«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы



жүктеу 355,5 Kb.
бет3/4
Дата16.01.2020
өлшемі355,5 Kb.
#26905
түріКодекс
1   2   3   4

«3. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу уәкiлеттi орган бекiтетiн аккредиттеу стандарттарына олардың қызметiнiң сәйкестiгiн сыртқы кешендi бағалау негiзiнде жүргiзiледi және тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсетуге арналған мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру кезінде ескерiледi.

Сынақ зертханаларын клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу олардың қызметінің уәкілетті орган бекітетін клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізу жөніндегі талаптарға сәйкестігін бағалау негізінде жүргізіледі.

Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау және бағалау жөніндегі монополиялық қызметті жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.»;


13) 18-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) халыққа арналған жарнамада мынадай ауруларды: жыныстық жолмен берілетін ауруларды, онкологиялық, психикалық, қауіпті инфекциялық ауруларды, АИТВ инфекциясын, туберкулезді, қант диабетін көрсетуге;»;

14) 21-баптың 4-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәуекел дәрежесін басқаруды бағалау өлшемшарттарына сәйкес ерекше тәртіппен жүргізілетін тексерулерден босатылады.»;

15) 21-1-бапта:

1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«2) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;»;

мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Рұқсат беру құжаттарының қолданылу мерзімдері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат беру құжаттары иеліктен шығарылмайтын болып табылады.



Рұқсат беру құжаттарының қолданысын тоқтата тұру халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жойылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Кодексте көзделген бұзушылықтарға жол берілген жағдайларда жүзеге асырылады.

Рұқсат беру құжаттарының қолданысын тоқтату халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

Рұқсат беру құжаттарын қосымша немесе қайталама зерттеулер (сынақтар) жүргізбей қайта ресімдеуге мынадай:

1) ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, өнімді дайындаушының немесе өтініш берушінің атауы өзгерген;



2) өнімге қойылатын талаптардан тұратын, қабылдау гигиеналық қауіпсіздік көрсеткішіне, өнімнің құрамына өзгеріс енгізуге әкелмейтін жаңа нормативтік құқықтық акт шығарған жағдайларда;

3) және (немесе) осы Кодексте көзделген өзге де жағдайларда рұқсат етіледі.

Рұқсат беру құжаттарынан айыру (кері қайтару) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жойылмайтын бұзушылықтар жағдайында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;

16) мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:

«28-1-бап. Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын қалыптастыру

1. Ұлттық денсаулық сақтау шоттары өз сипаттамаларына сәйкес денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық қаржы ресурстарына ауыстырылатын құрал ретінде пайдаланылады. Негізгі төрт санат бойынша шығыстарды бөлу: денсаулық сақтау функциялары, медициналық қызметтерді берушілер, денсаулық сақтауды қаржыландыру схемалары мен денсаулық сақтауды қаржыландыру схемаларының кірісі денсаулық сақтау саясатын бағалау үшін пайдаланылады.

2. Қызметтердің, қызмет берушілер мен қаржыландыру схемалары бойынша Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес шығыстарға мониторинг және бақылау Ұлттық денсаулық сақтау шоттарының мақсаты болып табылады.

3. Ұлттық денсаулық сақтау шоттары мыналарға:

1) жүйеге мониторинг және талдау үшін денсаулық сақтауға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес шығыстар бойынша ақпаратты ұсынуға;

2) денсаулық сақтауға шығыстарды халықаралық салыстыру және бүкіл жүйені талдау үшін денсаулық сақтауды қаржыландырудың біріктірілген көрсеткіштерін айқындауға жәрдемдеседі.

4. Ұлттық денсаулық сақтау шоттары өткен кезең үшін мемлекеттік бюджет көздерінен, статистикалық бюллетеньдерден, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының шетелдік трансферттер, денсаулық сақтауға арналған шығыстардың халықаралық көрсеткіштері жөніндегі деректерден халықаралық әдіснама негізінде жыл сайын қалыптастырылады.

Деректерді жинағаннан кейін талдамалық есеп қалыптастырылады, мұнда денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтері мен қызмет берушілері бойынша шығыстарының, сондай-ақ қаржыландыру көзінің сипаттамасы көрсетіледі.

5. Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын бақылау, қалыптастыру тәртібін, мониторингті уәкілетті орган айқындайды.»;

17) 32-бапта:



2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«14) АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) өңірлердің медицина қызметкерлермен қамтамасыз етілу нормативтерін;»;

18) 33-1 және 34-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«33-1-бап. Медициналық көмектің көлемі

Медициналық көмек мынадай көлемде ұсынылады:

1) ең төмен – осы Кодекстің 34-бабына сәйкес ұсынылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі;

2) базалық – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек;

3) медициналық көмектің мыналарды:

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмекті;

ақылы қызметтер көрсетудің, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтарының және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздерінің есебінен көрсетілетін медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі.

34-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражаты есебінен ұсынылады, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ дәрілік көмекті қамтиды және Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ұсынылады.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне, материалдық-техникалық базасына, ғылыми-техникалық әлеуетіне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар айналасына қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мынадай қағидаттардың негізінде қалыптастырылады:

жан-жақтылық – кіріс деңгейі мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан медициналық көмектің ең төмен көлемімен жалпыға бірдей және тең қамту;

қолжетімділік – елдің барлық аумағында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алудың нақты мүмкіндігі;

дәлелділік - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізбесіне енгізілген медициналық көрсетілетін қызметтер мен дәрілік заттардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы дәлелденген ғылыми деректердің болуы;

шынайылық - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің мемлекеттік бюджеттің өлшемдеріне сәйкестігі;

реттелушілік – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету кезінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді және шекті бағаларды мемлекеттік реттеу.

3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан денсаулық сақтау субъектілері ұсынады.

4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін медициналық көмек Қазақстан Республикасының аумағында клиникалық практикаға жіберілген медицина қызметкерлерінің клиникалық хаттамаларының негізінде көрсетіледі.

5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетудің мақсаттары:

1) жүктілік және босану кезіндегі медициналық күтім;

2) пациенттің өз денсаулығын бақылау дағдыларын қалыптастыру;

3) аурулардың ерте сатыларда өршуінің және олардың салдарының алдын алу;

4) ауруларды диагностикалау және емдеу;

5) созылмалы аурулардың асқынуларын, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылау;

6) аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы емделмейтін науқастарға медициналық күтім жасау болып табылады.

6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді:

1) жедел медициналық көмек;

2) санитариялық авиация;

3) алғашқы медициналық-санитариялық көмек:

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбеге сәйкес инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық екпелер;

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген адамдарды қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулер (скринингтер);

бір жасқа дейінгі балаларға патронаж;

жүктілікті байқау;

уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық байқау;

уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық-әлеуметтік көмек;

шұғыл медициналық көмек;

қатты немесе созылмалы аурулардың асқынуы кезінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының қабылдауы, консультациясы;

уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;

саламатты өмір салты мәселелері бойынша пациенттерге консультация беру;

4) алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;

әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастарды динамикалық байқау;

динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулары бар адамдарды бейінді мамандардың қабылдауы және консультация беруі;

уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық;

5) мыналар:

әлеуметтік-мәні бар ауруларды емдеу;

динамикалық байқауға жататын созылмалы ауруларды емдеу;

онкологиялық ауруларды емдеу;

тәуліктік стационар жағдайында емдеуді талап етпейтін, диагнозды қойғанға дейін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық


іс-шаралар жүргізу кезінде стационарды алмастыратын медициналық көмек;

6) мыналар:

шұғыл көрсетілімдер бойынша пациенттерді емдеуге жатқызу;

әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу;

уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша инфекциялық аурулар мен айналасына қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезіндегі стационарлық медициналық көмек;

7) медициналық көрсетілімдер бойынша қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;

8) туберкулезбен ауыратын және туберкулезді бастан өткерген науқастарды қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

9) халықтың жекелеген санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі;

10) мыналар:

патологиялық-анатомиялық ашулар;

динамикалық байқауға жататын созылмалы созылмалы аурулар, әлеуметтік мәні бар аурулар;

инфекциялық аурулар мен айналасына қауіп төндіретін аурулар кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика.

7. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, иммундық-биологиялық препарттармен қамтамасыз ету:

1) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде - денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес;

2) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету кезінде –белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікті қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

8. Денсаулық сақтау субъектілері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну кезінде Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы пайдаланады. Дәрілік заттар қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілуі тиіс.

Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен нақты пациенттің тіршілік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек және (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсету үшін қолдануға рұқсат етіледі.

9. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектісінен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

10. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде шарттар жасасуға артықшылықты құқыққа аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ объектінің:

1) дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу кезінде тиісті өндірістік практика (GMP);

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарттарды жасасу кезінде тиісті дистрибьюторлық практика (GDP);

3) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификат алған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы субъектілер ие болады.»;

19) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«38-бап. Медициналық көмектің түрлері

Медициналық көмектің негізгі түрлері:

1) алғашқы көмек;

2) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;

3) білікті медициналық көмек;

4) мамандандырылған медициналық көмек;

5) жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызмет;

6) медициналық-әлеуметтік көмек болып табылады.»;

20) мынадай мазмұндағы 38-1-баппен толықтырылсын:

«38-1-бап. Алғашқы көмек



1. Алғашқы көмек – бұл зардап шегушінің өзінің (өзіне-өзі көмек көрсету) немесе жақын жердегі басқа адамның (өзара көмек) оқиға болған жерде жүргізетін шұғыл жағдайлар кезінде адамның өмірін сақтау және асқынулардың алдын алуға арналған жедел базалық іс-шаралар кешені.

2. Алғашқы көмек көрсету бойынша қажетті білім көлемі мен практикалық дағдылар уәкілетті органның бекітілген оқыту бағдарламаларында айқындалады.»;

21) 39-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

22) 45-бапта:



1-тармақтың 4) тармақшасындағы «жұмыстарын қамтитын, тәулік бойы медициналық бақылауы болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек» деген сөздер «жұмыстарын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасы бойынша түсіндіру жұмысын қамтитын, тәулік бойы медициналық бақылауы болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.»;



4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4-1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;

23) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«50-бап. Санитариялық авиация.

Пациенттің орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны санитариялық авиация болып табылады. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әуе көлігімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не пациентті (терді), сондай-ақ кейіннен транспаланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөлігін) тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.»;

24) 62-1-бапта:

3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нәтижелері бойынша эпидемиялық маңызы бар объектілер ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босатылады. Босату үшін негіздер уәкілетті орган айқындайтын қатердің дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес белгіленеді.»;

4-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«гигиена және эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатының болуы;»;

9 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген аудиторлар жыл сайын есепті жылдан кейін оныншы қаңтарға қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша табыс етуге міндетті.»;

«11. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітеді.»;

25) 64-баптың 1-тармағында:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобалары;»;

2) тармақша алып тасталсын;

26) 72 және 74-баптар алып тасталсын;



27) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«76-бап. Медициналық көмектің ең төмен, базалық және қосымша көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу

1. Медициналық көмектің ең төмен, базалық және қосымша көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар халықаралық патенттелмеген атаулармен сатып алынады, ал дәрі-дәрмек пациенттің жеке өзіне жақпаған жағдайда – сауда атауымен сатып алынады. Көп компонентті дәрілік затты сатып алынған жағдайда оның құрамы көрсетіледі.

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар уәкілетті орган белгілеген бағадан аспайтын бағалар бойынша сатып алынады.»;



28) 80-2-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«80-2-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ биологиялық активті заттарды, фармакологиялық заттарды және клиникалық емес және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, дәрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілерін жеке пайдалану үшін және өзге де коммерциялық емес мақсаттарда әкелу»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:



«3. Биологиялық активті заттар, фармакологиялық заттар, клиникалық емес және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалы, дәрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілері уәкілетті органның рұқсатынсыз әкелінеді.»;

4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:



«4. Қазақстан Республикасының аумағына биологиялық активті заттарды, фармакологиялық заттарды, клиникалық емес және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, дәрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілерін әкелуді:»;

29) 81-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:



«81-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ биологиялық активті заттарды, фармакологиялық заттарды және клиникалық емес және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, дәрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілерін әкету тәртібі»;

2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«4) клиникалық емес немесе клиникалық зерттеулер жүргізу үшін әкелінген медициналық техника Қазақстан Республикасының аумағынан уәкілетті органның келісімінсіз әкетілуі мүмкін.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:



«4. Биологиялық активті заттар, фармакологиялық заттар және клиникалық емес және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалдары, дәрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілері Қазақстан Республикасының аумағынан уәкілетті органның рұқсатынсыз әкетілуі мүмкін.»;

5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:



«5. Қазақстан Республикасының аумағынан биологиялық активті заттарды, фармакологиялық заттарды, клиникалық емес және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, дәрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілерін әкетуді:»;

30) 82-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Денсаулық сақтау ұйымдарында пайдаланылатын медициналық мақсаттағы өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес реттеледі.»;

4-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

31) 88-бапта:



1-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) өздерінің жеке қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің өздерінің қаражаты және тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектен тыс қосымша медициналық көрсетілетін қызметтерге;»;

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың нақты құны мен шекті бағасының және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын (көрсетілетін) медициналық қызметтер құнының арасындағы айырманы бірлесіп төлеуге және (немесе) тегін медициналық көмектің шеңберінен және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қосымша медициналық қызметке ақы төлеу;»;

32) 89-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау алуға құқығы бар.»;

33) 90-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға, жеке басының және қоғамның денсаулығын сақтауға және нығайтуға ортақ жауапты болуға;»;

34) 95-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қан мен оның компоненттерінің, тіндердің, ағзалардың донорлығына байланысты жағдайлардан басқа, жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшiн жеке тұлғалардың (пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi олардың рұқсатынсыз жинауға және өңдеуге жол берiлмейдi.

Қан мен оның компоненттерінің тіндердің, ағзалардың донорлығына, сондай-ақ құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың психиканың үнемі бұзылуын, алкогольдік, есірткілік тәуелділікті және тәуелділіктің өзге де түрлерін, агрессия мен зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға бейімділікті қоса алғанда, қоғам үшін қауіпті бұзылу мен аурулардан зардап шегетін адамдардың диспансерлік есепте тұрғаны туралы дәрігерлік құпияны құрайтын электрондық құжат нысанындағы ақпаратты беру жөніндегі сұрау салуларына байланысты жағдайлардан басқа, жеке тұлғалардың (пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi пайдалану кезiнде жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды олардың рұқсатынсыз басқа дерекқорлармен байланыстыратын телекоммуникациялар желiлеріне қосуға жол берiлмейдi.

Жеке тұлғалардың (пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi заңсыз жинағаны және өңдегені үшін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.»;

35) 105-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Туберкулезбен ауыратын науқастарға мемлекет:

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекпен және қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етуге;

2) әлеуметтік және құқықтық қорғауға;

3) ауруының сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол бермеуіне;

4) балалар арасында туберкулездің ауыр, қатты өршитін түрлерімен сырқаттанушылықты төмендету бойынша профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға кепілдік береді.»;

36) 106-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану зертханалық зерттеулердің нәтижелері ескеріле отырып, денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.»;

37) 107-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«107-бап. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жiберудiң негiзi мен тәртiбi

1. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу пациенттерді туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда оқшаулау арқылы туберкулезге қарсы және симптоматикалық емдеуді қамтиды.

2. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге:

1) зертханалық әдіспен расталған туберкулез диагнозымен науқастың емдеуден бас тартуы және оны (психологтың консультациясы, санитариялық ағарту әдістерін қолдану) сендірудің барлық әдістерінің оң нәтижесінің болмауы;

2) өз бетінше кетуі және медициналық құжаттамада тіркелген, күнтізбелік ай ішінде туберкулезге қарсы препараттардың жеті тәуліктік дозасын қабылдауды себепсіз өткізу түріндегі емдеу режимін бұзуы негіз болып табылады.

3. Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

4. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынуы бойынша қабылдайды.

5. Туберкулезбен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындау атқарушылық іс жүргізу органдарына жүктеледі.»;



38) 109 және 110-баптар алып тасталсын;

39) 19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«19-тарау. АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету»;

40) 112 және 113-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«112-бап. АИТВ инфекциясының профилактикасы, диагностикасы және оны емдеу мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктері

Мемлекет Қазақстан Республикасының АИТВ инфекциясын жұқтырған азаматтарына, оралмандарға, шетелдіктерге және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға:

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде медициналық көмекке және дәрілік қамтамасыз етуге;

2) динамикалық байқауды қамтамасыз етуге, психологиялық-әлеуметтік, заңдық және медициналық консультациялар беруге;

3) әлеуметтік және құқықтық қорғауға;

4) аурудың сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол бермеуге;

5) АИТВ инфекциясының анадан ұрыққа және балаға берілу қаупін төмендету жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға кепілдік береді.

113-бап. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды әлеуметтік қорғау

1. АИТВ инфекциясын жұқтырған тұлғалардың мектепте және басқа оқу орындарында оқуы қамтамасыз етіледі.

2. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге, сол сияқты олардың туыстары мен жақындарының тұрғын үй және өзге де құқықтарына нұқсан келтіруге жол берілмейді.

АИТВ жұқтырған, тері қабаттарының немесе сілемейдің бүтіндігінің бұзылуымен байланысты медициналық манипуляция жасайтын медицина қызметкерлері тері қабаттарының немесе сілемейдің бүтіндігінің бұзылуымен байланысты емес басқа жұмысқа ауыстырылуға жатады.

3. Жұқтырылуы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы нәтижесінде болған АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдардың өз өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтетуге құқығы бар.»;



41) 114-баптың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«4) АИТВ инфекциясының жыныстық жолмен, қан арқылы және анадан ұрыққа және балаға жұғуынан қорғау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;

5) психологиялық, заңдық және медициналық консультациялар ұсыну үшін сенім пункттерін, достық бөлмелерін құру;»;

42) 115-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тегін негізде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралуға және консультация алуға құқығы бар.»;

3-тармақтың бірінші бөлігі алып тасталсын;

43) 127-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері уәкілетті органның жіті бақылау жасалатын мамандандырылған типтегі республикалық психиатриялық ауруханасын күзетуді қамтамасыз етеді.

Күзету тәртібін ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы мен уәкілетті орган бірлесіп айқындайды.»;

44) 143-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) халықтың санитариялы - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері;»;

45) 162-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«162-бап. Донорлық, қан, оның компоненттерін және препараттарын дайындау

1. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы - донорлық функцияларды жүзеге асыру арқылы азаматтардың денсаулығын сақтауға донорлардың ерікті түрде қатысуы.

2. Донорлық функцияларды жүзеге асыру үшін донорларды тарту өтеусіз негізде жүргізіледі.

Донорлық қанның компоненттеріне өтінімдерді қанағаттандыру үшін донорлық функцияларды жүзеге асыру үшін өтеусіз донорлар болмаған жағдайда донорларды ақылы негізде тарту жүзеге асырылады.

3. Қан мен оның компоненттерін дайындау процесі мыналарды:

1) қан донациялау - донор тапсыратын қанды біржолғы бөліп алуды;

2) плазма донациялау - қан плазмасын плазмаферез әдісімен біржолғы бөліп алуды қамтиды.

Алынатын плазманы иммундық сипаттамаларына қарай былайша ерекшелеп бөледі:

қан препараттары мен диагностикалық реагенттер өндіру үшін пайдаланылатын, белгілі бір концентрациядағы өзіндік белок құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) бар изоиммундық плазма;

құрамында табиғи немесе жасанды түрдегі белгілі бір концентрациядағы өзіндік белок құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) бар, ауруларды қоздырғыштардың белгілі бір түрлеріне нысаналы түрде емдік өзара іс-әрекет жасау қасиеті бар иммундық плазма. Иммундық плазма реципиентке құю немесе қан препараттарын өндіру үшін пайдаланылады;

3) жасушаларды донациялау - донор қанының жасушаларын цитаферез әдісімен біржолғы бөліп алу.

4. Қанды дайындау және өңдеу процесінде:

1) қан компоненттері - қанның одан жасушалар және жасушасыз орта түрінде бөлініп алынған құрамдас бөліктері;

2) қан препараттары - қан компоненттерін өңдеу кезінде алынған дәрілік заттар алынады.

5. Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатурасын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.»;

46) 164-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Донорлық қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігі донорларды медициналық куәландыруға және уәкілетті орган бекіткен медициналық қолдану үшін қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздікке және сапаға қойылатын белгіленген талаптарды сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.

Қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда орындалатын зертханалық зерттеулердің сапасын бағалауды жүргізуді қан қызметінің республикалық референс-зертханасы жүзеге асырады.»;



2-тармақ алып тасталсын;

47) 167-баптың 1 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Донорлық функциялар жұмыс күндері орындалған кезде донор орташа айлық жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылады.

Егер өтеусіз донациялау болса, онда донорға орташа жалақысы сақтала отырып, қосымша бір демалыс күн беріледі, бұл күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін. Осы кепілдіктер донациялау кезінен бастап бір жыл бойы жарамды.»;



«7. Қан мен оның компоненттерін аяқталған немесе аяқталмаған донациялауды жүзеге асырған донор донорлық функцияны өтеусіз жүзеге асыру кезінде қан мен оның компоненттері донациялағаннан кейін өз қанының көлемі мен организмінің энергетикалық шығындарын толтыру үшін уәкілетті орган белгілейтін мөлшердегі қосымша тамақтануға ақшалай өтемақы алады.»;

48) 169-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауды қамтамасыз ету үшін тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) реципиенттерінің, сондай-ақ тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі), гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімдері қалыптастырылады.

Тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) реципиенттерінің, сондай-ақ тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;

49) 173-бапта:

1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«1) Қазақстан Республикасының аумағында қажетті сипаттамасы бар донорлық қанның компоненттері болмаған кезде;»;

3-тармақ алып тасталсын;



50) 175-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында және білім беру ұйымдарының медициналық және фармацевтикалық факультеттерінде жүзеге асырылады. Ғылыми ұйымдар мен денсаулық сақтау ұйымдарымен шарт негізінде жұмыс істейтін университеттік клиникаларды және (немесе) интеграцияланған академиялық медициналық орталықтарды қалыптастыру клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асырудың міндетті шарты болып табылады.»;

51) мынадай мазмұндағы 175-1-баппен толықтырылсын:

«175-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдарда стратегиялық әріптестікті жүзеге асыру

1. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдардың тұрақты дамудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін білім, ғылым, клиникалық қызмет саласында стратегиялық әріптестік туралы шетелдік жоғары оқу мекемелерімен және медициналық ұйымдармен шарттар жасауға құқығы бар.

2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылым ұйымдарында стратегиялық әріптестікті жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;

52) 180 және 181-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«180-бап. Медициналық зерттеулер жүргізу

1. Медициналық зерттеулер тірі және қайтыс болған адамдарға және жануарларға, адам мен жануардың биологиялық үлгілеріне, медициналық ақпаратқа жүргізілуі мүмкін.

2. Медициналық зерттеулер мақсаттары үшін адам эмбриондарын жасау және адамды клондауға тыйым салынады.

3. Адамның эмбрионын немесе адамның шаранасын зерттеу кезінде немесе одан кейін адамның эмбрионы немесе адамның ұрығы бұзылатын медициналық зерттеулерге тыйым салынады.

4. Медициналық зерттеулер мынадай талаптардың барлығы сақталған кезде жүргізілуі мүмкін:

1) медициналық зерттеулер жаңа ғылыми деректер алуға және оны практикалық денсаулық сақтауға енгізуге бағытталған;

2) зерттеу субъектісінің мүддесін қорғау және оның медициналық ақпаратының құпиялылығы қамтамасыз етіледі;

3) зерттеуге қатысуға немесе оның биологиялық үлгілерін және медициналық ақпаратты, соның ішінде ғылыми мақсаттарда биобанкті толтыру үшін зерттеу субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімі алынған;

4) интервенциялық клиникалық зерттеулер уәкілетті органның рұқсатымен жүргізіледі.

5. Мынадай зерттеу субъектілері:

1) кәмелетке толмаған адамдар;

2) жүкті әйелдер;

3) есі дұрыс емес және әрекетке қабілетсіз адамдар;

4) медициналық зерттеулерге қатысуы оқуымен байланысты білім алушылар;

5) қарттар;

6) әскери қызметшілер;

7) зерттеушіге бағынатын медициналық зерттеулер жүргізілетін медициналық ұйымдардың персоналы;

8) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде немесе қамауда ұстаудың басқа да орындарында ұсталатын адамдар зерттеудің осал субъектілері болып есептеледі.

6. Медициналық зерттеулер тек қана зерттеудің осал субъектілеріне жүргізілуі мүмкін және медициналық зерттеулерге қатысу медициналық зерттеулермен байланысты қатер мен қолайсыздықтан басым түсетін зерттеу субъектілеріне тікелей пайда әкеледі деп күтуге ғылыми негіздеме болған жағдайда ғана зерттеудің осал субъектілеріне медициналық зерттеулер жүргізілуі мүмкін.

7. Медициналық зерттеулер жүргізу тәртібі мен қағидаларын және зерттеу орталықтарына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.



181-бап. Биоэтика жөніндегі комиссиялар

  1. Биоэтика жөніндегі комиссиялар медициналық зерттеулерге қатысушылардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық зерттеулер материалдарының биоэтикалық сараптамасын жүргізетін тәуелсіз сараптама органдары болып табылады.

  2. Қазақстан Республикасында Биоэтика жөніндегі орталық комиссия және биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиялар жұмыс істейді.

3. Биоэтика жөніндегі орталық комиссия уәкілетті органның жанынан мынадай міндеттерді орындау:

1) заманауи денсаулық сақтауды дамыту контекстінде биоэтика мәселелері бойынша талдау жүргізу және мамандар мен халықты ақпараттандыру;

2) медициналық зерттеулерді жүргізуге қорытынды беру;

3) медициналық зерттеулердің барысына биоэтикалық мониторингті жүзеге асыру, оны жүргізу үшін Биоэтика жөніндегі орталық комиссия қорытынды берген және уәкілетті орган рұқсат берген;

4) биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиялардың қызметін үйлестіру және олардың қызметінің Биоэтика жөніндегі орталық комиссия бекіткен стандарттарға сәйкестігін бағалау;

5) биоэтика мәселелері бойынша құжаттарды әзірлеуге қатысу үшін құрылады.

4. Биоэтика жөніндегі орталық комиссия туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.

5. Биоэтика жөніндегі орталық комиссиялардың құрамын уәкілетті орган бекітеді, пәнаралық негізде қалыптастырылады және медицина, құқық, теология, әлеуметтану және психология өкілдерінен тұрады.

6. Шетелде өндірілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды интервенциялық клиникалық зерттеулер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екі және одан артық зерттеу орталықтарында жүргізілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды интервенциялық клиникалық зерттеулер жүргізуге қорытындылар беруді Биоэтика жөніндегі орталық комиссия жүргізеді.

7. Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиялар медициналық ұйымдардың жанынан мынадай міндеттерді орындау үшін құрылады:

1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, медициналық зерттеулерді жүргізуге қорытындылар беру;

2) медициналық зерттеу жүргізу үшін осы биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия қорытынды берген және Уәкілетті орган рұқсат берген оның барысына биоэтикалық мониторингті жүзеге асыру;

3) Биоэтика жөніндегі орталық комиссияға ол белгілеген тәртіппен жыл сайынғы есепті ұсыну.

8. Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияның құрамы мен ол туралы ереже медициналық ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі, оның жанынан Биоэтика жөніндегі орталық комиссияның келісуі бойынша осы комиссия құрылады.

9. Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиялар Биоэтика жөніндегі орталық комиссия беретін биоэтикалық комиссиялар қызметінің стандарттарына сәйкестікке сертификат болған жағдайда медициналық зерттеулер жүргізуге қорытынды беруге құқығы бар.

10. Биоэтика комиссияларының қызметінің стандарттарға сәйкестігі сертификатының қолданыс мерзімі мен оны беру тәртібін Биоэтика жөніндегі орталық комиссия бекітеді.»;

53) 182-бапта:



1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«11) медицина қызметкері тарапынан ұқыпсыз немесе немқұрайлы көзқарас болмаған кезде азаматтың денсаулығына және өміріне келтірілген зиян үшін кәсіптік жауапкершілікті сақтандыруға құқығы бар;»;

5-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Қызметтік міндеттерін атқаруы АИТВ инфекциясының кәсіптік ауруына әкеп соқтыруы мүмкін медицина қызметкерлері мен басқа да қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандырылуға жатады.

АИТВ-мен байланысты профилактикалық, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысымен тікелей айналысатын медицина қызметкерлерінің, қызметшілердің және техникалық қызметкерлердің алты сағаттық қысқартылған жұмыс күніне, ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн қосымша ақы төленетін демалысқа, кәсіптік зияндылық үшін еңбегіне белгіленген жалақысының алпыс пайызы мөлшерінде еңбекке қосымша ақы алуға құқығы бар.»;

54) 185-1-бап алып тасталсын.

2. 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 111-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат):

1) барлық мәтін бойынша «АИТВ/ЖИТС» деген сөздер «АИТВ»деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 317-бапта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Медицина немесе фармацевтика қызметкерiнiң кәсiби мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, егер бұл әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқса, –

екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онысыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».

3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21,
122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат,
102-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат):

161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мүлікке билік етуге уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер белгілеуге, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді аударуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, банктік шоттарда орналасқан, тұрғын үй төлемдерінің тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, нотариус депозиті шарттарында енгізілген, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган лицензиясынан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына тыйым салуға жол берілмейді.».

4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 59-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22, 109-құжат; № 23, 111-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат):

1) барлық мәтін бойынша «ЖИТС-пен ауыратын науқастарға» деген сөздер алып тасталсын;

2) 80-бапта:

бірінші және екінші бөліктер алып тасталсын:

төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

3) 81-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

4) 700-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң
80 (үшінші бөлігінде), 81 (бiрiншi бөлiгiнде), 82 (бiрiншi бөлiгiнде),
424 (бiрiншi, екiншi және төртінші бөлiктерiнде), 428, 429, 432, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.».

5. «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы


23 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2013 ж. № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2016 ж.,
№ 1, 2-құжат;):

6-бапта:


бірінші бөліктің 3-1) тармақшасы алып тасталсын;

екінші бөлік мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) иондаушы сәулелендіру әсерімен байланысты аурулардың тізбесін және себепті байланыcты белгілеу тәртібін айқындау.».

6. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17,


141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат;
№ 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат;
2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; № 21, 122-құжат;
№ 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 21-І,
128-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 23-І, 166-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 46 7-құжат):

17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Дербес білім беру ұйымдары, дербес кластерлік қор, нотариаттық палаталар, адвокаттар алқалары, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, Қазақстанның төрелік палатасы, кәсiби аудиторлық ұйымдар, пәтерлердің меншiк иелерi кооперативтерi, Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.».

7. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар;№ 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат):

1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-2), 8-1) және 38) тармақшалармен толықтырылсын:

«2-2) байқау кеңесінің тәуелсіз мүшесі – шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғасы болып табылмайтын және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған, осы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын, осы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның немесе осы ұйымның – мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғаларының лауазымды адамдарына бағынышты емес және байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде сол тұлғаларға бағынышты болмаған, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын, аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде осы мемлекеттік кәсіпорынның аудитіне қатыспаған және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған байқау кеңесінің мүшесі;»;

«8-1) корпоративтік басқару – мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызметін басқаруды қамтамасыз ететін және меншік иесі (акционер), байқау кеңесі (директорлар кеңесі), атқарушы орган (басқарма), мемлекеттік кәсіпорындар және меншік иесінің (акционердің) мүддесінде мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың өзге де органдары мен мүдделі тұлғалар арасындағы қатынастарды қамтитын процестердің жиынтығы;»;

«38) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғасы – тікелей және (немесе) жанама түрде шешім қабылдауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың біреуінің) қабылдаған шешімдеріне, оның ішінде жасалған мәмілеге, байланысты шешімдерге әсер етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген құзыреттер шегінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда).»;

2) 142-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«142-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың органдары

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның органдары оның басшысы, сондай-ақ осы Заңның 148-бабында көзделген жағдайларда байқау кеңесі болып табылады.

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (жергілікті атқарушы органның) шешімі бойынша денсаулық сақтау саласында байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда:

1) атқарушы орган – атауы кәсіпорынның жарғысында айқындалатын, атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын алқалы орган немесе тұлға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.»;

3) 148-баптың 1-тармағында:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорында осы Заңмен және (немесе) кәсіпорынның жарғысымен тиісті сала уәкілетті органының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелердің шешімін қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) ұсынысы бойынша кәсіпорынның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын басқару органы – байқау кеңесі құрылуы мүмкін.»;

мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

«Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесі құрамының кемінде отыз пайызы байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелері болуға тиіс.»;

4) мынадай мазмұндағы 148-1-баппен толықтырылсын:

«148-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғасы

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғасы:

1) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды адамдарының жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;

2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен орындалмаған мәмілесі бар заңды тұлғаның лауазымды адамы;

3) мыналардың:

- осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген адамға қатысты құрылтайшы болып табылатын не мүлікте тиісті үлесі бар заңды тұлғаның;

- шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды адамы оған қатысты құрылтайшы болып табылатын не мүлікте тиісті үлесі бар заңды тұлғаның;

- шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын оған қатысты құрылтайшы болып табылатын заңды тұлғаның лауазымды адамы болып табылады.»;

5) 149-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің мынадай өкілеттіктері бар:

1) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарының жобасы бойынша, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қорытынды береді;

2) даму жоспарының орындалуы туралы есептің жобасын келіседі, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекітеді;

3) демеушілік және қайырымдылық көмектер мен қосымша көздерден алынған қаражатты, оның ішінде шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның билігінде қалған таза табыстың бір бөлігін бөлу туралы шешім қабылдайды;

4) бюджет қаражаты мен қосымша көздерден алынған қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамасымен кедергісіз танысады және көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыру үшін тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) ұсыныстар енгізеді;

5) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу мәселелері бойынша тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) ұсыныстарын келіседі;

6) ұжымдық шартты әзірлеуге қатысады және қосымша қаржы көздерінен, даму жоспарында бекітілген қаражат шегінде кәсіпорын қызметкерлерінің, басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерінің лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету бөлігінде шешімдер қабылдайды;

7) байқау кеңесінің хатшысын тағайындайды, оның өкілеттік мерзімін және жалақысының мөлшерін айқындайды, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;

8) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;

9) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстар дайындайды;

10) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басқа да заңды тұлғаларға қатысуы туралы ұсыныстар енгізеді;

11) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның филиалдарын, өкілдіктерін құру және жабу туралы ұсыныстар енгізеді;

12) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекітеді;

13) атқарушы органның сан құрамын, өкілеттік мерзімдерін айқындайды, атқарушы органның құрамына тағайындауға кандидатураларды сайлайды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының мүшесімен еңбек шартын бұзу мәселесін алдын ала келіседі;

14) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ішкі аудит қызметінің сан құрамын, өкілеттілік мерзімін айқындайды, оның басшысын және мүшелерін тағайындайды,
сондай-ақ олардың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуды, ішкі аудит кызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің еңбекақысын және сыйақысының мөлшерін және төлеу шарттарын айқындайды;

15) қаржылық есептілік аудитін жүргізгені үшін аудиторлық ұйымның көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындайды;

16) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық құрылымын бекітеді;

17) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын туралы ақпаратты немесе оның қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиялардан тұратын қызметін айқындайды;

18) осы Заңда және (немесе) тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) айырықша құзыретіне жатпайтын, денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында көзделген өзге де мәселелер.

Тізбесі осы тармақта белгіленген өкілеттіктер шешім қабылдау үшін атқарушы органға берілмеуі мүмкін.»;



  1. мынадай мазмұндағы 150-1 және 150-2-баптармен толықтырылсын:

«150-1-бап. Атқарушы орган

1. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ағымдағы қызметіне басшылықты атқарушы орган жүзеге асырады. Атқарушы орган алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін.

Атқарушы орган байқау кеңесіне есеп береді.

Атқарушы орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және кәсіпорынның байқау кеңесінің шешімін орындауға міндетті.

Атқарушы орган шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметінің кез келген мәселесі бойынша осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басқа да органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған шешімдерді қабылдауға құқылы.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның алқалы атқарушы органының шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған атқарушы органның отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қоюға және онда дауысқа қойылған мәселелер, атқарушы органның әр мүшесінің әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижесі көрсетілген, осы мәселелер бойынша дауыс беру қорытындылары қамтылуға тиіс.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органы мүшесінің дауыс беру құқығын өзге адамға, оның ішінде шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының басқа мүшесіне беруге жол берілмейді.

2. Атқарушы алқалы органның басшысын және мүшелерін байқау кеңесі сайлайды, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (жергілікті атқарушы органның) актісімен лауазымға тағайындалады және одан босатылады.

Атқарушы органның басшысын және мүшесін сайлау, тағайындау, аттестаттау осы Заңның 139-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі. Атқарушы органның мүшесі лауазымы бойынша мемлекеттік кәсіпорынның орынбасары болып табылады.

Атқарушы алқалы органның басшысымен және мүшелерімен жасалатын еңбек шартына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (жергілікті атқарушы орган) қол қояды.

3. Атқарушы органның басшысы:

1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және кәсіпорынның байқау кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

2) үшінші тұлғалармен қатынастарда кәсіпорын атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

4) үшінші тұлғалармен қатынастарда кәсіпорынның мүддесін білдіру құқығына сенімхат береді;

5) кәсіпорын қызметкерлерін (осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда) қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;

6) өзі болмаған жағдайда өз міндеттерін атқаруды атқарушы орган мүшелерінің біріне жүктейді;

7) атқарушы орган мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттік саласын және жауапкершілікті бөледі;

8) кәсіпорынның жарғысында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4. Атқарушы органның мүшесі байқау кеңесінің келісуімен ғана басқа ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы.

Атқарушы алқалы органның басшысы және мүшелері немесе мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының функциясын жеке - дара жүзеге асыратын адам атқарушы орган басшысының не басқа заңды тұлғаның атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның лауазымын атқаруға құқылы емес.

Атқарушы орган мүшесінің функциялары, құқықтары мен міндеттері заңнамада және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның көрсетілген тұлғамен жасасқан еңбек шартында айқындалады.

150-2-бап. Ішкі аудит қызметі

1.  Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігіне мониторингті жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (жергілікті атқарушы орган) шешімі бойынша ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін.

2. Ішкі аудит қызметінің жұмыскерлері байқау кеңесінің және атқарушы органның құрамына сайлана алмайды.

3. Ішкі аудит қызметі тікелей байқау кеңесіне бағынады және өз жұмысы туралы оның алдында есеп береді.».

8. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21,122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-II, 103, 104-құжаттар; № 20-I, 111-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат):

102-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегін медициналық қамтамасыз етілуге құқығы бар. Азаматтық қорғау органдары қызметкерінің және басқа да жұмыскерлерінің қызмет (жұмыс) орны немесе тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдар немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдықтар болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмекті:

1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде»;

2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілері көрсетеді.

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлеріне денсаулық сақтау субъектілерінің осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмек көрсеткені үшін ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің (әйелдерінің, күйеулерінің, он сегіз жасқа дейінгі балаларының) және олардың асырауындағы адамдардың, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының өзге де жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық ұйымдарда тегін медициналық көмек алуға құқығы бар.

Міндеттерін атқару кезінде жараланған, контузия алған, жарақаттанған, мертіккен немесе ауырған азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері бюджет қаражаты есебінен санаторий-курорттық емделуге және медициналық мекемелер мен оңалту орталықтарының базасында оңалтуға жіберіледі.

Осы бапта көрсетілген азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен жеңілдіктері әскери қызметтен (жұмыстан) жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқаруына байланысты босатылған, қызмет өткеруiнiң (жұмысының) жалпы ұзақтығы жиырма жылды және одан да көп жылды құрайтын азаматтық қорғау органдарының зейнеткерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне қолданылады.

Азаматтық қорғаныстың шақыруы бойынша әскери қызметшілердің, ведомствоның білім беру ұйымдарының курсанттары медициналық көрсетілімдері болған кезде медициналық бөлімшелер мен медициналық ұйымдарда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегін медициналық қамтамасыз етілуге құқығы бар.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің балалары кәмелеттік жасқа толғанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен олардың медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету құқығы сақталады.».

9. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат):

6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:

«39-1) стационарлық үлгідегі мамандандырылған республикалық психиатриялық аурухананың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның жіті бақылауымен қорғалуын қамтамасыз етуге;».

10. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат;
№ 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат;
№ 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар;
№ 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар;
№ 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II,
68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9,
21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23, 111-құжат, № 24, 115-құжат):

1) 2-қосымшада:

120 және 227-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«


120.

Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру


Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды 





»;

«


227.

Фармакологиялық немесе дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға немесе медициналық техникаға интервенциялық клиникалық сынау жүргізуге рұқсат беру


Фармакологиялық немесе дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға немесе медициналық техникаға интервенциялық клиникалық сынау жүргізуге рұқсат (бұйрық)




»;

2) 3-қосымшаның 44-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«44. Биологиялық белсенді заттарға клиникалық емес зерттеулер және интервенциялық емес клиникалық зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарландыру».

11. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына


(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 10,
49-құжат; № 15, 78-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж.,
№ 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 14, 53-құжат; № 22,
109-құжат):

1) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«30-бап. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» ең төменгі әлеуметтік стандарты»

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» ең төменгі әлеуметтік стандарты» мынадай нормалар мен нормативтерді қамтиды:



  1. жедел медициналық көмек;

  2. санитариялық аваиация;

  3. алғашқы медициналық-санитариялық көмек:

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес инфекциялық және паразитарлық ауруларға қарсы профилактикалық екпелер;

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген адамдарды қоспағанда уәкілетті орган белгілейтін халықтың нысаналы тобын профилактикалық медициналық қарап-тексерулер;

бір жасқа дейінгі балалардың патронажы;

жүктілікті бақылау,

уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық байқау;

уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық-әлеуметтік көмек;

кезек күттірмейтін медициналық көмек;

жіті немесе созылмалы аурулар асқынған кезде алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының қабылдауы, консультациясы;

диагностикалық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша зертханалық диагностика;

саламатты өмір салты мәселелері бойынша пациенттерге консультация беру;

4) алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;

әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастарды динамикалық байқау;

динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулармен ауыратын адамдарды бейінді мамандардың қабылдауы және консультация беруі;

диагностикалық, оның ішінде уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша зертханалық көрсетілетін қызметтер;



  1. мыналарға:

әлеуметтік мәні бар аураларды емдеу;

динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруларды емдеу;

тәуліктік стационар жағдайында емдеуді қажет етпейтін, диагнозды айқындағанға дейін стационардың қабылдау бөлмесінде емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізу үшін стационарды алмастыратын медициналық көмек;


  1. стационарлық медициналық көмек:

шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызылған пациенттерді;

әлеуметтік мәні бар ауруларды;

уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша инфекциялық аурулар мен айналадағыларға қауіп тудыратын ауруларды;

динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруларды емдеуді қамтиды;

7) медициналық көрсетілімдер бойынша қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;

8) туберкулезбен ауыратын және туберкулезбен ауырған науқастарды қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

9) халықтың жекелеген санаттарына поллиативтік көмек және мейіргерлік күтім;

10) мыналар:

патологиялық-анатомиялық ашу;

динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар, әлеуметтік мәні бар аурулар;

инфекциялық аурулар және айналасындағыларға қауіп тудыратын аурулар кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика.»;

2) 38-1-бап алып тасталсын.

12. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы»
2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына


жүктеу 355,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау