«83-2) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың іс жүзіндегі құны мен шекті бағасы және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде және ұсынылатын (көрсетілетін) медициналық көрсетілетін қызмет құнының арасындағы айырманы төлеу тәртібін әзірлеу мен бекіту және (немесе) тегін медициналық көмектің шеңберінен және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қосымша медициналық қызметке ақы төлеу;»; «86-1) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру;
86-2) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын келісу және бекіту, қалыптастыру ережесін әзірлеу және бекіту;
86-3) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын келісу;»;
103) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«103) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету тәртібін бекіту, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына тәртібін бекітіп беру;»; мынадай мазмұндағы 125) және 126) тармақшалармен толықтырылсын: 124) тармақшадағы «қалыптастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады деген сөздер «қалыптастыру» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 125) және 126) тармақшалармен толықтырылсын:
«125) денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылым ұйымдарындағы ғылыми-педагогикалық кадрлар мен білім алушылардың құзыреттерін бағалау тәртібін, медициналық білім берудің оқыту бағдарламаларының білімдері мен дағдыларын бағалау тәртібін бекіту;
126) медициналық қалдықтар бойынша ақпаратты және есептердің нысандарын ұсыну тәртібін бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»;
5) 7-1-баптың 1-тармағында:
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) инфекциялық және паразиттік ауруларға эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;»;
37) тармақшадағы «айқындау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру» деген сөз «айқындау» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
38) тармақшамен толықтырылсын:
«38) сәйкес емес өнім туралы ақпаратты орналастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»;
6) 9-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 18-9) тармақшамен толықтырылсын:
«18-9) уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтаудың инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын бекітеді;»;
7) 11-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер жүргізуге қатысу;»;
8) 11-1-бап алып тасталсын;
9) мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
«2-1-тарау. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия»;
10) мынадай мазмұндағы 12-1, 12-2, 12-3, 12-4, 12-5 және
12-6-баптармен толықтырылсын:
«12-1-бап. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия
1. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия (бұдан әрі – Біріккен комиссия) – медициналық және фармацевтикалық қызметтерді кәсіби көрсетуге үздік практиканы енгізу мақсатында құрылатын коммерциялық емес мемлекеттік емес ұйым.
2. Біріккен комиссия денсаулық сақтау саласындағы кәсіби және кәсіпкерлік қызмет саласындағы қауымдастықтардың (заңды тұлғаларды біріктіру) ерікті түрде құрылуы жолымен құрылады.
3. Біріккен комиссияның қызметі осы Кодекспен, коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамалармен, жарғымен реттеледі.
12-2-бап. Біріккен комиссияның функциялары
Біріккен комиссияның функцияларына мыналар жатады:
1) клиникалық хаттамаларды келісу;
2) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды келісу;
3) медициналық технологияларды келісу.
12-3-бап. Біріккен комиссияның басқару органдары
1. Біріккен комиссияның басқару органдары:
1) жоғары басқару органы – мүшелердің жалпы жиналысы;
2) тұрақты жұмыс істейтін алқалық басқару органы – төралқа;
3) атқарушы жеке-дара орган – басшы;
4) қаржы-шаруашылық қызметті ішкі бақылау органы – ревизиялық комиссия (ревизор) болып табылады.
2. Біріккен комиссияда оның Жарғысына сәйкес өзге органдар құрылуы мүмкін.
12-4-бап. Біріккен комиссияның жалпы жиналысы
1. Жалпы жиналыс Біріккен комиссияның басқару органдары қызметінің кез келген мәселелерін шешуге құқылы.
2. Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне мыналар жатады:
1) Жарғыны қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
2) төралқаны, төралқаның, ревизиялық комиссияның төрағасын, ревизиялық комиссияның төрағасын сайлау;
3) Жарғыда көзделген басқа органдарды және олардың басшыларын сайлау, осы органдар туралы ережелерді бекіту;
4) Біріккен комиссияның қызметі туралы есептерді тыңдау және бекіту;
5) Біріккен комиссияны ерікті қайта ұйымдастыру және тарату;
6) Біріккен комиссияның басқару органдарының құзыреттерін, ұйымдастырушылық құрылымын, қалыптастыру және тоқтату тәртібін айқындау;
7) атқарушы органдардың қаржылық есептілігін ұсыну тәртібі мен кезеңділігін, сондай-ақ ішкі тексеру жүргізу мен олардың нәтижелерін бекіту тәртібін айқындау;
8) заңнамалық актілерде белгіленген шектерде Біріккен комиссияның басқа заңды тұлғаларды, өзінің филиалдары мен өкілдіктерін құруға немесе қызметіне қатысу туралы шешім қабылдау.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Біріккен комиссияның жарғысында Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жататын өзге де мәселелер көзделуі мүмкін.
3. Жалпы жиналысты Біріккен комиссияның төралқасы жылына кемінде бір рет шақырады. Ревизордың (ревизиялық комиссияның) немесе мүшелердің жалпы санының кемінде төрттен бір бөлігінің талабы бойынша Біріккен комиссия төрағасы отыз күн ішінде Жалпы жиналысты шақыруға міндетті.
12-5-бап. Біріккен комиссияның төралқасы
1. Біріккен комиссияның төралқасы он бес мүшеден тұрады және оны төраға басқарады.
Төралқа уәкілетті органның, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіби медициналық қауымдастықтардың, заңды тұлғалар қауымдастықтарының, тәуелсіз мүшелердің өкілдерінен қалыптасады.
2. Төралқа құрамын қалыптастыру мақсатында мүшелердің жалпы жиналысының хаттамасымен төралқа мүшелері сайланады және лауазымдарынан босатылады:
1) төралқа мүшелері қатарынан төралқа төрағасы;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан өкілдер;
3) кәсіби медициналық қауымдастықтардың, заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдері;
4) тәуелсіз мүшелер, оның ішінде Біріккен комиссия басшысы.
Төралқаның сайланатын мүшелері өкілеттіктерінің мерзімі төрт жылды құрайды. Төралқа мүшелерін сайлау және атқарып отырған лауазымынан босату тәртібі Біріккен комиссияның жарғысында айқындалады.
3. Төралқаның айрықша құзыретіне мыналар жатады:
1) Біріккен комиссияның міндеттерді орындау барысы мен мақсаттарға қол жеткізуіне бақылау;
2) Біріккен комиссия қызметінің тиімділігін арттыру бойынша мүшелердің жалпы жиналысына ұсыныстар енгізу;
3) Біріккен комиссия басқармасының төрағасы мен мүшелерін сайлау;
4) ревизиялық комиссияның Біріккен комиссияға тексеру тағайындау және олардың қорытындылары бойынша есептерді бекіту;
5) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Біріккен комиссияның қызметінде қолданылатын қағидаларды, регламенттер мен басқа да ішкі құжаттарды бекіту.
5. Біріккен комиссияның Жарғысымен төралқаның құзыретіне өзге мәселелер жатқызылуы мүмкін.
6. Төралқа мүшелері құрылтайшы ретінде Біріккен комиссияның басқару органдарынан, Біріккен комиссия қатысқан заңды тұлғалардан олардың қызметін жүзеге асыруға байланысты ақпаратты сұратуға құқылы.
7. Төралқа отырыста төралқа мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілігі болған кезде шешім қабылдауға құқылы.
Төралқа отырыстарында дауыс беру тәртібі Біріккен комиссияның жарғысында айқындалады.
Осы Кодексте көзделген төралқаның айрықша құзыреті мәселелері бойынша шешімдер төралқа отырысына қатысатын мүшелер дауыстары жалпы санының кемінде үштен екісін құрайтын білікті көпшілік дауысымен қабылданады.
Өзге мәселелер бойынша шешім төралқа отырысына қатысатын мүшелердің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.
Дауыс беру құқығын беруге, сол сияқты басқа адамдар үшін дауыс беруге жол берілмейді.
12-6-бап. Біріккен комиссия қызметін қаржыландыру
1. Біріккен комиссия қызметін қаржыландыру ерікті мүшелік жарналар есебінен және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа бюджеттен тыс көздерден жүзеге асырылады.
2. Жарналарды төлеу тәртібі, мөлшері мен мерзімдері Біріккен комиссияның жарғысында айқындалады.»;
11) 13-1-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) биологиялық белсенді заттарға клиникалық емес және интервенциялық емес клиникалық зерттеулер жүргізу қызметі хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады.»;
12) 14-баптың 1 және 3-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану мақсатында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығына бағалауды жүргізу және біліктілігінің сәйкестігін растау, денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылым ұйымдарының ғылыми-педагогикалық кадрларның құзыретін бағалау және медициналық білім берудің оқыту бағдарламаларының білімдері мен дағдыларын бағалау үшін денсаулық сақтау субъектілері денсаулық сақтау саласында аккредиттелуге жатады.»;
Достарыңызбен бөлісу: |