Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет10/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57

енгiзiледi); 14.12.2012 
N 59-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап үш 
ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      27-бап. Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерiнен 
 
             ерекшелiгi 
 
      Еңбек шартында мына талаптардың бiреуiнiң болуы:  
      1) қызметкердiң жұмысты (еңбек функциясын) белгiлi бiр бiлiктiлiк, 
мамандық, кәсiп немесе лауазым бойынша орындауы;  
      2) мiндеттемелердiң еңбек тәртiптемесiне бағына отырып жеке орындалуы;  
      3) қызметкердiң еңбегi үшiн жалақы алуы еңбек шартының шарттардың өзге 
түрлерiнен ерекшелiгi болып табылады.  
      
28-бап. Еңбек шартының мазмұны 
 
      1. Еңбек шартында: 
      1) тараптардың деректемелерi:  
      жұмыс берушi-жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер жеке басын 
куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), оның тұрақты тұратын мекенжайы және 
тұратын жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жеке басын куәландыратын 
құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;  
      жұмыс берушi-заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жерi, жұмыс 
берушi-заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi, салық төлеушiнiң 
тiркеу нөмiрi;  
      қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын 
құжатта көрсетiлген болса), оның тұрақты тұратын жерiнiң мекенжайы және 
тұратын жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жеке басын куәландыратын 
құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi, жеке сәйкестендiру нөмiрi және салық 
төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, әлеуметтiк жеке коды; 
      2) белгiлi бiр мамандық, бiлiктiлiк немесе лауазым бойынша жұмысы 
(еңбек функциясы); 
      3) жұмыстың атқарылатын орны; 
      4) еңбек шартының мерзiмi; 
      5) жұмыстың басталу күнi; 
      6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимi; 
      7) еңбекке ақы төлеу мөлшерi мен өзге де шарттары; 
      8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды 
(ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жағдайларда орындалатын болса, еңбек 
жағдайларының сипаттамасы, кепiлдiктер мен жеңiлдiктер; 
      9) қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi; 
      10) жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi; 
      11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртiбi; 
      12) кепiлдiктер мен өтемақы төлемдерi, оларды төлеу тәртiбi; 
      13) сақтандыру жөнiндегi талаптар; 
      14) тараптардың жауапкершiлiгi; 
      15) жасалу күнi мен реттiк нөмiрi болуға тиiс. 
      1-1. Тараптардың деректемелерi өзгерген кезде еңбек шартына тиiстi 
өзгерiстер енгiзiледi. 
      2. Тараптардың келiсiмi бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының 
заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн. 
      3. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда 
қызметкердiң жағдайын нашарлататын еңбек шартының ережелерi жарамсыз деп 
танылады және қолданылмауға тиiс. 
      Ескерту. 28-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.22 
№ 478-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi), 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      29-бап. Еңбек шартының мерзiмi 
 


      1. Еңбек шарты:  
      1) белгiленбеген мерзiмге;  
      2) осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында белгiленген 
жағдайларды қоспағанда, бiр жылдан кем емес белгiлi бiр мерзiмге жасалуы 
мүмкiн.  
      Еңбек шартының мерзiмi ұзартылған кезде, ол белгiленбеген мерзiмге 
жасалған болып есептеледi. 
      Бiр жылдан кем емес белгiлi бiр мерзiмге шарт жасасқан қызметкермен 
еңбек шарты, ол атқаратын еңбек функциясы бойынша қайтадан жасалған жағдайда, 
ол да белгiленбеген мерзiмге жасалған болып есептеледi. 
      Осы тармақтың 2) тармақшасының екiншi және үшiншi бөлiктерiнiң ережесi 
еңбек қызметiн шетелдiк жұмысшы күшiн тартуға арналған рұқсаттың негiзiнде 
жүзеге асыратын тұлғаларға қолданылмайды. 
      Еңбек шарты белгiленбеген мерзiмге жасалған қызметкерлер үшiн көзделген 
кепiлдiктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын 
белгiлi бiр мерзiмге жасауға тыйым салынады.  
      Егер еңбек шартының қолданылу мерзiмi аяқталған кезде тараптардың 
бiрде-бiрi соңғы жұмыс күнi (ауысым) iшiнде еңбек қатынастарын тоқтатуды 
талап етпеген болса, онда ол белгiленбеген мерзiмге жасалған болып 
есептеледi;  
      3) белгiлi бiр жұмыстың орындалу уақытына;  
      4) жұмыста уақытша болмаған қызметкердi ауыстыру уақытына;  
      5) маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкiн.  
      2. Жұмыс берушi-заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы лауазымындағы 
жұмысқа еңбек шарты жұмыс берушiнiң құрылтай құжаттарында немесе тараптардың 
келiсiмiнде белгiленген мерзiмге жасалады. Мұндай шартқа осы баптың 3-
тармағында белгiленген ережелер қолданылмайды.  
      3. Егер еңбек шартында оның қолданылу мерзiмi айтылмаса, онда шарт 
белгiленбеген мерзiмге жасалған деп есептеледi. 
      
Ескерту. 29-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      30-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берiлетiн жас мөлшерi 
 
      1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол 
берiледi.  
      2. Ата-анасының бiреуiнiң, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап 
алушысының жазбаша келiсiмiмен:  
      1) орта бiлiм беру ұйымында негiзгi орта, жалпы орта бiлiм алған 
жағдайда, он бес жасқа толған азаматтармен;  
      2) сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтiрмейтiн және оқу 
процесiн бұзбайтын жұмысты орындау үшiн, он төрт жасқа толған оқушылармен;  
      3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт 
ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершiлiк тұрғысынан дамуына 
нұқсан келтiрмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшiн, осы 
баптың 2-тармағы 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он 
төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкiн.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау