17
21) Оқушыларды педагогикалық университетке экскурсияға әкеліңіз,
факультеттер туралы айтыңыз, мұражайларды, лабораторияларды көрсетіңіз;
университетті
бітірушілермен
және
оқытушылармен
кездесу
ұйымдастырыңыз.
22) Сабақта жаңа материалды баяндау тәжірюиесін зерттеу. 2-3
сабаққа қатысыңыздар, мұғалім сабақта жаңа материалды қалай
түсіндіретінін бақылаңыз, тақырып бойынша сабақ жүйесінде оқу үрдісінің
кезеңдерін,
оның
танымдылық-тәрбиелік
мәнділігін
анықтаңыз,
оқушылардың түсінгенін, мұғалім қалай тексеретінін бақылаңыз; жаңа
материалды баяндауда оқушыларға жаңа тұрғыдан келуді қалай жүзеге
асырады; жаңа білімдерді меңгеру мен жаңа материалды қабылдауға (ереже,
заң, ұғым) мұғалім оқушыларды қалай дайындайды. Бақылаудан қорытынды
жасаңыздар.
23) Сабақта жаңа білімді бекіту және оқушылардың тәжірбиелік
іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру бойынша мұғалімдердің жұмыс
тәжірбиесін зерттеңіздер:
- әр пән бойынша _____ сыныптың 2-3 сабағына қатысыңыз,
бақылаңыз, мұғалім қалай сабақта білімді бекітеді; күшті және нашар
оқушылармен білімді бекіту бойынша жұмысты қалай ұйымдастырады;
сабақта білімді бекітуде өзбетіндік жұмыстардың алатын орны, оның
тиімділігі, мақсаттылығы қандай. Бақылау нәтижесін шығарыңыз.
24) Сабақта оқушылармен педагогикалық талаптарды орындауды
зерттеңіз.
- сыныпта 2-3 сабаққа қатысып, оқушылар педагогикалық талаптарды
қалай орындайтынын бақылаңыз. Бақылаудан қорытынды жасаңыз.
25) сабақта педагогикалық техника элементтерін зерттеңіз.
- сыныптағы 2-3 сабаққа қатысыңыз, мұғалім педагогикалық
элементтерді қалай пайдалатынын қараңыз (мимика, понтономиканы
меңгеруі; көңіл-күй, эмоцияны басқаруы; әлеуметтік-перцептивті қабілеті:
зейіні, байқағыштығы, қиялдануы; Сөйлеу техникасы: дем алуы, дауысты
қою, дикциясы, сөйлеу тепмі; оқыту және тәрбие үрдісінің технологиялық
жағы:
дидактикалық,
ұйымдастырушылық,
құрастырушылық,
коммуникативті іскерлігі; қарым-қатынас стилі: гуманистік, демократиялық
т.б.) мұғалім әдістерінің арсеналы қорытынды жасау.
26) Сабақта оқушыларға жеке тұрғыдан келуді жүзеге асырудағы
мұғалімнің тәжірбиесін оқып-үйрену.
- сыныптың 2-3 сабағына қатысыңыз, сабақта оқушыларға жеке
тұрғыдан келуді тәжірбиеді мұғалім қалай жүзеге асырады. Мұғалім жеке
оқушы мен сынып қызметін қалай қарайтынын зерттеңіз, өз
бақылауыңыздың нәтижесін жазып қойыңыз және жеке оқушы мен сынып
ұжымына психологиялық сипаттама береді. Білімді бекіту, алдыңғы
материалды қайталау, үй тапсырмасын тексеруде оқушыға мұғалімнің жеке
тұрғыдан келуін неден байқалатынын анықтаңыз. Бақылаудың нәтижесін
шығарыңыз.
18
27) Алдыңғы материалды қайталау және үй тапсырмасын тексеруді
жүзеге асыру сұрақтарын оқып-үйреніңіз:
- сыныптың 2-3 сабағына қатысып, өткен материалды қайталау және
үй тапсырмасын тексеруді мұғалім қалай жүзеге асырады. Үй тапсырмасын
тексеру уақытында оқушылардың зейінділік деңгейлеріне көңіл аударыңыз;
үй тапсырмасын түсіндірудің болуы немесе болмауы. Бұл жұмысты өткізу
әдістемесін оның тиімділігік тұрғысынан қарастырыңыз. Бақылаудан
қорытынды жасаңыз.
28) Пән мұғалімінің тәрбие жұмысының тәжірбиесін оқып – үйрену.
- бекітілген сыныпта 2-3 сабаққа қатысыңыз, сабақта тәрбие
жұмыстарын
қалай
жүзеге
асырады.
Адамгершілік
саналарының
қалыптасуына, мұғалім және оқушының өзара іс-әрекет жасау сипатына,
қатынас стиліне көңіл аударыңыз, оқушы жеке басына мұғалім қандай
тәрбиелік ықпал жасайтынын оқып-үйрену (сыртқы түрі, сабақтағы
мұғалімнің мінез-құлқы: белсенділік деңгейі, эмоциялық жоғарлауы,
ұстамдылығы, сенімділігі, сергектігі); оқушыға деген қарым-қатынасы
(сыйластық және сезгіштігі, талап қоющылығы және әдептілігі, бағалаудағы
объективтігі және көмек көрсетуге ынталылығы); мұғалімге деген оқушының
қарым-қатынасы (сыйластығы, қарапайымдылығы, сенімді, тыңдаушылығы);
балалар құқығын сыйлау, оның дара ерекшеліктерін есепке алу.
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУЫ
Педагогикалық практика бойынша нұсқаулық және қорытынды жиналыс
өткізуге әдістемелік сілтеме
Мектептегі нұсқаулық жиналыс.
Педагогикалық практиканың өтуі үшін студенттерді, даралық
ерекшеліктері мен олардың пікірлерін ескере келе университет өкілдері мен
мектеп басшылары студенттерді сыныптарға алдын-ала бөлулері тиіс.
Жиналыстың мақсаты – студенттерді мектеп пен мұғалімдер
ұжымының алдында тұрған нақты мақсаттарымен таныстыру.
Жиналысқа шақырылады: администрация өкілі, пән-мұғалімдері,
сынып жетекшісі, пән бойынша және сыныптан тыс жұмыс әдіскерлері,
практикант-студенттер.
Жиналысты мектеп директоры ашады (немесе орынбасарлары). Ол
қатысушыларды толық бір-бірлерімен таныстырып өтеді, мектептің
педагогикалық ұжымының іс-әрекетеріне сипаттама береді, студенттер
мектеп ұжымының басты міндеттерімен таныстырады: мектеп құжаттарымен
оның оқу-материалдық базасымен, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырумен.
Пән-мұғалімі және пән бойынша әдіскер өздерінің оқыту пәндерінің-
ерекшеліктері туралы айтады, оқушылардың білім деңгейі туралы,
материалды оқудағы қиындықтар және практика барысындағы студенттердің
алдындағы негізгі міндеттер туралы таныстырады.
Тәрбие жұмысы бойынша әдіскер педпрактиканығң мақсаты мен
мазмұнын талдап, әсіресе студенттердің сынып жетекшісінің көмекшісі
ретінде,
немесе
сынып
жетекшісі-бітірер
курстағы-міндеттерімен