Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі



жүктеу 1,35 Mb.
Pdf просмотр
бет23/47
Дата20.11.2017
өлшемі1,35 Mb.
#1191
түріКодекс
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47

біліктілік анықтамалығы және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері 

лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді. 

 

      102-бап. Еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік



 

                кепілдіктер

 

      Жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктер:



 

      1) айлық жалақының ең төмен мөлшерін;

 

      2) сағаттық жалақының ең төмен мөлшерін;



 

      3) үстеме жұмысқа ақы төлеуді;

 

      4) мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеуді;



 

      5) түнгі уақыттағы жұмысқа ақы төлеуді;

 

      6) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалудың мөлшерін шектеуді;



 

      7) жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдерін қамтиды.

 

      103-бап. Жалақының мөлшері



 

      1. Жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын 

жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай 

сараланып белгіленеді. Айлық жалақының мөлшері ең жоғары мөлшермен шектелмейді.

 

      Жалақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында 



есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді.

 

      2. Осы кезеңге айқындалған жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек 



нормаларын немесе еңбек міндеттерін орындаған жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері 

тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының 

заңында белгіленген айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайды.

 

      104-бап. Жалақының ең төмен мөлшерін белгілеу



 

      1. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан 

Республикасының заңында жыл сайын белгіленетін айлық жалақының ең төмен мөлшері ең төмен 

күнкөріс деңгейінен кем болмауға тиіс және ол қосымша ақылар мен үстемеақыларды, өтемақы 

мен әлеуметтік төлемдерді, сыйлықақылар мен басқа да ынталандырушы төлемдерді қамтымайды 

және жұмыс істелген уақытқа пропорционалды түрде төленеді.

 

      2. Өз еңбек міндеттерін орындаған жұмыскердің сағаттық жалақысының ең төмен 



мөлшері тиісті күнтізбелік жылдағы жұмыс уақыты балансына сәйкес орташа айлық жұмыс 

сағаттарының санына бөлінген айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмауға тиіс.

 

      3. Бірінші разрядты жұмыскердің еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарында және 



(немесе) жұмыс берушінің актілерінде көзделген айлық жалақысының ең төмен мөлшері немесе 

айлық тарифтік мөлшерлемесінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет 

туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төмен мөлшерінен 

кем болмауға тиіс.

 

      105-бап. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және



 

                (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін

 

                жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу



 

      1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда 

істейтін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу еңбек жағдайлары қалыпты жұмыстарда істейтін 

жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеумен салыстырғанда жоғарылатылған мөлшерде, 

жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар (мөлшерлемелер) немесе еңбек жағдайларын салалық 

келісімде айқындалатын зияндылық пен қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптайтын салалық 

коэффициенттерді ескере отырып, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде мөлшері 

айқындалатын қосымша ақылар белгілеу арқылы белгіленеді.

 

      2. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда 



істейтін жұмыскерлердің еңбегіне жоғарылатылған мөлшерде ақы төлеу Өндірістердің, 

цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары 

зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

      3. Осы бапта белгіленген еңбекке ақы төлеу талаптары ауыр жұмыстардағы, еңбек 




жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардағы еңбегі өндірістік объектілерді 

еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге ұсынылады.

 

      Жұмыс беруші өндірістік объектілерге еңбек жағдайлары бойынша, сондай-ақ 



аттестаттауға жатпайтын жұмыс орындары бойынша аттестаттауды жүргізбеген жағдайда, ауыр 

жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін 

жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың 

тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың 

тізбесіне сәйкес жүргізіледі.

 

      106-бап. Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу



 

      1. Жұмыс күні толық болмаған немесе жүктемесі толық болмаған кезде нақты 

орындалған жұмыстар үшін, сондай-ақ уақытша немесе біржолғы сипаттағы жұмыстарға ақы 

төлеу үшін еңбек шартының талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде еңбекке 

сағат бойынша ақы төлеуді белгілеуге болады. Осы Кодексте көзделген жұмыскерлердің 

жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы кезінде еңбекке сағат 

бойынша ақы төлеу белгіленеді.

 

      2. Жұмыс уақытын жиынтық есепке алу кезінде еңбекке ақы төлеу ауысымдық кесте 



(вахталар кестесі) бойынша нақты жұмыс істеген жұмыс сағаттарының саны бойынша 

жүргізіледі. Бұл ретте жалақыны есептеу тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақыты 

балансына сәйкес тарифтік мөлшерлеме (лауазымдық айлықақы) және жұмыс уақытының айлық 

нормасы негізге алына отырып есептелген сағаттық тарифтік мөлшерлеме бойынша 

жүргізіледі.

 

      107-бап. Еңбекке ақы төлеу жүйесі



 

      1. Жұмыскерге жалақы жұмыс берушідегі қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйелеріне 

сәйкес еңбек шартында белгіленеді.

 

      2. Еңбекке ақы төлеу жүйесі еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарында және (немесе) 



жұмыс берушінің актілерінде айқындалады.

 

      3. Жұмыс беруші жұмыскерлердің өндіріс тиімділігі мен орындалатын жұмыстардың 



сапасын жоғарылатуға мүдделілігін арттыруды күшейту үшін ұжымдық шарт талаптарында және 

(немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалған сыйлықақы беру жүйелерін және еңбекті 

ынталандырудың басқа да нысандарын енгізе алады.

 

       4. Еңбекке ақы төлеу жүйесі біржолғы ынталандырушы төлемдерді есепке алмағанда, 



жұмыскерлер жалақысының кемінде 75 пайызы болатын негізгі жалақы үлесін қамтамасыз етуге 

тиіс. 


 

      5. Келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде 

айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге 

де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптармен салыстырғанда нашар бола 

алмайды.

 

      108-бап. Үстеме жұмысқа ақы төлеу



 

      Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа еңбек немесе 

ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес 

жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) тарифтік мөлшерлемесі 

негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді. Еңбекке 

кесімді ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа қосымша ақы төлеу жұмыскердің 

белгіленген күндік (сағаттық) мөлшерлемесінің елу пайызынан төмен болмайтын мөлшерде 

жүргізіледі.

 

      Тараптардың келісімі бойынша үстеме жұмысқа үстеме жұмыстың бір сағаты үшін 



тынығуға кемінде бір сағат беру есебімен тынығу сағаттарын ұсынуға жол беріледі.

 

      109-бап. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы



 

                төлеу

 

      Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттардың 



және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ 


жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау