«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте



жүктеу 1,23 Mb.
бет6/6
Дата25.11.2017
өлшемі1,23 Mb.
#1982
1   2   3   4   5   6

1) жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына;

2) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоныс аударушыларды және оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі.



24-бап. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу

1. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналастыру үшін жаңа тұрғылықты жерге:


1) алып тасталсын

2) Ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесуді көздейтін «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту және көші-қон салаларындағы үкіметтік бағдарламаларына сәйкес, қоныс аударушыларды және оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі.



Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламаға қатысушыларды ерікті түрде қоныстандыру жұмыс күші көп облыстардан (шығу өңірлері) жұмыс күші тапшы облыстарға (келу өңірлері) жүзеге асырылады.

Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары кейінгі 10 жылда облыстағы халық саны жыл сайын 2 %-ға артық өсетін және/немесе халқының тығыздығы шаршы метрге 6,4 артық адамды құрайтын шығу өңірлері деп айқындалған.

Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру үшін өңірлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады («Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысы).




24-баптың 4 тармағының 1)-тармақшасы


24-бап. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу

4. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде ерікті қоныс аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау:



1) жұмыскердің қоныс аударуы жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің қоныс аударуына, соған байланысты шығыстардың орнын толтыруға субсидиялар беруді;
...

24-бап. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу

4. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде ерікті қоныс аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау:



1) жұмыскердің қоныс аударуы жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің қоныс аударуына, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарды өтеуге субсидиялар беруді;

...


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламаға сәйкес.



26-баптың 4-тармағы

26-бап. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру

...


4. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналастырудың жеке картасына тиісті өзгерістерді уақтылы енгізеді.

Статья 26. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру

...


4. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтудың жеке картасына тиісті өзгерістерді уақтылы енгізеді.

«Жұмыспен қамту» термині «жұмысқа орналастыруға» қарағанда ауқымды және құжат мазмұнын қамтымайды. «Уақытша жұмыспен қамту» (қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары), сондай-ақ кәсіптік оқыту – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары ретінде осы түсініктен тыс болып табылады.

1-баптың 18) тармақшасына енгізілетін түзетумен сәйкестендіру – жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат.




28-бап 1-тармағының 5) тармақшасы

28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы
1. Жұмыс берушiлер халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекет саясатын iске асыруға:

...


5) қоғамдық жұмыстарды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын құру;

28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы
1. Жұмыс берушiлер халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекет саясатын iске асыруға:

...


5) қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын құру;

Заңның 21-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын құрады. Осыған байланысты, жұмыс берушінің жастар практикасы үшін де жұмыс орындарын құруда қатысуы туралы норма сәйкестендіріледі.





28-баптың 1-тармағының 6) және 8) тармақшалары

28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы
1. Жұмыс берушiлер халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекет саясатын iске асыруға:

...


6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бар бос орындарға қабылдау;

6-1) жоқ

...


8) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық деректер базасына сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос орындар және жұмыс орындарын болжамды құру туралы деректерді ұсыну;


28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы
1. Жұмыс берушiлер халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекет саясатын iске асыруға:

...


6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша жеке немесе интернет-ресурст арқылы, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бар бос орындарға қабылдау;
6-1) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық деректер базасын құруға қатысу;

...


8) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық деректер базасына, оның ішінде интернет-ресурс арқылы сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос орындар және жұмыс орындарын болжамды құру туралы деректерді ұсыну;

Интернет ресурсты пайдалану ақпарат алмасуды, уақтылылықты, жұмыспен қамту саласына қатысушылар арасындағы ұйымдастырушылық процесті жақсартады., бұл өз кезегінде жұмыссыздың жұмысқа орналасу процесін жеілдетеді.




28-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы

28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы

...


2. Жұмыс беруші:

1) бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жiберуге;



28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы

...


2. Жұмыс беруші:

1) бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, мемлекеттік қызметшілердің, Парламент және мәслихат депутаттарының, әскери қызметте тұрған Қазақстан Республикасы соттарының, арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдегерлік қызметтің, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің және оның ведомстволарының бос жұмыс орындарын қоспағанда, мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша немесе интернет-ресурс арқылы жiберуге;



Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметке, құқық қорғау органдарына, сондай-ақ Ұлттық банкке қызметке қабылдау рәсімдері халықты жұмыспен қамту орталығы беретін жолдамалар негізінде жұмыссыз тұлғаларды мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдарының, Ұлттық банк қызметшілерінің лауазымдарына қабылдауға жол бермейді.





28-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы

28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы

...


2. Жұмыс беруші:

...


2) жұмыс беруші — заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші — жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкелетін өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуі кезінде алдағы уақытта жұмыскерлердiң жұмыстан босайтыны туралы, босатылатын жұмыскерлердiң лауазымдары мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, жұмыстан босатылуы мүмкiн жұмыскерлердiң саны мен санаттары туралы және олар жұмыстан босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын халықты жұмыспен қамту орталығына толық көлемде ақпарат беруге;

...



28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы

...


2. Жұмыс беруші:

...


2) жұмыс беруші — заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші — жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкелетін өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуі кезінде алдағы уақытта жұмыскерлердiң жұмыстан босайтыны туралы, босатылатын жұмыскерлердiң лауазымдары мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, жұмыстан босатылуы мүмкiн жұмыскерлердiң саны мен санаттары туралы және олар жұмыстан босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша немесе интернет-ресурс арқылы толық көлемде ақпарат беруге;

...


Интернет-ресурсты пайдалану ақпарат алмасуды, уақтылылықты, жұмыспен қамту саласына қатысушылар арасындағы ұйымдастырушылық процесті жақсартады.






28-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы

28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы

...


2. Жұмыс беруші:

...


4) жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы себебiн көрсете отырып, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы дер кезiнде (жұмысқа орналастыру үшін жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) халықты жұмыспен қамту орталығына хабарлауға;



28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы

...


2. Жұмыс беруші:

...


4) жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы себебiн көрсете отырып, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы дер кезiнде (жұмысқа орналастыру үшін жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде), оның ішінде интернет-ресурс арқылы халықты жұмыспен қамту орталығына хабарлауға;

Интернет ресурсты пайдалану ақпарат алмасуды, уақтылылықты, жұмыспен қамту саласына қатысушылар арасындағы ұйымдастырушылық процесті жақсартады.





28-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы

28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы

...


2. Жұмыс беруші:

...


5) алған мамандығы мен біліктілігін көрсете отырып, кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және өндiрiсішілiк оқытудан өткендердің саны туралы мәліметтерді халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға;


28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы

...


2. Жұмыс беруші:

...


5) алып тасталсын


Алған мамандығын және біліктілігін көрсете отырып, кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және өндіріс ішінде оқудан өткен адамдар саны туралы деректер жұмыс берушілердің өз бастамалары және өз қаражаты есебінен құрылатынын ескере отырып, жұмыс берушінің уәкілетті органға (халықты жұмыспен қамту орталығына) көрсетілген деректердің ұсынылуы туралы норма бүгінгі күнге өзектендіруді талап етеді.

Осыны ескере отырып, жұмыс берушілерден қосымша ауыртпашылықты алу (жұмыс берушілердің артық есептілігі мен құжаттандаруы бөлігінде) мақсатында аталған норманы, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 98-бабы 1-бөлігінің 5) тармақшасына сәйкес жұмыс берушінің жауапкершілігін алып тастау ұсынылады.





28-баптың 2-тармағының 9-1) жаңа тармақшасы

28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы

...


2. Жұмыс беруші:

...


9) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдар жүргізуге;

9-1) жоқ

28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы

...


2. Жұмыс беруші:

...


9) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдар жүргізуге;

9-1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес қызметкерлердің аударымдары және (немесе) жарналарын есептеуге (ұстауға) және аударуға;

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкестендіру, онда жұмыскерлердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды жұмыс берушілер жұмыскерлердің кірістері есебінен жүзеге асырады.





28-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы

28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы

...


3. Жұмыс берушінің:

...


4) қоғамдық жұмыстарды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысуға, уақытша сипаттағы жұмыстардың басқа да түрлерін ұйымдастыруға және жүргізуге;


28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы

...


3. Жұмыс берушінің:

...


4) қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар практикасын ұйымдастыруға қатысуға, уақытша сипаттағы жұмыстардың басқа да түрлерін ұйымдастыруға және жүргізуге;

Редакцияны нақтылау. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына сәйкес жұмыс берушілер жастар практикасын ұйымдастыруға да қатысады.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңға сәйкес жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын құрады (21-бап).




30-бап

30-бап. Еңбек делдалдығын көрсету
Жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және басқа да жүгінген адамдарға осы Заңның 11, 31-баптарына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтары, жеке жұмыспен қамту агенттіктері еңбек делдалдығын көрсетеді.

2. жоқ

30-бап. Еңбек делдалдығын көрсету
1. Жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және басқа да жүгінген адамдарға осы Заңның 11, 31-баптарына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтары, жеке жұмыспен қамту агенттіктері еңбек делдалдығын көрсетеді.

2. Халықты жұмыспен орталығы жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерімен халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерді аутсорсингілеу туралы шарт жасасуға құқығы бар, осы шартты жасасқан күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органды хабардар етеді.

Халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерді аутсорсингілеу туралы шарт жасасу туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығы интернет-ресурста оны жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде орналастырады.

Тәжірибе көрсеткендей және халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес Қазақстанда жұмыс берушілер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің қызметтерін көп пайдаланады.

Осыған орай, еңбек делдалдығы үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері көрсететін қызметтердің ауқымын кеңейту ұсынылады.

Осы толықтыру жергілікті атқарушы органдардың, халықты жұмыспен қамту орталықтарының және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің өзара әрекеттесуін реттеу және ұйымдастыру мақсатында енгізіледі.





31-бап

31-бап. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi

2. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi:



1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанына жол бермеуге;

...


5) еңбек делдалдығы үшін өтініш берген және жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде халықты жұмыспен қамту орталығына тоқсан сайын ақпарат беруге;

31-бап. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi

2. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi:



1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанына жол бермеуге;

...


5) еңбек делдалдығы үшін өтініш берген және жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша немесе интернет-ресурс арқылы ай сайын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысандарға сәйкес ақпарат беруге;

Өз қызметінің барлық сұрақтарын, қызмет көрсету, ақпарат беру, халықты жұмыспен қамту орталықтарынан еңбек нарығының жайкүйі туралы тегін ақпарат алуды және басқаларды жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері интернет-ресурстарда жүзеге асыра алады, бұл өз кезегінде олардың қызметіне әсер етеді, оларды сапалы және жылдам көрсетуге ықпал етеді.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган іске асырылып жатқан үкіметтік бағдарламалар бойынша тиісті есептілік ұсыну үшін еңбек делдалдығына өтініш білдірген және кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде жұмысқа орналасқан тұлғалар саны туралы ақпаратты ұсыну нысандарын әзірлейтінін және бекітетінін ескере отырып, аталған мәліметтер өзектендіруді талап етеді жәнеай саынғы негізде қажет.


  1. 1

32-баптың 2-тармағының 9) тармақшасы

32-бап. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота

...


2. Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және жұмыс берушілерге шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру туралы нормалары:

...


9) Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

32-бап. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота

...


2. Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және жұмыс берушілерге шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру туралы нормалары:

...


9) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ;

Редакцияны нақтылау

Қолданыстағы редакция құқықтық коллизияны қамтиды, «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шетелдiктер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттары белгiлеген негiз бен тәртiпте Қазақстан Республикасында еңбек қызметiмен шұғылдана алады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасы азаматтарының сияқты құқықтары және міндеттері бар.

Қолайлы инвестициялық климат құру мақсатында





32-баптың 2-тармағының жаңа 10) және 11) тармақтары

32-бап. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота

...


10) жоқ;

11) жоқ.

32-бап. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота

...


10) шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып істейтін;

11) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын еңбек қызметін іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаттары талап етілмейтін адамдар тізбесінде көзделген адамдарға қолданылмайды.

Редакцияны нақтылау.

«Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес шетелдiктер Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттары белгiлеген негiз бен тәртiпте Қазақстан Республикасында еңбек қызметiмен шұғылдана алады. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек ету бостандығына конституциялық құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында заңнамалық актілермен Қазақстан Республикасында шетелдіктердің еңбек қызметін іске асыруы бойынша шектеулер белгіленуі мүмкін.





33-баптың 2-тармағы

33-бап. Жұмыс берушілердің шетелдiк жұмыс күшiн тартуы
2. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын адамдарды қоспағанда, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар береді және (немесе) оларды ұзартады не рұқсаттар беруден, ұзартудан бас тартады, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.

33-бап. Жұмыс берушілердің шетелдiк жұмыс күшiн тартуы
2. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар береді және (немесе) оларды ұзартады не рұқсаттар беруден, ұзартудан бас тартады, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру тетігін жетілдіру мақсатында





34-баптың 2-тармағы

34-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы

...


2. Экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін еңбек нарығындағы алдағы жылға (жылдарға) арналған сұраныс пен ұсыныс жағдайының болжамын және мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.


34-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы

...


2. Экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын ескере отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.


Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 265-бабының 2-тармағына сәйкес, Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган тиiстi мамандарға қажеттiлiк туралы индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi ұсынатын мәлiметтер негiзiнде экономиканың басым секторлары үшiн мамандар даярлау қажет етiлетiн мамандықтардың тiзбесiн айқындау жөнінде ұсыныстарды қалыптастырады.

Бұдан басқа, біліктілігі жоғары шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда да байқалады.

Сонымен қатар, жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігі шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны қалыптастыру кезінде қаралады, осыған орай жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде экономиканың басым салаларында сұранысқа ие кәсіпкердің тізімін айқындауды алып тастау қажет.






34-баптың 3 және 4-тармақтары

34-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы



3. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алу үшін Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін, Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді.

Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында болған жағдайда, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алу үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді.
Жоқ

4. Анықтама беру тәртібі мен шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың біліктілігі және білім деңгейіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ өз бетінше жұмысқа орналасу үшін экономиканың басым салаларының (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

34-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы



3. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алу үшін Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін, Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді.

Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында болған жағдайда, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алу үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді.

Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасқан кезде, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін анықтама берген күннен бастап үш айдың iшiнде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға анықтаманы ұзарту үшін, еңбек шартының мерзімін үш жылдан аспайтын мерзімге өтініш береді.

4. Анықтама беру немесе олардың ұзарту тәртібі мен өз бетінше жұмысқа орналасқан кезде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың біліктілігі және білім деңгейіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ өз бетінше жұмысқа орналасу үшін экономиканың басым салаларының (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.







Вице-министр Б.Нұрымбетов
жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау