Ќазаќстан Республикасыныѕ индустрия жјне



жүктеу 0,98 Mb.
бет14/14
Дата20.11.2018
өлшемі0,98 Mb.
#21983
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

5. Технологиялық жабдықтар
Параграф 1 Сынамаларды алу
92. Ашық және жерасты тау қазбаларында пайдалы қазбаларды технологиялық сынап көру кезінде келесілер пайдаланылады; атызлы, тығыздауыш, жаппай мол, сынамалардың секциялық алынуы; бұрғылау ұңғымаларынан – керннен сынамалар алу; тау қазбаларының лақтыруларынан – қазып алу немесе квартеттеу әдісімен сынамаларды алу.

94. Осы бөлімде келесілерге мөлшерлемелер келтірілген: массивтен және өңделген тау жынысынан жаппай мол сынамаларды алу; тау жыныстарының үйінділерінен жаппай мол сынамалар алу.

95. Жаппай мол сынамалар алу

Жұмыс шарты. Қолмен кайлдар және күректер көмегімен немесе перфоратор көмегімен сынамалар алу (соққы энергиясы 64 Дж). Ірі кесектерді зілбалға көмегімен қолмен ұнтақтау.

96. Жұмыс құрамы. Жынысты жобалау және пайдалы қызбаларды қазу. Көлік амалына сынамаларды тиеу. Жұмыс алаңына сынамаларды жеткізу. Ірі кесектерді ұнтақтау. Сынама көлемдерін өлшеу. Сынамаларды таңбалау және қораптау.

97. Бұрғылау жару жұмыстарын қолданусыз жаппай мол сынамаларды алуға уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 59, 60 кестелерде (6 Қосымша, 5 Бөлім), бұрғылау жару жұмыстарын қолданумен - 61, 62 кестелерде (6 Қосымша, 5 Бөлім), өндірілген жыныстан – 63, 64 кестелерде (6 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.

98. Секциялық (атызлы) сынамаларды алу



Жұмыс шарты. Сынамаларды алу қолмен – тістіктердің, кайлдардың, сыналардың, күректердің көмегімен және мәшинелі – қолмен – соққы балғасымен жүзеге асырылады (соққы энергиясы 29,5 Дж, соққы жиілігі – 25 с-1). Секциялар (атызлар) қимасы 40*40 см.

99. Жұмыс құрамы. Сынамалар алынған жерлерді забой беткейін түзеулеу. Атыз (секция) контурын белгілеу. Брезентті жаю, тазалау және жинау. Жыныстарды жобалау және пайдалы қазбаларды қазу (сынамаларды соғу, тазалау және атыздарды өлшеу). Құралдармен жұмыс жасау. Сынамаларды жинау және қораптау. Сынамаларды таңбалау.

100. Секциялық (атызлық) сынамаларды алуға уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 65, 66 кестелерде (6 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.

101. Лақтырылған тау жыныстарынан сынамалар алу.



Жұмыс құрамы. Лақтырылған жыныстарды қайта кайлдау. Сынамалар алу. Алынған сынамалар көлемін өлшеу. Қойтастар мен ірі малта тастар көлемін өлшеу. Ыдыстарға сынамаларды қораптау немесе науадарға тиеу. Алдыңғы сынама материалынан өлшеу ыдыстарын тазалау.

102. Лақтырылған тау жыныстарынан сынамаларды алуға уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 67, 68 кестелерде (6 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.


Параграф 2. Сынамаларды өңдеу
103. Осы бөлімде бөлінген фракциялардан сынамаларды алумен тау жыныстарын кенді бөлшектеуге және бұрғылау ұңғымаларының бос керндер сынамаларын өңдеуге (жуып – шаюға) мөлшерлемелер келтіріледі.

104. Бөлінген фракциялардан сынамаларды алумен тау жыныстарын кенді бөлшектеу.



Жұмыс шарты. Елек саңылауы 40 мм болатын дүрсілде (400х800 мм) мәшинелі – қолмен дүрсілдету. Бастапқы материалдың 10 пайызынан аспайтын мөлшерін қолмен ұнтақтау. Кернді бөлшектеу сыртқы белгілері (макроскопиялық) бойынша өндіріледі.

105. Жұмыс құрамы. Дүрсілді орнату. Сынамаларды жеткізу. Бастапқы материалдарды өлшеу. Дүрсілдету. Сынамаларды кептіру. Тор үстіндегі материалды кенді бөлшектеу. Әрі қарай дүрсілдетумен ірі кесектерді ұнтақтау. Сынама материалдарын қысқарту. Бөлінген фракциялардан сынамалар алу. Алынған сынамаларды өлшеу. Сынамаларды таңбалау және қораптау. Әр сынаманы өңдегеннен кейін жабдықты тазалау.

106. Бөлінген фракциялардан сынамаларды алумен тау жыныстарын кенді бөлшектеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 69, 70 кестелерде (6 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.

107. Бұрғылау ұңғымаларының бос керн сынамаларын өңдеу (жуып – шаю).



Жұмыс шарты. Жуып – шаюға бұрғытәж бұрғылаумен алынған керн сынамалары ұшырайды. Науада сынамаларды жуу. Қыс мезгілінде отынды дайындау және жеткізу үшін, қардан сынамаларды тазалау үшін, сынамаларды еріту, суға қар мен мұзды дайындау, суды жылыту және жұмыс бөлмесін жылыту үшін қосымша көмекші жұмысшы көзделеді. Көмекші жұмысшылардың жұмыс уақыты шлих сынамаларын өңдеу мөлшерлемелеріне кірмейді. Құрамында бағалы металдар бар сынамаларды «қара» шлихқа дейін, ал құрамында сирек металдары бар сынамаларды «сұр» шлихқа дейін жеткізу.

108. Жұмыс құрамы. Сынамаларды жуып - шаю. Сынамаларды жеткізу. Шлихтан алтынды кептіру және «үрлеу». Шоғырлануды қораптау. Зумпфта ауаны ауыстыру. 1 м және ұңғыма бойынша құрамдағы алтынды санау.

109. Бұрғылау ұңғымаларының бос керн сынамаларын өңдеуге (жуып – шаюға) уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 71 ,72 кестелерде (6 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.
Параграф 3. Құрамында алтын бар сынамаларды сынап көру
110. Осы бөлімде құрамында алтыны бар жыныстарды сынап көруге мөлшерлемелер келтіріледі: Сынамалар алу; бастапқы сынамаларды өңдеу (жуып – шаю), олар тау қазбаларының лақтыруларынан ПОУ-4М, ПОУ-6, МПД-6И, ППГ-15М қондырғыларымен РОП-2 құралымен алынған; ПОУ4-2М қондырғысында бұрғылау ұңғымаларының шламынан және лақтырылған тау қазбаларынан алынған бастапқы сынамаларды өңдеу (жуып – шаю); науада және «Проба-2М» қондырғысында соққылы – арқынды бұрғылауда алынған бастапқы сынамаларды өңдеу (жуып – шаю), зертханалық сынамаларды өңдеу (жеткізу).

111. Сынамалар алу

Құрамында алтыны бар жыныстар сынамалары лақтырулардан және бұрғылау ұңғымаларынан алынады.

112. РОП-2 жабдығында бастапқы сынамаларды өңдеу (жуып – шаю)



Жұмыс шарты. Қолмен сынамаларды жуып – шаю және жеткізу. Зертханалы сынамалардың көлемі 500 см3.

113. Жұмыс құрамы. Сынамаларды жуып – шаюға дайындау. Сынамаларды жуып – шаю. Шлихті түсіру. Шлихті (зертханалық сынаманы) жеткізу. Шоғырлануды жинақтау. Шоғарлынуды кептіру. Шоғырлануды қораптау және таңбалау. Әр сынаманы өңдеп болғаннан кейін жабдықты тазалау.

114. Бастапқы сынамаларды өңдеуге (жуып – шаюға) уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 73, 74 кестелерде (6 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.

115. ПОУ-4М қондырғысында бастапқы сынамаларды өңдеу (жуып – шаю)



Жұмыс шарты. Зертхана сынамалардың көлемі 500 см3, сараптама сынамалардың көлемі - 5 см3. Сынама материалдарды жуып – шаю – мәшинемен. Жеткізу айырғышында шлихті (зертхана сынамасын) жеткізу мәшинелі.

116. Жұмыс құрамы. Қондырғыны орнату. Қондырғыға сынама материалын бірқалыпты жібер. Сынама материалын жуып - шаю. Үйіндіге жинаумен ірі малтатастарды жүктеу. Шлихті шешу. Шлихті (зертханалық сынаманы) жеткізу. Шоғырлануды алу. Шоғырлануды (сараптама сынаманы) кептіру және қораптау. Шоғырлануды таңбалау. Әр сынаманы өңдеп болғаннан кейін қондырғыны және айырғышты тазалау.

117. ПОУ-4М қондырғысында бастапқы сынамаларды өңдеуге (жуып – шаюға) уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 91, 92 кестелерде (6 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.

118. ПОУ-6И қондырғысында бастапқы сынамаларды өңдеу (жуып – шаю)



Жұмыс шарты. Зертхана сынамалардың көлемі 500 см3, сараптама сынамалардың көлемі - 5 см3. Сынама материалдырн жуып - шаю - мәшинелі. Шлихті (зертханалы сынаманы) жеткізу айырғышына жеткізу - мәшинелі .

119. Жұмыс құрамы. Қондырғыны орнату. Қондырғыға сынама материалын бірқалыпты жібер. Сынама материалын жуып - шаю. Үйіндіге жинаумен ірі малтатастарды жүктеу. Шлихті шешу. Шлихті (зертханалық сынаманы) жеткізу. Шоғырлануды алу. Шоғырлануды (сараптама сынаманы) кептіру және қораптау. Шоғырлануды таңбалау. Әр сынаманы өңдегеннен кейін қондырғыны немесе жабдықты тазалау.

120. ПОУ-6И қондырғысында бастапқы сынамаларды өңдеуге (жуып – шаюға) уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 77, 78 кестелерде (6 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.

121. ППГ-15М қондырғысында бастапқы сынамаларды өңдеу (жуып – шаю)



Жұмыс шарты. Құмдарды жобалау бульдозермен өндіріледі.

122. Жұмыс құрамы. Кен алаңында жобалау және орнатуға құмдарды тасымалдау. Қондырғыда құмдар сынамаларын жуып - шаю. Шлихтарды шешу және жеткізу. Әр сынаманы өңдегеннен кейін жабдықты тазалау.

123. ППГ-15М қондырғысында сынамаларды өңдеуге (жуып – шаюға) уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 79, 80 кестелерде (6 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.

124. Зертханалы сынамаларды өңдеу (жеткізу)



Жұмыс шарты. Сынамаларды жеткізу – цетробежді айырғышта мәшинелі. Зертхана сынамалардың көлемі – 500 см3. Сараптама сынамалардың көлемі – 5 см3. Алтынды бөлу («үрлеу») қолмен.

125. Жұмыс құрамы. Сынамаларды жеткізуге дайындау. Зертханалы сынамаларды (шлихтарды) жеткізу. Шоғырлануды (сараптама сынаманы) кептіру. Шоғырланудан алтынды бөлу («үрлеу»). Қораптау және шоғырлану сынамаларын таңбалау. Әр сынаманы өңдегеннен кейін жабдықты тазалау.

126. Зертханалар сынамаларын өңдеуге (жеткізуге) уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 81, 82 кестелерде (6 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.

6. Техникалық сынап көру
127. Техникалық сынап көруге жұмыстардың келесі түрлері кіреді: құрылыс материалдарына сынап көру; кендер мен тау жыныстардың физико – техникалық (тау – техникалық) қасиеттерін анықтағанда сынап көру.
Параграф 1 Құрылыс материалдарына сынап көру
128. Осы бөлімде келесі жұмыс түрлеріне мөлшерлемелер келтіріледі: құм және гравийді сынап көргенде жаппай мол сынамаларды өңдеуге; құм мен гравийді сынап көргенде қатарлы сынамаларды өңдеу; құралас материалдары үшін құм сынамаларын өңдеу; қатты қыш үшін сазды жыныстар сынамаларын өңдеу; құның, гравидің және қиыршық тастың грануСүйменетриялық құрамын және көлемдік салмағын далада анықтағанда сынамаларды өңдеу; жартасты жыныстардың монолиттарын алу және өңдеу; қаптау және блокты тас шығысын анықтау үшін тастан жасалған құрылыс материалдарын алу және өңдеу; тауарлық тас шығысын анықтаумен тастан жасалған құрылыс материал сынамаларын алу және өңдеу.

129. Құм және гравиді сынағанда жаппай мол сынамаларды өңдеу.



Жұмыс шарты. Жұмыстардың мәшинелі амалы. Сынамаларды қолмен қысқарту операцияларын орындаумен дірілді дүрсілде (0,6 м2) сынамалардың дүрсілдету материалы. Бастапқы сынамалар көлемі 3-5 м3. Дүрсілдеу өнімдерінен алынатын сынамалар салмағы 10 кг дейін.

130. Жұмыс құрамы. Сынамалар материалын дүрсілдету. Дүрсілдету өнімдерін кептіру. Ірілік санаттары бойынша дүрсілдеу өнімдерінің көлемдерін өлшеу. Дүрсілдеу өнімдерінен сынамалар алумен қысқарту. Ыдысқа сынамаларды жүктеу. Сынамаларды өлшеу. Сынамаларды таңбалау және қораптау.

131. Құм және гравийді сынап көргенде жаппай мол сынамаларды өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 83, 84 кестелерде (7 Қосымша) келтірілген.

132. Құм және гравийді өңдегенде қатарлы сынамаларды өңдеу.

133. Жұмыс шарты. Сынамаларды қолмен дүрсілдету және қысқарту. Дүрсілдеу өнімдерінен алынатын сынамалар салмағы 5 – 10 кг.

134. Жұмыс құрамы. Сынамаларды кептіру. Бастапқы сынамаларды өлшеу. Сынамалар материалдарын дүрсілдету. Ірілік санаттары бойынша дүрсілдету өнімдерін өлшеу. Зертханалық сынамаларды алумен дүрсілдеу өнімдерін араластыру және қысқарту. Алынған сынамаларды өлшеу. Сынамаларды таңбалау және қораптау. Әр сынаманы өңдегеннен кейін жабдықты тазалау.

135. Құм және гравийді сынап көргенде қатарлы сынамаларды өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 85, 86 кестелерде (7 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.

136. Құрылыс мақсаттары үшін құм сынамаларын өңдеу.



Жұмыс шарты. Бастапқы сынамалар салмағы 40-100 кг. Сынамаларды табиғи және жасанды кептіру. 5 мм дейін сынамаларды таңдап ұнтақтау. Зертханалы сынамалар салмағы 2-5 кг.

137. Жұмыс құрамы. Сынамалар өңдеуге дайындау. Сынамаларды араластыру және қысқарту. Қажет болған жағдайда сатылы таңдап сынамаларды ұнтақтау және сатылы сынамаларды араластыру және қысқарту. Зертханалы сынамаларды алу. Сынамаларды таңбалау және қораптау.

138. Құрылыс мақсаттары үшін құм сынамаларын өңдеу үшін уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 87, 88 кестелерде (7 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.

139. Қатты қыш үшін сазды сынамаларды өңдеу



Жұмыс шарты. Бастапқы сынамалар салмағы 40-100 кг. Сынамаларды табиғи және жасанды кептіру. 5 мм дейін сынамаларды таңдап ұнтақтау. Зертханалы сынамалар салмағы 3,0 - 5,0 кг.

140. Жұмыс құрамы. Сынамаларды өңдеуге дайындау. Сынамаларды кептіру. Сынамаларды сатылы таңдап ұнтақтау. Сынамаларды сатылы араластыру және қысқарту. Сынамаларды дүрсілдету. Зертханалы сынамаларды алу және өлшеу (тор асты және тор үсті материалының). Сынамаларды таңбалау және қораптау. Сынамалар «қалдықтарын» жинау.

141. Қатты қыш үшін сазды жыныстар сынамаларын өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 89, 90 кестелерде (7 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.

142. Құм, гравий және қиыршық тастың көлемдік салмағы мен түйіршік өлшемді құрамын далада анықтаумен сынамаларды өңдеу.



Жұмыс шарты. Тау жыныстарын топтастыру қолмен немесе механикалық дүрсілмен (400х800 мм) жүзеге асырылады. Електер саңылауларының негізгі өлшемдері:

а) қиыршық тас, малта тас және ірі гравий үшін – 100 - ден 40 мм- ге дейін;

б) орташа және ұсақ гравий үшін – 40 – тан 5 мм – ге дейін;

в) құм үшін – 5 – тен 0,15 мм – ге дейін.

Анағұрлым ұсақ фракциямен әр санатты материалының шекті рұқсат етілген қоқыстануы 5 пайызға дейін. Жұмыстардың мәшинелі – қолмен жұмыс жасау амалында жеке операциялар қолмен орындалады.

143. Жұмыс құрамы. Сынамаларды жеткізу. Сынамаларды өлшеу. Бастапқы материалды дүрсілдету. Ірілік санаттары бойынша өлшеу жәшіктерімен дүрсілдету өнімдерінің көлемдерін өлшеу және оларды өлшеу. Қатарларға ірі тастарды салу. Дүрсілдету өнімдерін домалату. Зерттеу нәтижелерін есептеу.

144. Құм, гравий және қиыршық тастың көлемдік салмағы мен түйіршік өлшемді құрамын далада анықтаумен сынамаларды өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 91, 92 кестелерде (7 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.

145. Жартасты жыныстар монолиттерін алу және өңдеу



Жұмыс құрамы. Монолит алу орнын тазалау. Монолит контурын белгілеу. Монолитті бұрғылау; бөлінетін монолит периметрі бойынша шпурларды бұрғылау; монолиттерді кайлдау және алу. Өңдеу орнына монолиттердің орнын ауыстыру. Монолитті өлшеу. Оның бүйір беттері толық жалаңаштанғанша монолит айналасында жыныстарды жону және оған дұрыс геометриялық пішін беру. Монолитті қораптау және таңбалау. Көлікке монолитті жүктеу.

146. Жартасты жыныстар монолиттерін алуға және өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 93, 94 кестелерде (7 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.

147. Қаптау және блоктық тас шығысын анықтаумен тасты құрылыс материалдары сынамаларын алу және өңдеу.

148. Жұмыс шарты. Сынамалар сынақ қазбаларынан алынады. Шурфтарды бұрғылау перфораторлар көмегімен жүзеге асырылады (соққылар энергиясы 64 Дж). Шпурлар арасындағы қашықтық 10-20 см.

149. Жұмыс құрамы. Сатыны қарап шығу және тазалау. Шпурлар сызықтарын белгілеу. Тасты бұрғылау. Сыналарды, пунчеттерді және соққыларды пайдаланумен кесектерді сындыру. Кесектерді опыру. Бөлшектеу алаңына кесектерді жүктеу және домалату. Блоктарға ірі тасты белгілеу. Шпурлар сызығын белгілеу. Шпурлармен тасты бұрғылау және блоктарды опыру. Блоктарды қатты таңбалау және тығыздау. Қатарлап салумен фракциялар бойынша (бутты тас, қиыршық тас және ұсақ тастар) тас блоктарын таңдап болғаннан кейінгілерді сұрыптау. Блок және габаритті емес тасты өлшеу және таңбалау. Блоктар шығысының пайызын анықтау.

150. Тасты құрылыс материалдар сынамаларын алуға және өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 95, 96 кестелерде (7 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.

151. Тауарлық тас шығысын анықтаумен тасты құрылыс материалдарының сынамаларын алу және өңдеу

152. Жұмыс құрамы. Сүймен және зілбалға көмегімен қазбада немесе арықта тасты қолмен сындыру; бұрғылау – жару жұмыстарын пайдаланғанда – шпурларды бұрғылау, тасты таяқтау және бөлу. Жұмыс алаңына тасы тасымалдау. Габаритты тасқа қойтастарлы сындыру. Тасты опыру. Қатарларға тасты сұрыптау және салу, ал ұсақтарды – үйіндіге үю. Габариттыі және тастық сапасы бойынша қатарларды тексеру. Қатарларды өлшеу. Таңбалау. Тауарлық тастың пайыздық шығысын анықтау (габаритті және іскерлік).

153. Тасты құрылыс материалдары сынамаларын алуға және өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 97, 98 кестелерде (7 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген..
Параграф 2. Кен және тау жыныстарының физико – техникалық (тау – техникалық) қасиеттерін анықтауда сынап көру
154. Осы бөлімде келесі жұмыс түрлеріне мөлшерлемелер келтіріледі: тау жыныстары үлгілерін алу; сынамаларды алумен тау жыныстарын дүрсілдету; кен және тау жыныстарының қопсыту коэффициентін және көлемдік салмағын далада анықтаумен сынамаларды алу және өңдеу; бұрғылау ұңғымаларынан бос жыныстар монолиттерін алу және өңдеу.

155. Тау жыныстары үлгілерін алу



Жұмыс шарты. Үлгілерді алу қолмен өндіріледі. Бір немесе анағұрлым тең жазықтықтарда үлгілер көлемі 400 см3 кем болмайды.

156. Жұмыс құрамы. Үлгілерді алу орнын қарап шығу және тазалау. Үлгілерді алу орындары арасында өтулер. Бағытталған үлгілерді алу. Үлгілерді өлшеу. Жатыс элементтерін өлшеу және жазықтықтарды таңбалау. Үлгілерді қораптау және таңбалау.

157. Тау жыныстары үлгілерін алуға уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 99, 100 кестелерде (7 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.

158. Сынамаларды алумен тау жыныстарын дүрсілдету



Жұмыс шарты. Дүрсілде (400х800 мм) мәшинелі – қолмен тау жыныстарын дүрсілдету. Сынамаларды араластыру және қысқарту қолмен.

159. Жұмыс құрамы. Дүрсілді орнату. Сынамаларды жеткізу. Тау жынысын дүрсілдету. Сынамаларды кептіру. Дүрсілдету өнімінен араластыру және сынама алумен қысқарту. Алынған сынамалар мен түпнұсқаларды өлшеу. Сынамаларды таңбалау және қораптау. Әр сынаманы өңдегеннен кейін жабдықты тазалау.

160. Сынамаларды алумен тау жыныстарын дүрсілдетуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 101, 102 кестелерде (7 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.

161. Кен және тау жыныстарының қопсыту коэффициенті және көлемдік салмағын далада анықтаумен сынамаларды алу және өңдеу.



Жұмыс құрамы. Қазбаны қолмен немесе шпурлармен қосымша бұрғылаумен өту. Алаңға жыныста беру. Қазба кеңістігін өлшеу. Әуе – құрғақ күйге дейін жынысты араластыру және кептіру. Өлшеу жәшіктерімен жыныстар көлемін өлшеу. Өлшеу. Жыныстар қопсытылу коэффициентін анықтау.

162. Көлемдік салмақты далада анықтаумен сынамаларды алуға және өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 103, 104 кестелерде (7 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.

163. Бұрғылау ұңғымаларынан бос жыныстар монолиттарын алу және өңдеу.

Жұмыс құрамы. Забойға топырақ тасымалдағышты түсіруге дайындық. Забойға топырақ тасымалдағышты түсіру және оны жынысқа батыру. Жер бетіне көтерумен монолиті бөлу. Топырақ тасымалдағыш стақанын шығару. Монолитті алып шығу. Монолит бетін өңдеу. Монолитті таңбалау.

164. Бұрғылау ұңғымаларынан бос жыныстар монолиттерін алуға және өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 105, 106 кестелерде (7 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.



7. Геофизикалық сынап көру
Параграф 1. Рентгенорадиометриялық сынап көру
165. Осы бөлімде келесі жұмыстар түріне уақыт мөлшерлемелері келтіріледі: табиғи жатыста рентгенорадиометриялық сынап көру; керн бойынша рентгенорадиометриялық сынап көру.

166. Табиғи жатыста рентгенорадиометриялық сынап көру



Жұмыс құрамы. Жабдықты жұмысқа дайындау (қыздыру). Жабдықтың жұмыс тәртібін орнату. Забойды қауіпсіз күйге келтіру. Шаң мен балшықтан сынап көру орнын тазалау және түзету. Сынап көру желісін белгілеу. Аппаратураны эталондау. Сынап көру орнында күйді анықтау. Сынап көру нүктелері бойынша өлшеу. Нәтижелерді жаңғыртуды бағалау үшін бақылау сынап көру. Аппаратура жұмысының тұрақтылығын тексеру. Бақылау нәтижелерін өңдеу және түрлендіру.

167. Табиғи жатысты рентгенорадиометриялық сынап көруді өндіруге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 107 – 109 кестелерде (8 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.

168. Керн бойынша рентгенорадиометриялық сынап көру.

Жұмыстар құрамы. Жабдықты жұмысқа дайындау (қыздыру). Жабдықтың жұмыс тәртібін орнату. Шаң – тозаңнан және балшықтан кернді тазалау және жуу. Аппаратураны эталондау. Сынап көру орнында күйді анықтау. Сынап көру нүктелері бойынша өлшеу. Нәтижелерді жаңғыртуды бағалау үшін бақылау сынап көру. Аппаратура жұмысының тұрақтылығын тексеру. Бақылау нәтижелерін өңдеу және түрлендіру. Керні бар жәшіктердің орнын ауыстыру.

169. Керн бойынша рентгенорадиометриялық сынап көру өндірісіне уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 110 – 111 кестелерде (8 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.



8. Жалпы тағайындалуы бар дала жұмыстары
Параграф 1. Тау қазбаларының геологиялық құжаттамасы
170. Мөлшерлеме материалдармен барлау арналардың (траншеялардың), шурфтардың (үрлегіштердің), жерасты көлденең тау қазбаларының геологиялық құжаттамасы қамтылған.

171. Жұмыс құрамы. Дайындау – қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Тау қазбасының орналасуын байланыстыру (географиялық, геоморфологиялық, биіктікті), соның ішінде еңісті беткейлерді және бағыт азимутын өлшеуді қоса. Баспалдақты түсіріп - көтеру және оны бекіту - ажырату (арық немесе шурф тереңдігі 1,5 м асатын болса). Құралдарды және құжаттамаға қажетті заттарды түсіріп - көтеру. Геологиялық аралықтарды (пачкаларды) алдын – ала бөлумен тау қазбасын жалпы қарап шығу. Бүйір бұрыштарды, топырақты (түбін) немесе табанын тазалау. Құжаттаманың өзі: қабатты зерттеу және ашылған тау жыныстарын сипаттау; шлифтарды (аншлифтарды) дайындау үшін геологиялық үлгілерді және сынықтарды, микрофауна және микрофлораға үлгілер, түйіршік өлшеуіш, минерологиялық, химиялық талдауларға, штуфтар сынамаларын алу; үлгілерді және сынамаларды заттаңбалау және қораптау; радиометриялық зерттеулер (олардың жүргізу жағдайында); құжаттаманың үлгілерін, сынамаларын және барлық өзге элементтері бекеттерін көрсетумен тау қазбаларының жайылуын суреттеу. Үлгілерді және сынамаларды тау қазбаларынан көтеру. Тау жынысының орналасу орнын топо негізде (аэрофотосуретте) тушьпен бекіту. Қабаттар (қаттар) жатыс және қалыңдық элементтерін қайта есептеу. Үлгілер мен сынамаларды қарап шығу және қысқарту. Суреттеуде үлгілер мен сынамаларды алу бекеттерін және жазбаларын дала кітапшаларында (күнделігінде) түзетулер. Сәйкес журналдарында үлгілерді және сынамаларды тіркеу.

172. Тау қазбаларының құжаттамасы 1,5 м аралық бойынша өндіріледі, егер тау қазбасының жалғауы көзбен өлшеу (визуалды), үлгілер мен сынамалар алу – балға мен тістік көмегімен, үлгілер мен сынамаларды белгілеу, оларды тіркеу – жапсырма бланктарында және журналдарында.

173. Жұмыс өндірістік топпен орындалады, топ екі орындаушыдан тұрады: геологтан және 3 разрядты геологиялық барлау жұмыстарының жұмысшысынан, соңғысы радиомтериялық зерттеулер жүргізген жағдайларда 3 разряд радиометрист кәсібін қатар алып жүреді. Сәйкес дайындау – қорытынды операцияларда және жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операцияларда үлестік қатысу түрінде геологиялық (гидрогеологиялық және т.б.) партия немесе отряд басшысы қатыстырылады.

174. Тау қазбаларын геологиялық құжаттауға уақыт мөлшерлемелері 117 – 119 кестелерде (9 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.

175. Тау қазбаларының геологиялық құжаттамаларын жүргізетін (117 т. қараңыз) өндірістік топта әр орындаушының еңбек шығындары (адам – кезеңде) сан жағынан осы жұмысты орындауға уақыт мөлшерлемелеріне тең (117 – 119 кестелер, 9 Қосымша, 5 Бөлім). Геологиялық (гидрогеологиялық және т.б.) партия немесе отряд басшысының еңбек шығындары 100 м құжаттама болғанда 0,15 адам – кезеңге тең.


Параграф 2. Тау жыныстары кернінің геологиялық және инженерлі-геологиялық құжаттамасы (зерттелуі)
176. Тау жыныстары кернінің құжаттамасы бұрғылау ұңғымасы өткен жерде немесе керн қоймасында өткізіледі. (Керн қоймасында тау жыныстар кернінің құжаттамасы дайындық жұмыстарына жатады). Құжаттама кезінде үлгілер мен сынамаларды алу тек әкімшілік рұқсатымен өткізіледі).

177. Жұмыс құрамы (құжаттама түріне және оны өткізу орнына тәуелсіз). Дайындау – қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Геологиялық аралықтарды (пачкаларды) алдын – ала бөлумен тау жыныстары кернін жалпы қарап – шығу. Құжаттаманың өзі: тау жыныстарды қабатты зерттеу және сипаттау; үлгілерді және сынамаларды алу, заттаңбалау және қораптау; радиометриялық зерттеулер (оларды жүргізген жағдайда); үлгілер мен сынамалар алу бекеттерін көрсетумен кернді суреттеу. Қаттар (қабаттар) жатыстары мен қабаттары элементтерін қайта санау. Үлгілер мен сынамаларды қарап шығу және қысқарту. Суреттеуде үлгілер мен сынамаларды алу бекеттерін және жазбаларын дала кітапшаларында (күнделігінде) түзетулер. Сәйкес журналдарында үлгілерді және сынамаларды тіркеу.

178. Құжаттаманы жүргізу орнына немесе оның түріне тәуелді 181 т. көрсетілген жұмыс құрамына қосымша келесілер енгізіледі:

ұңғыманы бұрғылау орнында құжаттау жасағанда: географиялық, геоморфологиялық және биіктікті бұрғылау ұңғымасының аузын жалғау; үлгілерді (сынамаларды) парафиндеу; ұңғыма аузының орналасу орнында топонегізде (аэрофотосуретте) тушьпен бекіту;

керн қоймасында құжаттау жасағанда: қажетті бұрғылау ұңғымасының тау жыныстарында керні бар жәшіктерді керн қоймасының жоспары бойынша іздеп табу; бөлмеге жәшіктерді тасу, мүнда кернді зерттеу және оны сұрыптау жүргізілетін болады; жәшіктерді ашу және жабу; оларды керн қоймасына қайта тасымалдау және оларды сүрелерге салу.

инженерлі – геологиялық құжаттау жасағанда: даланың жылдамдатылған әдістерімен жартасты және жартылай жар тасты тау жыныстарының қаттылығын және беріктігін анықтау; микропенетрация кедергісін , ылғалдылық және байланысқан және жартылай байланысқан тау жыныстарын анықтау.

179. Геологиялық құжаттама процесінде геологиялық үлгілер және шлифтар (аншлифтар) дайындау үшін тау жыныстарының кесектері, микрофауна және микрофлораға үлгілер, түйіршік өлшеуіш, минерологиялық, химиялық талдауларға, штуфтар сынамалары алынады. Инженерлі – геологиялық құжаттама кезінде олардың әр петрографиялық алуан түрлілігінен жаппай мол талдауларға тау жыныстарының үлгілері (сынаманлар) алынады.

180. Тау жыныстары керндерінің құжаттамасы келесі шарттарда өткізіледі: бұрғылау ұңғымасы аузына байлау – көзбен өлшеу; балға мен тістік көмегімен үлгілер мен сынамалар алу, тау жыныстары керндері бар жәшіктерді 30 м қашықтыққа дейін ауыстыру; үлгілер мен сынамаларды белгілеу, оларды тіркеу – дайын заттаңба бланктарында және орнатылған үлгісі бар журналда тіркеу; Жартасты және жартылай жар тасты тау жыныстарының қаттылғын және беріктігін анықтау – эталонды балға – беріктік өлшеуішпен анықтау, ал байланысқан және жартылай байланысқан тау жыныстарын – микропенетрометр көмегімен анықтау.

181. Тау жыныстары кернінің құжаттамалары бойынша жұмыстар өндірістік топпен орындалады, топ екі орындаушыдан тұрады: геологтан (гидрогеологтан) және 3 разрядты геологиялық барлау жұмыстарының жұмысшысынан, соңғысы радиомтериялық зерттеулер жүргізген жағдайларда 3 разряд радиометрист кәсібін қатар алып жүреді.

182. Керн қоймасында тау жыныстары кернін құжаттағанда жұмыста 1 разрядты көмекші жұмысшы үлестік қатысады. Ол керні бар жәшіктерді орын ауыстыруға қарыздалатын.

183. Барлық қалған жағдайларда сәйкес дайындық – қорытынды операцяларға, жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты жұмыс операцияларына үлестік қатысу түрлеріне геологиялық (гидрогеологиялық және т.б.) партия немесе отряд басшылары көзделеді.

184. Тау жыныстары кернінің құжаттамасына уақыт мөлшерлемелері 120, 121 кестелерде (9 Қосымша және 189 т.) келтірілген.

185. Тау жыныстарының кернінің құжаттамасын жүргізетін (адам - кезеңде) (185 т. қараңыз) әр орындаушының және өндірістік топтың еңбек шығындары сан жағынан осы жұмысты орындауға қажетті уақыт мөлшерлемелеріне тең (120, 121 кестелер, 9 Қосымша, 5 Бөлім). Геологиялық (гидрогеологиялық және т.б.) партия немесе отряд басшысының еңбек шығыны – 0,40 адам – кезеңде.
Параграф 3. Өндірістік топтың жаяу жүрістері және көшулері және дала жұмыстарын жүргізбегендей өтті.
186. Дала жұмыстарын жүргізу процесінде «бос жүрістер» (қозғалыстар) деп аталатындарды орындауға тура келеді, мысалы, жердегі бағдардың басында (профиліне) және ол аяқталғаннан кейін. Осындай жүрістердің созлымалығы көбіне зерттеу аумағының меңгерілгендігіне және жұмыстардың нақты түрлерінің өндірісін ұйымдастыруымен анықталады, сондықтан тұрақты шама ретінде осы жүрістерге уақыт шығындарын алдын – ала көздеу тәжірибе жүзінде мүмкін емес.

187. Аталғандарға сай және «бос жүрістер» технологиялық процеске жатпау себебінен, және олар өндірісті ұйымдастырумен байланысты болғандықтан оларды мөлшерлемелеу қозғалыс түріне, пайдаланылатын көлік амалдарына, жергілікті жердің өту дәрежесіне, жолдар тобына және өзге мөлшерлеме түзетін факторларға тәуелді жеке өткізіледі.

188. Бөлім жаяу, «Казанка» түріндегі мотор қайығында немесе «УАЗ» түріндегі жеңіл автокөлікте, сонымен қатар шоғырлану орнына мотор кемесін және автокөлігін айдауға анықталған құрамның өндірістік тобын қозғауға бірлік сметалық есептеулер есебі үшін мөлшерлеме материалдарын біріктіреді.

189. Жаяу жүргенде және көлік амалдары жүрістерінде өндірістік топтар құрамы өндірістік топтардың (бағдарлы немесе өзге) түрлік құрамымен және пайдаланылатын көлік амалдарының сыйымдылығымен анықталады, біріншілері дала жұмыстарын орындайда.

190. Өндірістік топтарды тасымалдау үшін 188 тармақта көрсетілген көлік амалдарын пайдалану келесі жағдайларда рұқсат етілген: топта орындаушылардың минимал сан мөлшері (жүргізушісіз) автокөлікпен тасымалданғанда төрт адам және моторлы қайықта екі адам болғанда.

191. Жұмыс құрамы. Дайындау – қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар (көлік амалының). Целина бойынша бір адамғы жабдықтарды, құралдарды және салмағы жиырма килограмнан аспайтын салмақта өзге қажетті заттарды арқалаумен орындаушылардың жаяу жүрісінің өзі немесе тасымалданатын жолаушылар салмағын ескеріп автокөлікпен немесе мотор қайығының жүк көтергіштігімен өлшенетін салмақпен қажетті жүкті су жолымен немесе көлік амалдарымен жолда тасымалдаумен орындаушылардың тасымалдануының өзі. Топографиялық карта немесе компас көмегімен жергілікті жерде бағдар алу.

Көлік амалдарын айдағанда жүктерді тасымалдау алдын ала көзделмейді.

192. Өндірістік топтардың өтулері мен тасымалына уақыт мөлшерлемелері 123-125 кестелерде келтірілген, 9 Қосымша, 5 Бөлім.



193. Жол топтарының сипаттамасы 126 кестелерде келтірілген, 9 Қосымша, 5 Бөлім.

194. Өндірістік топта жаяу жүруді немесе көлік амалдарында (193, 194 тт. қараңыз) тасымалдауды орындайтын әр орындаушының еңбек шығындары (адам - кезеңдерде) сан жағынан осы жұмыстарды өткізудің уақыт мөлшерлемелеріне тең (123-125 кестелер). Геологиялық (гидрогеологиялық және т.б.) партия немесе отряд басшысының еңбек шығыны – 0,05 адам – кезеңде.
жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау