(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 142-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22,
109-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Үш ай өткеннен кейін төленген жарналардың сомасы осындай жарналарды төлеу тоқтатылған сәттен бастап төленбеген кезең есебіне жазылуға жатады.»;
2) 6-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымын, дәрігерді таңдауға құқығы бар.»;
3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медицналық көмек
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде:
1) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының және бейінді мамандардың жолдамасымен консультациялық-диагностикалық көмек:
он сегіз жасқа дейінгі балаларды, және он сегіз жастан асқан адамдарды уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және кезеңділікте профилактикалық медицналық қарап-тексеру;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде динамикалық бақылауға жатпайтын аурулармен ауыратын адамдарды бейінді мамандардың қабылдауы және консультация беруі;
диагностикалық қызметтер, оның ішінде уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша зертханалық диагностика,
2) медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе медициналық ұйым маманының жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын көмек (ауруларды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде емдеген жағдайларды қоспағанда);
3) жоспарланып отырған емдеуге жатқызу жағдайларының саны шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе медициналық ұйым маманының жолдамасы бойынша жоспарлы стационарлық көмек (ауруларды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде емдеген жағдайларды қоспағанда);
4) медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе медициналық
ұйым маманының жолдамасы бойынша уәкілетті орган айқындаған
аурулар (жай-күй) тізбесі бойынша медициналық оңалту және қалпына келтіру емі;
5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін аурулардың патологиялық-анатомиялық дигностикасы ұсынылады.
2. Денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формулярына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсеткен кезде дәрілік заттармен, медициналық мақсатттағы бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдерімен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету.
3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсеткен кезде денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйырдар мен медициналық техниканы, мамандандырылған емдік өнімдерді, иммундық-биологиялық препараттарды пайдаланады. Дәрілік заттар қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілуі тиіс.
Нақты пациентке өмірлік көрсетілімдер бойынша медициналық көмек көрсету үшін не уәкілетті орган белгілеген тәртіпте сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр малогиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолдануға рұқсат беріледі.»;
4) 11-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және айқындайды;»;
11) тармақша алып тасталсын;
5) 14-бапта:
2-тармақтың 9) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) - 7) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, дербес жарналар төлейтін (бұдан әрі – дербес төлеушілер), оның ішінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген дербес жұмыспен қамтылған адамдар:»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) алдыңғы кезеңң үшін берешегі болмаған жағдайда аударымдардың және (немесе) жарналардың төленген сомаларының артық сомасын қайтарып алуға;»;
6) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Мемлекеттік корпорация
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мемлекеттік корпорация мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) төлеушілердің Қорға аударымдарды және (немесе) жарналарды уақытылы және (немесе) толық төлемегені үшін үш банктік күн ішінде аударымдарды, жарналарды және (немесе) өсімпұлды өңдеуді және аударуды жүзеге асырады;
2) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен төлеушілерге аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін аударымдардың, жарналардың және (немесе) өсімпұлдардың қате аударылған сомаларды қайтаруды жүзеге асырады;
3) аударымдардың және (немесе) жарналардың қате төленген сомаларын қордан Мемлекеттік корпорацияның шотына осы қаражат аударылған күннен бастап банктік үш күн ішінде төлеушілерге аударуды жүзеге асырады;
4) ай сайынғы қажеттілікті қалыптастырады және осы Заңның
26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналарына арналған бюджеттік қаражаттағы қажеттілік туралы уәкілетті органға өтінімді жібереді.
2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мемлекеттік корпорация мемлекеттік монополиямен технологиялық байланысты қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) олар үшін аударымдар және (немесе) жарналар төленген, сондай-ақ осы Заңның 26-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттің жарналар төлеуі көзделген жеке тұлғалардың дерекқорын жаңартады;
2) жеке сәйкестендіру нөмірлерінің базасында аударымдарды және (немесе) жарналарды дербестендірілген есепке алуды және мемлекеттік органдардың және мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы әлеуметтік-еңбек саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен базасында келіп түскен аударымдарды және (немесе) жарналарды салыстыруды жүзеге асырады;
3) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің келіп түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға төлеушілердің түскен және қайтарылған аударымдары мен жарналарының тізілімін ұсынады;
4) Қазақстан Республикасының аударымдар және (немесе)
жарналар жай-күйі және қозғалысы туралы құпия ақпаратты
қамтамасыз ету жөніндегі заңнамасының талаптарын
ескере отырып, Мемлекеттік корпорация қызметтерінің түрлеріне сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушыларына ақпараттық қызметтерді ұсынады;
5) Қорға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ақпараттық жүйлерден ақпарат ұсынады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайлардан басқа, аударымдар мен жарналардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
7) аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылуын, төленуін, қате (артық) төленген сомалардың қайтарылуын жүзеге асыру мәселелері бойынша қажетті түсініктеме береді;
8) Қорға аударымдардың және (немесе) жарналардың қате (артық) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыру үшін құжаттарды қалыптастырады және береді;
9) мемлекет жарна төлейтін адамдардың әлеуметтік мәртебесін өзектендіру жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсетуді «бір терезе» қағидаты бойынша қамтамасыз етеді;
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда,
орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының
Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік
органдар, Мемлекеттік корпорацияның өз құзыреті шегінде,
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және мемлекеттік
құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптардың сақталуын ескере отырып, олардың қарамағындағы ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігін іске асыру шеңберінде келіп түсетін мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
Мемлекеттік ограндардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерге Мемлекеттік корпорацияның қол жеткізуі және оларды пайдалану
бірлескен нормативтік құқықтық актілерде бекітілген тәртіппен қамтамасыз етіледі;
4. Мемлекеттік корпорация аударымдарды және (немесе) жарналарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша Қормен өзара іс-қимыл жасайды.»;
7) 26-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары мынадай адамдар:»;
және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды
қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны
(оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
5) жүктілік және бала тууына, жаңа туған баланы
(балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа
толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;»;
14) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қорға төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары мына мөлшерде белгіленеді:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарды есептеу объектісінің 1,4 пайызы;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарды есептеу объектісінің 1,6 пайызы;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарды есептеу объектісінің 1,7 пайызы;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарды есептеу объектісінің 1,8 пайызы;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарды есептеу объектісінің 1,9 пайызы;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарды
есептеу объектісінің кемінде 2, бірақ 3 пайызынан аспайтын
мөлшерде белгіленеді. Бұл ретте, мемлекет жарналарының мөлшері
жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленеді.»;
4-тармақ алып тасталсын;
8) 28-баптың 4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен
азаматтардың, сондай-ақ дербес төлеушілердің жарналары 2020 жылғы
1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.»;
«6. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы
жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың,
сондай-ақ дербес төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды
тоқтата тұрған жекеше нотариустардың, жеке сот
орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың
және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына
сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе
әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.»;
9) 29-баптың 3-тармағының үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының он бес еселенген ең төмен мөлшеріне тең, кіріс сомасынан жарналарды төлеу кезінде жеке тұлғаның басқа кірістерінен жарналар төлеу осындай жарналар төлеуді растайтын құжаттар болған кезде талап
етілмейді.
Осындай құжат жұмыс беруші және (немесе) салық агенті берген, алынған кірістердің, есептелген және төленген жарналардың сомалары туралы анықтама болып табылады.»;
10) 30-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге
кеткен азаматтардың, сондай-ақ дербес төлеушілердің
жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Осы баптың 3-тармағында және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар қорға алдағы кезеңге жарналар төлеуді жүзеге асыруға құқылы.»;
11) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға
артық (қате) төленген аударымдарды және (немесе) жарналарды
және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару.
Төлеуші артық (қате) төлеген аударымдардың және
(немесе) жарналардың және (немесе) аударымдарды және
(немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық
төлемегені үшін өсімпұлдың сомалары уәкілетті орган
айқындаған тәртіппен Мемлекеттік корпорацияның қайтаруына жатады.».
2-бап. Осы Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгізілетін осы Заңның 1-бабының 1-тармағының 18) және 54) тармақшаларын,
11-тармақты, 12-тармақтың 3) тармақшасын, 7) тармақшаның
тоғызыншы – он жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Достарыңызбен бөлісу: |