Ќазаќстан Республикасыныѕ индустрия жјне


Ұңғымаларды қолмен бұрғылау



жүктеу 0,98 Mb.
бет9/14
Дата20.11.2018
өлшемі0,98 Mb.
#21983
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

11. Ұңғымаларды қолмен бұрғылау
166. Ұңғымаларды құбырлармен бекітумен соққылы – айналмалы топтамамен қолмен бұрғылау. Әр түрлі жер қабаттары бар қабаттар шектерін және қалыңдықтарын топырақтардың жер қабаттарын сипаттаумен, сумен қаныққан көкжиектерді және су тіректерінің жатыс тереңдіктерін белгілеумен, су деңгейлерін өлшеумен, ұңғымада су деңгейлерін өлшеумен анықтау. Зертханалық анықтамалар мен талдауларды өндіру үшін топырақ және су сынамаларын алу. Бағандармен бұрғылау ұйғымаларын беріктеу. Дала журналын жүргізу. Бұрғылау бекетінде ағаш өсімдіктерін жинақтау, ауданды жоспарлау. Бөренелі үшаяқты құрылғысын орнату, үшаяқтыны және жабдықты орнату және бөлшектеу (тереңдігі 10 м асатын ұңғымалар үшін).

Жұмыс участкесінде қолмен бұрғылау кешенін тасымалдау, онда тиеу және жүк түсіру жұмыстары өндіріледі. Барлау желісі бойынша бұрғылау топтамасын, үшаяқтыны, топырақ және су сынамаларының орнын ауыстыру. Жұмыстар құрамында 2 және 3 разрядтағы екі жұмысшының отрядымен жүргізіледі, онда отряд басшысының және бұрғылау жұмыстары бойынша инженердің үлестік қатысуы болады.

167. Беріктелген құбырлармен мотобұрғылаушымен ұңғымаларды бұрғылау. Әр түрлі жер қабаттары бар қабаттар шектерін және қалыңдықтарын топырақтардың жер қабаттарын сипаттаумен, сумен қаныққан көкжиектерді және су тіректерінің жатыс тереңдіктерін белгілеумен, су деңгейлерін өлшеумен, ұңғымада су деңгейлерін өлшеумен анықтау

Зертханалық анықтамалар мен талдауларды өндіру үшін топырақ және су сынамаларын алу. Бағандармен бұрғылау ұйғымаларын беріктеу. Дала журналын жүргізу.

Бұрғылау бекетінде ағаш өсімдіктерін жинақтау, ауданды жоспарлау. Қондырғыны құрастыру және бөлшектеу және оған техникалық қызмет көрсету. Жұмыс участкесінде тасымалдау және су және топырақ сынамаларын бұрғылау топтамасының барлау желісі бойынша орын ауыстыруы.

168. Уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 117, 118 кестелерде (9 Қосымша) келтірілген. Жұмыстар құрамында 2 және 3 разрядтағы екі жұмысшының отрядымен жүргізіледі, онда отряд басшысының және бұрғылау жұмыстары бойынша инженердің үлестік қатысуы болады.

169. Бұрғылау бойынша тау жыныстарының топтастырулары 119 кестеде келтірілген, (9 Қосымша).

12. Қыс мезгілінде жұмыстардың қымбаттауы
170. Осы бөлімде қыс мезгілінде ұңғымаларды бұрғылағанда жұмыстардың қымбаттауына сметалық мөлшерлемелер келтірілген, олар дайындау, бұрғылау ғимараттарын жылыту үшін отындарды тиеу мен түсіруге, ашық алаңдарда және ұңғымаларды бұрғылау орындарында, төсеніш орындарында және бұрғылау мұнараларының жерасты алаңдарында қар тазалау бойынша жұмыс жасап жүрген бұрғылау бригадаларын жылытуға шығындардан тұрады.

171. Бұрғылау жұмыстарының қысқы қымбаттаулары бойынша шығындар есебі үшін қыс мезгілі аралығында бұрғылауға келетін білтек – кезең саны анықталады, ол «Температуралық аймақтар бойынша Қазақстан аумағын бөлу» 9 қосымшада көрсетілген жылыту аралығының ұзақтылығы мен бұрғылау жұмыстарын өндірудің күнтізбелік кестесінен алынады.

172. Сонымен бірге білтек – кезең саны бұрғылауға да және көмекші жұмыстарға да қолданылады, соның ішінде зерттеу жұмыстары, айдаулар және қыс мезгілінде өтетін ұңғымаларды цементтеумен байланысты технологиялық тұрып қалулар. Сметалық мөлшерлемелер 1 білтек – кезеңге келтірілген.

173. Қыс мезгілінде бұрғылау ғимараттарын және қондырғыларын құрастыруды, бөлшектеуді және тасымалдауды өндіргенде осы жұмыстарды орындауға уақыт мөлшерлемелері жұмысшыларды жылытуға уақытты есептеу есебінен ұлғаяды.

Қыс мезгілінде бұрғылау қондырғыларын құрастыруға бөлшектеуге және тасымалдауға уақыт мөлшерлемелері ұлғаюын ескеріп отыратын түзету коэффициенттері 120 кестеде келтірілген (10 Қосымша).

174. Температуралық аймақтарға жатқызылмаған жерлерде, сонымен бірге биік таулы аймақтарда, ол жерлерде ауаның теріс температурасы кез келген жыл мезгілінде орын алуы мүмкін, бұрғылау қондырғыларының құрастырылуын, бөлшектенуін және тасымалдануын орындағанда қыс мезгілінде жұмыстарды өндіргенде уақыт шығындарының ұлғаюын ескеріп отыратын түзету коэффициенттері 121 кестеде келтірілген, 10 Қосымша.

175. Қыс мезгілінің шарттарында бұрғылау және көмекші жұмыстардың қымбаттауына еңбек және көлік шығындарының мөлшерлемелері 122, 123 кестелерде келтірілген, 10 Қосымша.

176. ҚР аумағын температуралық аймақтарға бөлу 124 кестеде келтірілген, 10 Қосымша.


Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Министрінің 2018 жылғы "___" мамырдағы №_____ бұйрығына 4-қосымша


ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ТАСПАҒА ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫНА УАҚЫТ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ

4-бөлім. Геофизикалық жұмыстар

1-тарау. Ұңғымалардағы геофизикалық зерттеулер

1. Жалпы ережелер
1. Сметалық мөлшерлемелер және нормативтер жинағында құрылымдық – картаға түсіру, гидрогеологиялық ұңғымаларда, көмірге, кенге және өзге де минералды шикізаттың түрлеріне геологиялық таспаға түсіру кезінде бұрғыланатын ұңғымаларда, сонымен қатар ұңғымаларды инклиметрия (ҰГЗ) әдісімен жасайтын арнайы жұмыстарға уақыт мөлшерлемелері, еңбек шығындарының мөлшерлемелері келтірілген.

2. Мөлшерлемелер және нормативтер геологиялық барлау жұмыстарының тәжірибесінде кең өндірістік қолданыс тапқан келесі геофизикалық әдістерге және жұмыс түрлеріне жобаланған:

электрлік әдістер – болжамды кедергінің, табиғи потенциалдардың, сырғымалы байланыстардың, шақырылған потенциалдардың, бүйірлі токты бұрғытәж, микробұрғытәж, табиғи потенциалдар градиенті;

ядролық – геофизикалық әдістер – гамма-бұрғытәж, гамма-гамма-бұрғытәж, тығызды гамма-гамма-бұрғытәж, селективті гамма-гамма бұрғытәж, жылдам және баяу нейтрондарда нейтрон-нейтронды бұрғытәж, рентгенорадиометриялық бұрғытәж, импульсті нейтрон-нейтронды каротаж, спектрометриялық нейтронды гамма-бұрғытәж, спектрометриялық нейтронды белсенді бұрғытәж, спектрометриялық гамма-бұрғытәж, нейтронды гамма-бұрғытәж;

электромагнитті әдістер – магнитті сезімталдық бұрғытәжі, диэлектрикті бұрғытәж, электромагнитті бұрғытәж;

акустикалық бұрғытәж

кавернометрия;

инклинометрия;

еңіс өлшеу;

термометрия;

резистивиметрия;

шығын өлшеу;

бүйірден ататын топырақ тасымалдағыш немесе гидравликалық сынама алумен жыныстар үлгілерін алу.

3. Уақыт мөлшерлемелерінің сандық мәні келесілерді сипаттайтын шарттар үшін орнатылған:

жұмыстарды жөнделген еңбек амалдарымен орындау;

жұмыстарды сан жағынан және біліктілік жағынан жұмыс құрамына сәйкес жабдықталған ұжыммен орындау, қызметкерлер жабдықтар мен мәшинелерге қызмет көрсетеді, еңбек қауіпсіздігі мен қауіпсіздік техника ережелерімен танысқан;

жұмыс түрлері және жағдайлары үшін тиімді еңбек ұйымдастырулары және өндірісі, сонымен қатар технологиясы.

4. Геофизикалық жұмыстарды орындайтын негізгі өндірістік бірлік геофизикалық немесе бұрғытәж партия (отряд) болып табылады.

5. Жұмыстарды өткізуге жауапты тұрға партия басшысы болып табылады, оның басшылығының астында жұмыстардың барлық кешені орындалады (яғни, мөлшерлемелерде оның үлестік қатысуы ескеріледі): бағдарламаны құрастыру; ұйымдастырушылық – дайындық жұмыстары; дала және онымен қатар жүретін барлық жұмыс түрлері; есеп беруді құрастыру.

Партия басшысының лауазымына анағұрлым білікті геофизик – маман тағайындалады.

Жұмыстарды негізгі орындаушылар геофизиктар, геофизик – техниктер, жүргізушілер болып табылады. Әрі қарай нақты әр жұмыстың түрі бойынша мөлшерлемелерде орындаушылардың құрамы ұсынылған.

6. Уақыт мөлшерлемелері анағұрлым тиімді әдістемелерді, техниканы, технологияны және еңбекті ұйымдастыруды пайдалану негізінде жобаланған және сәйкес жұмыс түрлерін өткізу үшін қажетті өндірістік процесттер кешенін ескереді. Жұмыстар құрамы уақыт мөлшерлемелері (жасап шығу) кестелерінің алдында келтірілген.

Мөлшерлемелерде негізгі жұмыс түріне шығындарынан басқа онымен технологиялық байланысқан жұмыстарға шығындар ескерілген, оларды орындау қолданыстағы ережелерге, әдістемелік нұсқауларға және өзге нормативті актілерге сәйкес міндетті болып табылады.

Әр тарау жұмыс шарттарынан, жұмыс құрамынан тұрады, олардын тарауларында орналастырылған жұмыстардың алуан түрлігіне қатысты мәліметтер, жұмыстың физикалық көрсеткішін (1 м ұңғыма) орындауға уақыт мөлшерлемелері және жұмыстардың физикалық көрсеткішіне лауазымдар мен мамандықтар бойынша орындаушылардың мөлшерлеме еңбек шығындары көрсетілген.

Геологиялық салада ұйымдастырумен жүрген жұмысшылар мамандықтарының және жетекшілер, мамандар және өзге қызметкерлердің лауазымдарының атаулары, оларға тарифтік разрядтар және дәрежелер жұмыстардың Бірлік тарифті – біліктілік анықтамасымен және қызметкерлер лауазымдарының Түрлік біліктілік сипаттамаларына сәйкес орнатылады .

Уақыт мөлшерлемелері демалыста және жеке қажеттіліктерде уақытты және жұмыс орнына қызмет көрсету бойынша уақыттарды ескеріп жобаланған.

7. Ұңғымаларда геофизикалық зерттеулерді жобалау қолданыстағы ережелерге және өзге нормативті құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Еңбекті ұйымдастыру
8. Осы жинақтың мөлшерлемелері анағұрлым тиімді әдістемелерді, техниканы, технологияны және еңбекті ұйымдастыруды пайдалану негізінде жобаланған және сәйкес жұмыстар түрін өткізу үшін қажетті өндірістік процестер кешенін ескереді.

Уақыт мөлшерлемелерін анықтағанда келесі ұйымдастырушылық – техникалық жұмыс шарттары ескерілген:

геофизикалық жұмыстар жер бетінен бұрғыланған тік ұңғымаларда жүргізіледі, ол геофизикалық жұмыстарды жүргізу үшін ұңғымаларды дайындауға техникалық шарттарға сәйкес бұрғытәж отряды келу уақытына дайын тұрады;

отряд (партия) жөнделген жабдықтар, аппаратура мен қондырғылар, көлік амалдары, негізгі материалар, қорғаныс амалдары және арнайы киімдер кешенімен қамтылған, сонымен бірге ИТҚ және жұмысшылардың мөлшерлеме сан мөлшерімен қамтамасыздандырылған;

геофизикалық зерттеулерге өтініштер біркелкі түседі және отрядтың (партияның) жұмыс уақытының толық жүктелуін қамтамасыз етеді;

1:500 (1:200) масштабындағы жалпы геофизикалық зерттеулермен барлық тереңдікке ұңғымалар қамтылады; забойда және ұңғыманың отырғызылған аралықтарында жоғалтулар болмайды;

аппаратураны эталондау және градуирлеу базада қолданыстағы техникалық ережелерге сәйкес айына бір рет орындалады;

технологиялық үзілістер және тұрып қалулар болмайды;

жұмыстар + 50 С жоғары температураларда өткізіледі.

Жұмыс орындаушыларының еңбек және демалыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде реттеледі.

9. Зерттеулер геофизикалық партиямен орындалады, оның құрамында бір немесе бірнеше отряд болады, олар аппаратура, жабдықтар, көлік амалдары және материалдар топтамасымен жабдықталған.

Отряд деп алғашқы өндірістік бөлімше аталады, ол жабдықтар мен аппаратураның бір топтамасының көмегімен жұмыстарды орындау үшін ұйымдастырылған.

10. Жұмыстардың табиғи бірлігі ретінде зерттелетін ұңғыманың бір метрі қабылданған, оларда геофизикалық параметрлердің өлшенуі орындалады, және жүріп өтулер үшін автокөлік жүрісінің километрі алынады.

11. Уақыттың есептік бірліктері үшін отряд – кезең қабылданған, оның аралығында бір геофизикалық отряд жеті сағаттық жұмыс күніне орнатылған жасап шығу мөлшерін орындайды.

12. Еңісті бұрғылау ұңғымаларында жұмыстарды өткізгенде, сонымен қатар ұйымдастырушылық – техникалық шарттармен қабылданған температуралардан ауа температурасы өзгеше болғанда түзету коэффициенттері қолданылады (1-4 кестелер, 1 қосымша, 4 бөлім, 1 тарау).

8 және 9 тт, бойынша 3 кестенің түзету коэффициенттері (1 Қосымша, 4 бөлім, 1 тарау) пайдалы қазбалардың барлық түрлеріне таратылады.

Инклинометрияны, термометрияны және РРК орындағанда бұрғытәж отрядының дербес шығуында ұңғыма еңісі үшін (1 кесте, 1 қосымша, 4 бөлім, 1 тарау) уақыт мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері зерттеудің барлық аралығына қолданылады.

100 м кейін инклинометрия өткізгенде уақыт мөлшерлемелеріне (13 кесте, 17 топ, 32 қосымша, 4 бөлім, 1 тарау) 0,5 түзету коэффициенттері қолданылады.

1:200 масштабында ҰГЗ жүргізгенде инклинометрияға уақыт мөлшерлемелерін 13 кесте (3 қосымша, 4 бөлім, 1 тарау) бойынша алған жөн.

Дербес шығуда ұңғымаларда ядролық – физикалық зерттеуге уақыт шығындары 13, 14 кестелер бойынша анықталады (3 Қосымша, 4 бөлім, 1 тарау).

13. Таулы аймақтарда зерттеулерді өндіргенде уақыт мөлшерлемелеріне келесі түзету коэффициенттері қолданылады: 1501-2000 м абсолют биіктікпен – 1,05; 2001-3000 м – 1,10; 3001-4000 м – 1,25; 4001-4500 м – 1,33; 4500 м жоғары – 1,45.

14. Ұңғымаларда бұрғытәж жұмыстарын орындағанда бұрғытәж отрядына тәуелсіз мөлшерлемелерден жоғары уақыт шығындарын есептеу үшін «мөлшерлеме шарттарынан ауытқу коэффициенті» КН келесі жағдайларда қолданылады:

ұңғымалардың техникалық күйлеріне байланысты зерттеулердің күрделенуі;

ҰГЗ астында ұңғымаларды біркелкі емес ұсынғанда;

Бұрғытәж отрядын тасымалдауды кейінге қалдыру (шиеленісілер, ұңғыма жақындауға қиындатылған жолдар);

бұрғытәж отрядымен ҰГЗ тек бір объектіде орындау және өзге объектілерде пайдалану мүмкінсіздігі;

үш және одан көп параметрлерді бір уақытта тіркеумен БКР-3 аппаратурасымен жұмыс жасау.

КН коэффициенті «а» параметрімен сәйкес бір отряд үшін немесе «А» бірнеше отрядтар үшін анықталады (5 кесте, 1 қосымша, 4 бөлім, 1 тарау). «а» немесе «А» параметрінің мәні ұңғымаларда геофизикалық зерттеулер көлеміне мөлшерлеме уақыт шығындарының қатынасы ретінде есептеледі, оның ішіне ұңғыма еңісі, төмен температура және таулы жерлерде жұмыс жасаған үшін түзету коэффициенттері кіреді, және жұмыс уақытының қорына (305 отряд – кезең) күнтізбелік көшулер (жылдық) есептеледі. Бір отряд үшін есептелеген "а" параметрі бір уақытта КН коэффициенті болып табылады.

«А» параметрінің мәні жұмыстар объектілері бойынша мәндердің қосындысы ретінде анықталады.

Мөлшерлеме шарттарынан ауытқу коэффициенттері (КН), сонымен қатар өндірістік жүктеме коэффициенттері (КПЗ) ұңғымаларда геофизикалық зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын экспедициялармен, әр геофизикалық отряд бойынша жұмыс көлемдері мен уақыт шығындары негізінен алдыңғы жылдың барлық геологиялық барлау жұмыстары объектілерінде есептеледі және осы ұйымдастырумен бекітіледі. Жаңадан ұйымдастырылып жатқан отрядтар үшін КН және КПЗ жобалық деректер бойынша есептеледі.

15. Егерде кротажды отряд ұңғымаларға  геофизикалық зерттеулерді және басқада геофизикалық жұмыстарды орындайды (ұңғымалы геофизика, магниттібарлау, гравитациялық барлау және т.б.) КН есебі кезінде барлық жұмыс түрлеріне уақыттың  нормативті шығынын есепке алу керек.

16. ҰГЗ сынақ - әдістемелік жұмыстарына КН коэффициенті таратылмайды.

17. Екі бұрғытәж қондырғыларын пайдаланған жағдайларда КН есептегенде екі қондырғының да мөлшерлеме уақыт шығындарының қосындылары ескеріледі.

18. ҰГЗ мөлшерлеме уақыт шығындары бойынша алдын – ала жұмыстарға уақыт шығындары КН коэффициентін есепке алмай анықталады.

19. КН ≤ 0,7 болғанда алдын – ала жұмысқа уақыт шығындары қосымша көзделмейді.

20. Өндірістік жүктеме коэффициенті КПЗ "а" және "А" параметрлеріне және шығулардың меншікті салмағына сәйкес 5 кесте бойынша анықталады (1 Қосымша, 4 бөлім, 1 тарау). Шығулардың меншікті салмағы мөлшерлеме шығындарды КН коэффициентісіз объектілерге ұңғымаларды геофизикалық зерттеуге шығулардың мөлшерлеме уақыт шығындарына бөлуден анықталады.

21. Геофизикалық отрядтың сан мөлшері өндірістік жүктеме коэффициентіне КПЗ сәйкес келтірілген (20, 21 кестелер, 4 қосымша, 4 бөлім, 1 тарау).

22. Шығуларға уақыт шығындары 6 кесте бойынша (1 Қосымша, 4 бөлім, 1 тарау) ұңғымаға дейін жобамен алдын ала көзделген орташа қашықтықпен, ұңғымаларға шығулардың орташа сан мөлшерімен, көлік түрлері және жолдар топтарына сәйкес анықталады. Егер ұңғымаға дейін орташа қашықтықпен, шығулардың сан мөлшерімен немесе ұңғыманы тасымалдау шарттарымен объектілерге қызмет көрсететін партиялармен жеке топтар түзілетін болса, шығуларға уақыт шығындары әр топ үшін бөлек анықалады және кейін бір – біріне қосылады.

23. Геофизикалық зерттеулерге отряд – кезеңдерде уақыт шығындары жобамен орынталған кешен және 1:500 (1:200) масштабында жалпы зерттеулер көлемі, 1:200, 1:50, 1:20 масштабтарында бөлшектеп зерттеу кешені мен көлемі, алынатын жыныстар үлгілерінің сан мөлшері, ұңғыманың орташа тереңдігі, ұығымалардың еңіске және температураға түзетулерді ескеріп ұңғымалардың орташа сан мөлшері негізінде анықталады.

Зерттеу кешені, ұңғымалардың орташа тереңдігі немесе ұңғыманың шығу сан мөлшері бойынша объектіде жеке топтар құрған жағдайларда уақыт шығындары әр топ үшін жеке анықталады және кейін қосылады.

Ұңғыманың тағайындалуына сәйкес, олардың орташа тереңдіктерімен жобамен бекітілген, ұңғымаға шығудың орташа сан мөлшерімен зерттеулердің негізгі кешенін орындауға уақыт шығындары анықталады.

Зерттеулердің негізгі кешені бойынша уақыт шығындарына қалған, жобамен алдын – ала көзделген жалпы зерттеулер түрін орындауға уақыт қосылады.

Уақыт мөлшерлемелері кестелерінде келтірілген тереңдіктерге сәйкес келмейтін ұңғымалардың орташа тереңдігінде (немесе зерттеу тереңдігінде) кестелерде көрсетілген ең жақын тереңдікке сәйкес келетіндер қолданылады. Тереңдік аралығының ортасымен сәйкес келетін ұңғымалардың орташа тереңдігінде ұңғыманың үлкен тереңдігіне сәйкес келетін уақыт мөлшерлемелері қолданылады.

Негізгі кешенге кірмеген не болмаса оған кіретін, бірақ жобамен алдын – ала көзделмеген жұмыстар (әдістемелер) түріне уақыт шығындары 7, 8 кестелер (2 Қосымша, 4 бөлім, 1 тарау) және қосымша зерттеулер мөлшерлемелерінің 13, 14 кестелері (3 Қосымша, 4 бөлім, 1 тарау) бойынша анықталады, сонымен бірге негізгі кешенді орындауға уақыт мөлшерлемелері сәйкесінше ұлғаяды немесе осы шығындар шамасына азаяды.

Егер жалпы немесе бөлшектелген зерттеулердің уақыт мөлшерлемелерінің кестелерінде қандай да болмасын минералдық шикізат түрі бойынша жобаланып жатқан геофизикалық жұмыстар әдісіне мөлшерлемелер болмаса, минералды шикізаттың өзге түрі бойынша ұқсас кестелерді пайдалану керек. Жалпы зерттеулер үшін уақыт шығындары жобамен алдын – ала көзделген кешенге және бөлшектелген зерттеулер көлеміне қажетті уақыт шығындарымен қосылады.

Егер шығулардың сан мөлшері мөлшерлемелермен алдын – ала көзделген сан мөлшерлерден асатын болса, уақыт мөлшерлемелерін шығулардың максимал сан мөлшерімен қабылдау керек, осыларға 44 т. алдын – ала көзделген жағдайлар жатпайды.

Орташа тереңдігі бар бір ұңғымада жалпы және бөлшектелген зерттеулерді орындауға қосынды уақыт шығындары жобаланатын ұңғымалардың жалпы санына көбейтіледі немесе осы топтағы ұңғымалар санына көбейтіледі, сонымен қатар орындалатын жұмыстар кешеніне тәуелді эталондауға және алдын – алуға түзету коэффициентіне көбейтіледі: КС, ПС, ГК, ГГК-П, кавернометрия әдістері үшін – 1,085, сол сияқты және ядролық – физикалық әдістер үшін – 1,134, бір әдісті орындағанда – 1,04.

Бөлшектеудің қосынды аралығы деп бұрғытәж отрядының бір шығысына зерттелетін бөлшектеудің барлық аралықтарының қосындысы деп түсіндіріледі. Бөлшектеу зерттеулерінің қосынды аралығына келтірілген уақыт мөлшерлемелері бөлшектеу аралықтарының сан мөлшерлеріне тәуелсіз болады.

24. Уақыт шығындарының қосындысы (отряд – кезеңде) ұңғымаларда жалпы және бөлшектеу зерттеулерін орындауға уақыт шығындарына, сонымен бірге шығуларға уақыт шығындары - КН қалыпты шарттардан ауытқуға жобамен алдын – ала көзделген қосынды түзету коэффициентіне бөлу ретінде анықталады.

25. 1:500 және 1:200 масштабтарының жеке шығуларында зерттеулерді бір әдіспен зерттегенде және негізгі кешенді орындауға уақыт мөлшерлемелеріне келесі жұмыс түрлеріне уақыт шығындары қосылған:

Партия (ортяд) базасында дайындық – қорытынды жұмыстар: тапсырма алу және қажетті техникалық құжаттарды рәсімдеу, ұңғымаға шығу үшін бұрғытәж бекетін дайындау, оларды АЖБ толтыру, жабдықтарды, аппаратураны және аппаратуралық цехтан алғанда сымжеліні тексеру, рабиобелсенді көздерді, ату жұмыстары үшін арнайы материалдарды алу және оларды зерттеу жұмыстарын орындап болғаннан кейін қайта тапсыру, соңғы емес жабдықталған топырақ тасымалдағыштарды және арнайы қоймалардан перфораторларды алу, тасымалдау амалына қолмен тиеу, түсіру және аппаратураны және жабдықты қайта тапсыру, бұрғытәж қисықтарының (қоршамай) алдын – ала өңделуінің аяқталуы;

ұңғымада дайындау – қорытынды жұмыстары:

бұрғытәж бекетін орнату; қолмен аппаратураны және жабдықтарды тиеу және түсіру, ұңғыма сағасында блок – балансты орнату, алғашқы жалғаумен сұлбаны құрастыру және бөлшектеу және соңғында жүкті және ұңғыма жабдығын ажырату; статикалық деңгей тереңдігін анықтаумен жуып – шаб сұйықтығын айдау амалдарын құрастыру және бөлшектеу, жұмыс соңғында үзілуге және тесілуге сымжеліні тексеру, бірінші белгі құнын анықтау, ұңғыма сағасында ұңғыма жабдығын орнату және оны жұмыстар аяқталғаннан кейін сағадан көтеру; ұңғыма аппаратурасын және жабдықтарын жуып – шаю, тазалау; бұрғытәж қисықтарын айқындау, тексеру, алдын – ала рәсімдеу және қажетті құжаттамаларды құрастыру; беткейлі резситивиметрмен жуып – шаю сұйықтықтарының меншікті кедергісін өлшеу; гироскопиялық инклинометрді ретке келтіру, гироскопты іске қосу, бақылау үшін инклинометрді оқпанға орын ауыстыру және оны оқпанда орнату; ату жұмыстарында: қауіпті аймақты белгілеу, оны шартты таңбалау және т.с.с.;

ұңғымада сымжеліні белгілеу және өлшеу;

ұңғыма жабдықтарын жалғау – ұңғыма сағасынан жабдықты шығару, сымжеліні ажырату, сымжеліні және жабдықтарды ағып кетуге тексеру, жаңа жабдықты жалғау бірінші белгі құнын анықтау, радиобелсенді сәулелену көзін қосу және алып шығу, ұңғыма сағасында жабдықты орнату;

өлшеусіз бұрғытәж сымжелісін түсіру және көтеру;

ҰГЗ негізгі кешенімен анықталатын параметрлерді өлшеу немесе қолданылатын әдіспен зерттеулер, соның ішінде орнатылған жабудың техникалық ережелерін, бақылау өлшеулерін, ұңғымада ұңғыма аппаратаурасын калибрлеуді (эталондауды) қоса;

болжамды кедергіні бір сондпен өлшеу (БК).

өздігінен поляризациялану потенциалын пайдалану жағдайында оның тіркелуі БК зондымен өлшеумен бір уақытта орындалады;

жыныстардың шашыранды гамма – сәулеленуін өлшеу (ГГК-П) жыныстардың (БК) табиғи радиобелсенділігін іркеумен бірге орындалады;

негізгі кешенмен анықталатын өзге параметрлерді өлшеу;

пайдалы қазбаларды ашқан ұңғыманың аяқталған бұрғылауы бойынша материалдарды жедел талдау.

26. Жалпы зерттеулердің қосымша әдістерін орындауға уақыт мөлшерлемелері (1:500, 1:200 масштабының) келесі уақыт шығындарынан тұрады:

ұңғыма жабдығын қайта жалғау, өлшеусіз сымжеліні түсіру және көтеру;

сәйкес параметрді өлшеу, соның ішінде орнатылған жабудың техникалық ережелерін, бақылау өлшеулерін, ұңғымада ұңғыма аппаратаурасын калибрлеуді (эталондауды) қоса.

27. Бүйір ататын топырақ тасымалдағышпен жыныстар үлгілерін алуға уақыт мөлшерлемелері келесілерді орнатады: бүйір ататын топырақ тасымалдағыштарды зарядтауды, қорғаныс құбырына бүйір топырақ тасымалдағышты орнатуды, оны пирооқтықтармен жабдықтау, сымжеліні және жабдықты ток жоқтығына тексеру, 50 м тереңдікке түсіру және шынжырдың бүтіндігін тексеру, ату тереңдігіне орнату, ток бұрғытәж қисығын 1:50 масштабында ату аралығында тіркеу (немесе өзге параметрді), бір уақытта ататын камераларға тәуелсіз бір атуды (іске қосылуды) өндіру, бүйірлерден жыныстар сынамаларын алу және оларды тиісті жерлерге орнату.

28. НИУС-I аппаратурасымен индукциялық еңіс өлшеу әдісімен геофизикалық зерттеудің уақыт мөлшерлемелеріне кавернограмманы міндетті жазуға уақыт кіреді.

ПГ-10 гидравликалық сынама алулармен жыныстар үлгілерін алуға уақыт мөлшерлемелері жыныстардың 100 үлгісін алуға есептелген, оның ішінде БТК әдісімен көмір қатына жалғауға уақыт мөлшерлемелері есепке алынған.

Бөлшекті зерттеулерді орындауға уақыт мөлшерлемелеріне әр аралықта тіркеу тәрібімен және бөлшектеу аралығын таңдауға, бөлшектеудің төменгі аралығының төменгі шегіне дейін жабдықты түсіруге, сымжелінің жақын белгісіне жалғаумен бөлшектеудің төменгі аралығында өлшеуге, бөлшектеудің екінші аралығына дейін өлшеусіз көтеруге, бөлшектеудің екінші аралығында өлшеуге және т.б., бөлшектеудің соңғы аралығынан ұңғыма сағасына дейін өлшеусіз жабдықты көтеруге уақыт шығындары қосылған; жалпы масштабта зерттегенде пайдаланылмайтын әдістерді қолданғанда ұңғыма жабдықтарын қайта қосу.

29. Арнайы гидрогеологиялық зерттеулерге уақыт мөлшерлемелері келесілерден тұрады:

базада, ұңғымада дайындау – қорытынды опреациялар;

динамикалық деңгейді қалпына келтіру, тұрақтандыру, өлшеу (ұңғыманың дебитометриясы кезінде); сорғышты (компрессорды) іске қосу, айдауды өндіру (жүктеуді), айдау дебитін анықтау, сұйықтықтың динамикалық деңгейін өлшеу;

жуып – шаю сұйықтығын тұздау (ұңғыманың резистивиметриясы үшін): қажетті тұздың сан мөлшерін есептеу, тұз салғышқа оны төгу, әрі қарай резистивиметрге жалғау және оны соңында одан ажыратумен; зерттеу аралығында жуып – шаю сұйықтығы бағанының біркелкі тұздануы; тұздау біркелкілік қисығын өлшеу; жуып – шаю сұйықтығының тұзсыздануын (тұздылануын) күту;

алынған бұрғытәж материалын жедел талдау.

30. Уақыт мөлшерлемелері келесілерге орташа етіп алынған: геофизикалық зерттеулерге – ұңғыма тілігі аралығында жазу жылдамдығы бойынша, түсіріп – тиеу операцияларына – ұңғыманың диаметрі бойынша; барлық орташа мәндер тек сәйкес тағайындалулары бар ұңғымалар үшін орындалған; бақылаулардың соңғы пайызы қоланыстағы әдістемелік нұсауларға сәйкес орнатылған.

31. Бөлшектеу аралықтары ұңғыма тілігі бойынша бірқалыпты үлестірілген: бөлшектеу қабылданған бұрғылаудың аралығына (орташа әр 250 м, судағы ұңғымаларда әр 500 м) сәйкес орындалады; қатты пайдалы қазбалардың бөлшектеудің бірлік аралығы қимасының орташа шамасы 8 м.

32. Бір түсіру немесе көтеруде бірнеше геофизикалық параметрлерді бір уақытта тіркеген кезде бірлік ірілетілген уақыт мөлшерлемесі қолданылады, ол анағұрлым еңбек сыйымдылығы көп параметрді тіркеуге уақыт шығындарына сәйкес келеді.

33. Каротажды отрядтың (партияның) ИТҚ жұмыс құрамына ҰГЗ материалдарын өңдегенде келесілер кіреді: алдын ала дайындау, жалғау, ҰГЗ қисықтарының көшіру және құрастыру, бұрғытәж бойынша геологиялық бағанға құрастыру; сандық анықтауларсыз ұңғымалар тілігінде өнімді көкжиектерді сапалық бөлінулер; көшірмелер түсірумен геолого – геофизикалық тіріктің қорытындысы құрастыру және т.б.

34. Барлау аяқталған участкелер бойынша ҰГЗ материалдарын жалпылама өңдеу, геологиялық есеп беруге бұрғытәж жұмыстары бойынша бөлімді құрастырумен қорларды есептеу уақыт мөлшерлерімен есептелмеген. Осы жұмыстарға уақыт шығындары геологиялық барлау жұмыстарына жобалар мен сметалар құрастыру бойынша негізгі ережелерге сәйкес анықталады.

Сандық анықтамаға шығындар, сонымен қатар көмір шахталарының өрістерінде анықтаулар және бұрғытәж материалдары бойынша тектоникалық әлсіз амплитудалық бұзылулар тілігінде камералды жұмыстарға орнатылған мөлшерлемелердің үстіне сметалық – қаржылық есеппен дербес алдын – ала көзделеді.



жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау