Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет8/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57

      14) өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн заңға қайшы келмейтiн барлық 
тәсiлдермен қорғауға;  
      15) бiрдей еңбегi үшiн қандай да болмасын кемсiтусiз бiрдей ақы алуға;  
      16) еңбек дауын шешу үшiн таңдауы бойынша келiсiм комиссиясына, сотқа 
жүгiнуге;  
      17) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сәйкес 
жабдықталған жұмыс орнына;  
      18) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 
туралы заңнамасында, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық  
шартта көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, 
арнаулы киiммен қамтамасыз етiлуге;  
      19) өзiнiң денсаулығына немесе өмiрiне қауiп төндiретiн жағдай 
туындаған кезде, бұл туралы тiкелей басшы немесе жұмыс берушiнiң өкiлiн 
хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;  
      20) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес 
келмеуi себептi ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының 
сақталуына;  
      21) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық 
бөлiмшелерiне өзiнiң жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 
жағдайларын тексеру туралы өтiнiш жасауға, сондай-ақ еңбек жағдайларын, 
қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды жақсартуға байланысты мәселелердi тексеру 
мен қарауға өкiлдiкпен қатысуға;  
      22) жұмыс берушiнiң еңбек және сонымен тiкелей байланысты қатынастар 
саласындағы iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға;  
      23) бiлiктiлiгiне, еңбектiң күрделiлiгiне, орындалған жұмыстың саны мен 
сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегiне ақы төленуiне;  
      24) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және 
ұжымдық шартта көзделген нысандарда ұйымды басқаруға қатысуға;  
      25) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында 
белгiленген тәртiппен, ереуiлге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек 
дауларын шешуге құқығы бар.  
      2. Қызметкер:  
      1) еңбек мiндеттерiн еңбек шартына, ұжымдық шартқа, жұмыс берушiнiң 
актiлерiне сәйкес орындауға;  
      2) еңбек тәртiбiн сақтауға;  
      3) жұмыс орнында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау, өрт 
қауiпсiздiгi мен өндiрiстiк санитария жөнiндегi талаптарды сақтауға;  
      4) жұмыс берушiнiң және қызметкерлердiң мүлкiне ұқыпты қарауға;  
      5) адамдардың өмiрi мен денсаулығына, жұмыс берушi мен қызметкерлер 
мүлкiнiң сақталуына қауiп төндiретiн ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып 
қалу туындағаны туралы жұмыс берушiге хабарлауға;  


      6) еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты өзiне мәлiм 
болған мемлекеттiк құпияны, қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын 
 өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;  
      7) жұмыс берушiге келтiрiлген зиянды осы Кодексте белгiленген шектерде 
өтеуге мiндеттi.  
      3. Қызметкердiң осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және ол 
өзге де мiндеттердi атқарады. 
      
Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      
23-бап. Жұмыс берушiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi 
 
      1. Жұмыс берушiнiң: 
      1) жұмысқа қабылдау кезiнде таңдау еркiндiгiне; 
      2) қызметкерлермен еңбек шартын осы Кодексте көзделген тәртiппен және 
негiздер бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға; 
      3) өз өкiлеттiгi шегiнде жұмыс берушiнiң актiлерiн шығаруға құқығы бар.  
      Еңбек жағдайларының өзгеруiне байланысты актiлер шығару осы Кодекстiң 
48-бабына сәйкес жүзеге асырылады; 
      4) өз құқықтары мен мүдделерiне өкiлдiк ету және оларды қорғау 
мақсатында бiрлестiктер құруға және оларға кiруге; 
      5) қызметкерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек 
тәртiптемесi ережелерiнiң және жұмыс берушiнiң басқа да актiлерiнiң 
орындалуын талап етуге; 
      6) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен қызметкерлердi 
көтермелеуге, оларға тәртiптiк жаза қолдануға, қызметкерлердi материалдық 
жауапкершiлiкке тартуға; 
      7) еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң келтiрген зиянын 
өтетуге; 
      8) еңбек саласындағы өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау 
мақсатында сотқа жүгiнуге; 
      9) қызметкерге сынақ мерзiмiн белгiлеуге; 
      10) егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертiлген болса, 
қызметкердi оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге құқығы бар. 
      2. Жұмыс берушi: 
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келiсiмдердiң, ұжымдық 
шарттың, еңбек шартының, өздерi шығарған актiлердiң талаптарын сақтауға; 
      2) жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгiленген тәртiппен және 
жағдайларда қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға; 
      3) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша iшкi  бақылауды 
жүзеге асыруға; 
      4) қызметкерге еңбек шартында келiсiлген жұмысты беруге; 
      5) қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық 
актiлерiнде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде 
көзделген жалақы мен өзге де төлемдердi уақтылы және толық мөлшерде төлеуге; 
      6) қызметкердi ұйымдағы iшкi еңбек тәртiбi қағидаларымен және жұмыс 
берушiнiң қызметкердiң жұмысына (еңбек функциясына) тiкелей қатысы бар өзге 
де актiлерiмен және ұжымдық шартпен таныстыруға; 
      7) қызметкерлердiң өкiлдерiне ұжымдық келiссөздер жүргiзу, ұжымдық 
шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшiн қажеттi толық және 
дәйектi ақпарат беруге; 
      8) қызметкерлер өкiлдерiнiң ұсыныстарын қарауға, ұжымдық келiссөздер 
жүргiзуге және осы Кодексте белгiленген тәртiппен ұжымдық шарт жасасуға; 
      9) қызметкерлердi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек 
шартына, ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге; 
      10) қызметкерлердi жабдықпен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және 
еңбек мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi өзге де құралдармен өз қаражаты 
есебiнен қамтамасыз етуге; 
      11) мемлекеттiк еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға; 
      12) егер жұмысты жалғастыру қызметкердiң және өзге де адамдардың 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау