«Дипломмен ауылға»
Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 18 ақпандағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» №183 қаулысына және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына
сәйкес әлеуметтік саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі, соның ішінде 70 айлық есептік көрсеткішке тең көтерме жәрдемақы беріледі, тұрғын үй алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие беріледі.
70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақыны алу үшін қажетті құжаттар:
Жас маман әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін Үлкен Нарын ауылы Абылайхан көшесі 116 үйде орналасқан жұмыс органына (экономика және қаржы бөлімі) келесі құжаттарды тапсыру қажет:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын, куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке куәлік);
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесін (өзімен бірге түпнұсқаны болу керек);
білімі туралы дипломның көшірмесі,қосымшаларымен бірге(өзімен бірге түпнұсқаны болу керек);
көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер(Катонқарағай ауданының көші-қон қызметінен);
Катонқарағай ауданының тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы(Катонқарағай ауданының ТҚКО-ның мекенжай анықтамасы)
2017 жылға белгіленген көтерме жәрдемақы сомасы 158 830 (бір жүз елу сегіз мың сегіз жүз отыз) теңге.
Ескерту: Әлеуметтік сала маманының көтерме жәрдемақы алғандағы Келісімнің негізгі шарты – белгіленген ауылдық елді-мекенде кемінде 3 жыл тұрып, жұмыс істеуі қажет.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары ретінде, тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие алуға ниет білдірген мамандарға арналған жадынама.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алу үшін аудандық экономика және қаржы жоспарлау бөліміне Үлкен Нарын ауылы Абылайхан көшесі 116 үйге (ары қарай бөлім) келіп, өтініш парағын алу керек.
Өтініш парағына төмендегідей құжаттарды қоса ұсынуы керек:
1) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (өзімен бірге түпнұсқаcы болу керек);
2) білімі туралы дипломының көшірмесін, қосымшаларымен бірге (өзімен бірге түпнұсқаны болу керек);
3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесін (өзімен бірге түпнұсқаны болу керек);
4) сатып алатын тұрғын үйдің сомасы көрсетілген баға беру актісі (сатып алатын үйді бағалау маманның өз қаражаты есебінен жүргізіледі);
5)көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер(Катонқарағай ауданының көші-қон қызметінен);
6)Катонқарағай ауданының тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы(Катонқарағай ауданының ХҚКО-ның мекенжай анықтамасы);
7)неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
8) аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;
9) Тұрғындарға қызмет көрсету орталығынан алынатын №2 үлгідегі сатып алушының атына анықтама;
10) Қарыз алушының жылжымайтын мүлікті сатып алу және оны кепілге қою сәтінде некеде тұрмағандығы туралы нотариалды куәландырылған өтініші, немесе сатып алынатын жылжымайтын мүлікті Қарыз алушы қарыз шарты және/немесе кепіл шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда соттан тыс тәртіпте сатуға құқық бере отырып кепілге қоюына Қарыз алушының жұбайының нотариалды куәландрылған келісімі.
Сонымен қатар тұрғын үй сатып алушының атына қаржы аудару үшін келесі құжаттарды ұсыну керек: жеке бас куәлігінің көшірмесі; халықтық банктегі жеке есептің нөмірі;үйдің техникалық төлқұжаты;жердің мемлекеттік актісі; аталған тұрғын үйді сату-сатып алу туралы келісім-шарт.
Өтінішке қоса Катонқарағай ауданы әкімі, маман және ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорымен жасасқан келісімнің (3 дана) жобасы беріледі.
Ұсынылған құжаттардың және комиссия ұсынымының негізінде аудандық әкімдік маманға тұрғын үй сатып алуға тиісті сомасын көрсете отырып кредит беру үшін қаулы қабылдайды. Ал қарсы болған жағдайда маманға тиісті жауабын береді.
Осыдан кейін тұрғын үй алуға қажетті құжаттарды (1 дана түпнұсқа, 1 дана көшірме) әзірлеу басталады (құжаттардың түпнұсқалары бөлімде 15 жыл сақталады);
1)Үйдің техникалық құжаты,жердің мемлекеттік актісі, юстиция органдарында тіркелген тұрғын үйді сату-сатып алу келісім-шарты;
2) Тұрғындарға қызмет көрсету орталығынан алынған №2 үлгідегі анықтама(алынатын тұрғын үйге ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы).
Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың бір данасы (көшірмесі) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі берген тізім мен (№ 1 қосымша) және қарыз алушы адамның анкетасын (№2 қосымша) Қаржылық қолдау қорына жіберіледі.
Қаржылық қолдау қоры мақұлдағаннан кейін Келісім шарттын 4 данасы бөлімге жіберіледі. Аудан әкімі келісім шартқа қол қойғаннан кейін оны юстиция органдарында тіркеп, ауыртпалықтары туралы №2 үлгідегі анықтаманы алады. Осы жұмыстар атқарылған соң қайтадан заем келісім-шартын орындау үшін қаржылық қорына жіберіледі.
Заем келісім-шарты заемші,кепілдеме беруші және Қормен 3 данада бекітіліп қол қойылады. Комиссия бекіткен соң қаржы маманның банктік шотына аударылады.
Маман қол қойылған күннен бастап келісім-шартта көрсетілгендей кестеге сай ай сайынғы төлемді төлеп тұру керек.
Ескерту. Жұмыс істейтін мекеменің есеп бөліміне өтініш жазып, төлемдерді ай сайын жалақыдан ұстап қалу әдісін қолдануға да болады.
Бюджеттік несиенің сомасы тұрғын үйдің нақты бағасын белгілеу актісі негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің ең жоғары көлемі 1500 айлық есептік көрсеткішті құрайды (2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 403 500 теңгеге дейін)
Назар аударыңыз!
Төмендегідей жағдайлар туындаған кезде маман Бөлімге хабарлауы керек:
заемның сомасын мерзімінен бұрын төлегенде;
өзіне байланысты емес жағдайлар туындап, заем сомасын төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда;
тұрғылықты жерін немесе жұмыс орнын ауыстырғанда;
кепілде тұрған (үйдің) жағдайы нашарлағанда.
Маман төлемді мерзімінен 1 күнге кешіктірген жағдайда, Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, берілген несиенің барлық сомасын мерзімінен бұрын толық қайтаруды талап етуге немесе кепілге қойылған мүлікті (үйді) сатуға құқылы.
Комиссия хатшысы Булекпаев Марат Қанибекұлы;
Телефон: 8-72341-2-23-09;
Қосымша мәлімет үшін 8 (72341) 79033 телефонына хабарласуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |