148-бап. Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру
1. Республикалық, салалық және өңірлік комиссиялар тараптардың орындауы үшін
міндетті тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу
арқылы
әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін келісуді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс
істейтін органдар болып табылады.
2. Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыруды қамтамасыз ету:
1) республикалық деңгейде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға;
2) салалық деңгейде тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттік органдарына;
3) өңірлік деңгейде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы
органдарына жүктеледі.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін салалар тізбесін республикалық комиссия белгілейді.
3. Мыналар:
1) республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жұмыскерлердің
республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық
бірлестіктерінің
өкілетті өкілдері;
2) салалық деңгейде – тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдарының
өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері;
3) өңірлік деңгейде – жергілікті атқарушы органдардың өкілетті өкілдері, жұмыс
берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері комиссияларға қатысушылар болып табылады.
4. Мыналар:
1) республикалық деңгейде – республикалық кәсіптік одақтар бiрлестiктері;
2) салалық деңгейде – салалық кәсіптік одақтар;
3) өңірлік деңгейде – аумақтық кәсіптік одақтар бiрлестiктері жұмыскерлердiң
өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
5. Мыналар:
1) республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының,
жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің республикалық одағының (қауымдастығының),
шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестіктің, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
республикалық салалық бірлестіктерінің өкілдері жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері
болып табылады.
Көрсетілген одақтардан (қауымдастықтардан) өкілдік ету олардың құрамына кіретін
республикалық қоғамдық бірлестіктердің санына қарай пропорционалды негізде жүзеге
асырылады;
2) салалық деңгейде – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және
(немесе) салалық ұйымдардың өкілдері;
3) өңірлік деңгейде:
өңірлік палаталардың өкілдері;
облыстық деңгейде – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын
кәсіпкерлік
жөніндегі облыстық бірлестік;
қалалық, аудандық деңгейлерде – шағын кәсіпкерлік жөніндегі қалалық, аудандық
бірлестіктер жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері болып табылады.
149-бап. Келісімдерді дайындау жөнінде келіссөздер жүргізу
құқығы
1. Әлеуметтік әріптестіктің кез келген тарапы келісімді әзірлеу, оның мазмұны, оны
жасасу, өзгерту, толықтыру жөніндегі келіссөздердің бастамашысы болуға құқылы.
2. Республикалық, салалық, өңірлік деңгейлерде жұмыскерлер мен жұмыс берушілер
уәкілеттік
берген бірнеше өкіл болса, олардың әрқайсысына өздері өкілдік ететін
жұмыскерлер мен жұмыс берушілер санына байланысты пропорционалды өкілдік ету қағидаты
негізінде келіссөздер жүргізу құқығы беріледі.
150-бап. Келіссөздер жүргізу, келісімдер әзірлеу және
жасасу тәртібі
1. Екінші тараптан келіссөздерді бастау туралы жазбаша ұсыныстар алған тараптар
күнтізбелік он күн ішінде оларды қарауға және келіссөздерге кірісуге міндетті.
Тараптар арасында келісімдердің жекелеген ережелері бойынша келіспеушіліктер
болған кезде, тараптар келіссөздер басталған күннен бастап үш ай
ішінде бір мезгілде
келіспеушіліктер хаттамасын жасай отырып, келісілген шарттарда келісімге қол қоюға тиіс.
Егер тараптар келісімге келе алмаса, хаттама жасалады, оған келіссөздердегі
келіспеушіліктерді жою және қайта бастау мерзімдері бойынша тараптардың түпкілікті
тұжырымдалған ұсыныстары енгізіледі.
2. Келіссөздер жүргізу тәртібін, келісімдерді әзірлеу және жасасу мерзімдерін,
сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, оларға қосылуды комиссиялар
бекітеді.
3. Келісімдер оларға тараптар қол қойған кезден бастап не келісімдерде белгіленген
күннен бастап күшіне енеді. Келісімдердің барлық қосымшалары олардың ажырамас бөлігі
болып табылады және солармен бірдей заңдық күшке ие болады.
4. Келісімнің қолданылу мерзімі тараптардың келісімі бойынша не жаңа келісім
қабылданғанға дейін белгіленеді, бірақ үш жылдан аспауға тиіс.
5. Жұмыскерлерге бір мезгілде бірнеше келісімдердің күші қолданылған жағдайларда,
жұмыскерлердің жазбаша өтініштері болған кезде келісімдердің жұмыскерлер үшін
неғұрлым
қолайлы шарттары қолданылады.
6. Комиссиялардың шешімдері келіссөздерде барлық тараптардың келісіміне қол
жеткізу негізінде ғана қабылданады және тиісті келісімдермен ресімделеді. Шешімдер
қабылдау мен жұмысты ұйымдастыру тәртібін комиссиялар әзірлейді және бекітеді.
7. Бас, салалық, өңірлік келісімдер әлеуметтік әріптестік тараптары өкілдерінің
қолтаңбасымен бекітіледі.
151-бап. Келісімдерді тіркеу
1. Тараптар қол қойған салалық, өңірлік келісімдер қосымшаларымен бірге он күн
мерзімде хабарламалық тіркеу үшін жіберіледі.
2. Облыстық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді еңбек
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
3. Қалалық, аудандық деңгейлерде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді
тіркеуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
152-бап. Әлеуметтік әріптестік келісімдерінің тараптары,
түрлері
1. Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің
республикалық бірлестіктері мен республикалық кәсіптік одақтар бірлестіктері
арасында
бас келісім жасалады.
2. Салалық деңгейде тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органдары, жұмыс
берушілердің өкілетті өкілдері мен салалық кәсіптік одақтар арасында салалық келісімдер
жасалады.
3. Өңірлік деңгейде жергілікті атқарушы органдар және жұмыс берушілердің өкілетті
өкілдері мен аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктері арасында өңірлік (облыстық,
қалалық, аудандық) келісімдер жасалады.
153-бап. Әлеуметтік әріптестік келісімдерінің мазмұны
1. Келісімдер:
1) қолданылу мерзімі туралы;
2) орындалуын бақылау тәртібі туралы;
3) келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы;
4) тараптардың өздеріне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы жауаптылығы