ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленуі мүмкін.
3. Еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыскерлерге үздіксіз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделі,
жедел
жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін көтермелеу
сипатындағы жыл сайынғы ақы төленетін қосымша демалыстар белгіленуі мүмкін.
90-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының
ұзақтығын есептеу
1. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы, қолданылатын жұмыс
режимдері мен ауысымдық кестелерге қарамастан, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы
күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі.
2. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл
сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек
демалысына қосылады.
91-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген
кезде еңбек өтілін есептеу
Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде:
1) нақты жұмыс істелген уақыт;
2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы
толық немесе ішінара сақталған уақыт;
3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген
уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт;
4) жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне
қосылады.
92-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарының
кезеңін айқындау және оларды беру тәртібі
1. Жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы
төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс
жылының кез келген уақытында
беріледі.
2. Жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он
екі айды құрайды.
3. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс берушінің
арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл ретте, жыл сайынғы ақы
төленетін еңбек демалысының бір бөлігі жұмыскердің еңбек шартында көзделген демалыс
ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс.
4. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу – ол басталғанға дейінгі үш жұмыс
күнінен кешіктірілмей, ал еңбек демалысы демалыстар кестесінен тыс берілген жағдайда, ол
берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
5. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлерге
жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша демалыспен бір мезгілде
беріледі.
Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақы төленетін
еңбек демалысының ұзақтығы негізгі жұмыс бойынша демалыстың
ұзақтығынан аз болса, жұмыс
беруші қоса атқарушы жұмыскердің өтініші бойынша оған демалыстар ұзақтығының айырмасын
құрайтын күндерге жалақы сақталмайтын демалыс береді.
6. Демалыс беру, ауыстыру не жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері
шақыртып алу жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
93-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарын
берудің кезектілігі
1. Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл
сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне
сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс
белгіленеді.
2. Демалыстар кестесі өндірістік қажеттілікке байланысты өзгертілген жағдайда,
жұмыс беруші бұл туралы жұмыскерге еңбек демалысы басталардан кемінде екі апта бұрын
хабардар етуге міндетті.
94-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын
ауыстырудың жағдайлары мен тәртібі
1. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы мынадай жағдайларда:
жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болғанда;
жүктілікке және босануға байланысты демалыс кезінде толық немесе оның бір бөлігі
ауыстырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда жыл сайынғы ақы төленетін еңбек
демалысы (оның бір бөлігі) жұмыскердің өтініші бойынша жыл
сайынғы ақы төленетін еңбек
демалысында болу кезеңіне ауыстырылады. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі
бойынша келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылуы немесе жұмыскердің өтініші бойынша
ағымдағы жұмыс жылында бөлек берілуі мүмкін.
3. Пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін
қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады.
95-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері
шақыртып алу
1. Жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек
демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін.
2. Кері шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының
пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жұмыс жылы
ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылының
жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосылады.
3. Жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған
кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, жұмыскер мен
жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек
демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
4. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерді, жүкті әйелдерді және ауыр жұмыстарда, еңбек
жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді жыл сайынғы
ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алуға жол берілмейді.
96-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы құқығын
іске асыру және еңбек шарты тоқтатылған кезде
өтемақы төлеу
1. Еңбек шарты мерзімінің өтуіне байланысты оны кейіннен тоқтатумен жыл сайынғы
ақы төленетін еңбек демалысы, демалыс уақыты еңбек шарты мерзімінің шегінен толық немесе
ішінара шыққан жағдайда берілуі мүмкін. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының
соңғы күні еңбек шарты мерзімінің өтуіне байланысты оны тоқтату күні болып есептеледі.
2. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл
сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл
сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының)
пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
97-бап. Жалақы сақталмайтын демалыс
1. Еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жұмыскердің өтініші негізінде оған
жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
2. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы
келісім бойынша айқындалады.
3. Жұмыс беруші:
1) неке тіркелгенде;
2) бала туылғанда;
3) жақын туыстары қайтыс болғанда;