға – бір жүз алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


321-бап. Құрылысты техникалық және (немесе) авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру

Құрылысты техникалық және (немесе) авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру –

жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға – бір жүз алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

Жауапкершілікті бөлу мақсатында.




322-бап. Үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау

1. Қолданыстағы ғимараттардағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз және жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiстi шешiмiнсiз заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау –

жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – тоқсан, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


322-бап. Үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және (немесе) қайта жоспарлау

1. Қолданыстағы ғимараттардағы тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз және жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiстi шешiмiнсiз заңсыз қайта жабдықтау және (немесе) қайта жоспарлау –

жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – тоқсан, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

Жауапкершілікті бөлу мақсатында.



392-бап. Теңіздегі кеме қатынасына, балық аулауға кедергі жасайтын және зиян келтіретін етіп теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыру




2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында пайдалы қазбалар кен орындарының бүлiнуiне әкеп соғуы, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруі мүмкiн, жанды ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруi не қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi жасауы мүмкiн, суасты кәбілдерiн немесе құбыржолдарын Қазақстан Республикасының аумағына өз бетімен шығару немесе оларды Қазақстан Республикасының континенттік қайраңына өз бетімен төсеу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

құқық бұзушылық жасау кемесі мен құралдары тәркiлене отырып не онсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

392-бап. Теңіздегі кеме қатынасына, балық аулауға кедергі жасайтын және зиян келтіретін етіп теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыру


2. Алынып тасталсын.

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

құқық бұзушылық жасау кемесі мен құралдары тәркiлене отырып не онсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


Мемлекеттік бақылау және қадағалау

Оңтайландыру және қайталауды болдырмау, сонымен қатар ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің бизнеске қысымын азайту үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінен алып тастау ұсынылады.




418-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерге қойылатын ұлттық стандарттарды бұзу

1. Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау, пайдалану және орналастыру –

жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


418-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына, қойылатын Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау, пайдалану және орналастыру:

- жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.



жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау