Ќазаќстан Республикасыныѕ индустрия жјне


Параграф 4. Тік электрлік зондтау әдісі



жүктеу 0,98 Mb.
бет11/14
Дата20.11.2018
өлшемі0,98 Mb.
#21983
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Параграф 4. Тік электрлік зондтау әдісі (ВЭЗ)
44. СГЭ-72 және ЭРСУ-71 бекеттерімен АНЧ түріндегі және АЭ – 72 аппаратурасымен жұмысқа есептелген мөлшерлемелер.

Мөлшерлемелермен потенциалдар айырмасының және электродтар жерлендіру қондырғысын өзгертудің қалыпты шарттары алдын - ала көзделген. ∆U күрделі өлшеу шарттары жағдайында, электродтардың жерлендіру шарттары күрделенгенде және қиындаған жағдайларда уақыт мөлшерлемелеріне 1 кестеде келтірілген түзету коэффициенттері қолданылады (1 Қосымша, 4 бөлім , 2 тарау).

45. Потенциалдар айырымын өлшеу шарттары келесі белгілермен сипатталады:

қалыпты – кедергілердің төмен деңгейінде ∆U өлшеу (∆U 0,3 мВ аса);

қиын – кедергілердің жоғары деңгейінде ∆U өлшеу, пайдалы белгі деңгейімен тең өлшенеді (∆U 0,2 мВ кем).

Көзбен қарау тәсілі: ∆U өлшемдері индустриялық кедергілер болуымен өндіріледі, тұрақсыз поляризациялармен, өріс қалыптасудың ұзақ процесінде, табиғи жер токтарының қарқынды көріністерінде; соңғы үш таратуда қайталану өлшемдерінде кем дегенде үш өлшем қажет.

Осциллографиялық тіркеу: теллуриялық токтар вариациялармен шартталған кедергілердің жоғары деңгейімен және өріс қалыптасуының ұзақ процесімен күрделендірілген ∆U жазба; потенциалдар айырымының өлшеу шарттарының сипаттамасы жұмыс таспалары бойынша соңғы үш таратуда анықталады.

46. Электродтардың жерлендіру шарттарының сипаттамасы:

қалыпты шарттар – жерлендіру төмен омды бос шөгінділерде (жыныстар беттерінің кедергісі 100 Омм дейін) өндіріледі, онда 34 кестеде алдын ала көзделген сан мөлшерде электродтар қолданылады (5 Қосымша, 3 бөлім);

күрделендірілген шарттар – жерлендіру 0,5 м дейін (беттік жыныстардың кедергісі 100 – ден 600 Омм дейін) тереңдікке қатқан құмдарда, қиыршық тастарда, топырақта өндіріледі, онда 34 кестеде алдын ала көзделген сан мөлшерде электродтар қолданылады (5 Қосымша, 4 бөлім , 2 тарау).

Қиын шарттар АВ=4000 м (АВ/2=2000 м) және одан жоғары таратулармен ВЭЗ ғана алдын – ала көзделеді: жерлендіру 0,5 м (беттік жыныстардың кедергісі 600 Омм жоғары) тереңдікке қатқан бос құмдарда (дюндар, бархандар), конглометраттарда, топырақта өндіріледі; қажет болған жағдайда жерлендіруді қондыру үшін кандар немесе шурфтарды қазу алдын – ала көзделеді, 34 кесте бойынша анықталатын жерлендірудің қалыпты шарттарына сәйкес келетін сан мөлшерле 2 м дейін ұзындықтағы электродтарды қолданумен, немесе қиын жағдайлар үшін 34 кестеде алдын – ала көзделген сан мөлшерде 1 м дейін ұзындықтағы электродтарды қолданумен (5 Қосымша, 4 бөлім , 2 тарау).

47. ВЭЗ үшін уақыт мөлшерлемелері жұмыстың конвейерлі тәсіліне есептелген, яғни тек қоректендіру желісінің бөлігінде сымжелі орауы өндіріледі онда ВЭЗ нүктесін өңдеуден кейін сондай еңбек ұйымдастыруына бақылау нүктелерінің арасындағы қашықтыққа тең. Қоректендіру желісінің сымжелілерін толық орау қажеттілігі жағдайында (жергілікті жер шарттары бойынша, бақылау, қиылсу және параметрлік ВЭЗ орындауында) уақыт мөлшерлемелеріне 1,25 коэффициенттер қолданылады (кесте 35, 5 Қосымша, 4 бөлім, 2 тарау). Соңғылары жұмыстар жобасында ерекше дәлелденеді.

48. ВЭЗ әдісі бойынша жұмысты қоректендіру және қабылдау желісінің қалың таратуларында АВ=2000 м дейін орындалады. Осы жағдайларда уақыт мөлшерлемелеріне келесі коэффициенттер қолданылады:

АВ үшін 300 м дейін (негізгі өлшемдердің сан мөлшері 30) - 1,5;

АВ үшін 500 м дейін (негізгі өлшемдердің сан мөлшері 31) - 1,4.

АВ үшін 1000 м дейін (негізгі өлшемдердің сан мөлшері 33) - 1,3.

АВ үшін 2000 м дейін (негізгі өлшемдердің сан мөлшері 35) - 1,2.

49. AMN (B→ ∞) сұлбасы бойынша ВЭЗ әдісімен жұмыстарды орындағанда қондырғыға (таратуға) «шексіздік» желісіне уақыт мөлшерлемелері 28 кесте бойынша анықталады 28 (4 Қосымша , 4 бөлім , 2 тарау).

50. Жұмыс құрамы.

ВЭЗ орталығында жұмыс: аппаратураны, жабдықты және сайманды тиеп - түсіру; установка, аппаратураны тексеру және жұмысқа дайындау; қабылдау және қоректену желілерін шешу және жерлендіруді қондыру; ағуға желіні тексеру, нүктеде жұмыстар аяқталғаннан кейін орын ауыстыруға аппаратураны дайындау; қабылдау желілерінің бөлшектеу; аз қоректендіру желісімен сымжелілерді орау.

Таратуға жұмыстар: таратудан таратуға жұмысшыларды орын ауыстыру немесе қоректену желісінің сымжелісін шешу (өсіру); электродтардың жерлендіру қондырғысы; өлшеуді күту; жерлендіруді тарату.

Өлшеулерді өндіру: көзбен көру тәсілінде – есеп берулерді алу және оларды журналдарға жазу, қажетті қайталау өлшемдерін өндіру, болжамды кедергілерді есептеу және ВЭЗ жұмыс қисығын тұрғызу, ағуға желіні тексеру; осциллографиялық тәсілде – арналарды жазу және градуирлеу, осциллограммаларды фотоөңдеу, талдау, бастапқы өңдеу және таспаларды құжаттау, болжамды кедергілерді есептеу, ВЭЗ қисықтарын тұрғызу.

51. Уақыт мөлшерлемелері 35 және 36 кестелерде, еңбек шығындарының мөлшерлемелері – 37-41 кестелерге, аппаратура және негізгі жабдықтардың тізімі және сан мөлшері – 42 кестеде, көлік мөлшерлемелері – 43-45 кестелерде келтірілген (5 Қосымша, 4 бөлім , 2 тарау).
Параграф 5. Шақырылған поляризация әдісі (ВП)
52. Мөлшерлемелер орташа градиенттер (СГ), градиенттер (Г), электрпрофильдеу (ЭП) және тік электр зондау (ВЭЗ) тәсілдері бойынша ВП әдісімен жұмысқа есептелген, онда ВП-62, ВПС-63, СВП-74 бекеттері, "Диапир", ЭВП-801 аппаратурасы қолданылады; өтпелі сипаттамаларды (ПХ) және поляризациямен шақырылған туындыларды (ПВП) бекеттер мен СВП-74, "Диапир", ЭВП-801 түріндегі аппаратуралармен өлшеумен; С-003 түріндегі аппаратурамен ерте деңгейлерді зерттеумен ВП (РС-ВП) A’AMN сұлбасы бойынша екі өрісті қондырғымен электропрофилдеу (ЭП) тәсілі бойынша; СГ, ВЭЗ тәсілдері бойынша және ВП-Ф мен ЭВП-203 бекеттерімен сыртқы және орташа градиенттердің (ФСХ ВП СГ және ФЧХ ВП ВГ) қондырғыларымен фазалық – жиілікті қондырғыларды өлшеумен.

53. 1 нақты бақылауға 3 мин дейінгі зарядтаумен электрпрофильдеу (ЭП) тәсілі бойынша жұмыстарды орындағанда 1 нақты бақылаудың 2 мин зарядтауы бар уақыт мөлшерлемелеріне 1,2 коэффициенттері қолданылады (50 кесте , 6 Қосымша, 4 бөлім , 2 тарау ).

54. Қоректену желісіне бір таратуда өлшегенде 3 мин дейін зарядтаумен ВЭЗ тәсілі бойынша жұмыстарды орындағанда 1 таратуда өлшегенде 2 мин дейін зарядтаумен уақыт мөлшерлемелеріне 1,15 коэффициенті қолданылады (51 кесте, 6 Қосымша, 4 бөлім, 2 тарау).

55. Мөлшерлемелермен потенциалдар айырмасын және қоректендіру электродтарын жерлендірудің қалыпты өлшеу шарттары алдын – ала көзделген. ΔUВП өлшеудің қиын шарттары жағдайларында, электродтардың жерлендіру шарттарының күрделенуінде және қиындауында уақыт мөлшерлемелеріне 1 кестеде келтірілген түзету коэффициенттері қолданылады (1 Қосымша, 4 бөлім, 2 тарау).

56. ΔUВП потенциалдар айырмасын өлшеу шарттары келесі белгілермен сипатталады:

қалыпты – ΔUВП өлшеуі кедергілердің төменгі деңгейде өндіріледі, ол ΔUВП шамасынан 10 пайыздан аспайды;

қиын – ΔUВП өлшеуі индустриялық кедергілер болғанда және табиғи жер токтарының қарқынды көріністерінде орындалады; кедергілердің ықпал етуі ΔUВП шамасынан 10 пайыз асады; нүктеде ΔUВП өлшемдерінің үш және одан көп қайталауларын өндіру керек.

57. При наблюдениях в гармоническом режиме с аппаратурой ВП-Ф, ЭВП-03 аппаратурасымен гармониялық тәртіпте бақылауларда нақты бақылаулар келесілерден тұрады:

а) өлшеу арнасының калибрленуі;

б) қабылдау желісінде электр белгілерінің параметрлерін өлшеу.

Өлшеулер төмендегілерден тұрады:

ВП-СГ тәсілі – 3-5 өлшемнен ζ ВП бір жұмыс жиіліктен (f = 0,07-9,7 Гц). f = 0,07-0,15 Гц және f = 0,3 Гц жиіліктерде жұмыс жасағанда уақыт мөлшерлемелеріне сәйкесінше 2,5 және 1,6 түзету коэффициенттері қолданылады.

ФЧХ ВП СГ тәсілі – жиіліктердің қосындысында (ФЧХ ВП СГ – f – 0,3-19 Гц, ФЧХ ВП СГ – f – 0,3-312 Гц) әдістемеден алдын – ала әр көзделгендерден 3-5 өлшемдер бойынша.

58. Бекеттердің барлық түрлерімен жұмыс жасағанда жерлендіру шарттары электродтар санымен анықталады, олар қоректендіруші желінің ұштарында жерлендірілген (46 кесте, 6 Қосымша, 4 бөлім , 2 тарау ).

59. Орташа градиенттер тәсілімен аудандық таспаға түсіруде мөлшерлемелермен екі (барлық түрдегі бекеттерді пайдаланғанда) және үш (тек ВП-Ф және ЭВП-203 бекеттерін пайдаланғанда) қабылдау қондырғыларда бір уақытта өлшеумен.

60. Бір жақты немесе үш электродты және аралас қондырғылармен ВП-ЭП тәсілі, және AMN(B→∞) өондырғыларымен ВП-ВЭЗ тәсілі бойынша бойынша жұмыстарды орындағанда «шексіздік» желісі қондырғысына уақыт мөлшерлемелері 28 кесте бойынша анықталады (4 Қосымша , 4 бөлім , 2 тарау). Конвейерлі тәсілмен немесе қоректендіруші және қабылдаушы желімен тығыздалған таратулармен ВП-ВЭЗ жұмыстарын орындаған жағдайда 47 және 48 тт. басшылыққа алған жөн.

61. Орташа градиенттер (СГ), градиенттер (Г) тәсілі бойынша жұмыстарды орындағанда АВ желісі жетектерін үлестіргенде уақыт мөлшерлемелеріне 1,25 коэффициенті қолданылады.

62. Жұмыстар құрамы :

Профильде (нүктеде) жұмыстар: аппаратураны, жабдықты, саймандарды тиеп - түсіру; аппаратураны жұмысқа дайындау; өткізетін, қабылдайтын және қоректендіретін желілердің сымжелілерін шешу және орау («шексіздік» және IV күрделілік дәрежесі шарттарында бекеттен (аппаратурадан) келтірілетін желілер жетектерінен басқалары); жерлендіру құрылғысы; АВ оммертмен желі кедергісін анықтау; жерлендірулерді тарату.

Өлшеулерді өндіру: ΔU ПР’ ΔU ВПВПτ) және τ потенциалдар айырмасының мәндердің визуалды есеп берулерін немесе осциллографиялық жазбасын орындау; болжамды поляризациялану және кедергілену параметрлерін есептеу және графиктерді тұрғызу.

63. Уақыт мөлшерлемелері 47– 59 кестелерде, еңбек шығындарының мөлшерлемелері – 60 – 64 кестелерде, аппаратура және негізгі жабдықтардың тізімі және сан мөлшері – 66 кестеде, көлік мөлшерлемелері – 65 кестеде келтірілген (6 Қосымша , 4 бөлім , 2 тарау).
Параграф 6. Магнитотеллуриялық әдістер

(МТЗ, КМТЗ, ГМТЗ)
64. МТЗ, КМТЗ, ГМТЗ әдістерімен жұмыс жасағанда электр магнит өрісінің бес құрамдас бөліктері өлшенеді – Ех, Еу, Нх, Ну, Нz.

Бақылауларда өлшеу қондырғылары пайдаланылады, олар Ех, Еу екі жерлендіру желілерінен және Нх, Ну, Нz үш магнитометрлерден тұрады, немесе ЦЭС-2 бекет топтамасынан ИДх, ИДу, ИДz индуктивті бергіштерден тұрады. Қабылдау желілерінің ұзындығы 0,2-1,0 км. ПВР (ГПС МПО) түріндегі жеңіл жетек пайдаланылады. Жерлендірулер поляризацияланбайтын электродтардың көмегімен жүзеге асырылады, ГРМЦ түріндегі батареялардан жасап шығарылған, не болмаса Инструкции ЦЭС-2" бойынша 165-У. МТЗ бақылау нүктесі магнитометрлердің және қабылдау желілерінің жақын электродтарының орналасу орны деп есептеледі. Магнитометрлер таяз шұңқырларларда немесе арнайы жабдықталған павильондарда орнатылады. Өлшеу қондырғылардың бағыты 0,50 дейін дәлдігімен буссоли көмегімен өндіріледі.

65. Мөлшерлемелер магнитотеллуриялық зондтау (МТЗ), аралас магнитотеллуриялық зондтау (КМТЗ) және терең магнитотеллуриялық зондтау (ГМТЗ) әдістерімен ЦЭС – бекеттерімен жұмысқа есептелген.

66. МТЗ және ГМТЗ әдістерде нақты бақылау деп - жиіліктік диапазонда бір координатты бекетте бір дала бекетімен аяқталған өлшеу кешені аталады, оларда жобамен алдын – ала көзделген, қолданыстағы техникалық ережелер талаптарына сәйкес орындалған.

67. КМТЗ әдісінде нақты бақылау деп – шоғырлану бекетімен шоғырлану бекетінде аяқталған өлшеу кешенімен бір уақытта бір координатты бекетте бір дала бекетімен өлшенетін аяқталған кешен аталады, ол жобамен алдын – ала көзделген жиіліктер диапазонында қолданыстағы техникалық ережелер талаптарына сәйкес орындалған:

Екі координат бекеттерінде екі дала бекеттерімен өлшеулердің аяқталған кешені, ол бір шоғырлану бекетте аяқталған өлшеу кешенімен бір уақытта орындалған, олар екі нақты бақылауларға теңестіріледі, ал үш, төрт, бес және т.б. дала бекеттерімен – сәйкесінше 3, 4, 5 және т,б, нақты бақылауларға теңестіріледі.

Бір шоғырлану және бір дала бекеттерімен синхронды өлшемдерді (КМТЗ) жүргізгенде уақыт мөлшерлемелеріне 1,2 коэффициенті қолданылады, коэффициент әр дала бекеті үшін 0,5 ұлғаяды.

Шоғырлану бекеттерін қайта шоғырландыруға уақыт осы мөлшерлемелермен алдын – ала көзделмеген және жұмыстар жобасымен дәлелденеді.

68. Мөлшерлемелер жұмыстар өндірісінің мөлшерлемеленген келесі ұйымдастыру – техникалық шарттарын алдын – ала көздейді:

Магнитотеллуриялық вариацияларды тіркеу тәртібі; магнитотеллуриялық өріс күрделілігі; магнитотеллуриялық өрістердің тіркелетін құрамдас бөлшектерінің сан мөлшері; күрделілік дәрежесі; бақылау нүктелері арасындағы қашықтық.

69. Мөлшерлемелер магнитотеллуриялық өрістің келесі тіркеу тәртіптері үшін құрастырылған: МТЗ-В-С-Н (0,1-1000 с), МТЗ-В-С (0,1-10 с), МТЗ-В (0,1-1 с) бірге, МТЗ-С (1-10 с), МТЗ-Н (10-1000 с) бөлек.

70. Мөлшерлемелермен тіркелетін құрамдас бөлшектердің саны ескерілген – бес (Ех, Еу, Нх, Ну, Нz), төрт құрамдас бөлшектерді тіркегенде уақыт мөлшерлемелерге К=0,9 қолданылады.

71. Мөлшерлемелермен магнитотеллуриялық өріс күрделілігіне тәуелді әр диапазонда тіркелетін магнит таспаларының келесі сан мөлшерлері алдын – ала көзделген:

қалыпты өріс – 2 магнит таспалар ;

күрделендірілген өріс – 3 магнит таспалар ;

қиын өріс – 4 магнит таспалар .

Қалыпты магнитотеллуриялық өріс келесі белгілермен анықталады:

анық көрінетін сызықты емес поляризациялармен;

квазисинусоидалды вариацияларда дербес цугторда қоспалардың көп болуы;

жоғары жиілікті кедергілердің амплитудасы осы диапазондағы вариациялардың орташа амплитудасының % % аспайды;

жел кедергілері және микро желдерден кедергідер жоқ;

импульсті кедергілер 10-20 бірліктен аспайды ЦЭС шәкілдері және аумақта 1-2 есе сирек тіркеледі;

күрделендірілген магнитотеллуриялық өріс:

сызықты емес немесе эллиптикалық поляризация осьтер қатынасымен 1:10 аспайды;

күрделі үлгі вариациялары, әр түрлі аралықтардың толқындарын салумен сипатталады;

жоғары жиілікті кедергілердің амплитудасы өлшенетін диапазонның вариациялардың орташа амплитудасының 20 % жетеді;

жел кедергілері, микро желдерден кедергілер 10 бірліктен аспайды. ЦЭС;

импульті кедергілер 50 бірлікке жетеді және аймақта 5-7 ретке дейін тіркеледі.

күрделі магниттелетін өріс:

квазисызықты өріс поляризациясы;

талап етілетін диапазонның көрінетін вариациялары белгіленбейді;

кедергілер амплитудасы жоғарыда көрсетілген бағалардан асады;

үнемі қатты импульсті кедергілер тіркеледі.

72. Мөлшерлемелермен ұзындығы 375 м, А-43-046Б түріндегі 1 магнит таспаға жазба (тіркеу) ұзақтылығы алдын – ала ескерілген:

МТЗ-Н – 7,8 сағат;

МТЗ-С – 1,67 сағат;

МТЗ-В – 0,4 сағат.

Терең магнитотеллуриялық зондтауды (ГМТЗ) өткізгенде ЦЭС – 2 бекеттерінде уақыт мөлшерлемелеріне 1,74 коэффициенті қолданылады.

Мөлшерлемелер МТЗ нүктелердінде өлшемдер жасағанда үш кезеңді жұмысты көздейді. Күн тәртібі магнитотеллуриялық өрістің вариациялар қарқындылығының тәуліктік жүрісінен тәуелді орнатылады. МТ өрісі вариацияларын жазуды әр аумақ үшін анағұрлым жайлы аралықта өткізген жөн. Жұмыстарды жобалағанда тіркелетін аралықтар вариацияларының пайда болуы туралы статистикалық деректерді ескеру керек.

73. Жұмыстар құрамы: партия (отряд) шоғырлануында дайындау - қорытынды жұмыстар, тапсырма алу; аппаратураны, жабдықтарды, саймандарды, көлікті дайындау, электродтарды дайындау, жабдықтарды және саймандарды тиеп - түсіру, дала материалдарын тапсыру (магнитограммалар, дала журналдары ).

Бақылау нүктесінде дайындау - қорытынды жұмыстары: бекеттерді қондыру; жабдықтар мен саймандарды тиеп - түсіру ; екі өрісті сымжелілерді шешу (орау) және қазу орнату MN; олардың ұштарында жерлендірулерді қондыру; шүңқырларды қазу және көму; магнитометр және индуктивті бергіштерді орнату және шешу; ИД үшін 2 м тереңдікке қолмен бұрғылаумен ұңғыманы бұрғылау және оны тарату; өріс бергіштерін іске қосу үшін кондукторларды шешу (орау) және қазып орнату; бензоагрегатты орнату және іске қосу, оны бензинмен ара – арасында толтырып отыру; бақылау нүктесінде аппаратураны тізбекті тексеру, келесі бекетке бекетті көшіруге дайындау. Синхронды МТЗ үшін – толқын жинағышты орнату, шоғырлану бекетімен радио байланыс және синхрондауды тексеру. Өлшемдерді алу (МТ өрісін тіркеу), өріс сипатын бағалай мақсатында және тіркеудің жұмыс тәрітібін таңдау мақсатында вариацияларды бақылау; АК (автоүлесші) тест жазбалары және арналарды градуирлеу; МТ өрістің әр жиілікті диапазонда вариацияларын жұмысшы тіркеу; магнит таспаларын ауыстыру; магнитограммаларды құжаттау; жаңғыртуда барлық жазбаларды қарап шығу және олардың сапасын талдау.

74. Аппаратураны және жабдықтарды дала аралығында тексеру және алдын – ала жөндеу үшін келесі уақыт мөлшерлемелері, жұмыстар құнына тәуелді беріледі: үш кезеңді жұмысты 2 отряд – кезең.

75. Жиілікті сипаттамаларды анықтау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін, эталондауды және арналарды жазу үшін үш кезеңді жұмыста айына 3,5 отряд – кезең алдын – ала көзделеді.

Осы мөлшерлемелермен ескерілмейді және техникалық жобада дәлелденбейді, ол жобаланатын жұмыстардың аудан бойынша өткен жылдардың нақты деректері негізінде және ауданға ұқсастырып жүзеге асырылады, ол геоэлектрлік тілік сипаттамасына ие, және жергілікті жердің квазисызықты кеңдігін есте есептеп орташа аралықты немесе поляризация кезінде магнитотеллуриялық өріс немесе оның квазисызықты оның поляризация күндері ескеріледі.

Е с к е р т п е. Орташа аралық вариациялардың болмаған күндері жұмыс күні ішінде тек 2 сағаттан кейін 0,5 – 1 сағат жазбасымен магнитограмманы растаушы болғанда белсенді етіледі.

Осы мөлшерлемелермен дала жұмыстарының өндіріс кестесін тиімдісін анықтау мақсатында магнитотеллуриялық өрістің вариацияларын тәулік бойы бақылау өндірісі үшін партияға (отрядқа) айына бір жұмыс күні алдын – ала ескеріледі. Осы күндер жобада отряд – кезеңмен дала жұмыстарының ұзақтығына қосылады.

76. 1 нақты бақылауға отряд – кезеңінде МТЗ әдісімен жұмысқа уақыт мөлшерлемелері 67 – 68 кестелерде; еңбек шығындарының мөлшерлемелері – 69-70 кестелерде; аппаратура және негізгі жабдықтардың тізімі және сан мөлшері – 71 кестеде; көлік мөлшерлемелері – 72 кестеде (7 Қосымша, 4 бөлім, 2 тарау ) көзделеді. .
Параграф 7. Электромагнитті және профилдеуді зондтау әдісімен.
77. Зондау әдісі электромагнит өрісіне айналу (ЭС, ЭС-ЗИ, ЗС-МП). Мөлшерлемелер ЭС, ЗС-ЗИ және ЭС-МП әдістерімен ЦЭС-2, ЦЭС-3, Прогресс-2СЭ түріндегі электр барлау бекеттерін және ЭРС-67 т УКЭ-50 түріндегі генераторлық қондырғыларды жұмысқа пайдаланумен есептелген.

78. ЭС және ЗС-ЗИ (жақын, аралық және алыс аймақтарда өлшеу) әдістерінде нақты бақылау деп бір немесе екі (Ех, dBz/dt) өлшеулердің аяқталған кешені жұмыстар жобасына сәйкес аталады, олар электрмагнит өрісін құрайды, бір қоректендіргіш қондырғының өзгермейтін күйінде электрмагнит ауытқулардың бір қоздырушы негізінен бір координет нүктеде бір электр барлау бекетімен орындалғандар.

Осыған сәйкес ЗС және ЗС-ЗИ әдістерімен жұмысқа бір отряд – кезеңге есептелген уақыт бірлігі қабылданған, оның аралығында электр барлау отряды, ол электр барлау бекетінің бір бригадасынан және генераторлы топтың бір бригадасынан тұратын, жеті сағатық жұмыс күніне орнатылған жасап өту мөлшерлемесін орындайды. .

79. Мөлшерлемелер жұмыс өндірісінің келесі технологиялық және ұйымдастырушылық – техникалық шартталған мөлшерлемелерді ескеріп есептелген: зондтау түрі және орындау технологиясы, дербес ЗС және ЗС-ЗИ әдістері үшін қоректендіру қондырғысының орнату шарттары, өріс қалыптасу белгілерін тіркеу шарттары; жұп полярлы ток импульстарының ұзақтылығы; күрделілік дәрежелері; бақылау нүктелері арасындағы қашықтық; жұмыстардың таспалы аралығы.

80. Бақылау нүктелерінің арасындағы қашықтық деп көрші қабылдау қонырғыларының центр арасындағы қашықтықтар қабылданған.

81. Мөлшерлемелермен ЗС әдісімен жұмыс жасағанда қоректендіру қондырғысының келесі қондыру шарттары ескерілген:

қалыпты шарттар – 30 А дейінгі токтармен жұмыстарды өндіру, ұзындығы 3 км дейін АВ қоректендіру екі өріс ұштарында жерлендіргіштерді қондыру, ол ұзындығы 1 м болатын электродтарды 70 данаға дейінгі сан мөлшерле екі өріс ұштарына соғу жолымен немесе 500 м дейін квадрат жағымен қоректендіру ілмешегін (Q) шешу жолымен жүзеге асырылады, 1-2 сымжеліге (жіпке) қоректендіргіш қондырғыны (АВ, Q) құрастыру.

күрделендірілген шарттар – 30 дан 50 А дейін токтармен жұмысты өндіру, 3-4 км ұзындығына дейін АВ қоректендіруші екі өріс ұштарында жерлендіруді қондыру, ол ұзындығы 1 м болатын электродтарды 150 данадан асатын сан мөлшерде қондыру көмегімен немесе шнектерді бұрғылаумен (15 м асатын тереңдікке 4 шнектерден аса), не болмаса 1 км аса квадрат жағымен қоректендіргіш ілмешекті (Q) шешу, 5-6 сымжеліге (жіпке) қоректендіргіш қондырғыны (АВ, Q) құрастыру.

қиын шарттар – 50 А жоғары токтармен жұмысты өндіру, 4 км және одан аса ұзындығына дейін АВ қоректендіруші екі өріс ұштарында жерлендіруді қондыру, ол ұзындығы 1 м болатын электродтарды 150 данадан асатын сан мөлшерде қондыру көмегімен немесе шнектерді бұрғылаумен (15 м асатын тереңдікке 4 шнектерден аса), не болмаса 1 км аса квадрат жағымен қоректендіргіш ілмешекті (Q) шешу, 5-6 сымжеліге (жіпке) қоректендіргіш қондырғыны (АВ, Q) құрастыру.

ерекше қиын шарттар – 80 А жоғары токтармен жұмысты өндіру, ұзындығы (периметрі) 4 км асатын 7-10 сымжелілерді қоректендіру қондырғысын құрастыру.

82. Мөлшерлемелермен ЗС-ЗИ әдісімен жұмыс жасағанда қоректендіру қондырғысының келесі орнату шарттары ескерілген

қалыпты шарттар –қоректендіргіш екі өрістінің ұзындығы 4 км дейін, қоректендіргіш жері ГПМП сымжелі жібінің 1-2 құрастырылады, Ав екі өріс жерлендіру ұштарының қондырғысы, олар ұзындығы 2 м электродтарды 70 данаға дейінгі сан мөлшерде енгізу амалдары арқылы жүзеге асырылады, жұмыс 30 А дейінгі токтармен бір гентоппен өткізіледі;

күрделендірілген шарттар – қортендіргіш екі өрістің ұзындығы 8-10 км; қоректендіргіш қондырғыны құрастыру ГПМП жетегінің 3-4 жібіне. АВ екі өрістің жерлендіру ұштарын қондыру, ол сан мөлшері 10 данаға дейінгі тереңдігі 2,5-3 м болатын ұңғымаға шнектерді бұрғылау амалдары арқылы, ЭРС-67 бір гентоппен не болмаса 30-50 А токтарымен УГЭ-50 өндіріледі.

қиын шарттар – қоректендіргіш екі өріс ұзындығы 12 км асады, қоректендіргіш қондырғыны құрастыру ГПМП сымжеліде 4-5 жіп, АВ екі өрістің жерлендіру ұштарын қондыру тереңдігі 15 км асатын 4 және одан көп данада шнектерді бұрғылау амалдарымен жүзеге асырылады, жұмыс бір ЭРС-67 гентоппен не болмаса 50 А көп токтармен УГЭ-50 жүргізіледі.

83.Мөлшерлемелермен ЗС және ЗС-ЗИ әдістері үшін электр магнитті өрісті құрайтын өрістің магнитті және электрлік қалыптасу белгілерін тіркеуде келесі шарттар ескерілген;

қалыпты шарттар – өлшеулер жұмысшы 24-36 дБ әлсізденулерде өткізіледі, ұзақ периодты теллургиялық кедергі амплитудасы ЦЭС – 2 жұмыс шәкілінің 1/10 аспайды, «белгі – кедергі» қатынасы 5/1 кем емес, белгілерді жинақтау саны 30 кем болмайды;

күрделендірілген шарттар – өлшеулер жұмысшы 18-12 дБ әлсізденулерде өткізіледі, ұзақ периодты теллургиялық кедергі амплитудасы ЦЭС – 2 жұмыс шәкілінің 1/5 аспайды, «белгі – кедергі» қатынасы 3/1кем емес, белгілерді жинақтау саны 60 кем болмайды.

қиын шарттар – өлшеулер жұмысшы 6-0 дБ әлсізденулерде өткізіледі, ұзақ периодты теллургиялық кедергі амплитудасы ЦЭС – 2 жұмыс шәкілінің 1/3 аспайды, «белгі – кедергі» қатынасы 2:1 кем, белгілерді жинақтау саны 120 кем болмайды.

Электр өрісінің Еу және магнит құраушыларының dB/dt және dBz/dt көлденең құраушысын өлшеу тіркеудің қиын шарттарына жатады.

84. Мөлшерлемелермен зондтау түрлері ескерілген:

негіздің жақын аймағында зондтау;

негіздің алыс аймағында зондтау .

Аралық аймақта жұмыстарды өткізгенде алыс аймақтың мөлшерлемелері қолданылады.

85. Мөлшерлемелермен ЭРС-67 немесе УГЭ-50 генераторлы қондырғымен бір уақытта екі ЦЭС – бекеттермен профиль бойынша қарама – қарсы әдістеме бойынша ЗС әдісімен жұмыстар ескерілген.

86. Мөлшерлемелермен бір уақытта екі бекеттермен бір бекітілген негізден бір профиль бойынша зондау әдістемесі бойынша ЗС-ЗИ әдісімен жұмыстар ескерілген. Бір генералды қондырғымен бірігіп бекеттердің көп сан мөлшері жұмыс жасағанда уақыт мөлшерлемелеріне 1 кестеде (1 Қосымша) келтірілген коэффициент қолданылады.

Е с к е р т п е. Технологиялық сұлбалар бойынша жұмыстарды жүргізгенде, олар бірнеше коэффициенттерді пайдалануды алдын – ала көздейді уақыт мөлшерлемелеріне бейқалыпты шарттар үшін есептеу кезінде бір минимал коэффициент қабылданады.

87. Осы мөлшерлемелермен ескерілетін жұмыстар құрамына келесілер кіреді:

партия (отряд) шоғырлануында дайындау - қорытынды жұмыстар; тапсырма алу; аппаратураны, жабдықтарды, саймандарды (соның ішінде электродтарды дайындау) дайындау, көлікті дайындау; аппаратураны, жабдықтарды және саймандарды тиеу, сонымен қатар оларды шоғырлану жеріне қайтып оралғанда түсіру; жұмыс күні аяқталысымен дала материалдарын тапсыру (журналдар, магнитограммалар және т.с.с.);

ЦЭС-2 дала бақылаулары: жергілікті жерде бақылау бекетін сипаттау; жабдықтар мен саймандарды түсіру ; бекеттерді орнату, бензоэлектрлік агрегатты орнату, іске қосу, оны жанар - жағар майға аралық тексеріп отыру , оны бекетке жалғау және байланыстырғыш сымжеліні көму, жұмысқа бекетті тексеру және дайындау; қабылдау ілмешегін және қабылдау желісін шешу (орау); ағып кетуге тексеру, оларды көміп қою, MN желісінде электродтарды орнату (түсіру); кондукторларды шешу (орау), көму, өріс бергіштерін іске қосу - ажырату; толқын жинақтағышты құрастыру – бөлшектеу, өлшемдер бойынша аппаратураны дайындау; бекеттерді іске қосу, магнитотеллуриялық өріс кедергілері деңгейін бақылау, гентоппен радиобайланыс, алғашқы сынақ іске қосуларды жүргізу, арналарды градуирлеу, магнит таспаға жазбаны өткізу, жазылған ақпаратты қарап шығу, қажетті дала құжаттамасын жүргізу, барлық өлшеу қондырғысын бөлшектеу, бензоэлектрлік агрегатты, сымжелілерді, кондукторларды; жергілікті жерде нүктені бекіту, бақылау нүктесінің жоспарлы орналасуын анықтау, жабдықтарды және саймандарды тиеу.

Қабылдау қондырғысын құрастырумен бірге немесе оның алдында АВ қоректендіруші қондырғының, жерлендіру құрылғысының құрастырылуы өткізіледі. Сонымен параллел бекет жұмысымен генераторлық қондырғы жұмысы жүргізіледі, оның құрамына келесілер кіреді: бақылау нүктесін айқындау, АВ желісін немесе q ілмешегін құралды бөлу, генераторлы топты орнату, жерлендіруді қондыру, желіні жерлендіру кедергісіне тексеру, толқын жинақтағышты құрастыру – бөлшектеу, гентопты жылыту, бекеттерімен радиобайланыс өткізу, сынама ток испульстарына келтіру, токтың тік бұрышты импульстарының жұмысшы іске қосуын өткізу, дала журналында жерлендіру ток және кедергі шамасын тіркеуді жүргізу. Қондырғыны бөлшектеу, соның ішінде жерлендірулерді де, қоректендіргіш желілерді орау, аппаратура және саймандарды жинау, жергілікті жерде нүктені бекіту, оның бірқалыпты орналасуын анықтау және көшіп - қону; дала материалдары сапасын алдын – ала бағалау және дала жұмыстарының нәтижелері туралы есеп беруді құрастыру.

88. Қоректендіргіш және қабылдағыш екі өрістердің немесе ілмешектерді құрастыру – бөлшектеу. Электродтарды соғумен немесе шнектерді бұрғылаумен жерлендірулерді құру, сонымен қатар жерлендірулерді тұзды қоспамен немесе сумен сулау өзге операцияларға тәуелсіз өндіріледі және бақылау нүктесінде орындалатын жұмыстардың жалпы циклын тежемеу керек.

89. Көп түрі зондтау (генераторлы жақтауды қайталап белгілеусіз), «ілмешек ілмешекте» қондырғысымен қатар ф.н. дербес ретінде қарастырылады (әр қабылдағыш екі өріс үшін) оның уақыт мөлшерлемелеріне 0,64 түзету коэффициенті бар.

90. "Импульс" тіркеу аппаратурасын пайдаланғанда, ол аз уақыттарда (4*10-3с дейін) бір нүктелі тәртіпте жинақтауды жүргізеді, онда уақыт мөлшерлемелеріне (кесте 74, 8 Қосымша, 3 бөлім) 0,2 отряд – кезең қосылады.

91. "ЦЭС-3", "Прогресс-2СЭ" сегіз арналы бекеттермен және "ЭРС-67", "УГЭ-50"ЗСМП генераторлы топтармен ЗСМП әдісінің мөлшерлеме түзетін факторлары келесілерден құралады.

91. ЭСМП әдісінде нақты бақылау 8 арналы тіркеуде (8 бақылау нүктесі) электромагнит толқындарының бір қозу нүктесінен қалыптасатын аяқталған өлшеу кешені деп аталады, ол тіркеу арналарының осы қабылдау қойылымы үшін қоректендіргіш қондырғының өзгертілмейтін күйімен орындалған.

92. Уақыт мөлшерлемелері генераторлы және ілмешекті қабылдаушы екілік жұмыс топтамасымен электр барлау жұмыстарын орындауға есептелген.

93. Уақыт мөлшерлемелермен потенциалдар айырмасын келесі қалыпты өлшеу шарттары ескерілген:

қалыпты шарттар – 40 дейін әр түрлі өрісті импульстарды жазу;

күрделендірілген шарттар – 40 тан 80 дейін әр түрлі өрісті импульстарды жазу;

қиын шарттар – 80 аса әр түрлі өрісті импульстарды жазу.

Импультардың ұзақтылығы тіліктің геоэлектрлік сипаттамаларына тәуелді таңдап алынады және келесілерге бөлінеді:

10 сек дейін;

10 – нан 30 сек дейін;

30 – дан 60 сек дейін;

60 секундтан жоғары.

94. Уақыт мөлшерлемелері 8 арналы бекеттері бар ЗСМП әдісі үшін келтірілген, олар бір сезімтал бекетте өріс қалыптасу процесін жазады, және 6 км тең қоректендіргіш қондырғының ұзындығымен (периметрімен).

95. Жұмыс өндірісінің бейқалыпсыз шарттары үшін уақыт мөлшерлемелеріне келесі түзету коэффициенттер қолданылады:

12 жұмыс арналарында – 0,8;

16 жұмыс арналарында – 0,6;

24 жұмыс арналарында – 0,45;

қоректендіру қондырғысының ұзындығында 4 – тен 8 км дейін – 0,9;

қоректендіру қондырғысының ұзындығында 4 км аз – 0,8;

қоректендіру қондырғысының ұзындығында 8 – ден 12км дейін – 1,1;

қоректендіру қондырғысының ұзындығында 12км аса – 0,9;

2-еселік профильдеуде – 0,95;

4-еселік профильдеуде – 0,9;

6-еселік профильдеуде – 0,86;

8-еселік профильдеуде – 0,81;

10-еселік профильдеуде – 0,77;

12-еселік профильдеуде – 0,74;

96. Алыс және жақын аймақтарда қалыпты жағдайларда ЗС әдісімен жүргізілетін нақты бақылауға отряд – кезеңде уақыт мөлшерлемелері 73 – 75 кестелерде келтірілген (8 Қосымша, 4 бөлім , 2 тарау ).

97. Алыс және жақын аймақтарда қалыпты жағдайларда ЗС-ЗИ әдісімен жүргізілетін нақты бақылауға отряд – кезеңде уақыт мөлшерлемелері 76-77 кестелерде, ЗСМП – 78 кестеде келтірілген (8 Қосымша, 4 бөлім , 2 тарау ).

98. 73 кестенің уақыт мөлшерлемелері (8 Қосымша, 4 бөлім , 2 тарау ) 0,25, 0,5, 1, 2, 3, 4, 5 км бақылау нүктелерінің арасындағы қашықтықтар үшін берілген, көшіп – қонулар жұмыстар құрамына кіреді; бақылау қадамы 5 км асақанда көшіп – қонуға шығындар сметалық – қаржылық есеппен анықталады, ол көшіп – қонуға жобадағы отряд – кезең сан мөлшерін негізге алып есептеледі.

99. ЗС және ЗС-ЗИ әдістерімен жұмыс жасағанда бір отряд – кезеңге адам – кұнде еңбек шығындарының мөлшерлемелері 79, 81 кестелерде, ЗСМП – 80, 82 кестелерінде (8 Қосымша, 4 бөлім , 2 тарау ) келтірілген.

100. Аппаратура және негізгі жабдықтардың тізімі және сан мөлшері 85, 86 кестелерде, көлік мөлшерлемелері – 83-84 кестелерде (8 Қосымша, 4 бөлім , 2 тарау ) келтіріледі.

101. Жиілікті электр магнитті зондтау әдісі (ЧЗ-ВП) (жиілікті зондтау, шақырылған поляризация) мұнай және газға бөлшекті іздеу электр барлау жұмыстарына тағайындалған.

Әдіс амплитудаларды және көп жиілікті (екі және үш жиілікті) көп жиілікті өрістердің электрлік және магнитті фазалық параметрлерін өлшеуге негізделген, олар жерлендірілген тік сызықты қорек желілерімен түзілген. Өлшеулер 0,07 (немесе 0,019 Гц) бастап 1 кГц дейінгі жиіліктер аралығында орындалады. Жер бетінде электромагнитті өрістің бес құрамдас бөлшектерін өлшеу мүмкін: Ех, Еу, Нх, Ну, Нz.

Электр өткізгіштікті және геоэлектрлік тіліктің шақырылған поляризациясын кешенді зерттеу үшін Еу электр өрісінің құрамдас бөлшегінің ортогоналін өлшейді.

Өріс бергіштері ретінде 0,1 ден 0,5 км дейін ұзындығы бар жерлендірілген екі өрістер қолданылады, екі өрістер мателдан жасалған (болат немесе мыс) электродтармен жерлендіріледі. Магнит құрамдас бөлшектерін өлшеу үшін КСПВ сымжелісінен магнит тармақты ілмешектер және ЦЭС – 2 бекет топтамасынан индуктивті бергіштер пайдаланылады.

уақыт мөлшерлемелері ЧЗ – ВП әдісінің екі түр өзгертуін алдын – ала көздейді:

негіз және өріс қабылдағышы арасында тұрақты таратумен профилдеу;

бекітілген өріс көзінен ауданда профильді – аудандық өлшеулер.

101.1. Мөлшерлемелер ЧЗ – ВП әдісімен жұмысқа есептелген, онда ЭВП-203 (ЭИН-204) бекеттері және ЭРС-67 немесе УГЭ-50 генераторлы қондырғылар қолданылады. .

101.2. Мөлшерлемелер келесі қалыпты ұйымдастырушылық – техникалық жұмыстар өндірісінің шарттарын көздейді: қоректендіргіш қондырңылардың орналасу шарттары, потенциалдар айырмасын өлшеу шарттары, күрделілік дәрежесі, ток импульсінің максимал жалғасуы, бақылау нүктелері арасындағы арақашықтық.

101.3. Бақылау нүктелерінің арасындағы қашықтыққа көршілес жатқан қабылдау қондырғыларының центрлерінің арасындағы қашықтық қабылданған.

101.4. Күрделілік дәрежелері бойынша ЧЗ – ВП әдісімен жұмыстар өндірісінің шартты сипаттамалары осы Жинақтың «Жалпы ережелер» 8 т. келтірілген.

101.5. Мөлшерлемелермен қоректендіру қондырғысының келесі құрылыс шарттары ескерілген:

қалыпты шарттар – 30 А дейінгі токтармен жұмыстарды өндіру, ұзындығы 3 км дейін АВ қоректендіру екі өріс ұштарында жерлендіргіштерді қондыру, ол ұзындығы 1 м болатын электродтарды 70 данаға дейінгі сан мөлшерле екі өріс ұштарына соғу жолымен жүзеге асырылады, 1-2 сымжеліге (жіпке) қоректендіргіш қондырғыны (АВ) құрастыру.

күрделендірілген шарттар – 30 дан 50 А дейін токтармен жұмысты өндіру, 4 км ұзындығына дейін АВ қоректендіруші екі өріс ұштарында жерлендіруді қондыру, ол ұзындығы 1 м болатын электродтарды 150 данадан асатын сан мөлшерде қондыру көмегімен немесе шнектерді бұрғылаумен (15 м асатын тереңдікке 4 шнектерден аса), 3-4 сымжеліге (жіпке) қоректендіргіш қондырғыны (АВ) құрастыру.

қиын шарттар – 50 А жоғары токтармен жұмысты өндіру, 4 км және одан аса ұзындығына дейін АВ қоректендіруші екі өріс ұштарында жерлендіруді қондыру, ол ұзындығы 1 м болатын электродтарды 150 данадан асатын сан мөлшерде қондыру, 5-6 сымжеліге (жіпке) қоректендіргіш қондырғыны (АВ) құрастыру.

Мөлшерлемелермен жиілікті зондау белгілерін өлшеудің келесі шарттары ескерілген:

қалыпты шарттар:

Фазалық паратмер шамаларын тарату қайта өлшеулерде және жинақтаудың орташа мәндерінде (4-8 аралық) сандық таблоның 3-5 бірлігінен аспайды (0,03-0,050). Оператор дәл табло бірлігі ±1 қателігімен фазалық паратмер орташа мәнін анық анықтай алады.

күрделендірілген шарттар:

Фазалық паратмер шамаларын тарату қайта өлшеулерде және жинақтаудың орташа мәндерінде (4-8 аралық) бірнеше сандық ондығына жетеді, бірақ кедергі тұрақты және жинақталудың үлкен сан мөлшерімен тиімді басылады (32, 64, 128, 256 аралықтар).

қиын шарттар:

Фазалық паратмер шамаларын тарату қайта өлшеулерде және жинақтаудың орташа мәндерінде (4-8 аралық) бірнеше сандық ондығына жетеді, дербес жағдайларда жүзден аса бірліктерге жетеді. Кедергі тұрақсыз және жинақталулардың ұлғаюы қайталану есеп берулерінің тұрақтылығы ұлғаюына алып келмейді. Осы шарттарда оператор тұрақсыз кедергілердің әрекет ету участкелерінің арасында жеткілікті ұзақ үзілістерді күтіу әдістемесін пайдаланады. Кедергілер болмаған уақытта өлшенген фазалық параметрдың кем дегенде 16 мәнін тіркеу, оны бағалау дәл емес тілі бар белгі амплитудасын өлшейтін жабдық көмегімен мүмкін.

101.6. ЧЗ – ВП әдісінде нақты бақылау деп таңдап алынған жиіліктер диапазонында бір фазалық паратметрді және белгі амплитудасының өлшенген аяқталған кешені деп аталады, ол бір координат бекетінде бір өлшеуішпен электр магнит өрісінің топтамаларының бірі үшін бір генераторлы қондырғымен бірігіп орындалады. Осыған сәйкес ЧЗ-ВП әдісімен жұмыстарға бір отряд – кезеңге уақыттың есептік бірлігі қабылданған, оның ішінде электр барлау отряды, электр барлау бекетінің (өлшеуішінің) бір бригадасынан және генератор тобының бір бригадасынан тұрады, жеті сағаттық жұмыс күніне орнатылған жасап өту мөлшерлемесін орындайды.

Мөлшерлемелер генераторлы қондырғы бір уақытта екі дала бекеттеріне (өлшеуішін) қызмет ететін шарттарда бір отрядқа есептелген.

Профильді – ауданды әдістеме бойынша өлшеулерді жүргізгенде бекітілген негізден уақыт мөлшерлемелеріне 0,80 коэффициенті қолданылады.

101.7. Осы мөлшерлемелермен ескерілетін жұмыстар құрамына келесілер кіреді:

партия (отряд) шоғырлануында дайындау - қорытынды жұмыстар; тапсырма алу; аппаратураны, жабдықтарды, саймандарды (соның ішінде электродтарды дайындау) дайындау, көлікті дайындау; аппаратураны, жабдықтарды және саймандарды тиеу, сонымен қатар оларды шоғырлану жеріне қайтып оралғанда түсіру; жұмыс күні аяқталысымен дала материалдарын тапсыру (журналдар, магнитограммалар және т.с.с.);

дала бақылаулары.

Бақылау нүктесінде (бекетінде) дайындау – қорытынды жұмыстар.

а) дала бекеті үшін – бақылау нүктелерін белгілеу; бекеттерді орнату; жабдықтар мен саймандарды тиеп - түсіру; шешу (орау), қажет болған жағдайда MN қабылдау желісін көму; оған жерлендіру ұштарын орнатумен; кондукторларды шешу – орау және аппаратураға өріс бергіштерін қосу; генератор тобымен байланысу үшін толқын жинақтағышты қондыру; өлшеу нүктесінде келесі бекетке көшу үшін өлшеулер аяқталғаннан кейін аппаратураны дайындау; толқын жинақтағышты бөлшектеу; нүктені бекіту және оның бірқалыпты орналасуын анықтау;

б) генераторлы топ үшін – бақылау нүктесін белгілеу, АВ желісін құралдармен бөлу; генераторлы топты орнату, толқын жинақтағышты қондыру; қоректендіргіш екі өрісті құрастыру – бөлшектеу; өлшеу нүктесінде келесі бекетке көшу үшін өлшеулер аяқталғаннан кейін аппаратураны дайындау; толқын жинақтағышты бөлшектеу; нүктені бекіту және оның бірқалыпты орналасуын анықтау; жабдықтарды және саймандарды көлік амалдарына тиеу.

Өлшеулерді өндіру (электр магнит өрісінің параметрлерін тіркеу):

аппаратураны тексеру, ретке келтіру және жұмысқа дайындау; генератор тобымен радиобайланыс; бір қалыпты әр түрлі жиіліктерде ток ГГ қосу, ең жоғарғысынан бастап, өлшемдерді калибрлеу; амплитуданы және әр жиілікте орташа өлшенетін шамалардың және жинақтаудың әр жиілікте фазалық параметр мәнін жұмысшы өлшеу; Ав қоректендіруші желіде ток амплитудасы мен фазалық параметрдің ГГ өлшеу; генераторлы топтың ауытқуында кедергілерді көзбен бақылау; қайталану өлшемдерінің тарату шамалар операторын бағалау; нүктеде деректерді өңдеу, қисықтарды тұрғызу.

101.8. ЭВП-203 және ЭИН-204 бекеттерімен қалыпты шарттарда ЧЗ – ВП әдісімен жүргізілетін нақты бақылауға отряд – кезеңдегі уақыт мөлшерлемелері 87 – 88 кестелерде жеке келтірілген (9 Қосымша, 4 бөлім, 2 тарау); қалыпты емес шарттарда уақыт мөлшерлемелері 87-88 кестелерде келтірілген (9 Қосымша, 4 бөлім , 2 тарау ) мөлшерлемелерге 1 кестедегі (1 Қосымша, 4 бөлім , 2 тарау ) түзету коэффициенттеріне көбейту жолымен анықталады.

ЧЗ – ВП әдісімен жұмыс жасағанда бір отряд – кезеңге адам – күнде еңбек шығындарының мөлшерлемелері 89 – 90 (9 Қосымша, 4 бөлім , 2 тарау) кестелерде келтірілген.

Аппаратура және негізгі жабдықтардың тізімі және сан мөлшері – 91 кестеде, көлік мөлшерлемелері – 92 кестеде, (9 Қосымша, 4 бөлім , 2 тарау ) келтірілген.

102. Төменгі жиілікті индуктивті әдіс жерлендірілмеген ілмешектің фазалық – жиілікті сипаттамаларын (НП) өлшеумен.

102.1. Мөлшерлемелер ЭВП-203 бекетімен жиілікті сипаттамалармен өлшеуге есептелген.

102.2. Мөлшерлемелермен ілмешектің бір күйінде профильдер тобын өңдеу алдын ала көзделеді. Профилдер жақтардың біріне параллель ілмешек ішінде орналасады; профильден ілмешек жағына минимал қашықтық 100 м; бақылаулар профильдің барлық ұзындығы бойынша өткізіледі.

102.3. Әр нүктеде өлшеу арнасының калибрлеуі өндіріледі және индуктивті бергіште электрлік белгінің парамтерлерін өлшеу өндіріледі. Өлшеу әдістемемен алдын ала көзделген жиіліктеріне 3- 5 өлшемдерінен тұрады, 9 жиілікте 1,2 – ден 312 Гц дейін диапазонда таспаға түсіру, 6 жиілікте – 9,7 ден 312 Гц дейін, 3 жиілікте – 78 ден 312 Гц дейін.

102.4. Жұмыстар құрамы: жабдықтар мен саймандарды тиеп - түсіру; аппаратураны жұмысқа дайындау; генераторлы ілмешекті құрастыру – бөлшектеу; ағуға генераторлы ілмешекті тексеру; бақылауларды өндіру; қажетті дала құжаттамасын жүргізу.

102.5. Уақыт мөлшерлемелері 93 кестеде, еңбек шығындарының мөлшерлемелері – 94, 95 кестелерде, аппаратура және негізгі жабдықтардың тізімі және сан мөлшері – 97 кестеде, көлік мөлшерлемелері – 98 кестеде (10 Қосымша, 4 бөлім , 2 тарау ) келтірілген.

103. Өтпелі процестер әдісі (МПП)

103.1. Өтпелі процестер әдісі бойынша мөлшерлемелер, МПП-3 БАПП-1 аппаратураларын пайдаланумен бір ілмешекті түр өзгерісте жұмыс жасау үшін есептелген; онда "Цикл-2" және "Импульс-Ц" аппаратуралары пайдаланылады – біріктерілген ілмешектердің түр өзгерістерінде; біріктірілген және соосьті ілмешектер – ЗМПП тәсілі бойынша.

103.2. Мөлшерлемелермен ілмешектердің сымжелілерін бей конвейерлі немесе конвейерлі орау – шешу тәсілінде бірден төрт нақты нүктелерге дейін бір тұрақтан өңдеу көзделеді.

103.3. ЭДС индукциясын келтіріп өлшеу шарттары (өтпелі процес) келесі белгілермен сипатталады: қалыпты – кедергілер деңгейі дала белгісі амплитудасының 20 пайызынан аспайды, жинақталу сан мөлшері 1-100 (аппаратура "Цикл-2") 200 (аппаратура "Импульс-Ц") дейін, қайталану өлшемдерінің сан мөлшері - өлшенетін өтпелі сипаттаманың 50 пайызына – 3. Осы шарттардан ауытқумен өлшеулер күрделендірілген деп есептеледі ("Импульс-Ц" үшін 3 немесе 5 медианада). Уақыт мөлшерлемелерімен күрделендірілген шарттар ескерілмеген жағдайларда уақыт мөлшерлемелеріне 1,2 коэффициент қолданылады ("Импульс-Ц" аппаратурасымен біріктірілген түр өзгерісте ЗМПП, БАПП-I аппаратурасымен МПП ).

103.4. Өлшеудің әр ілмешегінде ЭДС өлшенетін уақытша сипаттамасын алу үшін қажетті барлық уақытша тежелулерде өндіріледі, олар жұмыстар жобасымен алдын – ала көзделген (шаманы өлшеу генераторлы – қабылдағыш ілмешек орталығына жатады).

103.5. Жұмыстар құрамы: жабдықтарды, саймандарды тиеп - түсіру; аппаратураны жұмысқа дайындау; ілмешек сымдарын орау - шешу; аппаратураны калибрлеу; ағуға ілмешектерді тексеру; бақылауларды өндіру, қажетті дала құжаттамасын жүргізу.

103.6. Уақыт мөлшерлемелері 99-103 кестелерде, еңбек шығындарының мөлшерлемелері – 104-106 кестелерде, аппаратура және негізгі жабдықтардың тізімі және сан мөлшері – 107 кестеде, көлік мөлшерлемелері – 108 кестеде (11 Қосымша, 4 бөлім , 2 тарау ) келтірілген.

104. Өтпелі процестер әдісі.

104.1. МПП-3 БАПП-1 аппаратураны пайдаланумен өтпелі процестер әдісі бойынша мөлшерлемелер бір ілмешекті түр өзгерісте жұмыс жасауға есептелген; онда "Цикл-2" және "Импульс-Ц" аппаратуралары пайдаланылады – біріктірілген ілмешек түр өзгерістерінде; араластырылған және соосьті ілмешектерге – ЗМПП тәсілі бойынша.

104.2. Мөлшерлемелермен ілмешек сымдарын конвейерлі емес және конвейерлі тәсілінде орауда – шешуде бірден төрт нақты нүктелерге дейін бір тұрақтан өңдеу алдын – ала көзделеді.

104.3. ЭДС индукциясын келтіріп өлшеу шарттары (өтпелі процес) келесі белгілермен сипатталады: қалыпты – кедергілер деңгейі дала белгісі амплитудасының 20 пайызынан аспайды, жинақталу сан мөлшері 1-100 (аппаратура "Цикл-2") 200 (аппаратура "Импульс-Ц") дейін, қайталану өлшемдерінің сан мөлшері - өлшенетін өтпелі сипаттаманың 50 пайызына – 3. Осы шарттардан ауытқумен өлшеулер күрделендірілген деп есептеледі ("Импульс-Ц" үшін 3 немесе 5 медианада). Уақыт мөлшерлемелерімен күрделендірілген шарттар ескерілмеген жағдайларда уақыт мөлшерлемелеріне 1,2 коэффициент қолданылады ("Импульс-Ц" аппаратурасымен біріктірілген түр өзгерісте ЗМПП, БАПП-I аппаратурасымен МПП ).

104.4. Өлшеудің әр ілмешегінде ЭДС өлшенетін уақытша сипаттамасын алу үшін қажетті барлық уақытша тежелулерде өндіріледі, олар жұмыстар жобасымен алдын – ала көзделген (шаманы өлшеу генераторлы – қабылдағыш ілмешек орталығына жатады).

104.5. Жұмыстар құрамы: жабдықтарды, саймандарды тиеп - түсіру; аппаратураны жұмысқа дайындау; ілмешек сымдарын орау - шешу; аппаратураны калибрлеу; ағуға ілмешектерді тексеру; бақылауларды өндіру, қажетті дала құжаттамасын жүргізу.

104.6. Уақыт мөлшерлемелері 99-103 кестелерде, еңбек шығындарының мөлшерлемелері – 104-106 кестелерде, аппаратура және негізгі жабдықтардың тізімі және сан мөлшері – 107 кестеде, көлік мөлшерлемелері – 108 кестеде (11 Қосымша, 4 бөлім , 2 тарау ) келтірілген.


жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау