10
білім алушылар жоғары оқу орнына жұмыс орнынан кәсіптік қызметін
растайтын анықтама және мінездеме тапсыруы керек.
4.3 Өндірістік практиканың бағдарламасы даярлайтын кафедрасымен
әзірленеді және бекітіледі.
4.5 Өндірістік практиканың мақсаты түйінді құзіреттіліктерін бекіту,
оқытылатын мамандығы бойынша кәсіби іс-әрекетінің практикалық
дағдылары мен тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.
4.6 Өндірістік практиканың базалары оқытылатын мамандықтың профиліне
сәйкес (немесе салалас мекемелерде) болуы тис.
4.7 Жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен
өндірістік практика мекемелерімен типтік шарт негізінде, практиканы өткізу
базасы болып табылатын мекемелерімен шарт жасауы керек.
Практика базаларымен оқу жылы басталғанға дейін 1 ай бұрын шарт
жасалуы тиіс.
4.8 Өндірістік практиканың мөлшері 4 кредит 300 сағатты құрайды.
Өндірістік практиканың ұзақтығы 10 апта.
4.9 Өндірістік практиканың қорытындысы бойынша, білім алушылар сәйкес
кафедраларына есеп тапсырады, ғылыми жетекшісі тарапынан тексеріледі,
кафедра меңгерушісінің жарлығымен құрылған комиссия алдында
қорғалады. Есепті қорғау қорытындысы тағайындалған балдық–рейтингтік
әріптік жүйе бағасы бойынша дифференциалды сынақпен бағаланады.
Өндірістік практиканы ұйымдастыру
Алдын-ала келісім жасаған мектептерге университеттің бұйрығымен
студенттер тобы жіберіледі, әр мамандықтар үшін базалық мектептер бар.
Осы бұйрықпен нақты мамандықтар бойынша практикаға жауапты
адамдарды, оқу және тәрбие жұмысы бойынша психологтарды бекітеді.
Тапсырманың мазмұны және көлемі 36 сағат жұмыс аптасына
есептелген. Студенттер мектепте 6 сағат бойы күнделікті жұмыс істейді, оқу
тапсырмаларын орындайды, сынып жетекшілерінің міндетті қызметін
атқарады. Студенттер бірінші аптада өзінің сыныбының барлық сабағына
қатысады, мектепте нені игеруге болады, оқушылардың жаңа адамдарға
қалай үйренетінін біледі. Барлық студенттер мектепке, өзінің сыныбына
бірінші сабақтың басталуына 15 минут қалғанда келеді және жұмысты 6-8
сағатта бітіреді.
Барлық күндер барысында студенттермен мектеп әкімшілігі, сынып
жетекшілері жұмыс істейді. Олар кеңес, нұсқау жүргізеді. Мектеп
мұғалімдері және балалармен жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі.
Педагогика кафедрасының әдіскерлері мектепте әдістемелік күнін
белгілейді. Осы күн барысында, студенттердің жүргізген шараларына
қатысып, талдау жасайды, ақыл-кеңес береді.
Өндірістік практика негізінде студенттер қызметінің бағдарламасы
Дайындық кезеңі:
- практикаға шығар алдындағы оқушылардың кеңесі және тренингтер;
- педагогикалық практиканың жағдайымен және орнымен танысу
(оқушылармен, педагогтармен кездесу);
11
- практиканттар жеке бағдарламаларын дайындау.
Негізгі кезең:
- оқушылар ұжымына диагностика және педагогикалық практика
барысында жұмыс жоспарын жасау;
- диагностикалық
карталар көрсеткіштері негізінде қызметті
жоспарлау;
- инварианттық модель бойынша жасалынған педагогикалық
сценарилер жасау негізінде ұжымда қызметті ұйымдастыру, оларды өткізу;
- міндетті ұжымдық шығармашылық істердің кешенін (даму
қажеттілігін ескере отырып, оқушылардың ынтасы, мектептің жоспарлар
болжамы, сынып жетекшілері) орындау;
- өзіндік қызметінің нәтижесіне талдау жасау;
Қорытынды кезең:
-
есеп беру құжаттарын дайындау;
-
практикадан кейінгі өзін-өзі кәсіби дамыту үшін жеке міндеттерді
қысқа әрі дәл жеткізу.
-
конференцияда практиканың нәтижесін талқылауға қатысу.
Студент – практиканттардың қызметі
Негізгі бағыттары:
-
мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырумен танысу;
-
сынып ұжымын және жеке оқушыларды психологиялық-
педагогикалық зерттеу;
Педагогикалық практика барысында:
-
сынып жетекшісі және алдыңғы қатарлы мұғалімдердің жұмыс
тәжірибесін жинақтау және педагогикалық тәжибелерді талдау;
-
педагогикалық қызметті жоспарлау;
-
оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;
-
пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстар;
-
ата-аналармен жұмыс;
-
студенттердің әдістемелік және зерттеушілік қызметі;
-
оқушылармен тәрбие жұмысына, кәсіби жарамдылығына өздік
баға.
Бітіру алдындағы практиканың ерекшелігі:
Студент-практикант:
-
сыныптағы және мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің жағдайын
зерттейді;
-
сыныптың біріндегі сынып жетекшісінің қызметімен танысады
(әңгіме, мектеп құжаттары, бақылау, тәрбие жұмысының жоспарын зерттейді
т.с.с);
-
сынып ұжымын зерттейді (диагностикалық картамен жұмыс);
-
педагогикалық
практика
барысында
тәрбие
қызметін
жоспарлайды;
-
оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, сынып ұжымында
(КТД) ұжымдық шығармашылық істерді жасап, өткізіп және талдайды;
12
-
сынып жетекшілері әріптестерінің ұжымдық шығармашылық
істеріне қатысып және талдау жасайды;
-
педагогикалық практика бойынша есеп беруге дайындалады.
Бітіру практикасының ерекшеліктері:
Студент-практикант жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша өзінің
педагогикалық қызметін жетілдіреді, сондай-ақ:
- оқушылардың жасын және қызығушылығын ескеріп, кәсіптік бағдар
қызметін жүзеге асырады;
- сынып жетекшісінің жұмысына ата-аналар қатысады;
- сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу;
- «ТӘУЕКЕЛ» тобындағы балармен жұмыс істеу т.с.
Жұмыстың мазмұны және түрі.
Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырумен танысу.
Студенттер мектеппен, оның дәстүрлерімен танысады. Әр түрлі оқу
бөлмелеріне
барып,
онда
әдістемелік
материалдармен
танысады.
Мұражайлардың, факультативтер, спорт секциялары, ұзартылған күн
тобының жұмысын бақылайды. Сынып жетекшілерінің оқу пәндері және
тәрбие жұмыстары бойынша сыныптан тыс қызметін зерттейді. Мектептегі
орнықтыру жиналысына қатысады, мектеп әкімшілігімен, сынып
жетекшілерімен,
психологтармен,
әлеуметтік
педагогтармен,
кіпатханашылармен және басқа мектептін педагогикалық қызметкерлерімен
әңгімелеседі, оқу орындарында бекітілген, біріңғай талаптармен танысады.
Студенттер сынып жетекшісінің (бітіру алдыңдағы курс) көмекшісі
және сынып жетекшілері (бітіру курстары) ретінде сыныптар бойынша
бөлінеді. Сыныптағы тәрбие жұмысының мазмұнымен танысады. Мектептегі
жоспарлардың түрін зерттейді. Оқушылармен кедеседі, сыныптың
белсенділері тобымен жеке оқушылармен алғашқы әңгімені өткізеді.
Мектептің құжаттарымен танысады: сынып журналдарымен,
күнделіктер, оқушылардың іс қағаздарымен, медициналық картасымен,
дәптерлерімен, шығармашылық жұмыстары т.с.с. Оқушылар жөнінде
мәліметтерді диагностикалық картаға толтырады. Оқушыларды зерттеу және
жақсы есте сақтау мақсатында сынып жетекшілерінің тәрбие сағаттарына
және мұғалімдердің түрлі сабақтарына қатысады.
Студенттер жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектеп
мұғалімдері және сынып жетекшілері өткізген кеңестерге қатысады. Алынған
мәліметтерді педагогикалық күнделіктерге жазады. Практика барысында оқу-
тәрбие жұмысының жеке жоспарын құрайды.
Сонымен, мекептегі педагогикалық практиканың бірінші аптасында,
студенттер алғашқы іскерлікті алады:
-
мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жағдайын талдауы;
-
мектептің құжаттарымен жұмыс істеу;
-
мұғалімдермен, оқушылармен, сынып жетекшілерімен қарым-қатынас
жасау;
- мектеп өмірінің жағымды және жағымсыз құбылыстарын көру
Педагогикалық қызметті жоспарлау
Достарыңызбен бөлісу: |