Жоба
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат, 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149,152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат, № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат;
№ 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11,
65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат;
№ 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат;
№ 8-ІІ, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45 құжат; № 22, 109-құжат; № 23, 111- құжат;
№ 24, 115-құжат):
1) мазмұнында:
11-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тараудың тақырыбымен толықтырылсын:
«2-1-тарау. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия»;
мынадай мазмұндағы 12-1, 12-2, 12-3, 12-4, 12-5 және 12-6-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«12-1-бап. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия
12-2-бап. Біріккен комиссияның функциялары
12-3-бап. Біріккен комиссияның басқару органдары
12-4-бап. Біріккен комиссияның жалпы жиналысы
12-5-бап. Біріккен комиссияның төралқасы
12-6-бап. Біріккен комиссияның қызметін қаржыландыру»;
мынадай мазмұндағы 28-1 және 38-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«28-1-бап. Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын қалыптастыру»;
«38-1-бап. Алғашқы көмек»;
72 және 74-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
76, 80-2 және 81-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«76-бап. Медициналық көмектің ең төмен, базалық және қосымша көлемдерін көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу»;
«80-2-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, сондай-ақ биологиялық активті заттарды, фармакологиялық заттарды және клиникалық емес және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, дәрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілерін жеке пайдалану үшін және өзге де коммерциялық емес мақсаттарда әкелу»;
«81-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ биологиялық активті заттарды, фармакологиялық заттарды және клиникалық емес және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, дәрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілерін әкету тәртібі»;
109 және 110-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«19-тарау. АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету».
112 және 113 -баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«112-бап. АИТВ инфекциясының профилактикасы, диагностикасы және емдеу мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктері
113-бап. АИТВ жұқтырған адамдарды әлеуметтік қорғау»;
мынадай мазмұндағы 175-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«175-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру мен ғылым ұйымдарындағы стратегиялық әріптестікті жүзеге асыру»;
180 және 181-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«180-бап. Медициналық зерттеулердi жүргiзу
181-бап. Биоэтика жөніндегі комиссия»;
185-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;
2) 1-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 14-1) және 36-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) биобанк - ғылыми және медициналық мақсаттар үшін биологиялық материалдарды мамандандырылған сақтау қоймасы;»;
«36-1) денсаулық сақтау менеджері – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғаны басқаратын немесе денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғаның қызметінің жекелеген бағыттарына басшылық ететін маман;»;
37-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«37-3) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау – медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандыққа сәйкес келуін айқындауға және оларға тиісті маманның сертификатын бере отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберуге, қызметкерді басқару қызметіне және оны денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғаны басқаруға жіберуге арналған міндетті рәсім;»;
мынадай мазмұндағы 37-5) және 37-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«37-5) денсаулық сақтау саласындағы медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының ғылыми-педагогикалық кадрлардың құзыреттерін бағалау – ғылыми-педагогикалық кадрлардың педагогикалық құзыреттері мен кәсіби құзыреттерінің деңгейін анықтау жөніндегі бағалау іс-қимылдарының жүйесі;
37-6) ұлттық денсаулық сақтау шоттары - денсаулық сақтау ресурстарын бөлуді және жұмылдыруды бағалау үшін пайдаланылатын елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржылық ағындардың реттік, жан-жақты және дәйекті мониторингінің жүйесі;»;
41) және 47) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«41) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар мен қоғамдық денсаулық сақтаудың жаһандық бағдарламасы бойынша ұлттық үйлестірушіні айқындайтын мемлекеттік орган;»;
«47) донор – донорлық қан, оның компоненттері, өзге де донорлық материал (оның ішінде шәует, аналық жасушалар, ұрпақты болу ағзаларының тіндері, жыныс жасушалары, эмбриондар) алу жүргізілетін, сондай-ақ реципиентке транспланттау үшін тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін), гемопоэздік дің жасушаларын алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар;»;
мынадай мазмұндағы 47-1) және 51-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«47-1) донорлық функция – медициналық зерттеп-қарауды және медициналық мақсаттар үшін қан мен оның компоненттерін тапсыру емшараларын орындауды қамтитын донордың ерікті актісі;»;
«51-4) зерттеу субъектісі – диагностика, емдеу немесе профилактика әдістері жүргізілетін адам, жануар;»;
52) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 54-1), 54-2) және 55-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«54-1) интервенциялық емес клиникалық зерттеу – дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар немесе медициналық техниканы мемлекеттік тіркеуден кейін жүргізілетін және уәкілетті орган бекіткен медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес медициналық практиканың шеңберінде тағайындалатын зерттеу;
54-2) интервенциялық клиникалық зерттеу – зерттеуші интервенциялық клиникалық зерттеу хаттамасының негізінде уәкілетті орган айқындаған клиникалық зерттеулерді жүргізу тәртібіне сәйкес зерттеу субъектілеріне арнайы араласу тағайындайтын зерттеу субъектісі ретінде адамның қатысумен болатын зерттеу;»;
«55-1) интеграцияланған академиялық медициналық орталық – білім беруді, зерттеулер мен клиникалық практиканы интеграциялау арқылы медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін ресурстарды бірлесіп пайдалану мақсатында ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен медициналық жоғары оқу орнын біріктіру;»;
57-2) және 58) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«57-2) клиникалық емес және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалы – клиникалық емес және клиникалық зерттеулерді жүргізу кезінде алынған және зертханалық зерттеулерге арналған адам мен жануарлардың биологиялық сұйықтарының, тіндерінің секреттері және тіршілік әрекеті мен өнімдерінің үлгілері, биопсиялық материал, гистологиялық кесінділер, жағындылар, қырындылар, шайындылар;
58) клиникаға дейінгі зерттеу – биологиялық активті заттардың, фармакологиялық және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тиімділігі мен қауіпсіздігін зерделеу мақсатында оларды экспериментттік фармакологиялық, токсикологиялық және басқа ғылыми зерттеулер кешені;»;
мынадай мазмұндағы 58-1), 62-2) және 63-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«58-1) клиникалық емес зерттеу – медициналық, оның ішінде зерттеу субъектісі ретінде адамның қатысуынсыз клиникаға дейінгі зерттеу;»;
«62-2) қан қызметінің республикалық референс-зертханасы – қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда орындалатын зерттеулердің сапасын бағалауды жүзеге асыратын зертхана;»;
«63-1) бірлесіп төлеу – дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың іс жүзіндегі құны мен шекті бағасы және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын (көрсетілетін) қызмет құнының арасындағы айырманы төлеу және (немесе) тегін медициналық көмектің шеңберінен және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қосымша медициналық қызметке ақы төлеу;»;
65) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«65) маман сертификаты – жеке тұлғаға клиникалық мамандыққа сәйкес келу және оны клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) жіберу, сондай-ақ қызметкердің басқарушылық қызметке сәйкес келуі және оны денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғаны басқаруға жіберу құқығын беретін, белгіленген үлгідегі құжат;»;
мынадай мазмұндағы 68-2), 68-3) және 68-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«68-2) медициналық білім беру бағдарламаларымен білім алушылардың білімдері мен дағдыларын бағалау – білім алушылардың білім беру бағдарламаларын игеру сапасы мен медициналық қызметтерді көрсету үшін қажетті құзыреттердің (білімдер мен дағдыларының) қалыптасу деңгейін бағалау;
68-3) медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестік – шарт негізінде білім берудің, ғылым мен клиникалық практиканың халықаралық стандарттарын енгізу және бейімдеу үшін денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылым ұйымдарының және шетелдік жоғары оқу орындары мен медициналық білім беру және ғылым саласындағы медициналық ұйымдардың арасындағы орта мерзімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық нысаны;
68-4) медициналық зерттеу – ғылыми әдістер арқылы мақсаты адам денсаулығы, аурулар, олардың диагностикасы, емдеу немесе профилактикасы туралы жаңа білімдер алу болып табылатын клиникалық емес және клиникалық зерттеу;»;
80-1), 97) және 107-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«80-1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – өнімнің (тауарлардың) бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігін куәландыратын, өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжат;»;
«97) тәуекелді бағалау - инфекциялық және паразиттік ауруларды қоздырғыштардың немесе жұқтырғыштардың ену және таралу ықтималдығын, сондай-ақ қоршаған орта факторларының халықтың денсаулық жағдайына кері әсерін және осыларға байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарларын негіздеу үшін жүргізілген
санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың бір бөлігі;»;
«107-2) тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) донорларының тіркелімі – HLA жүйесі бойынша типтендерілген тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін), гемопоэздік дің жасушаларын өтеусіз донорлыққа келіскен адамдардың дерекқоры;»;
мынадай мазмұндағы 108-1) тармақшамен толықтырылсын:
«108-1) университеттік клиника – бұл медициналық жоғары оқу орнының жоғары мамандандырылған емдеу-профилактикалық құрылымдық бөлімшесі немесе ғылым мен практиканың заманауи жетістіктерінің негізінде базасында медицина кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүргізілетін, медициналық көмектің барлық түрі көрсетілетін сенімгерлік басқарудағы немесе медициналық жоғары оқу орнының еншілес ұйымы ретіндегі жоғары мамандандырылған емдеу-профилактикалық ұйым;»;
110) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«110) фармакологиялық зат - белгіленген фармакологиялық активтілігі мен уыттылығы бар, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер объектісі және әлеуетті дәрілік зат болып табылатын зат немесе заттардың қоспасы;»;
3) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландыру, медициналық қарап-тексеру бойынша авиация персоналына, сондай-ақ міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың санаттарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
4) 7-баптың 1-тармағында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіру;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«8-1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғалардағы мемлекеттік басқару мәселелері бойынша қызметті үйлестіруді және мониторингті;»;
24), 28-1), 47) және 50) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«24) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;»;
«28-1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық (орталықтары) кабинеттері нормативтерін әзірлеу және бекіту;»;
«47) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
«50) дәрілік заттардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 66-1) және 66-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«66-1) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларды енгізу мен іске асыру қызметін салааралық үйлестіру бойынша;
66-2) халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар мен қоғамдық денсаулық сақтаудың жаһандық бағдарламасы бойынша ұлттық үйлестірушінің мәртебесi мен қызметі туралы ережені бекіту;»;
71-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 83-2), 86-1), 86-2) және 86-3) тармақшаларымен толықтырылсын:
Достарыңызбен бөлісу: |