Энергетикалық көлік қондырғыларын пайдалану



жүктеу 44,72 Kb.
Pdf просмотр
Дата05.03.2018
өлшемі44,72 Kb.
#11343


 

 



 

ЖОБА 


 

 

«Энергетикалық көлік қондырғыларын пайдалану 

 (көлік түрлері бойынша)»  

кәсіби стандарты 

 

1.  Жалпы ережелер 

1.  «Энергетикалық көлік қондырғыларын пайдалану (көлік түрлері бойынша)» 

кәсіби  стандарты  білім  беру  бағдарламаларын  құрастыру,  сонымен  бірге 

кәсіпорындардағы  қызметкелер  құрамын    оқытуға,  білім  беру  мекемелердің 

тұлғаларын  және  жұмысшыларын  сертификаттауға,  қызметкерлер  құрамын 

басқару саласындағы кең ауқымды мәселелерді шешуге  арналған. 

2. Осы кәсіби стандартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар 

қолданылады: 

1) 

біліктілік  – қызметкердің белгілі  бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде 



нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы; 

2) 


біліктілік  деңгейі - күрделілігі,  еңбек қызметінің стандарттан басқа 

болуы, жауапкершілігі  және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер 

құзыреттілігіне  қатысты талаптар жиынтығы; 

3) еңбек функциясы – еңбек үрдісінің бір немесе бірнеше міндетін  шешуге 

бағытталған өзара байланысқан әрекеттер жиыны; 

4)  кәсіби топша – еңбек функцияларынан тұратын кәсіптер жиынтығы; 

5)  кәсіби  стандарт – кәсіби  қызметтің нақты  саласындағы еңбек мазмұнына, 

сапасына,  жағдайына    және  қызметкер  құзыретіне  қойылатын  талаптарды 

айқындайтын стандарт; 

6)  кәсіби  топ  –  ортақ  интеграциялық  негіздері  бар  (аналогиялық,  объектілер, 

технологиялар  және  еңбек  құралдары  )  және  ұқсас  еңбек  функциялары  бар 

кәсіби топшалар жиынтығы; 

7)кәсіп –арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған 

арнайы теориялық білім  мен практикалық дағдылар кешенін  білуді талап ететін 

еңбек қызметінің түрі; 

8)салалық  біліктілік  шеңбері  –  салада  танылатын  біліктілік  деңгейлерін 

құрылымдық жағынан сипаттау; 

9) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарығының сұраныстары мен ұсыныстарын 

құқықтық және институционалды  ретке келітру механизмдерінің жиынтығы 

10)  ұлттық  біліктілік  шеңбері  -  еңбек  нарығында  танылатын  біліктілік 

деңгейлерін  құрылымдық жағынан сипаттау; 

5. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар қолданылады: 

1)  БТБА – Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-

біліктілік  анықтамалығы; 

2)  КС – кәсіби стандарт; 



 

 



 

3)  СБШ – Салалық біліктілік  шеңбері; 

4)  ҰБЖ - Ұлттық біліктілік  жүйесі; 

5)  ҰБШ – Ұлттық біліктілік  шеңбері;   

 

2.  Кәсіби стандарттың паспорты 

 

4. Кәсіби стандарт атауы: «Энергетикалық көлік қондырғыларын пайдалану 



 (көлік түрлері бойынша)» 

5.  Қызметтің  кәсіби  стандартын  әзірлеу  мақсаты:  энергетикалық  көлік 

қондырғыларын  пайдалану  кезінде  қажет  болатын  кадрларды  бағалау, 

аттестаттау, дайындау және қайта дайындау үшін негіз болып табылады 

6.  Кәсіби  стандарттың  қысқаша  сипаттамасы:  энергетика  саласына  жататын 

негізгі қәсіптерді бейнелеу, сонымен бірге энергетикалық көлік қондырғыларын 

қызмет ететін жұмысшылардың еңбек функциялары және жұмыс сипаттамасы. 

7. Мамандықтар жіктеуіші  бойынша негізгі топ: Энергетика 

 Мамандықтар  жіктеуіші  бойынша  кәсіби  топ:  «Энергетикалық  көлік 

қондырғыларын пайдалану  (көлік түрлері бойынша)» 

 

3.  Кәсіби стандарттың карточкалары 

8. Кәсіптер тізбесі: 

Электрмеханигі- СБШ  бойынша 4 біліктілік  деңгейі. 

 

 




 

 



 

«Энергетикалық көлік 

 қондырғыларын пайдалану 

 (көлік түрлері бойынша)»  

кәсіби стандартына қосымша 

 

КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Электрмеханигі» 

Кәсіптің коды    

3113 


Кәсіптің атауы: 

Электрмеханигі 

СБШ бойынша біліктілік 

деңгейі: 

4   

БТБА бойынша біліктілік 



деңгейі 

5-7 


Кәсіби білім  деңгейі 

СБШ бойынша 4-деңгей 

Негізгі  орта білім  базасында техникалық және кәсіптік  білімі  бар және 3жылдан кем 

емес практикалық тәжірибесі бар 

Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіптік білімі  бар практикалық тәжірибесіз 

(қосымша кәсіптік  дайындық немесе орта білімнен  кейінгі  білім) 

Еңбек функциялары: 

1) Энергетикалық көлік қондырғылары мен қосалқы жабдықтардың орнын ауыстыру 

жөніндегі такелаж жұмыстарын орындау 

2) Энергетикалық көлік қондырғылары мен қосалқы жабдықтардың бөлшектерін өңдеу 

жөніндегі слесарлық жұмыстарын орындау 

3) Тепловоздар, электровоздар, рефрижераторлық вагондар, балластер, дрезина, 

жылжымалы электр станциялары, қосалқы механизмдер мен жүйелердің 

энергетикалық қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу 

4) ҚТ мен ЕҚ талаптарын орындау 

1-еңбек функциясы 

СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4 



 

 



 

Энергетикалық көлік 

қондырғылары мен қосалқы 

жабдықтардың орнын 

ауыстыру жөніндегі такелаж 

жұмыстарын орындау 

 

(біліктілік разряды: 5-7) 

Білігі мен дағдылары: 

1.  Энергетикалық көлік қондырғылары мен қосалқы  жабдықтардың орнын ауыстыру 

жөніндегі такелаж жұмыстарын орындау 

2.  Энергетикалық  көлік  қондырғылары  мен  қосалқы  жабдықтардың  бөлшектері  мен 

элементтерінің  аса күрделі және жауапты түйіндерін бөлшектеу және орнату. 

Білімі: 

Жүк  көтеруші  машиналарға,  механизмдерге  және  жүк  қармағыш  алабұйымдарға 

қойылатын талаптар; такелаж жұмыстарын жүргізу ережесі. 

2-еңбек функциясы 

Энергетикалық көлік 

қондырғылары мен қосалқы 

жабдықтардың бөлшектерін 

өңдеу жөніндегі слесарлық 

жұмыстарын орындау 

 

Білігі мен дағдылары: 

1.Сыналастыра  және  жетілдіре  отырып  6-7  квалитет  бойынша  энергетикалық  көлік 

қондырғылары  мен  қосалқы  жабдықтардың  бөлшектерін  өңдеумен  аса  күрделі 

слесарлық операцияларын орындау. 

2.Фосфор-мыс  және  күміс  дәнекерлерді  қолдану  арқылы  қол  жетпейтін  орындарды 

дәнекерлеу 

Білімі: 

1.Слесарлық,  жөндеу  және  өлшеу құрал-саймандарының, тетіктерінің, жарақтарының, 

өлшеу құралдарының, қорғаныс құралдарының тағайындалуы және құрылымы 

2.Шектеу және қондыру жүйесі 

3.Дәнекер, флюс, түрлері 

4.Дәнкерлеу технологиясы, құрал-сайман 

5.Жұмыс  алдындағы,  жұмыс  қезіндегі,  апататтық  жағдайдағы,  жұмыс  аяқталған  соң 

қауіпсіздік  талаптары. 

3-еңбек функциясы 

Тепловоздар, электровоздар, 

рефрижераторлық вагондар, 

балластер, дрезина, 

жылжымалы электр 

станциялары, қосалқы 



Білігі мен дағдылары: 

1.Аппаратура  мен электр қозғалтқыштарды іске қосу 

2.Электржабдықтардың істен шығуын  және ақауларын жою 

3.Борт  компьютерлерін  қолдану  арқылы дизель айналу жиілігін, турбина, жүйедегі су 

деңгейін, оттың температурасы мен жабысқақтығын реттеу 

4.Әр  түрлі  сорғылардың,  компрессорлардың,  желдеткіштердің,  жылуалмастырғыш 




 

 



 

механизмдер мен жүйелердің 

энергетикалық 

қондырғыларына техникалық 

қызмет көрсету және жөндеу 

 

аппараттардың, тоңазытқыш қондырғылардың, қосалқы механизмдер мен жүйелердің 



көрсеткіштерін тексеру 

5.Энергетикалық кондырғының автоматтық жүйелерін реттеу 

6.Энергетикалық  қондырғылардың  ақауларын  талдау  және  олардың  пайда  болу 

себептерін жою арқылы шараларды өндеу 

7.Қалыптасқан технологиялық процессіне сәйкес электрмеханикалық жүйелердің және 

электржабдықтардың қызмет көрсету кіріс бақылауын жүргізу 

8.Электржабдықтары  мен  автоматиканы  техникалық  қызмет  көрсету  бойыншща 

операцияларын орындау 

9.Электрмонтаждық  және  жөндеу  жұмыстарын  орындау,  сынақтау  операцияларын 

өткізу 


10.Электр жабдықтар мен энергетикалық қондырғылардың құрылғыларын сынақтауын 

жүргізу 



Білімі: 

1.Электртехникалық  материалдар  мен  бұйымдардың  жіктемесі,  олардың  қасиеттері 

мен  қолдану  саласы;  электр  жабдықтар  мен  көлік  энергетикалық  қондырғылардың 

құрылымы, іс-әрекет принципі, және негізгі техникалық сипаттамалары; 

2.Электрөлшеуіш аспаптардың жұмыс принципі және техникалық сипаттамалары; 

3.Электр жүктемелер есебінің, қорғаныс аппаратурасын таңдау әдістері; 

4.Энергетикалық  қондырғыларды  пайдалану  ережелері  және  байқау  әдістері; 

энергетикалық қондырғыларын құру ережелері; 

5.Энергетикалық  қондырғыларын  монтаждау,  пайдалану  және  жөндеу  бойынша 

жұмыстардың технологиясы және ұйымдастырылуы; 

6.Электр жабдықтарды және энергетикалық қондырғыларды баптау әдістері 

7.Сынақтау және баптау 

8.Генераторлар, түрлендіргіштер және басқа күрделі электртехникалық жабдықтардың 

құрылымдық ерекшеліктері және жұмыс принципі 

9.Күрделі сызбаларды, сұлбаларды, нобайларды оқу ережелері 

10.Жұмыс сызбаларын және сұлбаларын орындау және рәсімдеу негізгі ережелері 




 

 



 

4-еңбек функциясы 

ҚТ 

мен 


ЕҚ 

талаптарын 

орындау 

Білігі мен дағдылары:  

1.Техника қауіпсіздігі  талаптарын орындау 

2.Алғашқы қөмек көрсету 

3.Өрт қауіпсіздік талаптарын орындау 

4.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды орындау 

 

 



Білімі:  

1.Жұмыс алдында, жұмыс барысында, апатты жағдайларда, жұмыс аяқталғаннан кейінгі  

қауіпсіздік  талаптары 

2.Зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету ережелері 

3.Өрт  қауіпсіздік  саласында  жұмысшылардың  міндеттері;  өрт  қауіпсіздіктің  негізгі 

талаптары; 

4.Өрт қауіпсіздік ережелері 

5.Қоршаған ортаны қорғау саласында ҚР Экологиялық кодексі 



Кәсіби стандарттың техникалық деректері 

Әзірленді 

ОЮЛ «KAZENERGY»  мұнай-газ және энергетикалық кешеннің  Қазақстандық  ассоциация мекемесі»

 

Нұсқа  нөмірі  мен  шығарылған 



жылы 

Нұсқа  I, 2015 жыл 

Болжамды қайта қарау  күні 

2018 


 

жүктеу 44,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау