«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте

жүктеу 1,23 Mb.
бет3/6
Дата25.11.2017
өлшемі1,23 Mb.
#1982
1   2   3   4   5   6

8) алып тасталсын

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 401 Жарлығының 1-тармағына сәйкес.

  1. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы

28-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы

28-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойылатын талаптар
1. Көлік құралдарын пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер:

...

  1. жүргізушілерді рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап тексеруден өткізуді қамтамасыз етуге;

...

28-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойылатын талаптар
1. Көлік құралдарын пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер:

6) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 155-бабына сәйкес жүргізушілерді рейс алдындағы, рейстен кейінгі медициналық куәландырудан өткізуді қамтамасыз етуге;

Еңбек кодексінің 181, 185-баптарына медициналық куәландыру тәртібін және оны бекіту бойынша құзыретті ақындау бөлігінде енгізілетін түзетулерге байланысты.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 155-бабына «рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеруді» «рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландыру» сөздеріне ауыстыру бөлігінде енгізілетін түзетулерге сәйкес.

С воссоединением Комитета по защите прав потребителей и Минздрава, правила проведения обязательных предрейсовых и послерейсовых медицинских осмотров водителей транспортных средств, разрабатываются уполномоченным органом в области здравоохранения.

  1. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы

5-баптың

8-1), 8-2), 8-3)

жаңа тармақшалары

5-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті

Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттер шегінде:

1) құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;
...

8) азаматтық, халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

8-1) жоқ;

8-2) жоқ;

8-3) жоқ;

8-1) құзыреті шегінде мемлекеттік органдарды мен жергiлiктi атқарушы органдарды халықтың көші-қоны мәселелері бойынша қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

8-2) көші-қон процестерін мониторингтеу, талдау және болжамдау жүзеге асырады;

8-3) көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласында шаралар жүйесін әзірлейді;

...

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 401 Жарлығының 1-тармағына сәйкес.

  1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы

1-баптың

10-тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялау арқылы оларды жұмысқа орналастыру үшiн халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс орны;

...

10) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялау арқылы оларды жұмысқа орналастыру үшiн халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс орны;

...

10) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, өтеулі қызмет көрсету туралы шарттың негізде еңбек делдалдығын және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;

Заңдағы түсініктерді бірыңғай қолдану үшін «жұмысқа орналасудағы делдалдықты» Заңның мәтінінде көрсетілгендей (6-бөлімнің 11, 17-баптары – Еңбек делдалдығы, 30-бап – Еңбек делдалдығын көрсету») «еңбек делдалдығына» ауыстыру ұсынылады.

Жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру мақсатында бүгінгі күнге Заңды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын (кәсіптік бағдарлау, кәсіптік оқыту) көрсету бойынша қызметтерді көрсету саласында жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің функцияларын кеңейтумен толықтыру қажет.

1-баптың

жаңа

13-1)-тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

...

13-1) жоқ

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

...

13-1) уақытша сипаттағы жұмыс – белгілі бір жұмыстың орындалу мерзіміне, уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру немесе маусымдық жұмысты орындау уақытына, он екі ай ұзақтығымен іске асырылатын еңбек қызметінің тиісті түрі болып табылады

Редакцияны нақтылау. «Уақытша сипаттағы жұмыс» түсінігі Заң мәтінінде анықтама, сондай-ақ аталған жұмыс түрлері сәйкес келетін өлшемдерді белгілеу үшін қажет.

1-баптың

18)-тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

18) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

...

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

18) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

...

«Жұмыспен қамту» термині «жұмысқа орналастыруға» қарағанда ауқымды және құжат мазмұнын қамтымайды. «Уақытша жұмыспен қамту» (қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары), сондай-ақ кәсіптік оқыту – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары ретінде осы түсініктен тыс болып табылады.

1-баптың 18) тармақшасына енгізілетін түзетумен сәйкестендіру - жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат.

1-баптың

34)-тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

...

34) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және осы Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

...

34) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және осы Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын заңды тұлға;

Ұсынылып отырған өзгеріс Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында берген тапсырмасына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтарын реформалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

1-баптың

38)-тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

...

37) шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат – Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тарту үшін жұмыс берушiге жергілікті атқарушы орган беретiн белгiленген нысандағы құжат.

...

38) жоқ

38) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

...

Үкіметтің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту үкіметтік бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың функцияларын сәйкестендіру мақсатында.

Бірінші бағыттың операторы болып Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі табылады. Білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы («Білім беру туралы» Заңның 1-бабының 13) т.).

1-баптың

39)-тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

...

39) жоқ

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

...

39) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

Бағдарламаның екінші бағытының операторлары болып «Бастау бизнес» жобасын және қалаларда микрокредит беру мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, 2018 жылдан бастап «Бастау Бизнес» жобасын және ауылдар мен шағын қалаларда микрокредит беруді іске асыру мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі табылады.

Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган болып жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган табылады (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 85-бабының 1-т.).

1-баптың

40)-тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

...

40) жоқ

...

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

...

40) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

...

Бағдарламаның екінші бағытының операторлары болып «Бастау бизнес» жобасын және қалаларда микрокредит беру мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, 2018 жылдан бастап «Бастау Бизнес» жобасын және ауылдар мен шағын қалаларда микрокредит беруді іске асыру мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі табылады.

1-баптың

жаңа

41)-тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

...

41) жоқ

...

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

...

41) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерді аутсорингілеу – халықты жұмыспен қамту орталықтарының өтеулі негізде қызмет көрсету шартының негізінде еңбек делдалдығы мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралар жөніндегі функцияларды жұмыспен қамтудың жекеше агентітктеріне беруге бағытталған шаралар кешені;

...

Еңбек нарығына қатысушылардың іс-қимылын біріктіру және олардың халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша іс-шараларды іске асыру кезінде олардың іс-қимылдарының келісуі мақсатында.

Осыны ескере отырып, жекеше жұмыспен қамту агенттіктерінің қатысуын кеңейту, «халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерді аутсорингілеу» терминін түсініктеме ретінде айқындау ұсынылады.

Өз кезегінде, жекеше жұмыспен қамту агенттіктерін тарту азаматтарды еңбек делдалдығы қызметтерімен және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтуды кеңейтуге септігін тигізеді.

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шілдедегі Заңына сәйкес аутсорсинг – көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпараттық-технологиялық функцияларды орындауды көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің көрсетілетін қызметтерді өтеулі ұсыну туралы шарттың (аутсорсинг туралы шарт) негізінде үшінші тұлғаларға беруі.

1-баптың

жаңа

42)-тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

...

42) жоқ

...

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

...

42) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;

...

Жұмыс іздеп жүрген тұлғалардың мүмкіндіктерін кеңейту, жұмыс берушілерге персонал таңдауда жәрдемдесу, сондай-ақ олардың жұмыспен қамту орталықтарымен және жекеше жұмыспен қамту агенттіктерімен толық әрекеттесуі мақсатында әлеуметтік-еңбек саласындағы интернет-порталдың қызмет жасауын заңнама деңгейінде бекіту қажет. Осы интернет-ресурс Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасының жұмыс іздеу үшін және персоналды таңдауда жәрдемдесу үшін құрамдас бөлігі болып табылады.

Сондай-ақ, ол жұмыс іздеу, тұлғаның жұмыссыз ретінде тіркелу рәсімін жеңілдетуге және тиісінше жұмыс берушілерге мамандарды таңдауды жеделдетуге септігін тигізеді. Интернет-ресурсты осылайша анықтау «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңы 1-бабының 49) тармақшасына сәйкес келеді, ол ақпараттындыру саласында салалық заң болып табылады.

1-баптың

жаңа

43)-тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

...

43) жоқ

...

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

...

43) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;

...

Осы толықтыру қолданыстағы заңнаманың нормаларын ескере отырып, жұмыссыздарды тіркеуді сапалы және жедел іске асыруға септігін тигізеді.

«Ақпараттындыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңы 1-бабының 28) тармақшасына сәйкес сәйкестендіріледі.

1-баптың

жаңа

44)-тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

...

44) жоқ

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

...

44) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңымен (1-баптың 4-тармақшасы) сәйкестендіріледі.

7-баптың

6)-тармақшасы

7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:

1) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарды, еңбек ресурстарын дамыту орталығын үйлестіруді жүзеге асырады;

...

6) мыналарды:

қоғамдық жұмыстарды;

әлеуметтік жұмыс орындарын;

жастар практикасын;

кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:

1) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарды, еңбек ресурстарын дамыту орталығын үйлестіруді жүзеге асырады;

6) мыналарды:

қоғамдық жұмыстарды;

әлеуметтік жұмыс орындарын;

жастар практикасын;

қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту үкіметтік бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың функцияларын сәйкестендіру мақсатында.

Аталған норма халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға – Бағдарлама әкімшісі ретінде құзыреті шегінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламаға сәйкес (5.1.2-бөлім) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу тетігі қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлер Бағдарламаға қатысуға өтінішпен халықты жұмыспен қамту орталықтарына/білім беру ұйымдарына/ӨКП-лерге/ауылдық округ немесе елді мекен әкіміне жүгінетіні және тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында көзделген құжаттарды ұсынатыны көзделген.

ТжКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыруды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Өз кезегінде, Бағдарламаға сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган қаржыландыруға қажеттілікті айқындайды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді.

7-баптың

13)-тармақшасы

7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:

...

13) білім беру саласындағы орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізудің тәртібін әзірлейді және бекітеді;

«Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 1-бабының 13) тармақшасына сәйкестендіру – «білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы».

7-баптың

15)-тармақшасы

7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:

...

15) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ведомстволық есептіліктер, тексеру парақтары, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары нысандарын әзірлейді және бекітеді;

...

7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:

...

15) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ведомстволық есептіліктерді әзірлейді және тексеру парақтары, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары нысандарын әзірлейді және бекітеді;

...

«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 8) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды, сондай-ақ оларды бекіту тәртібін бекітеді

Баяндалғандарға байланысты халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомстволық есептілік нысандарын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті бекітеді.

7-баптың жаңа

16-1)-тармақшасы

7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:

...

жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау