Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар



жүктеу 1,32 Mb.
бет8/17
Дата21.11.2018
өлшемі1,32 Mb.
#22631
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Жоқ


18-2-бап. Міндетті хабарламалар

1. Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары өтеусіз негізде мыналарды:

1) егер осы бұқаралық ақпарат құралында жауапты немесе теріске шығаруды жариялау туралы талап болса, заңды күшіне енген сот шешімін;

2) «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес төтенше жағдайды енгізу туралы ресми хабарларды;

3) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарламаларын;

4) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарламаларын жариялауға міндетті.

2. Міндетті хабарламаларды жариялау мерзімдері:

1) эфирге күн сайын шығатын теле-, радиоарна - бір тәулік ішінде;

2) жарыққа (эфирге) шығу кезеңділігі немесе уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдары осындай жарияланымдар үшін уәкілетті мемлекеттік органдар не сот белгілеген мерзімде.


БАҚ редакциялары қайтарымсыз және қысқа мерзімде міндетті хабарламаларды жариялау жағдайларының тізбесін заңнамалық бекіту мақсатында




18-3-бап

Жоқ

18-3-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше)

«1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда, ведомстволарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда осы заңды тұлғаның бірінші басшысына тікелей бағынатын, ұйымның қызметі туралы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат таратуды жүзеге асыратын дербес құрылымдық бөлімше ретінде құрылады және (немесе) заңнамаға сәйкес бекітілген штат саны лимитінің шегінде штаттық лауазым бөлінеді.

Аталған тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, штат саны жиырма бес адамнан аз ұйымдарда осы баптың 2-тармағында белгіленген функциялар осы ұйымның бір қызметкеріне өзінің негізгі функционалдық міндеттерінен босатылмай жүктеледі.

2. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) негізгі функциялары:

1) журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына ұйымның қызметі туралы дұрыс және қажетті ақпарат беру;

2) бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбаттар, түсіндірмелер, жарияланымдар әзірлеуге жәрдемдесу;

3) журналистерді және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа өкілдерін уақытша немесе тұрақты аккредиттеуден өткізу, сондай-ақ оларға ұйымның қызметі туралы ақпаратты одан әрі толық және кең тарату үшін жәрдемдесу;

4) лауазымды адамдардың отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференциялар, брифингтер, сұхбаттар және кездесулер ұйымдастыру;

5) ресми интернет-ресурстың қызметін техникалық қамтамасыз ету, оны кешенді қайта құру, дизайнын жетілдіру, жаңа технологияларды жаңғырту және ендіру мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;

6) бұқаралық ақпарат құралдарынан келіп түсетін сұрау салуларға және (немесе) өтініштерге уақтылы жауаптар дайындау;

7) ұйымның қызметі туралы ақпаратты барынша ашып көрсетуге бағытталған өзге де міндеттер болып табылады.

3. Бұқаралық ақпарат құралдарымен іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғалар (бөлімшелер) өз қызметін арнаулы мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметі ерекшеліктерін ескере отырып, уәкілетті орган бекіткен үлгілік ереженің негізінде әзірленген ереже негізінде жүзеге асырады.

4. Бұқаралық ақпарат құралдарымен іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғалар (бөлімшелер) уәкілетті органмен ол бекіткен тәртіпке сәйкес өзара
іс-қимыл жасайды.

5. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайтын уәкілетті тұлғалар (бөлімшелердің қызметкерлері) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

6. Бұқаралық ақпарат құралдарымен іс-қимыл жасау жөніндегі құрылымдық бөлімше не уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) бөлінген штаттық лауазымы заңды тұлғаның өзі қайта құрылған немесе таратылған жағдайлардан басқа, таратылуға не осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың штаттық лауазымынан алып тасталуға жатпайды.


Қазіргі уақытта белгілі бір мемлекеттік органның қызметі туралы жедел шынайы ресми ақпарттың берілуі тиісті дәрежеде жүзеге аспайтындықтан, мемлекеттік органдардың бұл құрылымдарының қызметтін ретке келтіру қажет.



19-баптың

4-тармағы



19-бап. Теріске шығару не жауап беру құқығы

1.Азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы.
2.Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдарында таратылса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс. 
Егер аталған мәлiметтер ұйымнан шыққан құжатта болған жағдайда, мұндай құжат алмастырылып немесе қайтарылып алынып, бұл құжаттағы мәлiметтердiң шындыққа сәйкес келмейтiндiгi туралы адресатқа мiндеттi түрде хабарлануға тиiс.

Өзге реттерде терiске шығару тәртiбiн сот белгілейдi.

3. Азаматтың немесе заңды тұлғаның бұқаралық ақпарат құралында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда, сотта қаралады.

4. Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн мәлiметтер таратылған болса, олар мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қоса олардың таратылуынан өздерiне келтiрiлген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы. 

19-бап. Теріске шығару не жауап беру құқығы

1. Азамат немесе заңды тұлға бұқаралық ақпарат құралдарынан сол бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған шындыққа сәйкес келмейтін және олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығаруды талап етуге құқылы.

Азамат немесе заңды тұлға теріске шығаруға өтініш жасаған жағдайда, таратылған мәліметтердің шындыққа сәйкес келуі жөнінде дәлелдемелері болмаған бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясы оларды сол бұқаралық ақпарат құралында теріске шығаруға міндетті.

Теріске шығару туралы талап шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер, осы бұқаралық ақпарат құралы таратқан уақыты мен тәсілі көрсетіле отырып, жазбаша түрде ресімделуге тиіс.

2. Теріске шығаруда шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер, осы бұқаралық ақпарат құралдары таратқан уақыты мен тәсілі көрсетілуге тиіс.

Мерзімді баспасөз басылымдарында теріске шығару сол қаріппен басылып, «Теріске шығару» тақырыбымен жолақтың теріске шығарылатын хабарлама немесе материал орналасқан жерге орналастырылуға тиіс. Радио және телеарна арқылы теріске шығару теріске шығарылатын хабарлама немесе материал берілген тәуліктік уақытта және сол бағдарламада берілуге тиіс.

Теріске шығару көлемі таратылған хабарламаның немесе материалдың теріске шығарылатын фрагментінің көлемінен екі еседен аспауға тиіс.

3. Өзіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдары құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтер жариялаған азамат немесе заңды тұлға сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауабын тегін жариялауға құқығы бар.

Мерзімді баспасөз басылымдарында жауап сол қаріппен басылып, «Жауап» тақырыбымен жолақтың жауап берілетін хабарлама немесе материал орналасқан жеріне орналастырылуға тиіс.

Теріске шығару көлемі таратылған хабарламаның немесе материалдың теріске шығарылатын фрагментінің көлемінен екі еседен аспауға тиіс.

3. Құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін өзіне қатысты мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған азамат немесе заңды тұлға сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауабын тегін жариялауға құқығы бар.

Мерзімді баспасөз басылымдарында жауап сол қаріппен басылып, «Жауап» тақырыбымен жолақтың жауап берілетін хабарлама немесе материал орналасқан жерге орналастырылуға тиіс.

Радио және теледидар арқылы жауап теріске шығарылатын хабарлама немесе материал берілген тәуліктік уақытта және сол бағдарламада берілуге тиіс.

Жауаптың көлемі таратылған хабарламаның немесе материалдың теріске шығарылатын фрагментінің көлемінен екі еседен аспауға тиіс.

Азаматтың немесе заңды тұлғаның жауабы осы тұлғадан не оның уәкілетті өкілінен алынатын жауапқа құқықты беру туралы талапты алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады немесе беріледі.

4. Азаматтың немесе заңды тұлғаның бұқаралық ақпарат құралында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы талабы, егер бұқаралық ақпарат құралы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда, сотта қаралады.

5. Заңды күшіне енген сот шешімін орындау үшін жариялатын не таралатын теріске шығару не жауап:

1) аптасына кемінде бір рет жарыққа (эфирге) шығатын бұқаралық ақпарат құралында, - егер өтініш білдіруші өзгеше белгілемесе, теріске шығару туралы талапты алған күннен бастап екі тәулік ішінде;

2) жарыққа (эфирге) шығару кезеңділігі мен уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдарында - егер өтініш білдіруші өзгеше белгілемесе, дайындық үстіндегі немесе жақын арадағы жоспарланған шығарылымда орындалуға тиіс.

6. Ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн мәлiметтер таратылған азамат мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қатар олардың таратылуынан өзiне келтiрiлген залалдың және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Іскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн мәлiметтер таратылған заңды тұлға мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қатар заңнамада белгіленген тәртіппен олардың таратылуынан келтiрiлген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы.»;


Заңның 19-бабының 4 тармағына сәйкес азамат немесе заңды тұлға, өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығарумен қоса, олардың таратылуынан өздерiне келтiрiлген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Бұл арада, 2011 жылғы 25 наурызда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгузі туралы» Заң қабылданды.

Оған сәйкес, Азаматтық кодекстен заңды тұлғалармен моральдық шығынды өтеуді қайтару алынып тасталды. Журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бұл енді заңды тұлғалар ар-намыс, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау жөнінде талап арыздар бойынша моральдық шығынның өтелуіне талап ете алмайтындарын білдіреді.


Осыған байланысты, «БАҚ туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Азаматтық кодекстің (143-бап) арасындағы қайшылықтарды жою талап етіледі.



21-баптың 1-2) және 3-1) тармақшалары

21-бап. Журналистің міндеттері
Журналист міндетті:

....


Жоқ

21-бап. Журналистің міндеттері
Журналист міндетті:

....


1-2) таратылатын ақпараттың дұрыстығын тиісті тұлғаларға және (немесе) ұйымдарға сұрау салулар жолдау, іздеу арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен тексеруге;

3-1) егер мәліметтер ресми хабарламаларда көрсетілген және (немесе) адамның өзі немесе оның заңды өкілі қолжетімділігі шектелмеген көздерде оларды таратқан жағдайларды қоспағанда, адамның немесе оның заңды өкілінің бұқаралық ақпарат құралдарында жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны таратуға келісімін алуға;



Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпау бойынша журналистің міндеттерін жүзеге асыру мақсатында оған алынатын ақпараттың дұрыстылығын тексеру құқығын ғана емес, оны тексеруге міндетін де енгізу қажет.
Жеке өмірге қол тигізбеуге құқығын қамтамасыз ету, және дербес мәліметтерді қорғау мақсатында.



24-баптың

1-тармағы



24-бап. Қазақстан Республикасындағы шетел бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметі
1. Шетел бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдiктерiн және олардың журналистерiн аккредиттеуді Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүргiзедi.

24-бап. Қазақстан Республикасындағы шетел бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметі
1. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдiктерiн және олардың журналистерiн аккредиттеуді Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi сыртқы саяси қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргiзедi.

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде белгіленген аккредиттеу рәсімінен өтуге тиіс.



Ақпараттарды берудің цифрлік технологиясының дамуымен байланысты және осымен байланысты конвергенттік журналистиканың дамуымен байланысты, сондай-ақ БАҚ немесе аумақтық шеңберімен шектелмей журналистік қызмет үшін мүмкіндіктерді кеңейтумен байланысты өзекті мәселелер «фрилансерлер» қатарынан журналистердің қызметін реттеу болып табылады. Шетел БАҚ-тары үшін Қазақстан аумағында журналистік қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының ішінен «фрилансерлер» қызметін реттеу ұсынылады. Бұл отандық журналистиканың біліктілігін дамытуға және оны халықаралық медиялық кеңістікке интеграциялауға жаңа импульс береді.



25-баптың

2-2-тармағы



25-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу үшiн жауапкершiлiк негiздерi
Жоқ

25-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу үшiн жауапкершiлiк негiздерi

....

2-2. Жеке немесе заңды тұлғалар, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі, бас редакторы (редакторы) осы Заңның 2-бабының 3-1-тармағында көрсетілген ақпаратты, егер мұндай ақпараттың таратылуы құқыққа қайшы әрекет (әрекетсіздік) нәтижесінде зардап шеккен баланың және ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарды қоспағанда, әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін күдікті және (немесе) айыпталатын кәмелетке толмағандардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, таратылатын хабарламалар мен материалдарда жария етуге құқығы жоқ.

Егер Заңның осы бабының 2-2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген оқиғалар орын алған жағдайларда, мұндай ақпарат:

1) құқыққа қарсы әрекет (әрекетсіздік) нәтижесінде зардап шеккен, он жасқа толған кәмелетке толмаған баланың және зардап шеккен кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінің келісімімен;

2) құқыққа қарсы әрекет (әрекетсіздік) нәтижесінде зардап шеккен, он жасқа толмаған кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінің келісімімен;

3) әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, он алты жасқа толған кәмелетке толмаған баланың және осы кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінің келісімімен бұқаралық ақпарат құралдарында таратылуы мүмкін.

Егер Заңның осы бабының 2-2-тармағының екінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың бірі бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттың таратылуына келісімін бермеген жағдайда, онда мынадай жағдайларды қоспағанда:

1) құқыққа қарсы әрекет (әрекетсіздік) нәтижесінде зардап шеккен, он жасқа толған кәмелетке толмаған баланың және (немесе) егер мұндай баланың заңды өкілі аталған құқыққа қарсы әрекеттерді жасады деген күдікті немесе айыпталушы болып табылса, мұндай баланың заңды өкілінің келісімінсіз;

2) егер екінші заңды өкілі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болған және оның келісімін алу мүмкін болмаған жағдайда, зардап шеккен кәмелетке толмаған баланың бір заңды өкілінің келісімімен осы ақпаратты таратуға тыйым салынады.

Бұқаралық ақпарат құралдары қылмысты тергеу, қылмыс жасауға қатысы бар тұлғаларды анықтау, жоғалған кәмелетке толмағандарға іздеу салу мақсатында және қылмыстық процесті жүргізетін уәкілетті органдардан алынған процестік құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, көрсетілген мақсаттарға жету үшін қажетті көлемде бұқаралық ақпарат құралдарында Заңның осы бабының 2-2-тармағының екінші бөлігінің 1)-3) тармақшаларында белгіленген тұлғалардың келісімін алмай, кәмелетке толмаған балаға қатысты ақпаратты таратуға құқылы.



Аталған түзету құқыққа қайшы әрекеттің нәтижесінде зардап шеккен баланың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.



26-бап

26-бап. Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді тарату үшін жауапкершіліктен босатылатын реттер
Бас редактор (редактор), сондай-ақ журналист шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында таратқаны үшін жауапты болмайды:

1)егер бұл мәліметтер ресми хабарларда және құжаттарда болса;

2)егер олар жарнамалық және ақпараттық агенттіктерден немесе мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінен алынған болса;
Жоқ
3) егер олар өкілді орган депутаттарының, мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының, ұйымдардың және азаматтардың ресми сөйлеген сөздерінің сөзбе-сөз қайталанып берілуі болса;

4) егер олар алдын ала жазылып алынбай эфирге шығарылатын авторлық сөздерде не осы Заңға сәйкес редакциялауға жатпайтын мәтіндерде айтылса;
Жоқ
5) егер бұл мәліметтер осы Заңның 18 бабына сәйкес міндетті хабарларда айтылса.

26-бап. Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді тарату үшін жауапкершіліктен босатылатын реттер

Бұқаралық ақпарат құралында шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін:

1) егер ол, ресми хабарларда айтылған болса;

2) егер ол бұқаралық ақпарат құралдарының өтінішіне және (немесе) сұрау салуына берілген жауапта айтылған болса немесе бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) материалдарынан алынған болса;

3) егер ол жарнама берушілерден немесе жарнама жасаушылардан алынса;

4) Қазақстан Республикасының заңды күшіне енген заңдары мен сот актілерімен таратуға тыйым салынған немесе таратылуына өзгеше түрде шектеу қойылған ақпараттарды қоспағанда, өкілді органдар депутаттарының, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды немесе уәкілетті адамдарының, заңды тұлғалардың және азаматтардың ресми сөйлеген сөздерінің сөзбе-сөз қайталанып берілуі болса;

5) егер олар алдын ала жазылып алынбай эфирге шығарылатын авторлық сөздерде не осы Заңға сәйкес редакциялауға жатпайтын мәтіндерде айтылса;

6) егер ол өз хабарламасында осы хабарламаны таратқан бұқаралық ақпарат құралына сілтеме жасаған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңды күшіне енген заңдары мен және сот актілерімен тыйым салынған немесе таратылуына өзгеше түрде шектеу қойылған ақпараттарды таратуды қоспағанда, уәкілетті органда есепке қойылған басқа бұқаралық ақпарат құралдары таратқан хабарламаларда, материалдарда және олардың үзінділерінде болған жағдайда;

7) егер бұл мәліметтер осы Заңның 18-2-бабына сәйкес белгіленген міндетті хабарларда айтылса, бұқаралық ақпарат құралы, сол сияқты оның бас редакторы (редакторы), журналист жауаптылықта болмайды.


Баспасөз қызметтері заңды тұлғаның (мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының және басқа да заңды тұлғалардың) құрылымдық бөлімшелері болып табылатындығын назарға алатын болсақ, олармен ұсынылатын ақпараттық дұрыстылығына осы ақпарат ұсынылған журналист емес, ал баспасөз қызметтері өздері жауап берулері тиіс. Себебі БАҚ-тың баспасөз қызметтерімен ресми түрде таратылатын мәліметтердің дұрыстылығын тексеруге нақты мүмкіндігі жоқ.
Дәйексіз ақпарат алынуы мүмкін субъектілерді нақтылау
Ақпараттық-коммуникациялық байланыстың ауқымды дәуірінде БАҚ басқа қайнар көздерден ақпаратты қайта басусыз сәтті жұмыс істей алмайды. Оның дұрыстылығын бірде бір журналист және бірде бір БАҚ мұқият тексеруге жағдайда емес. Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін жауапкершілікке жалған мәліметтер таратқан бірінші болып таратқан тартылады.

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы»

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы



1-баптың жаңа

3-1) тармақшасы



1-бап. Осы заңда қолданылған негізгі түсініктер.

Осы Заңда төмендегі негізгі түсініктер қолданылады:



....
Жоқ

1-бап. Осы заңда қолданылған негізгі түсініктер.

Осы Заңда төмендегі негізгі түсініктер қолданылады:



....

3-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталық - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қызмет көрсететін куәландырушы орталық;



«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталығы» ұғымын айқындау мақсатында




1-баптың жаңа

3-2) тармақшасы





1-бап. Осы заңда пайдаланатылатын негізгі ұғымдар

Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

....

Жоқ


1-бап. Осы заңда пайдаланатылатын негізгі ұғымдар

Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



....

3-2) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы – куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық;



«Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы» ұғымын айқындау мақсатында





1-баптың жаңа

3-3) тармақшасы



1-бап. Осы заңда қолданылған негізгі түсініктер.

Осы Заңда төмендегі негізгі түсініктер қолданылады:



....

Жоқ

1-бап. Осы заңда қолданылған негізгі түсініктер.

Осы Заңда төмендегі негізгі түсініктер қолданылады:



....

3-3) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы – трансшекаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның және Қазақстан Республикасы аумағында берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйе;

«Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабы» ұғымын айқындау мақсатында



1-баптың жаңа

3-4) тармақшасы



1-бап. Осы заңда қолданылған негізгі түсініктер.

Осы Заңда төмендегі негізгі түсініктер қолданылады:

...

Жоқ


1-бап. Осы заңда қолданылған негізгі түсініктер.

Осы Заңда төмендегі негізгі түсініктер қолданылады:



....
3-4) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы – жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін куәландырушы орталық;»;

«Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы» ұғымын айқындау мақсатында




1-баптың

8) тармақшасы



1-бап. Осы заңда пайдаланатылатын негізгі ұғымдар

Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:


8) мемлекеттік техникалық қызмет –Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;

1-бап. Осы заңда пайдаланатылатын негізгі ұғымдар

Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:


Алынып тасталсын

Қазақстан Республикасы негізгі куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарын куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тарапын ілестіру бойынша функцияларды «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының Операторына берумен байланысты.



5-баптың

1-тармағының

13) тармақшасы


5-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
1. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:

….......


13) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының төлнұсқалығын растау қағидаларын бекітеді.

5-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
1. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:

….........

13) Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тараптың электрондық цифрлық қолтаңбасының төлнұсқалығын растау қағидаларын бекітеді;


Жаңа ұғымға сәйкес - Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы – шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының және Қазақстан Республикасы аумағында берілген электрондық цифрлық қолтаңбасының төлнұсқалығын растауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйе. Осыған байланысты Қағидалардың атауын тек қана шетелдік ЭЦҚ-ның емес, ҚР аумағында берілген ЭЦҚ-ның де төлнұсқалығын растау деп кеңейтуді ұсынамыз.



5-баптың
1-тармағының жаңа

15) тармақшасы





5-бап. Уәкілетті органдардың құзыры

1. Уәкілетті орган ақпараттандыру саласында:



....

Жоқ

5-бап. Уәкілетті органдардың құзыры

1. Уәкілетті орган ақпараттандыру саласында:



....

15) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

Толықтыру ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ҚР НКО, ҚР МО КО, ҚР ҰКО және Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру бойынша оған ҚР НКО, ҚР МО КО, ҚР ҰКО және Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тарапының ұйымдастыру-техникалық қызметіне қатысты тиісті нұсқаулықтарды, регламенттер мен өзге құжаттарды бекіту үшін қажет құзыретін бекіту мақсатында ұсынылады.



18-баптың

1-тармағының бірінші абзацы



18-бап. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу
«1. Тіркеу куәлігін берген куәландырушы орталық тиісті хабарлама негізінде оны мынадай жағдайларда».


18-бап. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу
1. Тіркеу куәлігін берген куәландырушы орталық тиісті хабарлама негізінде оны мынадай жағдайларда;


Осы түзетудің шеңберінде куәландырушы орталығы тіркеу куәлігін тиісті хабарламаның және (немесе) құжаттың негізінде ғана кері қайтарып алатын болады. Мәселен, заңды тұлғаны тарату жағдайында Куәландырушы орталығы заңды тұлғаны тарату фактісін растайтын құжатты ұсынған немесе ЗТ МДҚ жүйесінен хабарлама алғаннан кейін ғана осы компания қызметкерлерінің тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға құқылы.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1231 бұйрығмен бекітілген Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларының 33-тармағына сәйкес: «33. Осы Қағидалардың 28 және 29-тармақтарына сәйкес құжаттар келіп түскеннен кейін куәландырушы орталыққа жүгінген кезде тіркеу куәліктерін кері қайтару бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатынын» атап көрсетеміз.



Яғни, куәландырушы орталығы тіркеу куәлігін тиісті хабарламаның және (немесе) құжаттың негізінде кері қайтарып алады.



20-1-бап

20-1-бап

Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия


1. Мемлекеттік техникалық қызмет электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай:

1) шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабының;

  2) куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының;

   3) "электрондық үкіметке", мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қатысушыларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының;

    4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының қызмет түрлерін жүзеге асырады.

  2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.



алынып тасталсын

Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын сүйемелдеу бойынша функцияларды «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына беруге байланысты.




20-2-баптың
1-тармағы

20-2-бап. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу
1. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын куәландырушы орталықтарға қатысты жүзеге асырады.

20-2-бап. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу
1. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығын қоспағанда, куәландырушы орталықтардың өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруы үшін міндетті шарт болып табылады және аккредиттеуді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын куәландырушы орталықтарға қатысты жүзеге асырады.

20-2-бабына түзетулер енгізу «Электрондық құжат және ЭЦҚ туралы» 2003 жылғы
7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының
10-бабы 1-тармағының
4) тармақшасына сәйкес ҚР аккредиттелген КО ЭЦҚ жасағанда және тіркеу куәлігін бергенде, ЭЦҚ қол қоюшы тұлғаның өзі қойған қолымен тең болады және бiрдей заңдық салдарға әкеп соғатынына байланысты.

Қазіргі уақытта КУ аккредиттеуден өтпеген бірқатар КО жұмыс істейді, мәселен, «Қазкоммерцбанк» АҚ. «Қазкоммерцбанк» АҚ өз клиенттеріне ЭЦҚ бергенде электрондық құжат және ЭЦҚ саласындағы ҚР заңнамасын бұзады, себебі аккредиттелмеген КО берген ЭЦҚ қол қоюшы тұлғаның өзі қойған қолымен тең болмайды және бiрдей заңдық салдарға әкеп соқпайды.



«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының

2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңы



3-бапты

7-3) тармақшасымен толықтыру



3-бап. Негiзгi ұғымдар
Жоқ

3-бап. Негiзгi ұғымдар

7-3) Телесауда - тауарларды немесе қызметтерді ақылы қамтамасыз ету мақсатындағы телеарнадағы жария ұсыныс.



Бұл бағытта «Телесауда» термині осы Заңның 8-бабында теле-, радиоканалдарында жарнаманың 5 пайыздан артық емес ұғымымен қарастырылады.



6-баптың

2-тармағы



6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар

2. Мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады.



Жарнама мазмұнының бiр тiлден екiншi тiлге аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс.

Бұл ретте теледидар мен радио арқылы мемлекеттiк тiлде берiлетiн жарнама күн сайынғы эфирге шығатын барлық уақыт бойы бiркелкi таратылуға тиiс.

6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар
2. Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет ресурстарын, ақпарат агенттіктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады.

Жарнама мазмұнының бiр тiлден екiншi тiлге аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс.

Бұл ретте жергілікті уақыттың ноль сағатынан бастап есептелетін ұзақтығы әрбір алты сағат сайынғы уақыт аралығында мемлекеттік тілдегі теле,-радиоарналардағы жарнама көлемі басқа тілдердегі жарнаманың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс.



Тіл теңгерімін сақтау бөлігіндегі телерадио хабарлар тарату туралы заңнама талаптарына сәйкес келтіру мақсатымен.



8-баптың

1-тармағы



8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама

1. Жарнама сипатындағы хабарламалар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнама, жүгiртпе жолды қоспағанда, тәулiк iшiнде берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң жиырма пайызынан аспауға тиiс.

Жарнаманы трансляциялау кезiнде оның дыбысы трансляцияланатын бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиiс.


8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама

Жарнама сипатындағы хабарламалар мен материалдар мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнама, жүгіртпе жолды қоспағанда, тәулiк iшiнде берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң жиырма пайызынан аспауға тиiс.

Жарнама сипатындағы хабарламаларға және материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы тәулік ішінде жарнама таратудың жалпы көлеміндегі телесауда он бес пайыздан аспауға тиіс.

Жарнаманы трансляциялау кезiнде оның дыбысы трансляцияланатын бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиiс.



3-бөлімнің 11-бабына сәйкес трансшекаралық телевизия туралы Европалық Конвеция телесауданың және жарнаманың жалпы ережелерін белгілейді. Телесауда саласындағы халықаралық тәжірибені талдау барысында, сондай ақ нормалардың тәжірибелік іске асыруды болжай отырып, теле-, радиоарналардағы, жарнама сипаттындағы хабарламалар мен материалдарда мамандандырылмаған сұрақтарды заңмен реттеу қажет деп санаймыз.

«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы



2-баптың

2) тармақшасы




2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар

.......


2) абоненттер және (немесе) байланыс қызметін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпарат (әрі қарай – қызметтік ақпарат) – абоненттер және (немесе) байланыс қызметін пайдаланушы туралы, жеке тұлғалар үшін жеке идентификациялық нөмірді және заңды тұлғалар үшін бизнес идентификациялық нөмірді, биллингтік мәліметтерді және оларға ұсынылатын қызмет туралы мәліметтерді, абоненттік құрылғының желідегі орны, мәліметтер беру желісіндегі мекенжайын және мәліметтер беру желісіндегі интернетке шығуын, интернет ресурстың идентификаторын, мәліметтер беру желісінің хаттамасын қамтитын мәліметтер

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы заңда келесідей ұғымдар қолданылады:

.......


2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі – қызметтік ақпарат) – байланыс желілерінде тек қарсы барлау қызметін және жедел-іздестіру шараларын жүргізу мақсатына ғана арналған абонеттер туралы және жеке тұлғаларға арналған жеке сәйкестендіру нөмірін және заңды тұлғаларға арналған бизнес-сәйкестендіру нөмірін қамтитын мәліметтер, биллинг мәліметтері, абоненттік құрылғының желідегі орналасқан жері (ұялы байланыс желілері үшін техникалық регламенттің талаптарына сәйкес абоненттік құрылғының желіде орналасқан жері, деректер беру желісіндегі мекенжайлары және деректер беру желісінде интернет-ресурстарға кіру мекенжайлары, интернет-ресурс идентификаторлар, деректер беру желісінің хаттамалары;

Редакцияны айқындау

Байланыс операторлары құрылғының тұрған жерін анықтай алмайды, егер онда ешқандай әрекет (кіріс, шығыс қоңыраулары, қыс хабар, дата-трафик) жасалмаса. Оған қоса, операторлар пайдаланушылар туралы ақпарат жинамайды.

«Абонент туралы қызметтік ақпарат» термині ел заңнамасында байланыс желісіндегі ОРМ жүйесі тұрғысынан қолданылады. Осыған байланысты норманы екіжақыт түсіндірмес үшін терминологияны нақтылау керек.

Сондай-ақ биллингтік мәліметтер мен ұсынылған қызмет туралы мәліметтер бір нәрсе болып саналады, «Байланыс туралы» заңның 2 бабының 22 тармағына сәйкес, «биллинг – абонентке ұсынылатын қызметтерді есепке алу және олардың тарификациясы мен төлем үшін есеп-шот ұсынатын операцияларын автоматты түрде орындауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.».





2-баптың

18) тармағы




2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

…………


18) байланыс операторы – Қазақстан Республикасында тіркелген, байланыс қызметтерін көрсететін заңды тұлға;

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

…………


18) байланыс операторы –, байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға немесе жеке тұлға. Байланыс операторы байланыс желілерінің түрлері және көрсетілетін байланыс қызметтерінің түрлері бойынша сыныпталады;

Байланыс операторы ұғымының анықтамасын:

  • Жеке кәсіпкерлерді кемсітушілікті болдырмау;

  • байланыс операторларын байланыс саласындағы нормативтік құықтық актілердің нормалары мен талаптарын орындаған кезде құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде сәйкестендіруді нақтылау үшін толықтыру ұсынылады.





2-баптың

30-1) тармақшалары



2 бап. Осы заңда қолданылатын негізгі ұғымдар
Осы заңда келесідей ұғымдар қолданылады:

:

.......



30-1) жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы –– абоненттің ақпаратты таратуы немесе қабылдауы үшін электрлік байланыс белгілерін қалыптастыратын және қызмет көрсетілетін аумақта тұрақты географиялық анықталатын орны жоқ және жылжымалы байланыс желісінде жұмыс істейтін (ұялы, транкингтік, спутниктік телекоммуникация желісі және басқалары) байланыс операторына қосылатын жеке қолданыстағы байланыс құралы.

2-бап. Осы заңда қолданылатын негізгі ұғымдар
Осы заңда келесідей ұғымдар қолданылады:

.......


30-1) мобильдік байланыс желісінің абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланыс сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақтың шеңберінде географиялық жағынан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, мобильдік байланыс желілерінде (ұялы, транкингтік, спутниктік телекоммуникациялар желісінде және басқаларда) жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы;

Редакцияны айқындау, желі қозғалмайды, желілер бекітілген және мобильді байланыс желілеріне бөлінеді



2-баптың жаңа 44-1) тармақшасы

жоқ

2 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

...
44-1) Президенттік байланыс – Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге арналған арнайы электрлік байланыс;



Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №814 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын байланыстың халықаралық және басқа да түрлерімен қамтамасыз ету функциялары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен атқарылады.



2-баптың

55) тармақшасы




2-бап. Осы заңда қолданылатын негізгі ұғымдар
Осы заңда келесідей ұғымдар қолданылады:

.......


55) телекоммуникация желісі – телекоммуникация хабарының берілуін қамтамасыз ететін, коммунтативтік жабдықтан (станса, кішістанса, концентратор) желілік-кабелдік орынжайдан (абоненттік қосушы линиялар мен арналар), беру жүйесі мен абоненттік құрылғылардан тұратын телекоммуникация құралдары мен байланыс желісінің жиынтығы.

Осы заңда қолданылатын негізгі ұғымдар
Осы заңда келесідей ұғымдар қолданылады:

.......


55) телекоммуникация желісі - коммутациялық жабдықтан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кәбілдік құрылыстардан (абоненттік жолдар, жалғаным жолдары мен байланыс арналарынан), тарату жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын, телекоммуникация хабарламаларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;

Редакцияна айқындау



2-баптың

64-1) тармақшасы




2-бап. Осы заңда қолданылатын негізгі ұғымдар
Осы заңда келесідей ұғымдар қолданылады:

.......


64-1) бекітілген желінің абоненттік құрылғысы – абоненттің ақпаратты таратуы немесе қабылдауы үшін электрлік байланыс белгілерін қалыптастыратын және қызмет көрсетілетін аумақта тұрақты географиялық анықталатын орны және нөмірлеу ресурсы бар, бектілген байланыс желісінде (жергілікті телекоммуникациялар желісі және басқалар) жұмыс істейтін байланыс операторына қосылатын жеке қолданыстағы байланыс құралы.

2 бап. Осы заңда қолданылатын негізгі ұғымдар
Осы заңда келесідей ұғымдар қолданылады:
.......

64-1) тіркелген байланыс желісінің абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланыс сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақтың және нөмірлендіру ресурстарының шеңберінде географиялық жағынан айқындалатын тұрақты орналасқан жері бар, тіркелген байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы;



Желілер бекітілген және мобильді байланыс желілеріне бөлінеді, (жергілікті телекоммуникация желілері мен басқалары» деген сөз алынып тасталды.



2-баптың жаңа

65-1) тармақша



2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



...

Жоқ

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

...

65-1) іс-шараның ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етілу – телекоммуникация желілерін ұйымдастыруға, құруға, басқаруға, жетілдіруге және пайдалануға арналған құралдардың, әдістердің және шешімдердің жиынтығы.








2-баптың

66) тармақшасы



2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

66) ұялы байланыс - қызмет көрсетілетін аумақты бірқатар ұяшықтарға бөлуді пайдаланатын, абонент ұяшықтан ұяшыққа өткен кезде байланыстың үзіліссіз болу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және радиотолқындар арқылы көбінесе сөйлесу түрінде берілетін екіжақты (көпжақты) ақпарат алмасуға арналған электр байланысының түрі;


2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

66) ұялы байланыс - қызмет көрсетілетін аумақты бірқатар ұяшықтарға бөлуді пайдаланатын, абонент ұяшықтан ұяшыққа өткен кезде байланыстың үзіліссіз болу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және радиотолқындар арқылы берілетін екіжақты (көпжақты) ақпарат алмасуға арналған электр байланысының түрі;


Басылымды түзету
Ұялы байланыс Ғаламтор желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі болып табылады. Бұрын ұялы байланыс радиожиіліктер арқылы дауыс және қысқа мәтіндік хабарлама түрінде берілетін ақпарат алмасуға арналған электр байланысының түрі болып табылатын, ал бүгінде заманауи ұялы байланыс технологиялары (3G және 4G) Ғаламтор желісіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.



7-баптың

1-тармағының

12) тармақшасы


7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің байланыс саласындағы құзыретіне:

…………


12) пошта байланысы арқылы жіберуге тыйым салынған заттардың тізбесін айқындау;

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің байланыс саласындағы құзыретіне:

…………


Алып тасталсын

«Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына қайшы келетініне байланысты алып тастау (24-баптың
1-тармағының 9) тармақшасы)




8-баптың

5-1) тармақшасы



8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің  құзыреті
1. Уәкілетті органның құзыретіне:

…….


5-1) жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының бірыңғай дерекқорын қалыптастыруды, жұмыс істеуін, сүйемелдеу мен дамытуды және оның ресурстарына қолжетімділік беруді қамтамасыз ету;

8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті
1. Уәкілетті органның құзыретіне:

…….


5-1) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары идентификаттау кодтарының бірыңғай дерекқорын қалыптастыруды, жұмыс істеуін, сүйемелдеу мен дамытуды қамтамасыз ету және оның ресурстарына қолжетімділік беру;

Редакциясын нақтылау, желілер тіркелген байланыс және ұялы байланыс желілеріне бөлінеді.

Ұялы байланыс желілері – ұялы байланыс желісінің түрі. Ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғылары тіркелуге тиіс.





8-баптың

1-тармағының

6-1) тармақшасы


8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті

1. Уәкілетті органның құзыретіне:

…….

6-1) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктелерінде жалғау қағидаларын бекіту;


8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті

6-1) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау, ажырату мен трафикті өткізу қағидаларын бекіту;



Қолданыстағы заңнамада өшіру және трафикті өткізу реттелмеген. Бұл қағиданы енгізу операторларды байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне жалғау, өшіру және трафикті өткізу міндеттерін реттейді. Бұрын тек қана алмасу нүктесіне жалғау ғана реттелген болатын.





8-бап


8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті
1.Уәкілетті органның құзыретіне мыналар кіреді:

....


6-7) Интернетке жұртшылық қол жеткізетін пункттерде Интернетке қолжетімділік қызметін көрсету ережелерін бекіту

8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің  құзыреті
1. Уәкілетті органның құзыретіне:

…….


6-7) алып тасталсын

Интернетке қол жетімділік байланыс қызметін көрсету ережелерімен реттеледі





8-баптың

1-тармағының жаңа

6-10) тармақшасы


8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті

...


Жоқ

8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті

1. Уәкілетті органның құзыретіне:

…….

6-10) байланыс операторының желісін орталықтандырылған басқару жүйесінің:

халықаралық түйісу нүктелерін ұйымдастыру, тіркеу мен пайдалануды;

ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін, басқарушы параметрлерді қалыптастыруды;

қолданылатын байланыс құралдарына және оларды басқаруға қойылатын талаптарды;

байланыс желілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді;

байланыс желілерін пайдалануға енгізуді және олардың орындалуын бақылауды қамтитын жұмыс істеу тәртібін және оған қойылатын талаптарды бекіту;


Қазіргі уақытта ТЖБО бірыңғай жүйесі орындайтын функцияларды 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап байланыс операторлары өз инфрақұрылымында уәкілетті орган бекітетін талаптарға сәйкес өзінің телекоммуникациялар желілерін басқару орталықтары арқылы орындайтын болады.





8-баптың

1-тармағының

8) тармақшасы


8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті

1. Уәкілетті органның құзыретіне:

......

8) өз құзыретi шегiнде байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, оның iшiнде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу және пайдалану, сондай-ақ оларды шет елдерден әкелу тәртiбiн, байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзiрлеу және қабылдау;



8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті
1. Уәкілетті органның құзыретіне:

......


8) өз құзыретi шегiнде байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, оның iшiнде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ оларды шет елдерден әкелу тәртiбiн, байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзiрлеу және қабылдау;

Басылымды түзету.


жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау