Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57

      8) қызметкерлердiң, жұмыс берушiлердiң және олардың өкiлдерiнiң еңбек 
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарайды; 
      9) өндiрiстiк объектiлерге еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау 
мониторингiн жүзеге асырады. 
      Ескерту. 17-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 
Заңдарымен.
 
      
18-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың еңбек 
 
               
қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi 
 
      Жергiлiктi атқарушы органдар: 
      1) 
алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 
№ 478-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 
Заңымен.
 
      2) жергiлiктi өкiлдi органның келiсiмiмен ауылдық (селолық) жерде жұмыс 
iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет 
және спорт мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындайды; 
      3) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңiрлiк 
келiсiмдердi тiркеудi жүзеге асырады; 
      4) халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдарда (қоғамдық 
көлiк, сумен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ететiн ұйымдар) ереуiл 
өткiзудi келiседi; 
      5) жұмыс берушiлердiң өңiрлiк бiрлестiктерiмен және қызметкерлердiң 
өңiрлiк бiрлестiктерiмен өңiрлiк (облыстық, қалалық, аудандық) келiсiмдер 
жасайды; 
      6) көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi 
(бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдар 
қызметкерлерiнiң еңбек нормаларын және еңбегiне ақы төлеу жүйесiнiң 
параметрлерiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген 
тәртiппен қарайды және келiседi; 
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын 
жұмысқа орналастыру үшiн квота белгiлейдi; 
      8) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының 
заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi 
жүзеге асырады. 
      Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.22 
№ 478-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi), 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) 
Заңдарымен. 
 
3-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТIЛЕРI. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТУЫНДАУ 
НЕГIЗДЕРI 
 
      19-бап. Еңбек қатынастарының субъектiлерi 
 
      1. Қызметкер мен жұмыс берушi еңбек қатынастарының субъектiлерi болып 
табылады.  
      Шетелдiк заңды тұлға филиалының немесе өкiлдiгiнiң басшысы осы заңды 
тұлға атынан жұмыс берушiнiң барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық 
мiндеттерiн орындайды.  
      2. Жеке және заңды тұлғалар нормативтiк құқықтық актiлер, сот 
шешiмдерi, сондай-ақ құрылтай құжаттары не сенiмхат негiзiнде өздерiне 
берiлген өкiлеттiктер шегiнде қызметкерлердiң немесе жұмыс берушiнiң 
мүдделерiн бiлдiредi.  
      20-бап. Еңбек қатынастарының туындау негiздерi 
 
      1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды 
қоспағанда, еңбек қатынастары қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында осы 


Кодекске сәйкес жасалған еңбек шартының негiзiнде туындайды.  
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында, жұмыс 
берушiнiң актiлерiнде белгiленген жағдайларда және тәртiппен еңбек шартын 
жасау алдында:  
      1) лауазымға сайлану (сайлау);  
      2) тиiстi лауазымға орналасуға конкурс бойынша сайлану;  
      3) лауазымға тағайындау немесе лауазымға бекiту;  
      4) заңда уәкiлеттiк берiлген органдардың белгiленген квота есебiне 
жұмысқа жiберуi;  
      5) еңбек шартын жасасу туралы сот шешiмiн шығару рәсiмдерi болуы 
мүмкiн.  
      21-бап. Белгiленген квота есебiне жiберiлген 
 
             азаматтармен еңбек шартын жасасу 
 
      1. Жергiлiктi атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңдарында 
айқындалған халық санаттарын жұмысқа орналастыру үшiн квота белгiлейдi.  
      2. Жұмысқа орналасу үшiн жiберiлген адамдардың бiлiктiлiгi жұмыс 
берушiнiң талаптарына сәйкес келген жағдайда, жұмыс берушiлер белгiленген 
квота шегiнде олармен еңбек шартын жасасады.  
      22-бап. Қызметкердiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi 
 
      1. Қызметкердiң:  
      1) осы Кодексте көзделген тәртiппен және жағдайларда еңбек шартын 
жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;  
      2) жұмыс берушiден еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын орындауды 
талап етуге;  
      3) еңбек қауiпсiздiгiне және еңбектi қорғауға;  
      4) еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы толық және 
дәйектi ақпарат алуға;  
      5) еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және 
толық көлемде жалақы төленуiне;  
      6) бос тұрып қалу үшiн осы Кодекске сәйкес ақы алуға;  
      7) тынығуға, оның iшiнде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына;  
      8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өз 
еңбек құқықтарының берiлуi мен оларды қорғау үшiн, кәсiподақ немесе басқа да 
бiрлестiктер құру, сондай-ақ оларға мүшелiк құқығын қоса алғанда, бiрiгуге;  
      9) өзiнiң өкiлдерi арқылы ұжымдық келiссөздерге қатысуға және ұжымдық 
шарт жобасын әзiрлеуге, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;  
      10) осы Кодексте көзделген тәртiппен кәсiптiк даярлықтан, қайта 
даярлықтан өтуге және өзiнiң бiлiктiлiгiн арттыруға;  
      11) еңбек мiндеттерiн атқаруға байланысты денсаулығына келтiрiлген 
зиянды өтетуге;  
      12) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мiндеттi 
әлеуметтiк сақтандырылуға;  
      13) кепiлдiктерге және өтемақы төлемдерiне;  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау