«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте

жүктеу 1,23 Mb.
бет1/6
Дата25.11.2017
өлшемі1,23 Mb.
#1982
  1   2   3   4   5   6

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте

р/с

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

  1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

50-баптың

1-тармағының жаңа

9) тармақшасы

50-бап. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер

1.Мыналар:

1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;

...

9) жоқ;

50-бап. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер

1.Мыналар:

1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;

...

9) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алымдар.

Салық кодексінің 55-бабының 1-тармағының 1) тармақшасының төртінші абзацына сәйкес Қазақстан Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алымдар көзделеді.

Сонымен қатар, Бюджет Кодексінде тиісті бюджетке салықтық түсімдер бойынша жоғарыда көрсетілген алымдардың ережелері қарастырылмаған.

Осыған байланысты, Бюджет Кодексінде тиісті бюджетке салық төлемдері бойынша түсімдерді нақтылайтын түзетулерді көздеу қажет.

51-баптың 1-тармағының жаңа 24) тармақшасы

51-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне түсетін түсімдер

1.Мыналар:

1) жеке табыс салығы;

...

24) жоқ;

51-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне түсетін түсімдер

1.Мыналар:

1) жеке табыс салығы;

...

24) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алымдар.

Жоғарыда көрсетілген нормаларға сәйкес

71-бап

71-бап. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу

...

3. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде:

кірістердің, трансферт түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, тапшылықтың (профициттің), тапшылықты қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемі;

жалақының, зейнетақының ең төменгі мөлшері, айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері;

жоқ

жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт көлемі;

арнайы резерв мөлшерін бөле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің мөлшері;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;

мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;

үкіметтік борыш лимиті;

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитi;

шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың көлемi;

басқа да ережелер қамтылуға тиіс.

жасы бойынша зейнетақы төлемдерін және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін арттыру мөлшері;

жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт көлемі;

арнайы резерв мөлшерін бөле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің мөлшері;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;

мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;

үкіметтік борыш лимиті;

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитi;

шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың көлемi;

басқа да ережелер қамтылуға тиіс.

Енгізілетін нормаға байланысты, оған сәйкес мемлекеттің қорға төлеуге жататын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленеді.

  1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі

155-баптың атауы

155-бап. Медициналық қарап-тексеру

155-бап. Медициналық қарап-тексеру және медициналық куәландыру

Еңбек кодексінің 181-бабының 2-тармағына және «Денсаулық туралы кодекстің» 1-бабының 1-тармағының 72) тармақшасына сәйкестікке келтіру мақсатында.

155-баптың

3-тармағы

155-бап. Медициналық қарап-тексеру

1. Медициналық қарап-тексерудің негізгі мақсаты денсаулықты қалыптастыруға және нығайтуға, ауруларды анықтауға және таралуының алдын алуға, оның ішінде кәсіптік аурулардың, уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алуға, сондай-ақ ұйымдар қызметкерлерінің, қандай да бір шаруашылық және (немесе) өндірістік қызметті жүзеге асыратын адамдардың еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық зерттеп-қарауды қамтамасыз ету болып табылады.

2. Медициналық қарап-тексеру міндетті және профилактикалық болуы мүмкін.

3. Міндетті медициналық қарап-тексерулер алдын ала, мерзiмдiк және ауысымалды болып бөлiнедi.

Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеру кәсібі немесе оқуы бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жұмысқа тұру немесе оқуға түсу кезінде жүргізіледі.

Мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексеру жұмыс істеушілердің денсаулық жағдайын динамикалық байқауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттік ауруларды тараптау мақсатында жүргізіледі.

Ауысымалды міндетті медициналық қарап-тексерулер жеке тұлғада аурудың барын немесе жоғын анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ еңбекке уақытша қабілетсіздігін, шығатын ауысымындағы жұмысқа кәсіптік жарамдылығын айқындау мақсаттарында жүргізіледі.

...

155-бап. Медициналық қарап-тексеру және медициналық куәландыру

1. Медициналық қарап-тексерудің негізгі мақсаты денсаулықты қалыптастыруға және нығайтуға, ауруларды анықтауға және таралуының алдын алуға, оның ішінде кәсіптік аурулардың, уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алуға, сондай-ақ ұйымдар қызметкерлерінің, қандай да бір шаруашылық және (немесе) өндірістік қызметті жүзеге асыратын адамдардың еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық зерттеп-қарауды қамтамасыз ету болып табылады.

2. Медициналық қарап-тексеру міндетті және профилактикалық болуы мүмкін.

3. Міндетті медициналық қарап-тексерулер алдын ала және мерзiмдiк болып бөлiнедi.

Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулер кәсібі немесе оқуы бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жұмысқа тұру немесе оқуға түсу кезінде жүргізіледі.

Мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жұмыс істеушілердің денсаулық жағдайын динамикалық байқауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.

алып тасталсын

Еңбек кодексінің 181-бабының 2-тармағына және «Денсаулық туралы кодекстің» 1-бабының 1-тармағының 72) тармақшасына сәйкестікке келтіру мақсатында

155-баптың 3-1-тармағы

155-бап. Медициналық қарап-тексеру

….
3-1. жоқ

….

155-бап. Медициналық қарап-тексеру және медициналық куәландыру

….

3-1. Ауысымалды (рейс алдындағы, рейстен кейінгі) міндетті медициналық куәландыру жұмыскерде ауру фактісінің барын немесе жоғын анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ еңбекке уақытша қабілетсіздігін, жұмысқа кәсіптік жарамдылығын айқындау мақсатында жүргізіледі.

...

Еңбек кодексінің 181-бабының 2-тармағына және «Денсаулық туралы кодекстің» 1-бабының 1-тармағының 72) тармақшасына сәйкестікке келтіру мақсатында

155-баптың 4-1-тармағы

155-бап. Медициналық қарап-тексеру

….
4-1. жоқ

155-бап. Медициналық қарап-тексеру және медициналық куәландыру

….

4-1. Ауысымалды (рейс алдындағы, рейстен кейінгі) медициналық куәландыруды талап ететін кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ ауысымалды медициналық куәландыруды жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның келісуі бойынша уәкілетті орган айқындайды.

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға ауысымалды (рейс алдындағы, рейстен кейінгі) медициналық куәландыруды өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту функциясын берумен байланысты.

155-баптың 8-тармағы

155-бап. Медициналық қарап-тексеру
….

8. Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес осындай қарап-тексеруге жататын адамдардың профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтуі үшін жағдай жасайды.

155-бап. Медициналық қарап-тексеру және медициналық куәландыру

….

8. Жұмыс берушілер осындай қарап-тексерулерге жататын адамдардың профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден өтуі үшін жағдай жасайды.

….

Жұмыс берушілер осы тексеруге жататын тұлғалардың тек ТМККК шеңберінде профилактикалық медициналық тексеру өтуі үшін ғана емес, жұмыс берушілер есебінен төленетін міндетті мерзімді медициналық тексеру шеңберінде өтуі үшін жағдай жасауға міндетті.

155-баптың 9-тармағы

155-бап. Медициналық қарап-тексеру
….

9. Жұмыс берушілер міндетті медициналық қарап-тексеруден өтпеген немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеуге тиіс.

155-бап. Медициналық қарап-тексеру және медициналық куәландыру

….

9. Жұмыс берушілер міндетті медициналық қарап-тексеруден өтпеген немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жібермеуге тиіс.

Жұмыс берушілер осы тексеруге жататын тұлғалардың тек ТМККК шеңберінде профилактикалық медициналық тексеру өтуі үшін ғана емес, жұмыс берушілер есебінен төленетін міндетті мерзімді медициналық тексеру шеңберінде өтуі үшін жағдай жасауға міндетті.

  1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі

83-бап

83-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзу

1. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын:

1) мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу;

2) мүгедектердің мәдени ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеу;

3) жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсіби ауруға шалдыққан мүгедектерді жұмыспен қамту және кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді жұмыс берушінің сақтамауы түрінде жасалған бұзушылық – лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

83-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзу

1. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын:

1) мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу;

2) мүгедектердің мәдени ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеу;

3) жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсіби ауруға шалдыққан мүгедектерді кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді жұмыс берушінің сақтамауы түрінде жасалған бұзушылық – лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Редакциялық түзету. Жұмыс берушілердің Заңда көзделмеген міндеттерін алып тастау үшін қажет.

Бұдан басқа, Заңның 28-бабы 2-тармағы 6) тармақшасына және ӘҚБК 98-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін белгіленген квотаны орындамағаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершіліктері көзделеді.

90-баптың

3-бөлімі

90-бап. Еңбек саласында кемсітушілікке жол беру

1. Еңбек саласында қызметкердің бірдей еңбегі үшін бірдей ақы алу құқығын бұзудан көрінген кемсітушілікке жұмыс берушінің жол беруі – лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, еңбек делдалдығын көрсететін жеке және заңды тұлғаның, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптар қамтылатын ақпаратты орналастыруы – жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

90-бап. Еңбек саласында кемсітушілікке жол беру

1. Еңбек саласында қызметкердің бірдей еңбегі үшін бірдей ақы алу құқығын бұзудан көрінген кемсітушілікке жұмыс берушінің жол беруі –лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Халықты жұмыспен қамту орталығының, еңбек делдалдығын көрсететін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптар қамтылатын ақпаратты орналастыруы – жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Заң нормаларына сәйскестендіру мақсатында редакциялық түзету (30-бап).

98-бап

98-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзу

1. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын:

1) уәкілетті органға жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, санның немесе штаттың қысқартылуына, жұмыс берушінің экономикалық ахуалының нашарлауына алып келген өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің азаюына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылуы туралы ақпарат бермеу;

2) уәкілетті органға бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар-жоғы туралы мәліметтерді бермеу, уақтылы бермеу;

3) жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны ұсынбау, уақтылы хабарламау;
4) мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамау;
5) уәкілетті органға кәсіптік даярлықтан, қайта даярлықтан және өндірісішілік оқытудан өткен адамдарға саны туралы алынған мамандық пен біліктіліктерді көрсете отырып мәліметтер ұсынбау түрінде жасаған бұзушылығы

– он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

98-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзу

1. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын:

1) уәкілетті органға жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, санның немесе штаттың қысқартылуына, жұмыс берушінің экономикалық ахуалының нашарлауына алып келген өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің азаюына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылуы туралы ақпарат бермеу;

2) халықты жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар-жоғы туралы мәліметтерді бермеу, уақтылы бермеу;

3) жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынбау, уақтылы хабарламау;

4) мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамау;

5) алып тасталсын

Заңның 28-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкестендіру.

98-баптың

4-бөлімі

98-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзу

...

4. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған немесе өздерінің қарамағында жұмысқа орналасуға рұқсат алған шетелдік қызметкерлер жұмыс істейтін жұмыс берушілердің алғашқы статистикалық деректерді ұсынбауы – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

98-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзу

...

4. Еңбек делдалдығын және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсететін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері халықты жұмыспен қамту орталығына еңбек делдалдығы үшін жүгінген және кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған немесе өздерінің қарамағында жұмысқа орналасуға рұқсат алған шетелдік қызметкерлер жұмыс істейтін жұмыс берушілердің алғашқы статистикалық деректерді ұсынбауы – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ұсынылып отырған өзгерістерді ескере отырып, Заңның 31-бабы 2) тармағының 7) тармақшасына сәйкестендіру.

жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6

©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау