«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте



жүктеу 1,23 Mb.
бет2/6
Дата25.11.2017
өлшемі1,23 Mb.
#1982
1   2   3   4   5   6




  1. 2015 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексі






193-баптың 8-тармағы


193-бап. Мемлекеттік монополия

...


8. Осы баптың ережелері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне қолданылмайды.

193-бап. Мемлекеттік монополия

...


8. Осы баптың ережелері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметіне қолданылмайды.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының ұйымдық құрылымын (акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым, бірыңғай құрылтайшысы және қатысушысы мемлекет болып табылады), пайда табуға бағыттылмаған қызметін (әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру, әлеуметтік қауіптер туындаған жағдайларда төлемдерді тағайындау және төлеу), сондай-ақ Кәсіпкерлік қызметпен және Міндетті әлеуметтік сақтандыру заңымен («Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының 29-бабының 3-тармағының 2) тармақшасы) көзделмеген өзге қызметпен айналысуға тыйым салынғанын ескере отырып, КК-ға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ұқсас мемлекеттік монополия қызметінің саласын реттейтін ережелер қолданылмайтын ұйымдар тізбесіне (КК-ның 193-бабы) қосумен байланысты өзгеріс енгізу қажет.





  1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі






26-баптың

2-тармағының 5) тармақшасы





26-бап. Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер

2. Мыналарға:



5) он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді қоса атқаратын жұмысқа орналастыруға жол берілмейді.



26-бап. Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер

2. Мыналарға:



5) денсаулық сақтау саласындағы жұмыскерлерді қоспағанда, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді қоса атқаратын жұмысқа орналастыруға жол берілмейді.



Денсаулық сақтау жүйесінде дәрігерлік персоналдың, орта, кіші медицина персоналының көп бөлігі «зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін» санатқа жатады. Алайда практикада кадрлардың жетіспеушілігі, әсіресе аудандық және ауылдық ауруханалар мен емханаларда жетіспеушілігі салдарынан қоса атқарылатын жұмыстың қажеттілігі туындап отыр.

Одан басқа, медицина қызметкерлірінің еңбегі ерекше және ол өнеркәсіптік өндіріс жағдайында жүзеге асырылмайтынын ескеру қажет.

Сондай-ақ, республика бойынша орташа жалақы 2015 жылы 125,3 мың теңгені, ал «кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру» - 272,3 мың теңгені, «Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау» 123,0 мың теңгені, «өнеркәсіп» 169,4 мың теңгені сияқты зиянды өндірісі бар жекелеген салаларда құрайтынын ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы орташа жалақы 94,6 мың теңгені құрады.

Осылайша, бұл норма кадрлар жетіспеушілігі проблемасын шешуге, сондай-ақ денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді деп есептейміз.




53-баптың 9-тармағы


53-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу тәртібі

9. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзуға еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатын мөлшерде өтемақы төлене отырып, жұмыскер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін, еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай қалғанда жұмыскерді хабардар ете отырып жол беріледі.



53-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу тәртібі

9. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзуға еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатын мөлшерде өтемақы төлене отырып, жұмыскер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін, еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай қалғанда жұмыскерді хабардар ете отырып жұмыскердің зейнеткерлік жасқа толуы бойынша жол беріледі.



Еңбек кодексімен жұмыскерді зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты шартты бұзуға дейін кемінде бір ай қалғанда хабарлау көзделген. Сонымен бірге, жұмыскерді зейнеткерлік жасына жеткенге дейін немесе жеткеннен кейін хабарлауға қатысты мәселелер туындауда. Осыған байланысты, норманың редакциясын жақсарту мақсатында жұмыскерді хабарлау уақыты нақтылануда.




181-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы


181-бап. Жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

1. Жұмыскердің:

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуге;




181-бап. Жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

1. Жұмыскердің:

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуге;




2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, заңнамада қайшылықтарды болдырмау мақсатында (редакциялық түзету).






181-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы

181-бап. Жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

...


2. Жұмыскер:

...


3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарап тексеруден, сондай-ақ ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі және өзге де медициналық куәландырудан өтуге;
...


181-бап. Жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

...


2. Жұмыскер:

...


3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарап тексеруден, сондай-ақ ауысым алдындағы (рейс алдындағы, рейстен кейінгі), ауысымнан кейінгі және өзге де медициналық куәландырудан өтуге;

...



Кодекстің» 155-бабына енгізілетін өзгерістерге байланысты.

Міндетті медициналық қарап-тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осындай қарап-тексеру өткізудің тәртібі мен кезеңділігін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді».

«Ауысымалды (рейс алдындағы, рейстен кейінгі) медициналық куәландыру өткізу тәртібін, сондай-ақ ауысымалды медициналық куәландыруды талап ететін кәсіптер тізімін уәкілетті орган бекітеді.».




182-баптың

2-тармағының

15-1) жаңа

тармақшасы




182-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

2. Жұмыс беруші:

….

15-1) жоқ


182-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

2. Жұмыс беруші:

….

15-1) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарын авариялық ахуалдар, өндірістің тоқтатылуы туралы, жаппай және топтық инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар туындаған жағдайларда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қауіп төндіретін технологиялық процестердің бұзушылықтары туралы уақтылы хабардар етуге;


«Денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 90-бабының 4-тармағының 5) тармақшасына сәйкес



185-бап


185-бап. Жұмыскерлерді міндетті медициналық қарап-тексеру

1. Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан өткізуді меншікті қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті.


2. Қаупі жоғары жұмыстарда, машиналармен және механизмдермен байланысты жұмыстарда істейтін жұмыскерлер ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық куәландырудан өтуге тиіс. Ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық куәландырудан өту талап етілетін кәсіптердің тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.



185-бап. Жұмыскерлерді міндетті медициналық қарап-тексеру

1. Жұмыс беруші міндетті медициналық қарап-тексерулерді меншікті қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті.



Міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізу тәртібі мен кезеңділігін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламатталығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.

2. Қаупі жоғары жұмыстарда, машиналар мен және механизмдермен байланысты жұмыстарда істейтін жұмыскерлер ауысым алдындағы (рейс алдындағы, рейстен кейінгі) медициналық куәландырудан өтуге тиіс.

Ауысым алдындағы (рейс алдындағы, рейстен кейінгі) медициналық куәландырудан өту талап етілетін кәсіптердің тізімін, сондай-ақ осы куәландыруды өткізу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.


«Денсаулық сақтау туралы кодекстің» 155-бабына енгізілетін өзгерістерге байланысты.

Міндетті медициналық қарап-тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осындай қарап-тексеру өткізудің тәртібі мен кезеңділігін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді».

«Ауысымалды (рейс алдындағы, рейстен кейінгі) медициналық куәландыру өткізу тәртібін, сондай-ақ ауысымалды медициналық куәландыруды талап ететін кәсіптер тізімін уәкілетті орган бекітеді.». Одан басқа, Халық денсаулығы туралы кодекспен ауысымнан кейінгі куәландыру мүлдем көзделмеген, әсіресе міндетті ретінде көзделмеген.





  1. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы

Қазақстан Республикасының Заңы




17, 19, 21, 27, 30, 31, 37, 41-баптар.

17, 19, 21, 27, 30, 31, 37, 41-баптар.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның мәтіні бойынша «айырылса», «айырылу», «айырылуына», «айрылуын», «айырылғанын» сөздерін тиісінше «жоғалтылса», «жоғалту», «жоғалтылуына», «жоғалтылуын», «жоғалтылғанын» сөздерімен алмастырылсын.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңда қазақ тілінде «айыру» сөзі қолданылады, ол осы Заңның орыс тіліндегі мәтінінде «утрата» деп аударылған.

Сонымен бірге, Конституцияда «айыру» сөзі «лишение» деп аударылған (10-б.), ал «утрата» «жоғалту» деп аударылған (52-б.).

Бұл ретте, Конституцияның 10-бабының 2-тармағында Республика азаматы ешбір жағдайларда азаматтықтан айырылуы мүмкін емес екені көзделген.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның мазмұнында:

Орыс тілінде: «Гражданин Республики Казахстан ни при каких условиях не может быть лишен гражданства, права изменить свое гражданство, а также не может быть изгнан за пределы Казахстана».

Қазақ тілінде: «Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды».







  1. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы






134 баптың

2 тармағының

5-3) жаңа

тармақша



134-бап. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің мақсаты

1. Осы Заңның 133-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындар құрылуы мүмкін, ал бұрын құрылғандары осы бапта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін ғана жұмыс істеуі мүмкін.

2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар өз қызметін:

1) елді мекендердің тіршілігін (энергиямен, газбен, сумен, жылумен жабдықтау, су бұру және коммуналдық қалдықтарды көму, қалдықтар полигондарын құру және пайдалану) қамтамасыз ету;

...

5-3) жоқ


134-бап. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің мақсаты

1. Осы Заңның 133-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындар құрылуы мүмкін, ал бұрын құрылғандары осы бапта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін ғана жұмыс істеуі мүмкін.

2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар өз қызметін:

1) елді мекендердің тіршілігін (энергиямен, газбен, сумен, жылумен жабдықтау, су бұру және коммуналдық қалдықтарды көму, қалдықтар полигондарын құру және пайдалану) қамтамасыз ету;

...

5-3) халықты жұмыспен қамту;


Аталған толықтыруды Елбасының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында жұмыспен қамту орталықтарын реформалау негізінде енгізу ұсынылып отыр.

Аталған толықтырулар жұмыспен қамту орталықтарын реформалауға, оның ішінде ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарын ММ-ден ШЖҚ КМК өзгертуге мүмкіндік туғызады.

Бұдан бөлек, тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтары (ЖҚО) қызметі мемлекеттік бақылауда қалады және сәйкесінше бюджеттік құралдарды мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді, осыған орай, кіріс алып келетін, жұмыспен қамту орталықтарына дербес мүмкіндіктер береді.

Қосымша бюджеттік қаражат бөлу қажет етілмейді, себебі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ауыстырған кезде ХЖҚО өз қызметін бұдан бұрын бюджеттен бөлінген сома шегінде іске асырады.








  1. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы






1-баптың

20-1) тармақшасы



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұдан бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;



20) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырушы мемлекеттік орган;




20-1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұдан бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;

20) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – халықтың көші-қоны саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырушы мемлекеттік орган;


20-1) алып тасталсын


«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 401 Жарлығымен мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігінен Ішкі істер, денсаулық сақтау министрліктеріне берілуі тиіс функциялар айқындалды.

Осыған орай, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісті мемлекеттік органдардың функцияларын жоғарыда аталған Жарлыққа сәйкестендіру қажет.







8-1-бап

8-1-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:

1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

2) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;

2-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылар қызметкерлерінің келу және оларды тіркеу тәртібін әзірлейді;



3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

8-1-бап алып тасталсын

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 401 Жарлығының 1-тармағына сәйкес.



9-баптың

жаңа 5-1), 5-2), 5-1)-тармақшалары



9-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті

Ішкі істер органдары:




5-1) жоқ;


5-2) жоқ;
5-3) жоқ;

...


9-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті

Ішкі істер органдары:

1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;



5-1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;



5-2) көші-қон процестеріне мониторингті жүзеге асырады;

5-3) көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласында шаралар жүйесін әзірлейді;



Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 401 Жарлығының 1-тармағына сәйкес.



11-бап

11-бап. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:

1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың халықтың көші-қоны мәселелері бойынша қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

3) халықтың көші-қоны саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;

7) көші-қон процестерін мониторингілеуді жүзеге асырады;


8) көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласында шаралар жүйесін әзірлейді;

11-бап. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:

1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) алып тасталсын


3) халықтың көші-қоны саласындағы жергiлiктi атқарушы органдарға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;


7) өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін мониторингілеуді жүзеге асырады;



жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау