16-1) жоқ
7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:
...
16-1) халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін қызметтердің тарифтерін құрылдымдау әдістемесін әзірлейді және бекітеді.
|
Қазақстан Республикасының еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің маңызды мәселердің бірі мемлекеттік саясатты құру және оны жүзеге асыру, салааралық үйлестіру мен жұмыспен қамту саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру болып табылады.
Осыған орай, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдардың құзыретін аталған өкілетімен кеңейту қажет.
|
|
7-баптың
21)-тармақшасы
|
7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:
...
21) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру тәртібін, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
…
|
7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:
...
21) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту тәртібін, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
…
|
Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамасын еңбек шартының жарамдылық мерзіміне бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығын көздейтін «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 34-бабы 1-тармағына сәйкестендіру мақсатында
|
|
7-баптың
24)-тармақшасы
|
7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:
...
24) жұмысқа орналастырудың жеке картасын және оны толтыру нысанын әзірлейді және бекітеді;
...
|
7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:
...
24) жұмыспен қамтудың жеке картасының нысанын және оның жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
...
|
«Жұмыспен қамту» термині «жұмысқа орналастыруға» қарағанда ауқымды және құжат мазмұнын қамтымайды. «Уақытша жұмыспен қамту» (қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары), сондай-ақ кәсіптік оқыту – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары ретінде осы түсініктен тыс болып табылады.
1-баптың 18) тармақшасына енгізілетін түзетумен сәйкестендіру - жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат.
|
|
7-баптың
жаңа
26-1)-тармақшасы
|
7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:
...
26) әлеуметтік келісімшарттың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
26-1) жоқ

26-1) халықты жұмыспен қамту саласындағы аутсоринг шеңберінде ұсынылатын қызметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;
...
|
Осы шаралар жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуын кеңейту мақсатында енгізіледі.
|
|
7-баптың жаңа
26-2)-тармақшасы
|
7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:
...
26-2) жоқ
...
|
7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:
...
26-2) еңбек делдалдығы үшін өтініш берген және жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде ақпарат беру нысанын әзірлейді және бекітеді;
...
|
Заңнын 31-бабына сәйкес ЖЖҚА еңбек делдалдығы үшін өтініш берген және жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде халықты жұмыспен қамту орталығына ақпарат беруге міндетті.
Осыған байланысты, Министрліктің аталған нысандарды әзірлеуге және бекітуге құзыреті қажет.
|
|
7-баптың жаңа
26-3)-тармақшасы
|
7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:
...
26-3) жоқ
|
7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:
...
26-3) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарды құру туралы мәліметтердің беру тәртібін және нысанын әзірлейді және бекітеді.
|
Заң нормаларын іске асыру және мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындары туралы ақпаратты ұсыну бөлігінде мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың қызметін реттеу үшін жұмыс орындарының құрылуын мониторингілеуді орталық және жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ құрылған жұмыс орындары туралы деректерді ұсыну тәртібін және нысанын бекіту бойынша халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның құзыретін аталған бағдарламаларды іске асыруға жауапты уәкілетті атқарушы органдарға бекіту ұсынылады.
|
|
Жаңа 7-1-бап
|
7-1-бап жоқ
|
7-1-бап. Басқа орталық атқарушы органдардың құзыреттері.
1. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға жауапты орталық атқарушы органдар жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асырады және тиісті деректердің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
2. Білім беру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыланыду тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2) халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2) халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2) қалаларда кредит/микрокредит ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;
3) қалаларда микроқаржылық ұйымдар/екінші деңгейдегі банктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдендіру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
4) халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
|
Бүгінгі күні бағдарлама әкімшілері толық көлемде жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жүргізбейді және тиісінше нақты құрылған жұмыс орындары туралы ақпаратты білмейді. Мемлекет үнемі әлеуметтік-еңбек саласының жай-күйін жақсарту үшін әр түрлі бағдарламалар әзірлейтінін және іске асыратынын ескерсек, ұсынылып отырған норма орталық және жергілікті атқарушы органдардың мониторинг жүргізуін реттейді және қамтамасыз етеді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту үкіметтік бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың функцияларына сәйкестендіру мақсатында.
Бағдарламаға сәйкес «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларында айқындалады.
Микробизнесті ашу үшін микрокредиттер "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткеннен кейін не соңғы екі жыл ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты бар болса беріледі.
Бағдарламаның 5.1.2-бөлімі Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен білім беру ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы жүргізілетіні көзделген.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқу цифрлық сауаттылық дағдыларына, ағылшын тіліне және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша да өткізіледі.
|
|
8-баптың жаңа
1-1)-тармақшасы
|
8-бап. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы
...
2. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
еңбек нарығының жай-күйін бағалау, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың болжамы;
кадрларға қажеттілікті болжауды ұйымдастыруды және кадрларды кәсіптік даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру бойынша, сондай-ақ қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының іске асырылу барысын мониторингтеу, оларды бағалау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
жұмыспен қамту, еңбек көші-қоны және азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі ведомстволық статистикалық есептілікті жинауды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асырады.
1-1) жоқ
...
|
8-бап. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы
...
2. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
еңбек нарығының жай-күйін бағалау, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың болжамы;
кадрларға қажеттілікті болжауды ұйымдастыруды және кадрларды кәсіптік даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру бойынша, сондай-ақ қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының іске асырылу барысын мониторингтеу, оларды бағалау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
жұмыспен қамту, еңбек көші-қоны және азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі ведомстволық және әкімшілік статистикалық есептілікті, ақпаратты жинауды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асырады.
1-1) сұранысқа ие кәсіптер (мамандықтар), еңбек нарығының жай-күйі, бар мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері немесе кәсіптік бағдарлау құралдарын пайдалана отырып, кәсіптік оқытудан өту туралы интернет-ресурстар арқылы халықты хабардар ету;
...
|
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Еңбек ресурстарын дамыту орталығы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша, оның ішінде еңбек нарығының жай-күйін бағалау, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың болжамы және әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін қолдау мәселелері бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Осыны ескере отырып, интернет-ресурсты қолдау бойынша функция мақсатқа сай.
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 13-бабына сәйкес Оператор уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және оларды қолдап отыруды жүзеге асырады.
|
4.
|
8-баптың жаңа 2-1)-тармақшасы
|
8-бап. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы
...
2. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы:
...
2) әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелеріне арналған бағдарламалық-аппараттық құралдардың және байланыс арналарының жұмыс істеуін, мемлекеттік органдардың басқа да ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды және ықпалдастықты ұйымдастыруды қоса алғанда, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін қолдауды;
2-1) жоқ

2-1) интернет-ресурсты қолдауды;
...
|
Халықты жұмыспен қамту орталықтарының тиімді қызмет етуі мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтарыынң қызметкерлеріне аттестация жүргізу ұсынылады. Осы іс-шара жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша сапалы қызмет көрсету, сондай-ақ құзыреттіліктің сәйкес келу деңгейін анықтау мақсатында қызметкерлердің біліктілігін көтеуге мүмкіндік береді.
|
|
8-баптың жаңа 4) және 5)-тармақшалары
|
8-бап. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы
...
2. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы:
...
3) Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық және консультациялық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды жүзеге асырады.
4) жоқ
5) жоқ

4) ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік еңбе саласында консультациялық қызметтер көрсету;
5) халықты жұмспен қамту орталықтарының қызметіне бағалау жүргізу.
|
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының кәсіптік бағдарлауды пайдалана отырып, хабардар ету жөніндегі қызметі білім беру саласындағы орталық уәкілетті органның келісімі бойынша әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өту тәртібін әзірлеу және бекіту бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреттілігін тиімді іске асыруға ықпал ететін болады. (7-баптың 13-тармағы).
Осы толықтыру жұмыспен қамту саласына қатысушылардың өзара әрекеттесу процесіне интернет-порталдың енгізілуіне қажет.
|
|
9-баптың жаңа 10-1)-тармақшасы
|
9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды:
1) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу;
...
10) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жарғысын бекіту;
10-1) жоқ
...
|
9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды:
1) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу;
...
10) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жарғысын бекіту
10-1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы ережені және аудандық (қалалық) комисиия ережелені бекіту;
...
|
Халықты жұмыспен қамту туралы Заңының халықты жұмыспен қамту мәселері жөніндегі уәкілетті органы әзірлейтін және бекітетін типтік құжаттарды қоса алғандағы жарғы мен ережені әзірлеу және бекіту бөлігімен сәйкестендіру
|
|
9-баптың жаңа 11-1)-тармақшасы
|
9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды:
1) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу;
...
11) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау;
11-1) жоқ

11-1) жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жүргізу және тиісті мәліметтерді халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға беру;
...
|
Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдар әзірлеуге және іске асыруға жауапты жұмыс орындарын құруға мониторингті жүзеге асыру мақсатында.
|
|
11-баптың 9)-тармақшасы
|
11-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;
…
9) жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;
…
|
11-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;
…
9) жұмыссыздың жұмыспен қамту жеке картасын жүргізеді;
…
|
1-баптың 18-тармағына енгізілген түзетулермен - жеке деректер, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат - жұмысқа орналастырудың жеке картасына сәйкестендіруге келтіру.
|
6.
|
11-баптың 11)-тармақшасы
|
11-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы
…
11) еңбек делдалдығын көрсетеді;
|
11-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы
…
11) жеке немесе интернет-ресурс арқылы жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және басқа да жүгінген адамдарға еңбек делдалдығын көрсетеді
|
Еңбек делдалдығы үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің қызмет көрсету спектрін кеңейту ұсынылады.
Заң жобасына Президенттің жолдауы мен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде азаматтарға интернет-ресурс делдалдығымен жүгінуге мүмкіндік беретін «Еңбек Биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы енгізілуде.
|
|
11-баптың жаңа 11-1) және 11-2) тармақшалары
|
11-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы
…
|